Об утверждении типового договора образовательного накопительного страхования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шартын бекіту туралы «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шарты
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 20 бұйрығына қосымша Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шарты Серия № ______________ «___»________ 20___ж. Бұдан әрі «Қатысушы-сақтандыру ұйымы» деп аталатын «___________________________________________________________________ » (сақтандыру ұйымының толық атауы және орналасқан жері) атынан жарғының, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган 20__ ж. ________ __ берген № _____ лицензияның және Қатысушы-сақтандыру ұйымы бекіткен «мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша Сақтандыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде әрекет етуші ____________________________________________ бір тараптан (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) және бұдан әрі «Сақтанушы, Сақтандырылушы» деп аталатын азамат (азаматша) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері) жеке басты куәландыратын құжат______________________________________, (серия, нөмірі) _______________________ берген екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп (кіммен) (берілген күні) «Тараптар» деп аталып, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бұдан әрі «Пайда алушы» деп аталатын азамат (азаматша) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері, резиденттік белгісі және экономика секторының коды) пайдасына төмендегілер туралы осы білім беру жинақтау сақтандыруы шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шарттың мәні Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу, ал Қатысушы сақтандыру ұйымының сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде пайда алушының пайдасына сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесі болып табылады. Сақтандыру объектісі Сақтанушының (Пайда алушының) сақтандыру арқылы қорғау мерзімі аяқталғанға дейін Сақтандырылушының өмір сүруімен, қайтыс болуымен немесе сақтандырылушыға сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуімен байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.
Тармақ 2
2. Шарт жазбаша нысанда қағаз жеткізгіште жасалады. Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және Сақтанушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректері бар Сақтанушының өтініші шарт жасасу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Шартқа қол қою арқылы Сақтанушы/Заңды өкіл Қатысушы-сақтандыру ұйымына және операторға дербес деректерді жинауға және өңдеуге, сақтандыру құпиясын ашуға келісім береді.
Тармақ 4
4. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері Заңмен белгіленеді.
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі, сақтандыру сомасының, сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері, Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі және мерзімі
2-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі, сақтандыру сомасының, сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері, Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі және мерзімі 5. Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп - бөліп төлеген кезде – бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және қоса алғанда, _____жылғы «__» _______ дейін қолданылады. 6. Сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі: _____жылғы «__» _______ бастап _____ жылғы «__» _______ дейін. 7. Шарт бойынша сақтандыру сомасы ______________ теңгені құрайды. 8. Сақтандыру аумағы: бүкіл әлем. 9. Қатысушы-сақтандыру ұйымына төлеу үшін сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері ______________ теңгені (сандармен және жазумен) құрайды. 10. Қатысушы-сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу: Бір рет – ____ жылғы «__» ________ дейінгі мерзімде; Бөліп төлеу – ай сайын, тоқсан сайын немесе Шарт тараптарының келісімі бойынша өзге тәртіппен, бірақ жылына кемінде бір рет. Сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу әрбір __________________________________________________ «____» күнінен (айдың / тоқсанның / жылдың немесе басқа тәртіпті көрсету) кешіктірмей жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Шарт бойынша сақтандыру жағдайы
3-тарау. Шарт бойынша сақтандыру жағдайы
Тармақ 11
11. Сақтандыру жағдайы дегеніміз:
Тармақша 1
1) Сақтандырылушының сақтандыру арқылы қорғалу мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруі;
Тармақша 2
2) Сақтандырылушы сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып танылуы;
Тармақша 3
3) сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде Сақтанушының қайтыс болуы.
