Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.1999 № 233 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құрылымы 1-қосымшаға сәйкес аппарат қызметкерi шектi санының негiзiнде 139 адам болып бекiтiлсiн. 📌 Ескерту. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне үш вице-министрi, сондай-ақ 11 адамдық алқасы болуға рұқсат етiлсiн. 📌 Ескерту. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аппараты үшiн 7 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 📌 Ескерту. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарауында қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес, ұйымдар (2-қосымша) бар екендiгi назарға алынсын.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 450 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 104-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 қазандағы N 1473 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ЕРЕЖЕ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң миссиясы әдiлеттiлiк пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында Қазақстан Республикасының халқы мен Президентiне қызмет ету
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына енетiн Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Әдiлет министрлiгi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеде айқындалған миссия мен басымдықтарға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Әдiлет министрлiгiнiң аппаратын ұстауға арналған шығындарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға арналып көзделген қаржының, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 5
5. Министрлiк - орталық аппарат, Әдiлет министрлiгiнiң жанындағы (министрлiгiндегi) ведомстволар, Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарды заңды тұлғалар (мекемелер) болып табылады және банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемекеттiк және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады. 📌 Ескерту. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тарау ii. II. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң басымдықтары
II. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң басымдықтары
Тармақ 6
6. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стратегиясының мақсаттарын, сондай-ақ өз қызметiнiң аясындағы мына басымдықтарды: адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығының басымдығын, қазақстандық қоғам мен мемлекеттiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн ұлттық заңдардың жаңа толқынын қалыптастыруды; жоғары кәсiби, мәнсiз беделге ие патриоттық көңiл-күйдегi азаматтардың қатарынан кадрларды iрiктеудiң негiзiнде елдiң тәуелсiз сот корпусын қалыптастыруды; дүниежүзiлiк қоғамдастыққа мемлекетiмiздiң ұлттық мүдделерi мен беделiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының қызметiн халықаралық аренада құқықтық қамтамасыз етудi; заңгерлiк қызмет көрсетудiң қол жеткiзiлетiн өркениеттi рыногын қалыптастыруды; ел азаматтарының құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн көтерудi басшылыққа алады.
Тарау iii. III. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
III. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тарау 1. 1. Мiндеттерi
1. Мiндеттерi
Тармақ 7
7. Негiзгi мiндеттерi: дамудың жалпыұлттық мемлекеттiк стратегиясын әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу; заң жобасы жұмыстарын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу; нормативтiк құқықтық актiлерге құқықтық сараптама жүргiзу; соттардың және сот приставтарының қызметiн ұйымдастырушылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; азаматтық және шаруашылық даулары жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық iстер жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзудi материалдық залалды өтеу бөлiгiнде қамтамасыз ету, сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру, әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру, сот приставтарының жұмысын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасауды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмек ұсынуға байланысты шараларды ұйлестiру; мыналарды: заңды тұлғаларды; жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен олармен мәмiлелердi; бағалы қағаздардың эмиссиясын; нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру; құқықтық көмек пен заңгерлiк қызметтер көрсетудi ұйымдастыру; құқықтық насихат пен құқықтық жаппай оқуды ұйымдастыру-әдiстемелiк қамтамасыз ету; заңдармен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады. 📌 Ескерту. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тарау 2. 2. Функциялары
2. Функциялары
Тармақ 8
8. Заң жобасы жұмыстарын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында: заң жобасы жұмыстары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу; Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң тапсырмасы және өз бастамашылығы бойынша Президенттiң Әкiмшiлiгi, Премьер-Министрдiң Кеңсесi, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағыныстағы және есеп беретiн мемлекеттiк органдар әзiрлеген Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң заң және нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына құқықтық сараптама, сондай-ақ Парламент палаталары төрағаларының өтiнiмi бойынша Парламенттiң қарауындағы заң актiлерiнiң жобаларына қосымша құқықтық сараптама жүргiзу; заң жобасы, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен консультацияларын жүзеге асыру үшiн осы мақсатқа бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражатты пайдалана отырып мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шетелдiң мамандары мен сарапшыларын тарту; республика Үкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша үкiметтiң нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми түсiндiру; заңдарды құқықтық ақпараттандыру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық банкiн жүргiзу, республикада құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн құру; заң шығару аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестiру; шетелдiк құқықтық көмек берумен және құқықтық көмек туралы халықаралық шарттар жасаумен байланысты шараларды үйлестiру. 📌 Ескерту. 8-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Соттардың, сот приставтарының жұмысы мен сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру саласында: сот iстерiн қараудың мерзiмiне, соттардың үкiмдерi мен шешiмдерiнiң атқарылуы жағдайына бақылау жасау; сот шешiмдерiн атқару жөнiндегi жұмысқа басшылық; республиканың барлық соттарында құқықтық статистика жүргiзу жөнiндегi жұмысқа басшылық жасау және олардың жұмыстарының нақты көлемiн талдау; судьялар, мемлекеттiк сот сарапшылары, сот приставтары мен сот атқарушыларының кадрларын iрiктеу және орналастыру; сот жүйесiн, сот приставы мен сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, соттарды құру тәртiбiн белгiлеу; сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау, заңдарда белгiленген тәртiппен сот сарапшыларына лицензия беру; сот сараптамасы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестiру. әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру, сот приставтарының жұмысын ұйымдастыру және басқару. 📌 Ескерту. 9-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 10
10. Халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектердi үйлестiру саласында: заңдарда белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес құқықтық көмек және шетелдiк мемлекеттермен құқықтық ынтымақтастық туралы шарттарды дайындау, қол қою және оларды атқаруды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалған заемдар жөнiнде заңгерлiк бағалау (Legal орiniоn); көрсетiлген шарттарға сәйкес шетелдiк мемлекеттердiң сот тапсырмаларын, өтiнiмдерiн және өтiнiштерiн атқару; халықаралық шарттар жобаларына құқықтық сараптама.
