Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов, уязвимых в террористическом отношении, находящихся в ведении Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, Комитета государственной инспекции труда Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и Комитета регулирования и контроля в сфере социальной защиты населения Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 14 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленді. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), Министрліктің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Министрліктің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитеттер) қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз етудің жалпы тәсілдерін, оның ішінде күзетті ұйымдастыруды, өткізу және объектішілік режимдерді жүзеге асыруды, сондай-ақ тиісті құжаттаманы жүргізуді нақтылайды.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы объектілерге (бұдан әрі – объектілер) қолданылады және мыналардың пайдалануына арналған: Министрлік пен Комитеттердің объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін объектілердің басшылары мен персоналы; объектілерді күзету бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің басшылары мен қызметкерлерінің; объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау мен бағалауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдар өкілдерінің пайдалануына арналған.
Тармақ 3
3. Объектіде басшының бұйрығымен объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін тұлға (тұлғалар) және (немесе) бөлімше (бөлімшелер) айқындалады.
Тармақ 4
4. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бақылау-өткізу пункті – адамдар мен көлік құралдарын бақылауды, өткізуді, тексеріп қарауды қамтамасыз етуге арналған арнайы жабдықталған орын;
Тармақша 2
2) бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;
Тармақша 3
3) күзет сигнализациясы жүйесі – күзетілетін аймаққа (учаскеге) санкциясыз енуді, күзетілетін аймақ (учаске) тұтастығының бұзылуын анықтауға, күзетілетін аймақ (учаске) тұтастығының бұзылуы туралы ақпаратты жинауға, өңдеуге, беруге және берілген түрде ұсынуға арналған бірлесіп жұмыс істейтін техникалық құралдардың жиынтығы;
Тармақша 4
4) объектілердің персоналы – Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектінің басшылары, жұмыскерлері, қызметкерлері;
Тармақша 5
5) объектінің периметрі – құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес объектінің шекарасы;
Тармақша 6
6) оқу (профилактикалық) іс-шаралары – алғашқы ден қою дағдыларын дарыту мақсатында нұсқаулықтар мен сабақтар түрінде іске асырылатын персоналды оқыту мен күзеттің алдын алу тәсілдері;
Тармақша 7
7) эксперимент – объектілердің терроризм актісін жасауға кедергі жасауға дайындығын бағалау, оның салдарын азайту мен жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шара;
Тармақша 8
8) өткізу режимі – адамдардың рұқсатсыз кіру (шығу), көлік құралдарының кіру (шығу), мүлікті әкелу (әкету) мүмкіндігін болдырмайтын, белгіленген тәртіпті регламенттейтін қағидалар жиынтығы;
Тармақша 9
9) келуші – өзінің жеке мұқтажы бойынша объектілердің ғимаратында орналасқан Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам;
Тармақша 10
10) күзет қызметінің субъектісі – күзет қызметін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері және жеке күзет ұйымдары;
Тармақша 11
11) объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлер – Министрлік пен Комитеттердің объектісінде күзет функцияларына және өткізу режимінің сақталуына жауап беретін объектілердің жұмыскерлері немесе объектінің басшысымен объектіні күзету қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлері;
Тармақша 12
12) терроризмге қарсы қорғау паспорты – объект туралы оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтерді қамтитын және террористік тұрғыдан осал объектіде терроризм актілерінің салдарларының алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат.
Тармақша 13
13) құлақтандыру жүйесі – террористік тұрғыдан осал объектідегі адамдарды төтенше оқиғалар (авария, өрт, дүлей зілзала, шабуыл жасау, террористік акт) және қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер кезіндегі дабыл туралы жедел хабардар етуге (жарықпен және (немесе) дыбыспен хабардар етуге) арналған техникалық құралдар жиынтығы. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тармақ 5
5. Жалға алынған ғимаратқа (үй-жайға) орналасқан кезде Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары жалдау шартында объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлейтін, объектіні күзетуді, объектіні қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жарақтандыруды, олардың үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды, өткізу режимін ұйымдастыруды және осы іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын тараптарды айқындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Терроризм актісінің жасалу қаупі туралы ақпарат алған кезде объектілердің басшылары және өзге де лауазымды адамдары террористік тұрғыдан осал объектілерде туындайтын террористік қатерлерге уақтылы ден қою және терроризм актілерінің жасалуын болғызбау үшін террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне сәйкес шараларды Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығымен бекітілген Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Тармақ 7
7. Өткізу режимі персонал мен объектіге келушілердің қауіпсіздік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) адамдар мен көлік құралдарының объектіге немесе оның бір бөлігіне (аймағына) санкцияланған қол жеткізуін беруді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) құқыққа қарсы ниеттенген адамдарды, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес объектілерге алып өтуге тыйым салынған заттарды анықтау;
Тармақша 3
3) объектіні күзету, объектінің ықтимал қауіпті учаскелерін және қауіпті аймақтарды қорғау, оның ішінде оларда бөгде адамдардың бақылаусыз болуының алдын алу.
Тармақ 8
8. Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерде объектінің ерекшелігіне сәйкес келетін өткізу режимі белгіленеді.
Тармақ 9
9. Күзет қызметі субъектісімен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасалған жағдайда объектінің басшысы күзет қызметтері шартында терроризмге қарсы қорғалуды және қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі күзет қызметі субъектісі іске асыратын іс-шараларды көрсетуі қажет, оларға:
Тармақша 1
1) жұмыскерлерді, келушілерді объектіге немесе оның бір бөлігіне (аймағына) жіберуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) көлік құралдарын объектіге өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) объектінің аумағында құқыққа қайшы ниеті бар адамдарды, сондай-ақ оларды өткізу үшін пайдаланылуы мүмкін заттар мен заттарды анықтау;
Тармақша 4
4) объектіні күзету, сыни аймақтарды қорғау, оның ішінде оларда бөгде адамдардың бақылаусыз болуын болдырмау;
Тармақша 5
5) адамдардың объектіде болуы мүмкін орындарды бақылау;
Тармақша 6
6) жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді азайтуға және жоюға бағытталған алғашқы ден қою іс-шараларын орындау бойынша күзет қызметкерлерімен оқу іс-шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) объектіде орнатылған техникалық қорғау құралдарын тиісінше пайдалану жатады.
Тармақ 10
10. Өткізу режимін ұйымдастыру объектісінде қамтамасыз ету:
Тармақша 1
1) тиісті өткізу режимін ұстап тұруға жауапты адамды айқындау;
Тармақша 2
2) күзет қызметтерін көрсету туралы шартқа сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды және қауіпсіздіктің тиісті деңгейін (штаттық күзет болмаған кезде) қамтамасыз ету жөніндегі күзет қызметі субъектісі іске асыратын іс-шараларды орындау.