Тармақ 12
12. Егер 11-тармақтың 3) тармақшасында көзделген сақтандыру жағдайы мыналар салдарынан орын алса, Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатылады:
Тармақша 1
1) Шарт қолданысының алғашқы 2 (екі) жылында өзіне-өзі қол жұмсау;
Тармақша 2
2) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті ластанудың әсері;
Тармақша 3
3) әскери іс-қимылдар;
Тармақша 4
4) азаматтық соғыс, халық толқулары, кез келген тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер;
Тармақша 5
5) медициналық мекеменің білікті дәрігері тағайындаған дәрілік заттарды қолдануды қоспағанда, сақтанушының есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануы (медициналық куәландыру/сараптама жүргізген ұйымдардың қорытындысы болған жағдайда);
Тармақша 6
6) қажетті қорғаныс жағдайында және аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының (Сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған немесе оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттері;
Тармақша 7
7) алкогольдік/есірткілік масаңдық, оның ішінде мас күйінде көлік жүргізу;
Тармақша 8
8) Сақтанушының (Сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептi байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып танылған әрекеттерi;
Тармақша 9
9) Сақтандырылушының кәсіпқой спорт түрлерімен немесе қауіпті спорт түрлерімен айналысуы (қысқы, су асты, ат спорты, авто және мотоцикл жарыстары, авиация, күштемелі спорт түрлері, жартасқа өрмелеу, альпинизм, дельтапландар, парашютпен секіру, шығыс, жауынгерлік және спорттық жекпе-жек түрлері, мұз астында және үңгірде сүңгу, жабдықсыз сүңгу) немесе осы сияқты жаттығулар, сондай-ақ трюктерді орындау, физикалық зақымдану қаупінің жоғарылауымен, өмірге қауіп төндірумен байланысты кез келген жарыстарға қатысу) (Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыруға қабылданған кезде немесе сақтандырудың қолданылу мерзімі ішінде бұл ақпаратты Сақтандырушыдан жасырған және сақтандыру шартында өзгеше көзделмеген жағдайда);
Тармақша 10
10) авиакомпанияның лицензиясы бар жолаушылар әуе кемесiнде (растайтын құжаттар болған кезде) жолаушы ретiнде ұшуды қоспағанда, ұшу аппараттарында ұшу;
Тармақша 11
11) онкологиялық ауру немесе қатерлі ісіктің (онкологиялық ауру) пайда болуымен байланысты ауру, егер сақтандыру жағдайы сақтандыру шартының алғашқы екі жылы ішінде орын алса;
Тармақша 12
12) АИТВ-инфекциясы (ЖИТС) немесе АИТВ-инфекциясымен (ЖИТС) байланысты ауру.
Тармақ 13
13. Шарттың 13-тармағының 2) тармақшасында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушы Қатысушы-сақтандыру ұйымына Шарттың 36-тармағында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік берілген кезеңде сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады. Сақтанушыға берілген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік жойылған (мүгедектікті оңалту) сәттен бастап Сақтанушы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуді қайта бастауға міндетті. Бұл ретте Шарт бойынша сақтандыру сомасы өзгеріссіз қалады.
Тарау 4. 4 -тарау. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
4 -тарау. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 14
14. Пайда алушы Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаға (бұдан әрі – білім беру ұйымы) немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаға (бұдан әрі – шетелдік білім беру ұйымы) оқуға қабылданған жағдайда Сақтанушы/Пайда алушы мынадай құжаттарды Қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады:
Тармақша 1
1) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға өтініш;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарында білім беру қызметтеріне ақы төлеу кезінде білім беру қызметтерін көрсету шартының көшірмесі;
Тармақша 3
3) шетелдiк бiлiм беру ұйымына бiлiм беру қызметiне ақы төлеу кезiнде мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы бар оқуға қабылданғаны туралы растайтын құжаттар (инвойс, шақыру хаты/бiлiм беру қызметiн көрсету туралы шарт);
Тармақша 4
4) шетелдiк бiлiм беру ұйымына бiлiм беру қызметiне ақы төлеу кезiнде клиент Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде пайда алушының атына ашатын, клиент айқындаған талаптар басталғанға немесе орындалғанға дейін осы тұлғаның банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасауға құқығын шектей отырып, ағымдағы немесе жинақ шотын (бұдан әрі – эскроу-шот) ашу үшін қажетті құжаттар, Қатысушы-сақтандыру ұйымының «эскроу-шот» ашуға өкілеттігі бар Пайда алушының сенімхаты. Пайда алушыға білім беру гранты тағайындалған жағдайда Сақтанушы/Пайда алушы Қатысушы-сақтандыру компаниясына мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға не Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және сақтандыру төлемін білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерін төлеу үшін жұмсауға не мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын аударуға, үшінші тұлғаның пайдасына Шартты төлеуге өтініш;
Тармақша 2
2) «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып енгізілді).
