Об утверждении Положения о Координационном совете при Уполномоченном по правам человека в Республике Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының міндетін атқарушы А.С. Умаровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже
2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 Бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) қызметінің мақсатын, міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі консультативтік-кеңестік орган ретінде, ұлттық превентивтік тетіктің қызметін тиімді үйлестіру мақсатында превентивтік тетікке қатысушылардың қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу жүйесі ретінде құрылады.
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесіне:
Тармақша 1
1) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған бар;
Тармақша 2
2) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған;
Тармақша 3
3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп таныған;
Тармақша 4
4) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын тұлғалар мүше бола алмайды. Үйлестіру кеңесіне сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар мүше бола алмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Үйлестіру кеңесінің міндеттері
2-тарау. Үйлестіру кеңесінің міндеттері
Тармақ 4
4. Үйлестіру кеңесінің міндеттеріне:
Тармақша 1
1) азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу;
Тармақша 2
2) ұлттық превентивтік тетіктің қызметіне мониторинг жүргізу, оның тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу;
Тармақша 3
3) ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың алдын ала болу мекемелері мен ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алумен және жоюмен байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) алдын ала болуды жүргізу нәтижесінде алынған деректерді талдау, жүйелеу және пайдалану.
Тарау 3. 3-тарау. Үйлестіру кеңесінің құрамы
3-тарау. Үйлестіру кеңесінің құрамы
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (бұдан әрі – Уәкіл) барлық ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының қызметін үйлестіреді, қатысушылардың қажетті әлеуетін және кәсіби біліктіліктерін қамтамасыз ету бойынша шара қолданады.
Тармақ 6
6. Үйлестіру кеңесінің мүшелерін, Уәкілді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан Уәкіл құратын комиссия сайлайды. Комиссия қызметінің мақсаты, міндеттері мен тәртібі Уәкіл бекітетін Ережемен айқындалады.
Тармақ 7
7. Үйлестіру кеңесінің хатшысын Үйлестіру кеңесінің сайланған мүшелерінің арасынан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындайды.
Тармақ 8
8. Үйлестіру кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті ерік білдіруі негізінде жүзеге асырылады. Үйлестіру кеңесінің мүшелерін іріктеу туралы хабарландыру Уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 9
9. Үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау құпия дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік даусымен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы саны астанадан, әрбір облыстан республикалық маңызы бар қаладан өкілдік ету қағидаты бойынша сайланатын кемінде 20 (жиырма) мүшені құрауға тиіс.
Тармақ 11
11. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысы әрбір төрт жыл сайын қайта сайланады. Бірінші сайлауда сайланған мүшелер санының жартысының өкілеттіктері екі жылдық кезең өткен соң аяқталады. Бірінші сайлаудан кейін бұл мүшелердің аты-жөндері жеребе тастау арқылы анықталады, оны Үйлестіру кеңесінің Төрағасы жүргізеді. Сайлау олардың өкілеттіктері аяқталғанға дейін бір ай бұрын кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Үйлестіру кеңесі мүшесінің бейтараптылығына күмән тудыратын жағдай болғанда, ол Үйлестіру кеңесінің мүшелігінен бас тартады. Үйлестіру кеңесінің мүшесі Уәкілге тиісті хабарлама жіберу арқылы оның құрамынан шыға алады.
