Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясын құру туралы РҚАО ескертпесі. Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы N 534 "2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекеттік бағдарламасы туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 сәуірдегі N 487 "2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы N 148-11 "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабынасәйкес Ұйғыр ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Ұйғыр ауданы бойынша 2003-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы аудандық Мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының Ережесі бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын (3 қосымша).
Тармақ 5. Ұйғыр ауданы бойынша 2003-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Бакмуханбетовке жүктелсін. Аудан әкімі                                В. Тохтасунов Ұйғыр ауданы әкімиятының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 20-136 қаулысының N 1 қосымшасы Ұйғыр ауданы бойынша 2003-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы
Тармақ 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аудандық бағдарламасы кешенді сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік шаралар ұйымдастыру жүйесінің құрамдас бөлігі. Аудандық бағдарлама мен оның негізгі іс-шаралары ауданның құқықтық, әлеуметтік, экономикалық, саяси дамуы мәселелерін кең ауқымда шешуге бағытталған. Бағдарлама Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңын орындалудың бірыңғай механизмін қалыптастыру, аудандағы барлық мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін үйлестіру мен Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын, оның басымдықтарын іс жүзінде асыру үшін жасалынған. Бағдарламаны орындау кезінде төменде көрсетілген негізгі принциптерді сақтау керек:
Тармақ 1
1. пәрменділік пен тиімділік;
Тармақ 2
2. орындаушылық;
Тармақ 3
3. жауапкершілік;
Тармақ 4
4. тұрақтылық;
Тармақ 5
5. жүйелілік.
Тармақ 2. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайы
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның міндеттерін нақтылау мен шектеу саласында мақсатты бағытталған мемлекеттік саясат азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің кәсіби деңгейінің өсуіне әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық елеулі зардаптарға әкеліп соқтыратын қауіпті жағдайлардың бірі. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңын, мемлекеттік қызмет туралы заңдылық талаптарын іс жүзінде асыру мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін нығайтуға мүмкіндік берді. 2002 жылмен салыстырғанда заңсыз қабылданған нормативтік - құқықтық актілердің қабылдануы төмендеді. Алайда, кейбір мемлекеттік органдарда жалпыға бірдей құқықтық білім беру мен оқытуды ұйымдастыру жұмысы жеткіліксіз. Сонымен бірге, құқық қорғау органдар қызметкерлерінің материалдық-техникалық жабдықталуы мен құқық қорғалу деңгейі төмен.
Тармақ 3. 3. Бағдарламаның мақсаты
3. Бағдарламаның мақсаты Бағдарламаның басты мақсаттары:
Тармақ 1
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бірыңғай тиімді мемлекеттік саясат жүргізу;
Тармақ 2
2. Мемлекеттік өмірінің барлық салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету;
Тармақ 3
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тиімді құқықтық базаны қамтамасыз ету;
Тармақ 4
4. Тұрғындардың құқықтық білім деңгейін көтеру.
Тармақ 4. 4. Бағдарламаны іс жүзінде асырудан күтілетін нәтиже
4. Бағдарламаны іс жүзінде асырудан күтілетін нәтиже
Тармақ 1
1. Билікке деген сенімді нығайту;
Тармақ 2
2. Жеке меншікті әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту;
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлік саласындағы сенімді нығайту;
Тармақ 4
4. Мемлекеттік және одан тыс органдарға сыбайластықты төмендету;
Тармақ 5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының Ережесі
5. Әлеуметтік тиімсіздікті төмендету, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты нығайту. Аппарат басшысы С.Исламов Ұйғыр ауданы әкімиятының 2003 жылғы 5 желтоқсан N 20-136 қаулысының N 2 қосымшасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының Ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия (әрі қарай - Комиссия) аудан әкіміне есеп беретін және өз қызметі бойынша оның алдында жауапты аудандық үйлестіру кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия Қазақстан Республикасының кез келген басқа мемлекеттік органдарына, лауазымды тұлғаларына және қоғамдық бірлестіктерінен байланыссыз түрде заң шығарушы, атқарушы және сот өкімет органдарымен өзара іскер байланыста өзінің өкілеттігін жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің қаулыларымен және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Комиссияның дербес құрамын аудан әкімі белгілейді.
Тармақ 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттер
2. Комиссияның негізгі міндеттер
Тармақ 1
1. Ауданда сыбайлас жемқорлыққа байланысты қарсы қылмыстың орын алу себептерін және оған қолайлы жағдайларды анықтау, азаматтардың конституциялық құқықтарын және мүдделерін қорғау, криминогендік ахуалды талдау.