Тармақ 15
15. Білім беру ұйымына шарт негізінде қабылданған кезде сақтандыру төлемін Қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтанушының/Пайда алушының (14 жасқа толмаған пайда алушының заңды өкілі) өтініші негізінде үлестермен (әр академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (барлық оқу кезеңі үшін) білім беру ұйымына жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Мерзімді түрде төлемдерді жүзеге асыру кезінде Сақтанушы Шарт бойынша мерзімді төлемдерді индексациялауға құқылы. Мерзімді түрде жүргізілетін төлемдерді индекстеу мөлшерлемесі __________________ пайызды құрайды. (санмен және сөзбен)
Тармақ 17
17. Қатысушы-сақтандыру ұйымы білім беру ұйымының банктік шотына сақтандыру төлемін аударуды Сақтанушы/Пайда алушы Қатысушы-сақтандыру ұйымына сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жазбаша өтінішті берген және Шартың 14-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Пайда алушы шетел білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда сақтандыру төлемі Шарттың 28-тармағында белгіленген мерзімде «эскроу шот» режимінде банк шотына ақша сомасын аудару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. «Эскроу шот» режимінде банк шотын ашуға арналған шығыстар Қатысушы-сақтандыру компаниясының қаражаты есебінен төленеді.
Тармақ 20
20. Сақтандыру төлемiнiң сомасы Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн оқудың бүкiл кезеңi үшiн бiлiм беру қызметiне ақы төлеу сомасынан асып кеткен жағдайда артық сома мөлшеріндегі сақтандыру төлемi Пайда алушыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкіліне төленуі тиіс.
Тармақ 21
21. Білім беру ұйымынан (шетелдік білім беру ұйымынан) шығарылған жағдайда Қатысушы- сақтандыру ұйымы Пайда алушыға/Сақтанушыға үш жылдан аспайтын мерзімге сақтандыру төлемдерін төлеу мерзімін кейінге қалдырады. Қатысушы- сақтандыру ұйымы мына жағдайларда бюджетке қайтаруға жататын есепке жатқызылған мемлекет сыйлықақысын шегере отырып, сатып алу сомасын төлейді:
Тармақша 1
1) Пайда алушы шығарылған білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қалпына келтірілмегенде;
Тармақша 2
2) басқа білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қабылданбағанда.
Тармақ 22
22. Пайда алушы қайтыс болған, сот оны әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп таныған не оны қайтыс болды деп жариялаған не Пайда алушы денсаулығына байланысты білім алуды жалғастыра алмаған жағдайда Сақтанушы қайтыс болған жағдайда – оның мұрагерлері мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) Пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғамен ауыстыруға;
Тармақша 2
2) есептелген мемлекеттік сыйлықақыны сақтай отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын алуға.
Тармақ 23
23. Шарттың 22-тармағында көзделген жағдай басталған кезде Сақтанушы, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда – Пайда алушының қамқоршысы не Пайда алушы қайтыс болған жағдайда – Сақтанушының мұрагерлері Қатысушы- сақтандыру компаниясына мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік сыйлықақыны сақтай отырып, сатып алу сомасын алуға не Пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғамен алмастыруға өтініш;
Тармақша 2
2) Пайда алушының қайтыс болу фактісін растайтын, соттың әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялауы не Пайда алушының денсаулық жағдайына байланысты оқуын жалғастыруға қабілетсіздігі туралы құжат.
Тармақ 24
24. Шарттың қолданылу кезеңі ішінде Сақтандырылушы қайтыс болғанда және бұл Шарт талаптарына сәйкес сақтандыру жағдайы болып табылмайтын жағдайда Шарт Сақтандырылушы қайтыс болған күннен бастап бұзылады, ал Сақтандырылушының мұрагерлері, сатып алу сомасын, ол болған жағдайда, алуға құқылы.
Тарау 5. 6-тарау. Шарт бойынша төлем шарттары және сатып алу сомасының мөлшері
6-тарау. Шарт бойынша төлем шарттары және сатып алу сомасының мөлшері
Тармақ 25
25. Сақтандырушы сатып алу сомасын, ол болған жағдайда, Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы өтініш беру арқылы немесе Қатысушы-сақтандыру ұйымының бастамасы бойынша Шарт бұзылған жағдайда алуға құқылы. Бұл ретте мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылуға жатады.