Тарау 4. 4-тарау. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіктері
4-тарау. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Үйлестіру кеңесі ұлттық превентивтік тетіктің міндеттерін шешу үшін:
Тармақша 1
1) Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауларға қарсы комитетінің Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу жөніндегі шағын комитетімен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 2
2) ұлттық превентивтік тетіктің қызметін жүзеге асыру саласындағы мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар мен ескертулер енгізеді;
Тармақша 3
3) белгіленген міндеттер мен өкілеттіктер шегінде мемлекеттік билік органдарынан, алдын ала бару мекемелерінен, сондай-ақ меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан Үйлестіру кеңесінің қызметін жүзеге асыруға қажет құжаттарға сұрау салады;
Тармақша 4
4) өзінің отырыстарына әр түрлі мемлекеттік билік органдарының, алдын ала бару мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың басшылары мен өкілдерін шақырады;
Тармақша 5
5) өзінің отырыстарында тиісті лауазымды тұлғалардың олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратын (хабарламалар, баяндамалар және т.б.) тыңдайды;
Тармақша 6
6) бөлінген бюджеттік қаражат шегінде алдын ала баруға жататын мекемелердің тізімі мен мерзімін белгілейді;
Тармақша 7
7) азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану туралы хабарламалар мен шағымдар туралы ақпаратты қабылдайды. Қабылданған және тікелей Үйлестіру кеңесіне хабарламалар мен шағымдар туралы жіберілген ақпарат Үйлестіру кеңесінің хаттамасына енгізіледі;
Тармақша 8
8) алдын ала болуды жүзеге асыру үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларын іріктейді; 8-1) ұлттық превентивтік тетікке қатусушының өкілетігін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларының 18-тармағында көзделген негіздер бойынша қабылдайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31836 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары);
Тармақша 9
9) ұлттық превентивтік тетік топтарының алдын ала бару нәтижелері бойынша есептілік нысанын бекітеді;
Тармақша 10
10) алдын ала болуды өткізу нәтижелері бойынша есептілік құжаттаманы өңдейді және талдайды;
Тармақша 11
11) уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстарды әзірлейді және жібереді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлейді;
Тармақша 13
13) ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептіліктерін, уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту жөніндегі әзірленген ұсынымдарды және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ескере отырып, ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың жыл сайынғы шоғырландырылған баяндамасын әзірлейді;
Тармақша 14
14) ұлттық превентивтік тетікке қатысушылары алдын ала болу туралы есепті адалдығына күмәнданған жағдайда Үйлестіру кеңесінің мүшелері осы қатысушыларды ұлттық превентивтік тетік өңірлік топтарының құрамынан шығару туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 14
14. Уәкілдің функциялары:
Тармақша 1
1) Үйлестіру кеңесінің Төрағасы болып табылады;
Тармақша 2
2) Үйлестіру кеңесі мен оның мүшелерінің қызметін үйлестіреді;
Тармақша 3
3) Үйлестіру кеңесі мүшелерінің қатысушылардың қажетті әлеуетін және кәсіби біліктіліктерін қамтамасыз ету үшін шара қолданады;
Тармақша 4
4) Үйлестіру кеңесінің отырыстарына төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын бекітеді;
Тармақша 6
6) азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану туралы ақпаратты, хабарламаларды және шағымдарды қарауға қабылдайды;
Тармақша 7
7) Үйлестіру кеңесі мүшесінің орнынан кетуі туралы хабарламасын қабылдайды;
Тармақша 8
8) Үйлестіру кеңесінің мүшелерін хабардар ете отырып, осы Ереженің 17-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдайды немесе Үйлестіру кеңесінің отырысына шығарады.
Тармақша 9
9) Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын 18-тармағында көзделген негіздер бойынша ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 15
15. Үйлестіру кеңесінің хатшысының функциялары:
Тармақша 1
1) отырыстың қарауына шығарылатын материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;
Тармақша 2
2) отырыстың хаттамасын ресімдейді;
Тармақша 3
3) Төрағаның тапсырмаларын орындайды және Үйлестіру кеңесі жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Тармақ 16
16. Үйлестіру кеңесінің мүшелері:
Тармақша 1
1) Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие;
Тармақша 2
2) Үйлестіру кеңесі Төрағасының тапсырмасы бойынша оның отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 3
3) Үйлестіру кеңесінің отырысында талқылау үшін мәселелерді енгізеді;
Тармақша 4
4) Үйлестіру кеңесінің дауыс беруіне өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін енгізеді;
Тармақша 5
5) ерекше пікірге ие бола алады, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалады;
Тармақша 6
6) қажет болған жағдайда алдын ала болуға қатысады.