Тармақ 11
11. Өткізу режимін ұйымдастыру қажет болған жағдайда объектіні аймақтарға бөлуді көздейді (объектіде кемінде екі негізгі аймақ белгіленеді: бірінші аймақ – жұмыскерлерге, келушілерге кіруге шектеу қойылмаған ғимараттар, аумақтар, Үй – жайлар; екінші аймақ-жұмыскерлерге, объектіге келушілерге белгіленген өткізу тәртібіне сәйкес кіруге рұқсат етілген ғимараттар және (немесе) үй-жайлар).
Тарау 3. 3-тарау. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
3-тарау. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Тармақ 12
12. Профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шаралары:
Тармақша 1
1) объект қызметкерлеріне;
Тармақша 2
2) террористік тұрғыдан осал объектілерде күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің жұмыскерлеріне нұсқаулықтар мен сабақтар (практикалық және теориялық) және эксперименттер түрінде өткізіледі.
Тармақ 13
13. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар объектілерде профилактикалық іс-шаралар ретінде өткізу режимін, олардың дайындығын, сондай-ақ оларда күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілерді терроризм актісін жасауға кедергі келтіруге, салдарларды барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз етуге бағытталған эксперименттер жүргізеді. Өткізілген эксперимент нәтижелері бойынша объектінің басшысына бағалары мен ұсынымдары бар акт жіберіледі.
Тармақ 14
14. Оқу іс-шараларын объектілердің басшылары персоналмен, ал күзет қызметі субъектілерінің басшылары – Министрлік пен Комитеттердің объектісін күзетуге тартылатын қызметкерлермен ұйымдастырады.
Тармақ 15
15. Терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында келтіріледі.
Тармақ 16
16. Өткізу режимін ұйымдастыруға жауапты қызметкерлермен терроризмге қарсы қорғаныстың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану, үй-жайларды тексеру техникасы, жарылғыш құрылғыларды салу орындарын анықтау бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.
Тармақ 17
17. Теориялық сабақтар барысында тиісті ақпарат жеткізіледі, практикалық сабақтар барысында қызметкерлер мен қызметкерлердің іс-әрекеттері пысықталады:
Тармақша 1
1) қауіпсіз және кедергісіз эвакуация жүргізу бойынша;
Тармақша 2
2) терроризм актісі қаупі төнген жағдайда;
Тармақша 3
3) объектіде күдікті адамдар мен заттар, сондай-ақ объектіге тән терроризм актілерін жасаудың өзге де сценарийлері анықталған кезде.
Тармақ 18
18. Объектінің барлық ұжымын қамти отырып, практикалық сабақтарды өткізудің алдында осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектілер тұлғаларының әртүрлі топтарының іс-қимыл алгоритмдерін білуін қалыптастыруға бағытталған қызметкерлердің, күзет қызметкерлерінің жекелеген топтарымен теориялық сабақтар, жоспарлы нұсқамалар өткізу болады.
Тармақ 19
19. Терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жауапты адам ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарын әр түрлі адамдар тобының іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау бойынша жоспарланған практикалық сабақ туралы кемінде бес тәулік бұрын хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Нұсқама өткізу сипаты мен уақыты бойынша жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді
Тармақ 21
21. Жоспарлы нұсқама жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспарлы нұсқама жеке немесе қызметкерлер мен персонал тобы үшін жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Жоспардан тыс нұсқаманы объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары, күзет қызметі субъектілерінің басшылары не жүргізілетін оқу-жаттығуларға, жаттығуларға және эксперименттерге тартылған мемлекеттік органдардың өкілдері объект орналасқан өңірде террористік қауіптілік деңгейі енгізілген жағдайларда Қағидаларға сәйкес жүргізеді.
Тармақ 23
23. Нұсқамалар мен сабақтар өткізу туралы осы Нұсқаулыққа 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы қорғау жөніндегі оқу іс шараларын есепке алу журналына жазу жүргізіледі.
Тармақ 24
24. Журнал тігіліп, мөрмен, сондай-ақ бірінші басшының қолымен бекітіледі. Журналды толтыру қатаң реттілікті сақтай отырып жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Журналды жүргізуді объектінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жауапты адам жүзеге асырады. Нұсқама немесе сабақ өткізу кезінде аталған іс-шараны құжаттау хаттама түрінде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Тармақ 26
26. Өзара іс-қимыл терроризм актілерінің алдын алу және оларды ескерту, жұмыскерлер мен қызметкерлерді объектіде терроризм актісі қатері төнген немесе жасалған жағдайда іс-қимылдарға оқыту және дайындау мақсатында ұйымдастырылады.
Тармақ 27
27. Терроризм актісін (актілерін) жасау қатерлеріне немесе жасалуына ден қоюға әзірлікті қамтамасыз ету шеңберінде объектіге күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан объектілердің басшылары, күзет қызметі субъектілерінің басшылары объект қызметкерлерінің, күзет қызметі субъектілерінің:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын терроризм актісінің (актілерінің) жасалу қатері немесе жасалуы туралы дереу хабардар ету бойынша;
Тармақша 2
2) жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді барынша азайтуға және жоюға бағытталған бастапқы ден қою іс-шараларын орындау бойынша іс-қимылының алгоритмін әзірлейді.
Тармақ 28
28. Объектілердің басшылары, қызметкерлері, күзет қызметкерлері терроризм актісін жасау немесе оны жасау қатері кезінде аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарын, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелерін және өзге де мүдделі тұлғаларды хабардар етеді. Ақпаратты ұсыну кезінде терроризм актісінің жасалғаны немесе жасалу қаупі туралы алынған мәліметтер, объектінің атауы мен мекенжайы, оқиғаның уақыты, зардап шеккендердің бар-жоғы, олардың орналасқан жері мен жай-күйі, хабар берген адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) және оның атқаратын лауазымы көрсетіледі. Толық деректердің болмауы жауапты тұлғаларды дереу баяндамадан босатпайды.