Тармақ 26
26. Сатып алу сомасын алу үшін, егер бар болса, Сақтанушы мыналарды ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) жазбаша өтініш;
Тармақша 2
2) Сақтанушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) егер ол қағаз жеткізгіште ресімделсе, Шарттың түпнұсқасы немесе телнұсқасы.
Тармақ 27
27. Сақтанушыға төленуге жататын сатып алу сомасының мөлшері Сақтанушының Шартты бұзу туралы өтініші келіп түскен күнгі жағдай бойынша есептеледі.
Тармақ 28
28. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сатып алу сомасын, егер бар болса, Шарттың 26-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлейді.
Тармақ 29
29. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сатып алу сомасын төлеу кезінде, егер бар болса, мерзімінен бұрын тоқтатылған күнге дейін мерзімі өткен сақтандыру жарналары бойынша Сақтанушының берешегі көлеміндегі ақша сомасын, сондай-ақ Сақтанушының Қатысушы-сақтандыру ұйымы алдындағы кез келген басқа берешекті ұстап қалуға құқылы.
Тарау 6. 6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 30
30. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:
Тармақша 1
1) Сақтанушыдан Шартқа сәйкес өзіне алған міндеттемелердің орындалуын талап етуге;
Тармақша 2
2) Шарт бойынша қызметті жүзеге асыру үшін комиссиялар мен шығыстарды ұстауға;
Тармақша 3
3) сақтандыру төлемінен бас тартуға: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қағидаларда көзделген негіздер бойынша; сақтандыру жағдайы болып табылмайтын себептер бойынша Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда; Сақтанушы Сақтандырылушы, оның денсаулық жағдайы, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған ақпарат берген жағдайда; егер оқиға Сақтанушымен Шарт бойынша сақтандыру қорғауы қолданыста болмаған кезеңде орын алса; Қатысушы-сақтандыру ұйымына Сақтанушының қайтыс болу себебін растайтын құжаттар ұсынылмаған және (немесе) Сақтандырылушының қайтыс болу себебі анықталмаған, оның ішінде жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкiлдерiнiң жазбаша өтiнiшi немесе сол адам тірі кезінде берген жазбаша өсиетi негізінде патологоанатомиялық сараптаманы жүргізуден бас тартқан жағдайда. Шарттың осы тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекеттік сыйлықақыны бюджетке қайтара отырып, сатып алу сомасын төлейді.
Тармақша 4
4) осы Шартта көрсетілген құжаттармен расталған мәліметті тексеру үшін мемлекеттік деректер қорынан алынған электрондық мәліметті/ақпаратты пайдалануға құқылы.
Тармақ 31
31. Сақтандырушы мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) Қатысушы-сақтандыру ұйымынан Шартқа сәйкес өзіне алған міндеттемелердің орындалуын талап етуге;
Тармақша 2
2) Шарт бойынша толық ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) сатып алу сомасын ала отырып және есептелген мемлекеттік сыйлықақыны бюджетке қайтара отырып, Шартты бұзуға;
Тармақша 4
4) Қатысушы-сақтандыру ұйымы Қатысушы-сақтандыру ұйымы мен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді Заңның талаптарына сәйкес келмейді деп танып, оны бұзған жағдайда сатып алу сомасын есептелген мемлекеттік сыйлықақысымен қоса кез келген басқа қатысушы сақтандыру ұйымына аударуға;
Тармақша 5
5) Пайда алушыға білім беру грантын тағайындаған жағдайда Сақтанушы (Сақтанушы қайтыс болған жағдайда – Пайда алушы немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі) құқығы бар: инвестициялық кіріс пен есептелген мемлекеттік сыйлықақыны ескере отырып есептелген Шарт бойынша сақтандыру төлемін алуға; Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және басқа білім деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерін төлеуге Шарт бойынша сақтандыру төлемін бағыттауға; Шарт бойынша сатып алу сомасын инвестициялық кіріс пен мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын (жасалған) сақтандыру шартын төлеуге аударуға;
Тармақша 6
6) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандыру төлемінің сомасы оқудың бүкіл кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеу сомасынан асып кеткен жағдайда, артық сома мөлшеріндегі сақтандыру төлемі соңғы сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Пайда алушыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның Заңды өкіліне төленеді.