Тармақ 2
2. Аудандық атқарушы органдардың, құқық қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі бақылаушы органдардың қызметін үйлестіру.
Тармақ 3
3. Шұғыл ұйымдастыру, сондай-ақ қажет болған жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң шығару және оның алдын алу шараларын қабылдау жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі жарлықтарының, қаулыларының және өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 5
5. Аудан әкіміне сыбайлас жемқорлық ахуалы және оған қарсы күрестің жағдайы туралы ақпарат беріп тұру.
Тармақ 3. 3. Комиссияның құзыры және өкілеттігі
3. Комиссияның құзыры және өкілеттігі
Тармақ 1
1. Комиссия өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес құқық қорғаушы, және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін, ведомстволардың өзара іскер байланыс және осы проблеманы кешенді жолмен шешу тәжірибелерін зерделейді.
Тармақ 2
2. Кез келген мемлекеттік басқару органдарынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі құжаттар мен материалдарды сұратып алады.
Тармақ 3
3. Аумақтық мемлекеттік органдар, жергілікті әкімшіліктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі басшылардың, лауазымды тұлғалардың есептерін тыңдайды.
Тармақ 4
4. Комиссия өзінің отырыстарында құқық қорғаушы, бақылаушы және басқа органдардың, жергілікті әкімшіліктердің міндетті түрде қарауға жататын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі проблемалық мәселелерін қарау қорытындысы бойынша ұсынымдарын қабылдайды.
Тармақ 5
5. Комиссия төмендегідей құқықтарға ие:
Тармақша 1
1) мемлекеттік басқару органдарының, құқық қорғау органдарының және басқа мекемелердің мамандары мен қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі проблемаларды зерделеуге, тексеру жүргізуге тарту;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңдарының, Парламент қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс және аудан әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі актілерінің толық, уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардан түсініктеме талап ету;
Тармақша 3
3) Құқық қорғау органдарына Комиссиядағы материалдар бойынша заңға сәйкес шаралар қабылдауды тапсыру;
Тармақша 4
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы заңдардың және басқа да нормативтік актілердің өз деңгейінде орындалуын қамтамасыз етпеген басшылардың және лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері туралы және құқық қорғау органдары қызметінің басымды бағыттарын анықтау және олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды енгізуге.
Тармақ 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Комиссия отырысы жылына кем дегенде бір рет, сондай-ақ қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тармақ 2
2. Комиссия отырысын оның төрағасы немесе оның тапсыру мен комиссия мүшелерінің біреуі өткізеді.
Тармақ 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы:
3. Отырыстың нәтижесі бойынша көпшілік дауыспен төраға қол қойған (Комиссияның төрағалық етуші мүшесі) хаттамалық шешім қабылданады, ол мүдделі мемлекеттік органдарға, жергілікті. Ұйғыр ауданы әкімиятының 2003 жылғы 5 желтоқсан 20-136 қаулысының 3 қосымшасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамы: Бел­му­хам­бе­тов К.А. - аудан әкі­мі­нің орын­ба­са­ры, ко­мис­сия тө­ра­ға­сы Мах­са­тов М.М. - аудан әкі­мі ап­па­ра­ты­ның заң­ге­рі, ко­мис­сия хат­шы­сы Ко­мис­сия мү­ше­ле­рі: Ис­ла­мов С.Т. - аудан әкі­мі ап­па­ра­ты­ның бас­шы­сы Әділ­бе­ков Ә.Б. - Ұй­ғыр ауда­ны­ның про­ку­ро­ры /ке­лі­сім бой­ын­ша/ Тох­ти­ба­ки­ев Ш.К. - Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша Ұлт­тық Қа­уіп­сіз­дік Ко­ми­те­ті де­пар­та­мен­ті­нің аудан­дық бө­лі­мі ба­стығ­ы­ның орын­ба­са­ры /ке­лі­сім бой­ын­ша/ Алим­бе­ков А.Б. - Аудан­дық іш­кі іс­тер бө­лі­мі­нің ба­стығы Муш­ра­пи­лов Ө.А. - Ұй­ғыр ауда­ны бой­ын­ша са­лық ко­ми­те­ті­нің ба­стығы /ке­лі­сім бой­ын­ша/ Аппарат басшысы                            С. Исламов