Тармақ 29
29. Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары мынадай қауіпсіздік шараларын қабылдайды:
Тармақша 1
1) террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі кезінде: объектіде өткізу режимін күшейту; келушілерді, білім алушыларды, персоналды және көлік құралдарын, қажет болған жағдайда арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру; эвакуацияланған адамдардың уақытша болу орындарын, материалдық құндылықтарды және құжаттаманы айқындай отырып, объектілердің персоналдарын, келушілерді шұғыл эвакуациялау;
Тармақша 2
2) террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейі кезінде (террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі белгіленген кезде қабылданатын шаралармен қатар): уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтармен терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдар; күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерін және объектілердің дағдарыстық жағдайларды оқшаулау бойынша функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлерін, білім алушыларын жоғары әзірлік режиміне келтіру; қажет болған кезде объектінің қызметін және күзет қызметін тоқтата тұру;
Тармақша 3
3) террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің «сары» және «қызғылт сары» деңгейлері енгізілген кезде қолданылатын шаралармен қатар): адамдарды құтқару бойынша шұғыл шаралар қабылдау, құтқару қызметтері мен құралымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне жәрдемдесу; Министрлік пен Комитеттердің қарамағындағы объектілердің қызметін тоқтата тұру; объектілердің күзет қызметін тоқтата тұру.
Тарау 5. 5-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптар
5-тарау. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптар
Тармақ 30
30. Паспорт таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын құжат болып табылады және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі болады.
Тармақ 31
31. Объект басшысының бұйрығымен паспортты әзірлеуге, оны сақтауға және паспорт деректерін уақтылы жаңартуға жауапты тұлға тағайындалады.
Тармақ 32
32. Паспорт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 қаулысымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі – үлгілік паспорт) сәйкес бір мезгілде электрондық нұсқасын әзірлей отырып, екі данада әзірленеді.
Тармақ 33
33. Объект бірнеше құқық иеленушісі бар ғимаратта (ғимараттар кешенінде) орналасқан жағдайларда, паспорт жасау олардың арасындағы объектілердің барлық құқық иеленушілерінің жазбаша келісімі бойынша немесе олардың бірімен бірлесіп жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Паспорттың жобасы объектінің басшысы объектіні астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне (бұдан әрі – аумақтық тізбе) қосу туралы тиісті хабарлама алған сәттен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде жасалады.
Тармақ 35
35. 34-тармақта көрсетілген мерзімде паспортты әзірлеу мүмкін болмаған жағдайда объектінің күрделілігін ескере отырып, объект басшысының ұсынуы бойынша, жекелеген жағдайларда терроризмге қарсы комиссияның шешімі бойынша паспорт жасаудың өзге де мерзімдері белгіленуі мүмкін.
Тармақ 36
36. Әзірленген паспорт жобасы жасалғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде объектінің орналасқан жері бойынша аумақтық Қазақстан Республикасы ішкі істер органының басшыларымен келісіледі. Паспорт жобасын келісу мерзімі үлгілік паспортта көрсетілген лауазымды тұлғаға паспорт келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды. Келісуші тұлғадан паспорттың жобасына ескертулер болған кезде пысықтау мерзімі қайтарылған күннен бастап он бес жұмыс күнінен, ал қайта жіберілген кезде – жеті жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 37
37. Келісілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде паспортты объектінің басшысы бекітеді (оның ішінде ол жаңартылған кезде). Бірлесіп жасаған кезде паспортты объектілердің барлық құқық иеленушілері бекітуге тиіс. Бір құқық иеленуші жасаған кезде паспортты ол объектінің басқа құқық иеленушілерінің келісімі бойынша бекітіледі.
Тармақ 38
38. Объект паспортын есепке алу номенклатуралық іс түрінде жүзеге асырылады.
Тармақ 39
39. Паспорттың бірінші данасы (түпнұсқасы) әзірленіп, бекітілгеннен кейін деректерді уақтылы жаңарту үшін оны сақтауға жауапты тұлғада сақталуы тиіс.
Тармақ 40
40. Терроризм актілерінің салдарын жоюға және азайтуға тартылған органдарға паспортты уақтылы беруді қамтамасыз ету мақсатында паспортқа екі данада тізімдеме жасалады. Тізімдеменің бір данасы паспортпен бірге қажет болған жағдайда терроризмге қарсы операцияға басшылықты жүзеге асыратын жедел штабқа беріледі. Тізімдеменің екінші данасы паспортты сақтауға жауапты адамда қалады.
Тармақ 41
41. Паспорттың екінші данасы және паспорттың электрондық нұсқасы (ақпаратты электрондық жеткізгіштегі PDF форматында) ол бекітілген немесе түзетілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде сақтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.
Тармақ 42
42. Паспорт мынадай:
Тармақша 1
1) меншік құқығы,
Тармақша 2
2) объектінің басшысы;
Тармақша 3
3) объектінің атауы;
Тармақша 4
4) объектінің негізгі мақсаты;
Тармақша 5
5) объектінің жалпы ауданы мен периметрі, іргелес аумақта құрылыс салған өзгерген немесе күрделі жөндеу аяқталған, ғимараттарды және инженерлік жүйелерді реконструкциялау аяқталғаннан кейін, егер конструкциясында өзгерістер жасалған;
Тармақша 6
6) объектінің ықтимал қауіпті учаскелері;
Тармақша 7
7) объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету үшін тартылатын техникалық құралдар өзгерген жағдайда түзетіледі.
Тармақ 43
43. Өзгерістер түзету үшін негіздер туындағаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде енгізіледі. Паспортты әзірлеу, оған түзетулер енгізу мерзімдерін ұлғайту қажет болған кезде объект басшысы терроризмге қарсы комиссияға тиісті өтінішпен жүгінеді. Паспортта сақтауға жауапты қызметкер объектінің басшысының немесе паспортқа қол қоюға уәкілетті адамның қолымен расталған өзгерістердің себептері мен күндерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы белгі қояды. Паспорттың өзгерістер болған элементтері ғана ауыстыруға жатады. Бір мезгілде объект басшысының қолы қойылған тиісті өзгерістер туралы ақпарат паспорттың екінші данасына қоса тіркеу үшін паспорттың электрондық нұсқасын ауыстыра отырып, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі. Паспорт:
Тармақша 1
1) бес жылда бір реттен жиі емес;
Тармақша 2
2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізілген жағдайда толық ауыстырылады.
Тармақ 44
44. Ауыстырғаннан кейін алдыңғы паспорт тиісті акт жасала отырып, комиссиялық тәртіппен жойылуға жатады. Акт объектінің құқық иеленушісі болып табылатын ұйымда қалады. Актінің көшірмесі паспорттың екінші данасы сақталатын жерге жіберіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Министрлік пен Комитеттердің террористік тұрғыдан осал объектілерін инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар
6-тарау. Министрлік пен Комитеттердің террористік тұрғыдан осал объектілерін инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар
Тармақ 45
45. Аумағы бар объектілер периметрі бойынша адамдардың еркін өтуіне және көлік құралдарының объектіге және объектіден өтуіне кедергі келтіретін қоршаумен жабдықталады. Периметрі бойынша қоршаумен жабдықталмаған, адамдардың еркін өтуіне және көлік құралдарының объектіге және объектіден өтуіне кедергі келтіретін объектілерде өткізу режимі белгіленеді.