Тармақ 32
32. Қатысушы-сақтандыру ұйымы міндетті:
Тармақша 1
1) Пайда алушының Заңда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн, сондай-ақ Пайда алушының пайдасына жасалған қолданыстағы сақтандыру шартының немесе Пайда алушы мен салымшы бiр тұлға болып табылатын білім беру жинақтау салымы туралы шарттың болмауын тексеруге;
Тармақша 2
2) Қатысушы-сақтандыру ұйымы Қатысушы-сақтандыру ұйымы мен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді Заңның талаптарына сәйкес келмейді деп танып, оны бұзған жағдайда бұл туралы Сақтанушыны 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге;
Тармақша 3
3) Шартта белгiленген мерзiмде сақтандыру жарнасын (бiрiншiсiн қоспағанда) алмаған жағдайда Сақтанушыға кезектi сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабарлауға мiндеттi. Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу қажеттігі туралы хабарлама хабарламаның жіберілгенін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен жіберіледі.
Тармақша 4
4) Сақтанушының бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда мемлекеттік сыйлықақыны бюджетке қайтара отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын төлеуге;
Тармақша 5
5) Сақтанушы басқа Қатысушы сақтандыру ұйымымен білім беру жинақтау сақтандыру шартын жасасқан жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысын есепке ала отырып, сатып алу сомасын басқа Қатысушы сақтандыру ұйымына аударуға;
Тармақша 6
6) білім беру ұйымына сақтандыру төлемін, сатып алу сомасын және есептелген мемлекет сыйлықақысын басқа қатысушы сақтандыру ұйымына аудару барысында немесе үшінші тұлғаның пайдасына сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушыға/Пайда алушыға ақшаны қолма-қол ақша түрінде бермеуге;
Тармақша 7
7) Шарт талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сақтанушының/Пайда аланушының алдында басқа да міндеттемелерді көтереді.
Тармақ 33
33. Сақтанушы/Пайда алушы міндетті:
Тармақша 1
1) Шарт жасасуға өтініште сақтандыру жағдайының болу ықтималдығын анықтау үшiн айтарлықтай маңызы бар өзiне белгiлi барлық ақпаратты көрсетуге және ұсынылған мәлімет үшiн жауапты болуға;
Тармақша 2
2) сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақыларын) Шартта белгiленген мерзiмдерде және шарттарда қолма-қол немесе қолма-қол емес ақшалай нысанда төлеуге;
Тармақша 3
3) Шартта белгіленген жағдайларда және көлемде Қатысушы-сақтандыру компаниясына құжаттарды беруге;
Тармақша 4
4) сақтандыру төлемінің мөлшері оқудың барлық кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге толық сомадан асып кеткен жағдайда, Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін артылған сома мөлшерінде сақтандыру алуға білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының растайтын құжатын ұсынады;
Тармақша 5
5) Пайда алушы білім беру ұйымына оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімдеген, қайта қабылданған, білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқу бітіруіне байланысты шығарылған жағдайда оған қатысты растайтын құжаттарды 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынуға міндетті;
Тармақша 6
6) Шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қатысушы-сақтандыру ұйымының алдында өзге де міндеттемелерді көтереді.
Тармақ 34
34. Сақтанушы (Пайда алушы) Қатысушы-сақтандыру ұйымын сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге және Сақтанушы қайтыс болған жағдайда – жағдай басталған күннін бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік берілген жағдайда сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жағдайдың басталғанын растайтын құжаттарды қағаз немесе электрондық форматта ұсынуға міндетті.
Тармақ 35
35. Шарттың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген «сақтандырылушының сақтандыру арқылы қорғалу мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруі» сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сақтанушы/Пайда алушы Қатысушы- сақтандыру ұйымына Шарттың 14-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 36
36. Шарттың 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген «сақтандырылушының сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып танылуы» сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сақтанушы/Пайда алушы мына құжаттарды Қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынуға міндетті:
Тармақша 1
1) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға туралы хабарлама;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бірінші немесе екінші топтағы мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 3
3) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының көшірмесі (медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілгенге дейін берілген);
Тармақша 4
4) ауру тарихынан үзінді;
Тармақша 5
5) егер құқық қорғау органдары сақтандырылушының басынан өткен оқиға (жазатайым оқиға) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қараса, Қатысушы-сақтандыру ұйымы құқық қорғау органдарынан сақтанушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргенін тіркеу фактісі туралы анықтаманы, ал сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген жағдайда – қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны немесе сот үкімін талап етуге құқылы.