Тармақ 11
11. Мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласында: заңды тұлғаларды тiркеу және олардың тiзiлiмiн жүргiзу; мәлiмделген жарғылық қоры 200 000 ең төменгi есептi көрсеткiшке дейiнгi акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздары эмиссиясын тiркеу; барлық мемлекеттiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн органдардың: Ұлттық Банктiң, Орталық сайлау комиссиясының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, мәслихаттардың, азаматтардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерiн қозғайтын не ведомствоаралық сипаты бар нормативтiк құқықтық актiлерiн тiркеу және олардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу; баршаның назарына ұсыну үшiн тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесiн жариялау; жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен олармен мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың құқықтық кадастрын жүргiзу. 📌 Ескерту. 11-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 12
12. Құқықтық көмек пен заңгерлiк қызмет көрсетулердi ұйымдастыру саласында: мемлекеттiк нотариалдық кеңселердiң қызметiне басшылық, жеке нотариаттың дамуына жәрдем көрсету, жеке нотариустардың нотариалдық iс жүргiзудi және нотариалдық әрекеттердi жүзеге асыру тәртiбiн сақтауын бақылайды; нотариалдық және адвокаттық қызметтердi, ақылы заңгерлiк қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтердi лицензиялау, адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау; мемлекеттiк нотариаттың кадрларын iрiктеу, аттестациялау және орналастыру, адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру; азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының қызметiн нормативтiк құқықтық, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету; адвокатураға әдiстемелiк басшылық, орталық атқарушы органдардың заң қызметтерiнiң қызметiн үйлестiру, облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмдерiмен өзара iс-қимыл жүргiзу; нотариалдық кеңселер, АХАЖ органдары, адвокатура заңды және жеке тұлғаларға көрсететiн заңгерлiк қызметтердiң сапасына бақылау жасау; АХАЖ кадрларын аттестациялау, iрiктеу және тағайындауға ұсыну, АХАЖ органдарына ұйымдастыру, әдiстемелiк басшылық, Қазақстан Республикасының азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету. 📌 Ескерту. 12-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 13
13. Құқықтық насихаттау және құқықтық жаппай оқыту саласында: құқықтық насихаттауды және құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру, заңдарды түсiндiруге қатысу; шарттық негiзде эталондық заң актiлерiн, заңдық ақпараттық және анықтама-әдiстемелiк материалдарды, оның iшiнде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiн пайдалана отырып ұсыну; баспа қызметiн, заң әдебиеттерiне, құқықтық жаппай оқыту проблемалары жөнiндегi әдебиеттерге тапсырыс берушiнiң функцияларын жүзеге асыру; мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде заң газеттерi мен журналдарын шығару; мемлекеттiк тiлдi соттарда және аумақтық әдiлет органдарында енгiзу процесiне бақылау мен әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру. 📌 Ескерту. 13-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 14
14. Министрлiк заңдарда көзделген өзге де функцияларды, оның iшiнде: Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қызметiн ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi; әдiлет органдары мен соттар жүйесiнiң кадрларын даярлауды және қайта даярлауды; аумақтық әдiлет органдарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарды ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi; республика Үкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша Үкiметтiң құқықтық мәселелер жөнiндегi мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Құқықтары
3. Құқықтары
Тармақ 15
15. Министрлiк пен оның органдары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес, өз құзыретiнiң шегiнде өз функциясын орындай отырып: орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және ұйымдардың мiндеттi атқаруына жататын нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға; өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға; заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға; өзiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға; лицензиялауды жүзеге асыруға; ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және олардың қызметi мәселелерi жөнiнде шешiм қабылдауға; баспа қызметiн жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 16
16. Министрлiктiң, оның органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының заңдарға сәйкес өзге де құқықтары бола алады.