Тармақ 46
46. Негізгі қоршау:
Тармақша 1
1) еркін өтуді жоққа шығаратын және объектінің режимдік шарттарын қанағаттандыратын биік және жерге терең орнатылған болуы;
Тармақша 2
2) конструкциясы қарапайым, беріктігі жоғары және ұзақ уақытқа төзімді болуы;
Тармақша 3
3) одан өтуді жеңілдететін түйіндер мен конструкциялары болмауға тиіс.
Тармақ 47
47. Периметрдің қоршауы мынадай:
Тармақша 1
1) барлық маусымдардың және тиісті климаттық аймақтардың сыртқы климаттық факторларына төзімділік;
Тармақша 2
2) индустриялық кедергілерден және көлік құралдары тудыратын кедергілерден, құстар мен жануарлардың әсерінен қорғалу сипаттамаларына сәйкес болуға тиіс.
Тармақ 48
48. Персоналдың, келушілердің және көлік құралдарының объектіге кіруін (шығуын) шектеуді көздейтін өткізу режимі бар объектілер адамдар мен көлік құралдарын рұқсат етілген өткізуді жүзеге асыру мақсатында бақылау-өткізу пункттерімен жарақтандырылады.
Тармақ 49
49. Бақылау-өткізу пункттерінің саны адамдар мен көлік құралдарын қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 50
50. Бақылау-өткізу пункттері сыртқы және (немесе) ішкі болуы мүмкін.
Тармақ 51
51. Қоршау болса, сыртқы бақылау-өткізу пункті жабдықталады.
Тармақ 52
52. Объектілердің ғимараттарына, үй-жайлары мен аймақтарына санкцияланған кіруді және (немесе) олардан шығуды қамтамасыз ету мақсатында объектілер кіруді бақылау және басқару жүйелерімен және (немесе) кіруді шектеу құралдарымен жабдықталады.
Тармақ 53
53. Объектіні кіруді бақылау және басқару жүйесімен жарақтандыру персонал мен келушілердің объектіге және (немесе) оның аймақтарына (учаскелеріне) кіруінің әртүрлі деңгейін көздейтін аймақтар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 54
54. Кіруді бақылау және басқару жүйелері терроризм актісіне әрекет жасау кезінде немесе мүмкін болған кезде объективті тергеп-тексеруді, дәлелдемелік базаны қалыптастыруды, объект персоналының немесе бөгде адамдардың рұқсатсыз іс-әрекеттері кезінде тергеп-тексеруді қамтамасыз ету мақсатында оларды кейіннен бір мәнді жіктеу үшін барлық оқиғаларды Мұрағат ақпаратын тасығыштарда бір жыл ішінде автоматты түрде жазуды және сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 55
55. Персоналдың өтуі (баруы) бар объектілер үшін және келушілерді объектіге және (немесе) оның ықтимал қауіпті учаскелеріне кіруді шектеу құралдарымен ғана жабдықтауға жол беріледі және маңызды аймақтар.
Тармақ 56
56. Объектілер объектідегі, оның әлеуетті қауіпті учаскелеріндегі мән-жайды қадағалау, сондай-ақ ахуалды бағалау және тәртіп бұзушылардың іс-әрекеттерін тіркеу үшін санкциясыз ену фактісін көзбен шолып растау мақсатында телевизиялық күзет жүйелерімен жарақталады. Жеке ғимаратта (ғимараттар кешенінде) орналасқан объектіде телевизиялық күзет жүйесімен:
Тармақша 1
1) объектіге іргелес аумақтың периметрі;
Тармақша 2
2) бақылау-өткізу пункттері (бар болса);
Тармақша 3
3) тексеріп қарау үй-жайлары (бөлмелері) және көлікті тексеріп қарау аймағы (бар болса);
Тармақша 4
4) негізгі және қосалқы кіру есіктері;
Тармақша 5
5) объектідегі адамдардың жаппай болуы мүмкін орындар жабдықталады.
Тармақ 57
57. Ғимараттың бір бөлігінде орналасқан объектіде:
Тармақша 1
1) объектідегі адамдар жаппай болуы мүмкін орындар;
Тармақша 2
2) негізгі және қосалқы кіру есіктері (бар болса) бейнебақылау жүйесімен қамтылуы қажет.
Тармақ 58
58. Телевизиялық күзет жүйесі:
Тармақша 1
1) күзетілетін аймақтардың, үй-жайлардың, периметрдің және объект аумағының жай-күйі туралы көзбен көрінетін ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайындағы жергілікті бақылау пунктінің не орталықтандырылған күзет пунктінің мониторларына автоматтандырылған режимде беруді;
Тармақша 2
2) оқиғаларды кейіннен талдау үшін бейнеақпаратты сақтауды қамтамасыз етуге тиіс. Ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәуліктен кем болмауға тиіс.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларымен айқындалған тәртіппен және жағдайда Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосу қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 59
59. Объектінің телевизиялық күзет жүйелеріне кіретін бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында белгіленген бейнебақылау жүйелерінің төменгі техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.
Тармақ 60
60. Объектілер штаттан тыс жағдайдың туындауы (терроризм актісінің жасалу қаупі немесе жасалуы және туындаған салдарлар туралы) және олардың іс-қимылдарын үйлестіру туралы персоналды, білім алушыларды және объектіге келушілерді жедел хабардар ету мақсатында хабардар ету жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.
Тармақ 61
61. Персоналды, білім алушыларды және объектіге келушілерді хабардар ету:
Тармақша 1
1) ғимараттарға, үй-жайларға, объект аумағының адамдар үнемі немесе уақытша болатын учаскелеріне дыбыс және (немесе) жарық сигналдарын беруді;
Тармақша 2
2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, объектінің персоналы мен келушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы ауызша ақпаратты трансляциялауды қамтамасыз етуі тиіс техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Хабарлағыштардың саны және олардың қуаты адамдар үнемі немесе уақытша болатын барлық жерлерде қажетті естілуді қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 62
62. Объектілер міндетті түрде күзет қызметі субъектілерінің орталықтандырылған бақылау пультіне жасырын сигнал беруге мүмкіндік беретін дабыл берудің ұтқыр не стационарлық құралымен («Дабыл түймелері») жарақтандырылуы тиіс.
Тармақ 63
63. Объект объектіге (объектіден) рұқсатсыз алып келуге (алып кетуге), әкелуге (әкетуге) тыйым салынған қаруды және басқа да заттар мен мүліктерді табу мақсатында техникалық тексеру құралдарымен жарақтандырылады.