Тармақ 37
37. Шарттың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген «сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде сақтанушының қайтыс болуы» сақтандыру жағдайы туындаған кезде Пайда алушы/Заңды өкіл Қатысушы-сақтандыру компаниясына мына құжаттарды ұсынуға міндетті:
Тармақша 1
1) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға туралы хабарлама;
Тармақша 2
2) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) Сақтанушының қайтыс болуы туралы медициналық анықтаманың көшірмесі (қайтыс болу себебін көрсете отырып);
Тармақша 4
4) ауру тарихынан үзінді;
Тармақша 5
5) егер құқық қорғау органдары Сақтандырылушының басынан өткен оқиға (жазатайым оқиға) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қараса, Қатысушы-сақтандыру ұйымы құқық қорғау органдарынан Сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргенін тіркеу фактісі туралы анықтаманы, ал сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген жағдайда – қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны немесе сот үкімін талап етуге құқылы;
Тармақша 6
6) осы құжатты берген заңды тұлғаның мөрімен және қолымен куәландырылған химиялық-токсикологиялық зерттеу нәтижелері бар сот-медициналық сараптама немесе өлімнің себептері мен жағдайлары туралы патоанатомиялық зерттеу қорытындысының көшірмесі (егер сараптама немесе зерделеу Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген). Пайда алушы (Заңды өкіл) сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Пайда алушыдан (Заңды өкілден) сақтандыру жағдайы туралы хабарламаны алған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру жағдайы басталған кезде Пайда алушыға (Заңды өкілге) құжаттардың жетіспейтіні туралы хабарлама жібереді.
Тарау 7. 7-тарау. Шартты өзгерту және бұзу шарттары
7-тарау. Шартты өзгерту және бұзу шарттары
Тармақ 38
38. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізіледі және жазбаша нысанда (қағазда немесе электронды түрде) ресімделуі тиіс.
Тармақ 39
39. Сақтанушы мыналарға өтініш беру арқылы Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге құқылы:
Тармақша 1
1) Пайда алушыны ауыстыруға;
Тармақша 2
2) Сақтанушының (Сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушының дербес деректерін өзгертуге;
Тармақша 3
3) сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері мен төлеу мерзімдерін өзгертуге (сақтандыру жарналары – сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу кезінде);
Тармақша 4
4) Қатысушы-сақтандыру компаниясының келісімімен Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өзге де өзгерістерге.
Тармақ 40
40. Сақтанушының Шартқа өзгерістер енгізу туралы өтініші оны Қатысушы сақтандыру компаниясы қабылдағаннан және ол барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 41
41. Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шартқа қандай да бір өзгертулер енгізумен келіспеген жағдайда, ол Сақтанушының өтінішін және (немесе) қосымша құжаттарды, егер олар сұратылған болса, алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Сақтанушыға тиісті бас тартуды жібереді. Бұл ретте, сондай-ақ Қатысушы-сақтандыру ұйымына сұратылған құжаттардың қайсыбірі ұсынылмаған жағдайда, келісімге қол жеткізілді деп есептелмейді және Шартқа өзгерістер енгізілмейді. Келісім бұрынғы шарттарда қолданысын жалғастырады.
Тармақ 42
42. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру полисінің әрбір жылдығында сақтандыру сомасының мөлшерін, Шартқа қосымшаға сәйкес сатып алу сомаларын сақтандырудың өткен жылға нақты алынған сақтандыру жарналарын (аванстық төлемдерді қоса алғанда) негізге ала отырып, Қағидаларда белгіленген тәртіппен, Шартқа өзгертулер енгізу арқылы қайта есептейді.
Тармақ 43
43. Қатысушы сақтандыру ұйымы енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және (немесе) Сақтанушының жеке кабинетінде орналастыра отырып, Қағидалардың шарттарын толықтыруға немесе өзгертуге құқылы. Сақтанушы Қағидаларға енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда Қағидалар орналастырылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде Шартты бұзу туралы өтінішпен Қатысушы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Тармақ 44
44. Сақтанушы Қатысушы-сақтандыру ұйымын алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, Шартты кез келген уақытта бұзуға құқылы. Сақтандыру сыйлықақысы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 842-бабына сәйкес қайтарылады.
