Об утверждении Правил формирования групп из участников национального превентивного механизма для превентивных посещений Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардан топтар қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардан топтар қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының міндетін атқарушы А.С. Умаровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Басқа 1. Алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардан топтар қалыптастыру қағидалары
2023 жылғы 20 қаңтардағы № 2 Бұйрыққа 1-қосымша Алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардан топтар қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алдын ала бару үшін ұлттық алдын превентивтік тетікке қатысушылардан топтар қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес әзірленді және алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардан топтар қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларынан топтар құру кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қатысушылардың ешқайсысын ешқандай кемсітуге болмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларынан топтар құру тәртібі
2-тарау. Алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларынан топтар құру тәртібі
Тармақ 3
3. Алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларынан топтар (бұдан әрі - ҰАТ топтары) құру Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің отырысында ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен (бұдан әрі - Уәкіл) келісіледі.
Тармақ 4
4. ҰАТ топтарын құру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің шешімдері ерікті нысандағы хаттамамен ресімделеді, және Уәкіл оны бекітеді.
Тармақ 5
5. ҰАТ топтарын қалыптастыру алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдардың ерекшелігін ескере отырып, астана әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала үшін ҰАТ топтарының басшылары мен мүшелерінің жеке деректерін көрсете отырып, екі жылдық мерзімге жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Үйлестіру кеңесі Уәкілдің келісімі бойынша есептік кезең ішінде ҰАТ топтарының құрамын өзгерте және толықтыра алады.
Тармақ 7
7. ҰАТ тобының басшысын Уәкілдің келісімі бойынша Үйлестіру кеңесі тағайындайды.
Тармақ 8
8. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларына сәйкес баратын мекеме мен ұйым қызметінің ерекшелігін ескере отырып, ҰАТ тобының мүшелерін айқындайды.
Тармақ 9
9. Алдын ала баруды жүзеге асыратын ҰАТ тобының құрамына астанадан, басқа облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан ҰАТ топтарының өкілдері енгізілуі мүмкін.
Тармақ 10
10. ҰАТ тобының мүшесі шығып кеткен жағдайда, Үйлестіру кеңесі ҰАТ тобының басқа мүшесін іріктеу туралы мәселені тез арада шешеді.
Басқа 2. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің тізбесі
2023 жылғы 20 қаңтардағы № 2 Бұйрыққа 2-қосымша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидаларын бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 21 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8893 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 14 өкімімен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9815 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 3 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 5 өкімімен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19033 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 21 өкіміне «Алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан топтар құру қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер енгізу туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 17 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19032 болып тіркелген).