Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" қаулысын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес және туберкулезбен күресті ұйымдастыру бағытындағы қызметті үйлестіру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылсын және Кеңестің құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Аудан әкімінің 2001 жылғы 28 наурыздағы "Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы" № 58 шешімі жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Ғ. Шәуеновке жүктелсін.
Басқа 5. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Аудандық әкімияттың 2003 жылғы 24 қарашадағы № 173 қаулысына № 1 қосымша Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесі аудан әкімияты жанындағы кеңесші орган болып танылады (бұдан әрі - Кеңес).
Тармақ 2
2. Кеңестің құрамына аудандық денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, мәдениет, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің, санитарлық эпидемиологиялық стансасының және аудандық "Екпін" газетінің өкілдері кіреді.
Тармақ 3
3. Туберкулезбен күресу жөніндегі Кеңес:
Тармақша а
а) аудандық бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің, туберкулезбен күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруге қатысады;
Тармақша б
б) денсаулық сақтау, ішкі істер бөлімдері, санитарлық эпидемиологиялық стансасы жетекшілері мен селолық округ әкімдерінің туберкулезбен күресу жағдайын алдын ала тексеріп, дайындаған ақпаратын тыңдайды.
Тармақ 4
4. Кеңестің мәжілістері тоқсан сайын өткізіледі. Жұмыс жоспары Кеңестің мәжілісінде бекітіледі.
Тармақ 5
5. Жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жүзеге асырады.