Тармақ 45
45. Сақтанушы/Пайда алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен оның заңды өкілі Шарт бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шартты іс жүзінде бұзу күнінен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде Сақтанушыны хабардар ете отырып, біржақты тәртіппен Шартты бұзады. Бұл ретте Шарт бойынша сатып алу сомасы Сақтанушыға бірінші талап ету бойынша төленеді, оператордың өтініші бойынша мемлекет сыйлықақысы оператор арқылы республикалық бюджетке қайтарылады.
Тармақ 46
46. 14 жасқа толмаған кәмелетке толмаған пайда алушының заңды өкілінің бастамасы бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзуға Қатысушы-сақтандыру ұйымына кәмелетке толмаған пайда алушының атынан заңды өкілдік ету құқығын куәландыратын құжаттарды (қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан құжаттар және басқалар) ұсынған кезде жол беріледі.
Тармақ 47
47. Тараптар қол қойған Шарт білім беру сақтандыру шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатады. Сақтанушының/Пайда алушының Заңның және Шарттың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты оператор Шартты білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркеуден бас тартқан жағдайда Шарт оператордың тіркеуден бас тарту туралы хабарламасын алған күннен бастап бұзылады, Сақтанушы төлеген ақша сомасын Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шарт бұзылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ешқандай комиссиялық алымдарсыз төлейді.
Тарау 8. 8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 48
48. Сақтандыру төлемі Шартта белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтанушыға/Пайда алушыға мерзімі өткен әрбір күнге сақтандыру төлемінің сомасынан 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде өсімпұл төлейді.
Тармақ 49
49. Сақтанушы сақтандыру жарнасын (біріншісін қоспағанда) хабарламада көрсетілген мерзімде төлемеген жағдайда, Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шарт бойынша кірістілік мөлшерлемесінің, төленбеген сақтандыру жарнасы мен 365-ке (үш жүз алпыс бес) мерзімі өткен күндер санының көбейтіндісіне қатынасы ретінде есептелген тұрақсыздық айыбын талап етуге құқылы не Шарт азайтылған сақтандыру сомасы шегінде өз қолданысын жалғастырады.
Тармақ 50
50. Тараптар Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.
Тармақ 51
51. Тұрақсыздық айыбының (өсімпұл, айыппұл) сомасын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
Тарау 9. 9-тарау. Дауларды шешу тәртібі
9-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 52
52. Шартты жасау және орындау үдерісінде туындайтын немесе оған байланысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар келіссөздер арқылы бірлесіп қарауға міндеттенеді. Туындаған даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.
Тарау 10. 10-тарау. Қорытынды ережелер
10-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 53
53. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте, жағдайларда және нысанда енгізіледі.
Тармақ 54
54. Шартта көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, тиісті тарап басқа тарапты жеті жұмыс күні ішінде мұндай өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 55
55. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қағидаларды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 56
56. Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.
Тармақ 57
57. Шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөліктері болып табылады.
Тарау 11. 11-тарау. Сақтандыру агенті
11-тарау. Сақтандыру агенті Сақтандыру агенті (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/атауы): БСН/ЖСН: ______________________________ ________________________________ Орналасқан жері (заңды тұлға үшін) ________________________________ Комиссиялық сыйақы: ____________________________ Телефон (ұялы): ______________________________ ______________________________
Тарау 12. 12-тарау. Тараптардың мекенжайлары және деректемелері
12-тарау. Тараптардың мекенжайлары және деректемелері Қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтанушы ________________________________________ ________________________________________ ________________________________________ Қолы_________________________________ ______________________________________ ______________________________________ ____________________________________________ ____________________________________________ ____________________________________________ Қолы_______________________________________ ____________________________________________ ____________________________________________
Басқа 1. Сатып алу сомаларының кестесі *
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 20__ жылғы «__» «__________» № «__» бұйрығымен бекітілген Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шартына қосымша Сатып алу сомаларының кестесі * Сақтандыру жылы Сатып алу сомасы, теңге * Сатып алу сомасының мөлшері көрсетілген күндерге дейін барлық сақтандыру жарналарының (сақтандыру сыйлықақысының) толық төленгені ескеріле отырып, әрбір сақтандыру жылының аяқталу күніне қалыптасқан жағдай бойынша осы Қосымшада көрсетілген.