Тармақ 64
64. Объектілер күзет және дабыл сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару, жарықтандыру, бейнебақылау жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін резервтік электрмен жабдықтау жүйелерімен және құралдарымен жабдықталады. Күзет және дабыл сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару жүйелері негізгі желілік қоректендіру болмаған кезде жабдықтың кемінде 2 сағат жұмыс істеуін қамтамасыз ететін аккумуляторлық қолдаумен үздіксіз қоректендіру көздерін қамтуы тиіс. Автономды резервтік электр қоректендіру көздері кіруді бақылау және басқару жүйесінің, телевизиялық бейнебақылау жүйесінің, күзеттік және кезекші жарықтандырудың жұмысын қамтамасыз етуі тиіс:
Тармақша 1
1) қалалар мен қала үлгісіндегі кенттерде – кемінде 24 сағат;
Тармақша 2
2) ауылдық аудандарда – кемінде 48 сағат;
Тармақша 3
3) жету қиын аудандарда – кемінде 72 сағат.
Тармақ 65
65. Басшының шешімі бойынша объектіде объектінің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыруға ықпал ететін қосымша инженерлік-техникалық жабдық орнатылады. Нысанның инженерлік-техникалық жабдықтары әрқашан жұмыс күйінде сақталады.
Тармақ 66
66. Объектіні террористік тұрғыдан осал объектілер тізбесіне енгізгеннен кейін 6 ай ішінде инженерлік-техникалық жабдықпен жарақтандыру мүмкін болмаған жағдайда объектінің басшылығы объектіні жарақтандыруға бюджет қаражатын жоспарлау үшін шаралар қабылдайды, ал объектінің орналасқан жері бойынша терроризмге қарсы комиссияға келісуге объектіні инженерлік-техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы ұсынылады.
Басқа 1.1. Министрлік пен Комитеттердің объектілеріне алып өтуге тыйым салынған негізгі заттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша Министрлік пен Комитеттердің объектілеріне алып өтуге тыйым салынған негізгі заттардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қару-жарақ;
Тармақша 1
1) атыс қаруы;
Тармақша 2
2) ұнғысыз травматикалық, газды және жарықты-дыбыстық әсері бар патрондары бар;
Тармақша 3
3) суық қару, сондай-ақ суық қаруға жатпайтын алуан түрлі пышақтар;
Тармақша 4
4) лақтырғыш;
Тармақша 5
5) пневматикалық;
Тармақша 6
6) газды;
Тармақша 7
7) электрлі;
Тармақша 8
8) дабылды;
Тармақша 9
9) радиоактивтік сәулелену мен биологиялық әсер етуге негізделген жою әсері бар қарулар мен өзге де заттар;
Тармақша 10
10) электрмагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді қолдануға негізделген жою әсері бар қарулар мен өзге де заттар;
Тармақша 11
11) жоғарыда аталған қару түрлерін қайталайтын заттар;
Тармақша 12
12) қару ретінде қолданылуы мүмкін заттар (ұру-уақтаушы, лақтыру және үшкір-өткір);
Тармақша 13
13) қарудың оқ-дәрілері мен оның құрамдас бөліктері;
Тармақ 2
2. Механикалық және аэрозолды шашқыштар мен жасаурататын, тітіргендіргіш әрі адам организміне басқалай теріс әсер ететін заттармен жарақтандырылған басқа да құралғылар.
Тармақ 3
3. Заттар:
Тармақша 1
1) жарылғыш;
Тармақша 2
2) улы;
Тармақша 3
3) улағыш;
Тармақша 4
4) радиабелсенді;
Тармақша 5
5) тұншықтырғыш;
Тармақша 6
6) пиротехникалық;
Тармақша 7
7) тұтанғыш.
Басқа 1.2. Министрлік пен Комитеттердің объектілерінің терроризмге қарсы қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша Министрлік пен Комитеттердің объектілерінің терроризмге қарсы қауіпсіздігі мәселелері бойынша профилактикалық және оқу іс-шаралары тақырыптарының нұсқалары № р/с Та­қы­рып ата­уы Өт­кі­зу ны­са­ны 1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тер­ро­ризм­ге қар­сы іс-қи­мыл са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры. Объ­ек­ті­де тер­ро­ризм ак­ті­сі жа­сал­ған жағ­дай­лар­да жа­у­ап­ты­лық. Дә­ріс 2 Тер­ро­риз­мнің мәні мен қо­ғам­дық қа­уіп­ті­лі­гі, тер­ро­ри­стік си­патта­ғы әре­кет­тер­ді жа­са­ға­ны үшін жа­у­ап­кер­ші­лік. Дә­ріс 3 Тер­ро­ри­стік тұр­ғы­дан осал объ­ек­ті­нің ерекше­лік­те­рі, оған тер­ро­ризм ак­ті­сі жа­сал­ған жағ­дай­да ық­ти­мал сал­дар­лар. Дә­ріс 4 Өт­кі­зу пунк­т­ін­де кө­лік құ­рал­да­ры мен адам­дар­ды тек­се­ру­ді жүр­гі­зу тәр­ті­бі. Үй-жай­лар­ды тек­се­ру, жа­ры­л­ғыш құ­ры­л­ғы­лар­ды қою орын­да­рын анық­тау. Дә­ріс 5 Тер­ро­ри­стік си­патта­ғы ық­ти­мал қа­тер­лер­ге ден қою жө­нін­де­гі іс-қи­мыл­дар­дың маз­мұ­ны мен ке­зек­ті­лі­гі. Дә­ріс 6 Тер­ро­ризм ак­ті­сін өт­кі­зу қа­у­пі ту­ра­лы ано­ним­ді те­ле­фон қо­ңы­ра­уын ал­ған кез­де Ми­ни­стр­лік пен Ко­ми­тет­тер­дің объ­ек­ті­сі пер­со­на­лы­ның іс-қи­мыл тәр­ті­бі. Нұс­қа­улық-әді­сте­ме­лік са­бақ­тар 7 Ие­сіз заттар­ды, кү­дік­ті затты неме­се кү­дік­ті адам­дар­ды анық­та­ған кез­де Ми­ни­стр­лік пен Ко­ми­тет­тер­дің объ­ек­ті­сі пер­со­на­лы­ның іс-қи­мыл тәр­ті­бі. Нұс­қа­улық-әді­сте­ме­лік са­бақ­тар 8 Ми­ни­стр­лік пен Ко­ми­тет­тер­дің объ­ек­ті­сі пер­со­на­лы­ның объ­ек­ті­ге қа­ру­лы ша­буыл жа­сау ке­зін­де­гі іс-қи­мыл тәр­ті­бі. Нұс­қа­улық-әді­сте­ме­лік са­бақ­тар 9 Ми­ни­стр­лік пен Ко­ми­тет­тер­дің объ­ек­ті­сі пер­со­на­лы­ның ке­пі­л­ге алу ке­зін­де­гі іс-қи­мыл­да­ры­ның тәр­ті­бі. Нұс­қа­улық-әді­сте­ме­лік са­бақ­тар 10 Тер­ро­ризм­ге қар­сы қор­ғаудың ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну ере­же­сі. Нұс­қа­улық-әді­сте­ме­лік са­бақ­тар 11 Тер­ро­ризм ак­ті­сі қа­у­пі төн­ген неме­се жа­сал­ған кез­де Ми­ни­стр­лік объ­ек­ті­сі­нің және Ко­ми­тет­тер­дің пер­со­на­лын, оның ке­лу­ші­ле­рін ха­бар­дар ету тәр­ті­бі. Прак­ти­ка­лық са­бақ­тар 12 Ми­ни­стр­лік пен Ко­ми­тет­тер­дің объ­ек­ті­сі­нің пер­со­на­лын, оған ке­лу­ші­лер­ді эва­ку­а­ци­я­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру. Прак­ти­ка­лық са­бақ­тар 13 Ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту (атыс, сы­нық жа­ра­лар, те­сі­л­ген жа­ра­лар, жыр­ты­л­ған жа­ра­лар, күй­ік­тер, сүй­ек­тер­дің сы­нуы, буын­дар­дың шы­ғуы, кө­мір­те­гі то­тығ­ы­мен және бас­қа да улы заттар­мен ула­ну, шок жағ­дай­ла­ры, кон­ту­зия, ми­дың шай­қа­луы). Прак­ти­ка­лық са­бақ­тар
Басқа 1.3. Террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектілердің әртүрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша Террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектілердің әртүрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері
Бөлім 1. 1-Бөлім. Нысанға келушілер мен қызметкерлерге қарулы шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
1-Бөлім. Нысанға келушілер мен қызметкерлерге қарулы шабуыл кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
Тармақ 1
1. Келушілердің әрекеттері: қорғану: ғимараттан тыныш кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту; құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
Тармақ 2
2. Персоналдың әрекеті: құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету; мүмкіндігінше пациенттерді эвакуациялауды жүргізу; тасымалдауға келмейтін пациенттерді зембілдердем қауіпсіз орынға ауыстыру; қорғану: ғимараттан тыныш кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту.
Тармақ 3
3. Объект күзетінің әрекеттері: Қарулы шабуылдаушыны анықтау; мүмкіндігінше объектіде адамдардың жаппай болу орындарына оның жылжуын бұғаттау; объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға қарулы шабуыл жасау фактісі туралы ақпарат беру; объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар); жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Объект басшылығының іс-әрекеттері: құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы шабуылдың фактілері мен мән-жайлары туралы дереу хабардар ету; объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар); терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимыл жасау.
Бөлім 2. 2-Бөлім. Кепілге алу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
2-Бөлім. Кепілге алу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
Тармақ 5
5. Келушілердің әрекеттері: қорғану: тұтқынға түсуді болдырмау, ғимараттан тыныш кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан шығу үшін қауіпсіздікті сақтау; құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кепілге алынған адамдар мен қаскүнемдердің басып алыну мән-жайлары (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдік берілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабарлау.
Тармақ 6
6. Объект қызметкерлерінің әрекеттері: қорғану: тұтқынға түсуді болдырмау, ғимараттан тыныш кету немесе үй-жайға жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін немесе ғимараттан шығу үшін қауіпсіздікті сақтау; құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кепілге алынған адамдар мен қаскүнемдердің басып алыну мән-жайлары (саны, қару-жарағы, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) туралы мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдік берілген қамтамасыз ету шартымен ғана хабарлау.
Тармақ 7
7. Объектіні күзетінің әрекеттері: Қарулы қаскүнемді (-лерді) анықтау; мүмкіндігінше оны/олардың объектідегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау; адамдарды кепілге алуға оқталудың фактілері мен мән-жайлары туралы объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнайы мемлекеттік органдарға кез келген қолжетімді тәсілмен хабарлау; объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, зиянкестер жолындағы ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар); жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету (тұтқынға түсуді болдырмау және басқалар).
Тармақ 8
8. Объект басшылығының іс-әрекеттері: құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарды және (немесе) үшінші тұлғаларды кепілге алуға әрекет жасау фактілері мен мән-жайлары туралы қолжетімді тәсілмен дереу хабардар ету; мүмкіндігінше объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар); мүмкіндігінше терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Тармақ 9
9. Кепілге алу кезіндегі іс-әрекеттер: тыныштану, үрейленбеу. Баяу дауыспен сөйлеу; басқыншылардың көзіне қарамау, әдепсіз әрекет етпеу. Басқыншыларды дене күшін немесе қаруды қолдануға итермелейтін әрекеттерге жол бермеу; басқыншылардың талаптарын орындау, оларға қайшы келмеу, қобалжулар мен үрейге жол бермеу; қатты сынаққа физикалық және моральдық тұрғыдан дайындалу; басқыншыларға өшпенділік пен немқұрайлылық танытпау; басынан бастап (әсіресе бірінші сағатта) басқыншылардың барлық нұсқауларын орындау. Басқыншылардан кез келген іс-әрекет жасауға рұқсат сұрау; басқыншылардың назарын өз мінез-құлқымен аудармау, белсенді қарсылық көрсетпеу. Бұл сіздің жағдайыңызды нашарлатады; егер қашудың сәттілігіне толық сенім болмаса, жүгіруге тырыспау; басқыншылар туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтау (саны, қару-жарақ, сыртқы келбеті, физикасы, екпіні, әңгіме тақырыбы, темпераменті, мінез-құлқы); өзінің орналасқан (қамалған)жерін анықтауға тырысу; мүмкіндік болған жағдайда, кез келген қолжетімді байланыс тәсілін пайдалана отырып, өмірге қауіп төндірмей, сақтық таныта отырып, болған жағдай туралы құқық қорғау органдарына немесе арнайы органдарға, қауіпсіздік бөлімшесіне немесе объектінің күзет қызметіне хабарлауға тырысу; қандай болмасын, тағамды таңдамау. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі; жарақат алған жағдайда, өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысу; ең бастысы, басқыншылар бақылауды тоқтатса да, үрейленбеу; терезелерден, есіктерден және басқыншылардың өзінен алыс орналасу. Бұл үй-жайға шабуыл жасаған кезде, басқыншыларға тигізу үшін мергендердің ату жағдайында сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін қажет; арнайы бөлімше қызметкерлері кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі операцияны жүргізген кезде мынадай талаптарды сақтау қажет: қабырғаға жабысып еденге төмен қарап жату, басты қолмен жауып қозғалмай жату; арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарсы жүгірмеу немесе олардан қашпау; мүмкін болса, есіктер мен терезелердің саңылауларынан алыс болу керек; егер шабуыл жасау және басып алу кезінде (жеке басын анықтағанға дейін) ықтимал басқыншы сияқты біршама дұрыс әрекет етпесе, ашуланбау. Босатылған кепілге алынған адамды тінтуге, қолдарына кісен салуға, байлауға, эмоциялық немесе физикалық жарақат келтіруге, жауап алуға болады. Бұған түсіністікпен қарау керек, өйткені мұндай жағдайларда арнайы күштердің мұндай әрекеттері (барлық адамдарды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) негізделген.