Тарау 5. 5-тарау. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату
5-тарау. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату
Тармақ 17
17. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату негіздері:
Тармақша 1
1) осы Ереженің нормаларын бұзу;
Тармақша 2
2) өз өкілеттіктерін тоқтату туралы жазбаша өтініш;
Тармақша 3
3) қайтыс болу не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұруға кету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;
Тармақша 6
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі;
Тармақша 7
7) ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін осы тармақтың 1) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтату Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша осы Ереженің 6-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтату Үйлестіру кеңесінің мүшелерін хабардар ете отырып Уәкілдің шешімі бойынша жүзеге асырылады немесе Үйлестіру кеңесінің отырысына шығарылады. Егер хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Үйлестіру кеңесінің мүшесінен осы мәселені талқылау туралы ұсыныс келіп түссе, оны қарау осы Ереженің 6-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдікті деп танылған;
Тармақша 2
2) Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша тоқтатылады.
Тарау 6. 6-тарау. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және тәртібі
6-тарау. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және тәртібі
Тармақ 19
19. Үйлестіру кеңесінің жұмыс нысаны –Үйлестіру кеңесінің күндізгі немесе сырттай форматтағы отырысы, соның ішінде өңірлер бойынша көшпелі отырыстар. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі үшін ақылға қонымды мерзім беріледі. Үйлестіру кеңесінің отырысы бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Үйлестіру кеңесінің отырысын Төраға шақырады, ал ол болмағанда, оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшесі бір тоқсанда кемінде бір рет шақырады.
Тармақ 21
21. Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысы Үйлестіру кеңесінің үштен бір бөлігінен кем емес мүшелерінің талабы бойынша шақырылады және өткізіледі.
Тармақ 22
22. Үйлестіру кеңесінің отырысы Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан кезде өткізіледі.
Тармақ 23
23. Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысының жұмысын ұйымдастыруды Төраға, ол уақытша болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшесі жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижелері бойынша шешім қабылданады.
Тармақ 25
25. Үйлестіру кеңесінің шешімі, егер оған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда, қабылданған болып есептеледі. Егер шешім қабылдау кезінде дауыстар тең бөлінсе, отырыста төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданған шешім болып саналады. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату (тоқтата тұру) мәселесі бойынша шешім қатысушылардың 2/3 көпшілігімен қабылданады.
Тармақ 26
26. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату (тоқтата тұру) мәселелері жөніндегі шешімдерді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің шешімдері ұсыным беру сипатына ие.
Тармақ 27
27. Үйлестіру кеңесінің отырысында алдын ала болу нәтижелері, ұлттық превентивтік тетіктің қызмет нысанына байланысты нормативтік-құқықтық актілерді талқылау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленеді.
Тармақ 28
28. Үйлестіру кеңесінің отырааысында хаттама жүргізіледі, онда күн тәртібі, қатысқандардың аты-жөндері, дауыс беру нәтижелері, қабылданған ұсынымдар мен ұсыныстар көрсетіледі. Хаттамаға Үйлестіру кеңесінің Төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 29
29. Үйлестіру кеңесінің жұмыс тілі мемлекеттік және орыс тілдері болып табылады.
Тармақ 30
30. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Үйлестіру кеңесін жою туралы ұсыныс толық құрамдағы отырыста қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
Тармақ 32
32. Үйлестіру кеңесінің қатысушылары адамның жеке өмірі туралы оған алдын ала болу нәтижелері бойынша есептіліктермен танысу барысында белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етпейді.
Басқа 2. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің тізбесі
2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 Бұйрыққа 2-қосымша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1 «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8891 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 14 өкімімен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9815 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 3 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 5 өкімімен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдері тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19033 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 15 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19034 болып тіркелген).