Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының31-бабына сәйкес ұйғыр ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссия құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясының құрамын бекіту аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссиясы туралы Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4. Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссияның дербес құрамы:
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қабиевке жүктелсін.
Аудан әкімі В. Тохтасунов
Аудан әкімиятының
5 желтоқсан 2003 жылғы
N 20-138 қаулысына
N 1 Қосымша
Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссияның дербес құрамы:
1. Қабиев Е.Б.
- Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
2. Мамбеталиев А.Т.
- Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
3. Рахмаев Т.А.
- Ұйғыр аудандық мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
4. Юлдашева Р.К.
- аудан әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Шаймухаев Б.Н.
-аудан әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің бастығы
Даутова С.М.
- аудандық қаржы бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Алимбеков А.Б.
- аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Курбанов Ш.Б.
- аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы
Шаймерденов Н.Р.
- аудандық білім бөлімінің бастығы
Тойшыбеков Ж.Т.
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Ұйғыр аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Аппарат басшысы С. Исламов
Аудан әкімиятының
5 желтоқсан 2003 жылғы
N 20-138 қаулысына
N 2 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы аудандық эпидемияға қарсы төтенше комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы "Халықтық санитарлық - эпидемиологиялық салауаттығы туралы" Заңына сәйкес құрылған эпидемияға қарсы аудандық төтенше комиссия өзінің қызметінде құқылық, маңызды ұйымдастыру шараларын атқарғанда осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Комиссия ведомствалар арасындағы бағыт беруші консультативтік - кеңесші орган болып табылады және аудандағы біртұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда жұқпалы аурулар індеті енуден және таралудың алдын алу, зақымдану ошағын толық оқшаулау, салдарын жою шараларын жүргізіп, адамдардың жаппай улануына жол бермеу, жануарлардың эпизоотияға шалдықпауы, өсімдіктердің ауруын, аурулардың себептері мен жағдайларын айқындайды және эпидемияға қарсы іс-қимылды қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккендерді қорғауға дайындық, оны ұйымдастыру мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. Комиссия жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен және меншік нысанына қарамастан өнеркәсіптер және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен барлық мүдделі ұйымдармен өз құзыреті шегінде өзара ынтымақтастықта болады.
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеті мекемелермен, ұйымдармен меншік нысанына қарамастан (заңды тұлғалармен) жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейтін және оның салдарын жоюға бағытталған шектеу шараларын ұйымдастыру, адамдардың жаппай улануына, жануарлардың эпизоотияға шалдықпауы, зақымдану ошағын толық оқшаулауға, оның салдарын жоюға бағытталған шектеу шекарасын санитарлық қорғау, карантин арқылы аса қауіпті жұқпалы аурулардың тысқары шығып кетуіне жол бермеу.
Тармақ 2. 2. Функциялары және құқықтары
2. Функциялары және құқықтары
Тармақ 5
5. ұсынылған тапсырмаларды орындау үшін комиссияға төмендегі міндеттер жүктеледі:
Тармақша 1
1) адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығу мен улану оқиғаларын болдырмау, аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және карантиндік инфекцияларды анықтау және оның таралуына қарсы іс-қимылдар шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) азаматтар мен заңды тұлғаларға жұқпалы ауруларға шалдығу мен жаппай улану оқиғаларын болдырмауды ескертіп, қызметті үйлестіру мен әдістемелік басшылық ету;
Тармақша 3
3) эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы барлық мүдделі ұйымдар мен заңды тұлғаларды ұйымдастырып, нақты іс-шаралар өткізу;
Тармақша 4
4) эпидемияға және эпизоотияға қарсы енгізілген және жабылған карантин енгізудің шарттары мен іс-шараларын жүргізу;
Тармақша 5
5) эпидемияға және эпизоотияға қарсы атқарылып жатқан іс-шаралардың жай-күйі жөнінде жауапты қызметкерлерді шақырып олардың есептерін тыңдау, қаралған мәселелердің қорытындысын шығарып, жобалардың ұйымдастырылуына, шешімдерін әзірлеуге көмектесу;
Тармақша 6
6) аса қауіпті жұқпалы аурулардың зақымдану ошағын толық оқшалауға төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық құрамаларын құруға ықпал етуді денсаулық сақтау мекемелері үйлестіріп, жұқпалы аурулармен зақымдану ошағын оқшаулауға және оның зардаптарын болдырмауға қарсы денсаулық сақтау мекемелері тұрақты даярлықтағы арнайы медициналық көмек тобын қалыптастыру;
Тармақша 7
7) тұрғындарды аса қауіпті жұқпалы аурулардан сақтандыру мақсатында денсаулық сақтау және мал дәрігерлік мекемелердегі тұрғындарға медициналық,санитарлық - мал дәрігерлік үгіт - насихат жұмыстарын үйлестіруде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану;
Тармақша 8
8) аса қауіпті аурулардың аудан көлемінде және ауданнан тыс жерлерге таралу салдарын болжау, жіктеудің қорытындысын бақылау;
Тармақша 9
9) адамдар мен жан-жануарларды басқа аумақтарға көшіру,аурулардың зақымдану ошағын оқшаулау,халық өмірі айрықша жағдайға көшірілген карантин арқылы тыйым салу және бақылауды күшейту;
Тармақша 10
10) аудандағы эпидемия мен эпизоотия жайында және аса қауіпті жұқпалы ауруларға шалдығу жағдайлары туралы аудан әкіміне хабарлама беру.
Тармақ 6
6. Комиссия құқықтары:
Тармақша 1
1) адамдар,жан-жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының жағдайлары туралы орталық жергілікті атқарушы органдардан хабарлар жинау;
Тармақша 2
2) тиісті жергілікті кәсіпорындары, мекемелер мен ұйымдарда жұқпалы аурулардың және тамақ өнімдері мен уланудың алдын алу шарттарының орындалуын тексеру туралы уәкілетті органдардың есебін тыңдау;
Тармақша 3
3) адамдарды, жан-жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы аурулардан сақтандыру мақсатында оның салдарын жоюға бағытталған шектеу шаралары - карантинді енгізу туралы ұсыныс жасау;
Тармақша 4
4) жұқпалы аурулардың алдын алу, санитарлық профилактикалық, эпидемияға және эпизоотияға қарсы іс-шаралардың орындалу барысы туралы комиссия мәжілістерінде тиісті басшылардың есептерін тыңдау және белгіленген тәртіп бойынша қажет құжаттарды сұрату;
Тармақша 5
5) адамдардың жаппай улануы, жұқпалы ауруларға шалдығуының әрбір жағдайы,эпидемияға, эпизоотияға жол берген кінәлі лауазымды басшыларды әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартып, қызметтен босату туралы ұсыныс беру және жинақталған материалдарды тиісті органдарға жіберу;
Тармақша 6
6) жұқпалы аурулардың алдын алу, ауру көрсеткіштерінің төмендеуі адамдардың улану қаупін болдырмау жөніндегі материалдарда көтерілген мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін аудан әкімиятына ұсыныс беруі.
Тармақ 3. 3. Жұмысты ұйымдастыру
3. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия ағымдағы және болашақтағы мәселелерді шешу үшін жоспарлы жұмыстар атқарады:
Тармақша 1
1) жұқпалы аурулардың таралуы мен адамдардың улануынан сақтандыру шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республика Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұқпалы аурулардан алдын алу мен болдырмау және сақтық іс-шараларын заңды тұлғалардың орындауы туралы комиссия мәжілісі өткізіледі.
Тармақ 8
8. Эпидемия және эпизоотия жағдайына байланысты комиссия қажеттілігіне қарай жоспарланған және кезектен тыс мәжіліс өткізеді және хаттама ретінде қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды.
Тармақ 9
9. Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы комиссияның ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Комиссия хаттамасы рәсімделіп, үзінділері заңды тұлғалар мен азаматтарға орындау үшін жіберіледі.
Аппарат басшысы С. Исламов