Бөлім 3. 3-Бөлім. Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды қою кезіндегі іс-әрекет алгоритмі
3-Бөлім. Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды қою кезіндегі іс-әрекет алгоритмі
Тармақ 10
10. Жарылғыш құрылғыны көрсететін белгілер: табылған затта сымдардың, арқандардың, изолентаның болуы; зат шығаратын күдікті дыбыстар, шертулер, сағаттың тықылдауы; заттан бадамның тән иісі немесе басқа ерекше иіс шығады; табылған заттың ерекше орналасуы; табылған затқа әр түрлі қуат көздері орнатылған, сыртқы белгілері бойынша антеннаға ұқсас сым.
Тармақ 11
11. Келушілердің күдікті затты тапқан кездегі іс-әрекеттері: қолмен ұстамау, жақындамау, жылжытпау керек; иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылармен сұхбаттасу; радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту; мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу; күзетке күдікті заттың табылғаны туралы объект персоналына не аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау; жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу; дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау; қорғанысты қамтамасыз ететін заттардың артына тығылу (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары); объектінің, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардың күзетін күдікті тұлға/тұлғалар туралы хабардар ету (Саны, ЖҚҚ, қарудың болуы сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары); нысаннан кету, мүмкін болмаған жағдайда – күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта жасырыну.
Тармақ 12
12. Күдікті зат табылған кездегі персоналдың іс-қимылы: қолмен ұстамау, жақындамау, жылжытпау керек; иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналадағылармен сұхбаттасу; радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту; мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу; күзетте күдікті заттың табылғаны туралы объект персоналына не ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер аумақтық органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау; жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу; дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау; мүмкіндігінше күзетпен бөгде адамдардың күдікті зат пен қауіпті аймаққа кіруін шектеуді ұйымдастыру; қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз етуге көмектесу; қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттарға (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары) жасырынып бақылау жасау; күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары болуы мүмкін адамдар тобы (саны, ЖҚҚ, қарудың болуы сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) анықталған жағдайда, объектіні, құқық қорғау және (немесе)арнаулы мемлекеттік органдарды күзетуді хабардар ету; келушілерді эвакуациялауды ұйымдастыруда басшылық пен күзетке жәрдем көрсету; нысаннан кету, мүмкін болмаған жағдайда – күрделі құрылыстың артына және қажетті қашықтықта жасырыну.
Тармақ 13
13. Күдікті зат табылған кездегі күзеттің әрекеттері: ұстама жоқ, жақындауға емес, жылжытуға; иесіз заттың ықтимал иесін анықтау үшін айналаңыздағылармен сұхбаттасу; радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы байланыс құралдарын осы заттың жанында пайдаланудан бас тарту; мүмкіндігінше анықтау уақыты мен орнын белгілеу; күзетке күдікті заттың табылғаны туралы объект персоналына не ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер аумақтық органдарының кезекші бөлімдеріне дереу хабарлау; жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың сыртқы түрін және оны анықтаудың маңызды жағдайларын сипаттауға дайын болу; дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білу керек адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау; қажетті қашықтықта күдікті зат пен қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ету; қауіпті аймаққа іргелес аумақтан адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз ету; қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттарға (ғимараттың бұрышы, бағана, қалың ағаш, автомашина және басқалары) жасырынып бақылау жүргізу; күдікті адам немесе өзімен бірге жарылғыш құрылғылары немесе жарылғыш заттары болуы мүмкін адамдар тобы (саны, ЖҚҚ, қарудың сыртқы белгілері, жарақтандырылуы, жасы, лақап аты, ұлты және басқалары) анықталған жағдайда объектіні, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды күзетуді хабардар ету.
Тармақ 14
14. Басшылықтың іс-әрекеттері: құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарды күдікті адамның анықталғаны немесе иесіз заттың табылғаны туралы дереу хабардар ету; иесіз күдікті заттың табылған орнын қажетті қашықтықта қоршауды ұйымдастыру; адамдарды объектіден эвакуациялауды ұйымдастыру, объектідегі штаттан тыс жағдай туралы хабарлау және басқалар; күдікті заттарды табу мақсатында үй-жайларды аралап шығуды және аумақтарды қарауды қамтамасыз ету; терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қажетті ақпаратты ұсыну.
Тармақ 15
15. Жарылғыш құрылғы (ЖҚ) немесе ЖҚ-ға ұқсас зат табылған кезде аулақтану мен қоршап алудың қашықтықтары: граната РГД-5 – 50 м; граната Ф-1 – 200 м; салмағы 200 гтротил шашкасы – 45 м; салмағы 400 г тротил шашкасы – 55 м; сыра банкісі 0,33 л – 60 м; дипломат (кейс) – 230 м; жол чемоданы – 350 м; «жеңіл көлік» класындағы көлік – 460-580 м; автобус – 920 м; жүк көлігі (фургон) – 1240 м.
Бөлім 4. 4-Бөлім. Өзін-өзі өлтірушілерді қолданумен жасалған шабуыл кезіндегі әрекеттер алгоритмі
4-Бөлім. Өзін-өзі өлтірушілерді қолданумен жасалған шабуыл кезіндегі әрекеттер алгоритмі
Тармақ 16
16. Келушілердің әрекеттері: қорғану: ғимараттан тыныш кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту; құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
Тармақ 17
17. Персоналдың әрекеті: қорғану: ғимараттан тыныш кету немесе бөлмеде жасырыну, есікті құлыптау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің келуін күту; құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарды, күзетті, персоналды, объект басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы мүмкіндігінше кез келген тәсілмен хабардар ету.
Тармақ 18
18. Күзет әрекеті: мүмкіндігінше оны/олардың объектідегі адамдардың жаппай болу орындарына жылжуын бұғаттау; күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы объект басшылығына, құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға кез келген тәсілмен ақпарат беру; объектідегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шаралар қабылдау (эвакуациялау, ішкі кедергілерді оқшаулау және басқалар); қажет болған жағдайда объект бойынша (жеке өзі не бейнебақылау жүйесі арқылы)күдікті адамның немесе адамдар тобының жүріп-тұруын байқауды ұйымдастыру; жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Тармақ 19
19. Басшылықтың іс-әрекеттері: объектіде күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы құқық қорғау және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарға ақпаратты дереу беру (оның ішінде адал ниетпен әрекет ету) ; құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қаскүнемді анықтау және ұстау уақытын қысқартатын күдікті адам туралы барынша толық ақпарат беру; адамдарды ұйымдасқан эвакуациялауды қамтамасыз ету; жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Бөлім 5. 5-Бөлім. Телефон арқылы қауіп төнген кездегі әрекеттер алгоритмі
5-Бөлім. Телефон арқылы қауіп төнген кездегі әрекеттер алгоритмі
Тармақ 20
20. Телефон арқылы келген қауіп-қатер алушының іс-әрекеті (басшы, қызметкер, кезекші бөлімшенің қызметкері):
Тармақша 1
1) әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшеліктерін белгілеңіз: дауыс (анық немесе тұйық, төмен немесе жоғары); сөйлеу қарқыны (жылдам немесе баяу); айтылу (айқын, бұрмаланған, кекештену, сақау, акцентпен немесе диалектімен); сөзінің мәнері (шешіліп сөйлеу, кекетіп, әдепке сәйкес емес сөйлеу);
Тармақша 2
2) дыбыстық фонға (автомашиналардың немесе теміржол көлігінің шуы, теле-немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар), қоңырау сипатына (қалалық, қалааралық) назар аудару;
Тармақша 3
3) сөйлесудің нақты басталу уақытын және оның ұзақтығын белгілеу;
Тармақша 4
4) әңгімелесу барысында мынадай сұрақтарға жауап алуға тырысу: бұл адам қайда, кімге, қандай телефон арқылы қоңырау шалады? ол қандай нақты талаптар қояды? жеке өзі талап ете ме, әлде делдал ретінде әрекет ете ме және қандай да бір адамдар тобын білдіре ме? ол қандай шарттарда немесе олар өз жоспарларынан бас тартуға келіседі? онымен қалай және қашан байланысуға болады? бұл қоңырау туралы кімге хабарлай аласыз немесе хабарлауыңыз керек?
Тармақша 5
5) сіз және басшылық шешім қабылдау немесе қандай да бір іс-әрекет жасау үшін қоңырау шалушыдан барынша уақыт аралығын созу мүмкіндігіне қол жеткізуге тырысу
Тармақша 6
6) сөйлесу барысында немесе сөйлесу аяқталғаннан кейін дереу ішкі істер органдарының «102» арнасына немесе «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне және ұйым басшылығына телефон қатері туралы хабарлауға қажет.
Бөлім 6. 6-Бөлім. Шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары
6-Бөлім. Шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары
Тармақ 21
21. Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс кезінде бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе Ішкі Істер Министрлігінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық органдарына дереу хабарлаңыз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кезекші қызметінің телефоны: 110 Өртке қарсы қызмет телефоны: 101 Ішкі істер органдары кезекші қызметінің телефоны: 102 Жедел медициналық жәрдем телефоны: 103.
Басқа 1.4. Терроризмге қарсы дайындық жөніндегі оқу іс-шараларын есепке алу журналы (мұқаба парақ) ____________________________________________________ (ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша Терроризмге қарсы дайындық жөніндегі оқу іс-шараларын есепке алу журналы (мұқаба парақ) ____________________________________________________ (ұйымның атауы) № ______ терроризмге қарсы дайындық жөніндегі оқу іс-шараларының өткізілуін есепке алу журналы Журналды жүргізуді басталған күні 20__ ж. «___» _____ Журналды жүргізудің аяқталған күні 20__ ж. «___» _____ (ішкі жағы) 1-бөлім. Нұсқамалар р/с № Нұс­қа­ма­ны өт­кі­зу кү­ні Нұс­қа­ма бе­рі­ле­тін адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (әке­сі­нің аты болған жағ­дай­да) және ла­у­а­зы­мы Нұс­қа­ма­ның тү­рі Нұс­қа­ма өт­кі­зе­тін адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (әке­сі­нің аты болған жағ­дай­да) және ла­у­а­зы­мы Нұс­қа­ма бе­рі­л­ген адам­ның қо­лы Нұс­қа­ма өт­кіз­ген адам­ның қо­лы 1 2 3 4 5 6 7 Ескертпе: 1) жоспарлы нұсқамалар барысында қызметкерлерге терроризм актісі болған жағдайда мүмкін болатын барлық жағдайларда әрекет ету алгоритмдері жеткізіледі, ал жоспардан тыс нұсқамалардың тақырыбы өткізілетін оқу-жаттығулар мен жаттығулардың тақырыбына байланысты болады; 2) терроризмге қарсы бағыттағы өткізілетін жоспарлы нұсқамаларды құжаттамалық ресімдеуді қолмен жазу тәсілімен де, аралас – қолмен және баспа тәсілімен де жүзеге асыруға жол беріледі. 3, 4 және 5-бағандарды баспа түрінде толтыруға жол беріледі (егер нұсқаманы сол бір қызметкер жүргізсе), журналдың қалған бағандарын нұсқаманы тыңдаған адам өзі толтырады; 3) өткізу күні толық көрсетіледі (күні, айы және жылы); 4) объектінің персоналымен жоспардан тыс нұсқама жүргізу қажет болған жағдайда, оны да осы журналда құжаттайды, ал «Нұсқаманың түрі» деген бағанда «№ _ _ шығыс хаты бойынша жоспардан тыс нұсқама», «террористік қауіптілік деңгейі бойынша жоспардан тыс» деген жазба қоюға жол беріледі. 2-бөлім. Сабақтар Кү­ні Са­бақ­тың та­қы­ры­бы Оқу сұ­рақ­та­ры Қа­тыс­қан қыз­мет­кер­лер­дің са­ны Са­бақ­ты өт­кіз­ген адам­ның қо­лы 1 2 3 4 5 Ескертпе: Сабақтың тақырыбы мен оқу сұрақтары нақты көрсетілген және жалпы сипатта емес болу керек.