Тарау iv. IV. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қызметiн ұйымдастыру
IV. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Министрлiк, министрлiктiң жанындағы (министрлiктегi) ведомстволар, оның органдары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Министрлiктiң бiрыңғай жүйесiн (мемлекеттiк органды) құрайды. 📌 Ескерту. 17-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 18
18. Министрлiктi Министр басқарады. Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады, Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасарлары - вице-Министрлерi болады. 📌 Ескерту. 18-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 19
19. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 20
20. Министр осы мақсатта: вице-Министрлердiң, Парламентпен байланыс жөнiндегi хатшының, департаменттер, комитеттер (агенттiктер) басшыларының, Миинстрлiктiң басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiнiң шеңберiн айқындайды; қызметке тағайындау және босату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне жатқызылған адамдарды қоспағанда, Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi барлық мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi; Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн, құрылымы (құрылымдары) туралы Ереженi бекiтедi; өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды; заңдарда белгiленген тәртiппен әскери жәнен арнайы атақтар, сыныптық шендер бередi. 📌 Ескерту. 20-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 21
21. Министрлiкте Министрдiң, вице-министрлердiң, Әдiлет министрлiгiнiң жанындағы (Әдiлет министрлiгiндегi) ведомство басшыларының, департаменттер, басшыларының құрамында Министрлiктiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органы - Министрлiктiң алқасы құрылады. Алқаның құрамына Министрлiктiң құрылымдық бөлiмдерi басшыларының қатарынан өзге де адамдар кiре алады. Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының үкiметi бекiтедi. Алқаның жеке құрамы министрдiң бұйрығымен бекiтiледi. 📌 Ескерту. 21-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 22
22. Министрлiктiң алқасы өзiнiң отырыстарында Министрлiктiң, оның аумақтық органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарайды, олардың басшыларының есептерiн, сондай-ақ облыстық, аудандық (қалалық) соттар төрағаларының ақпаратын тыңдайды. Министр пен Министрлiк алқасының арасында келiспеушiлiк болған жағдайда, шешiмдi, пайда болған келiспеушiлiк туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне баяндай отырып министр қабылдайды.
Тармақ 23
23. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 24
24. Министрлiк қабылдаған шешiм Министрдiң бұйрығымен ресiмделедi.
Тармақ 25
25. Министр болмаған уақытта, оны Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiретiн, сондай-ақ өзiне Министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асыратын вице-Министр ауыстырады.
Тармақ 26
26. Министрлiктiң орталық аппараты Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттер мен құрылымдардан тұрады.
Тармақ 27
27. Департаменттi Министр қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Директор басқарады. Департамент және оның құрылымы туралы ереженi Департамент директорының ұсынуы бойынша Министр бекiтедi. Заңды тұлға болып табылатын департамент туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 28
28. Департаменттiң директоры Департаменттiң жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады және Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 29
29. Министрлiктiң жанынан (онда) құрылған Агенттiк (Комитет) (бұдан әрi - Агенттiк (Комитет), Департамент Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады. 📌 Ескерту. 29-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 30
30. Агенттiк (Комитет), Департамент өзiнiң қызметiн Министрлiктiң құзыретiнiң және заңдарда өзiне берiлген функциялар мен өкiлеттiктердiң шегiнде жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 30-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 31
31. Агенттiк (Комитет), Департамент заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi бола алады. 📌 Ескерту. 31-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 32
32. Агенттiктiң (Комитеттiң), Департаменттiң ережесiн, штат саны мен құрылымын Үкiмет бекiтедi. 📌 Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 33
33. Агенттiктi (Комитеттi), Департаментi Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Директоры (Төраға) басқарады. Агенттiк (Комитет) директорының (төрағасының) Агенттiк (Комитет) директорының (төрағасының) ұсынуы бойынша Министр қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасары болады. 📌 Ескерту. 33-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 34
34. Агенттiктiң (Комитеттiң), Департаменттiң директоры (төрағасы) Агенттiктiң (Комитеттiң) жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады. Агенттiкке (Комитетке) жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауаптылықта болады. 📌 Ескерту. 34-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 35
35. Агенттiктiң (Комитеттiң), Департаменттiң директоры (төрағасы): өзiнiң орынбасары мен Агенттiктiң (Комитеттiң), Департамнттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық дәрежесiн айқындайды; Агенттiктiң (Комитеттiң), Департаменттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және босатады; тәртiптiк жаза қолданады; өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады; Агенттiктiң (Комитеттiң) құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi; өз құзыретiнiң шегiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Агенттiктi (Комитеттi) мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi; өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайды. 📌 Ескерту. 35-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Тармақ 36
36. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастырудың өзге де мәселелерi, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн органдар мен құрылымдардың құзыреттерi мен құқық күшi Министрлiктiң жұмыс регламентiмен, Министр бекiтетiн, Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн департамент, құрылымдар туралы ережелермен белгiленедi. 📌 Ескерту. 36-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Басқа 51. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 қазандағы N 1473 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құрылымы Басшылық Заңдар және халықаралық құқық департаментi Соттардың, сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және атқарушылық iс жүргiзудi қамтамасыз ету департаментi Заңгерлiк қызмет көрсетулердi ұйымдастыру департаментi Қаржы және ресурстық қамтамасыз ету департаментi Iшкi әкiмшiлiк департаментi Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiк (заңды тұлға құқығында) Тергеу департаментi (заңды тұлға құқығында) 📌 Ескерту. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен.
Басқа 52. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 қазандағы N 1473 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI "Сот-сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесi Заң шығару институты Республикалық құқықтық ақпарат орталығы Ұлттық заң агенттiгi "Жетi жарғы" жабық акционерлiк қоғамы "Заң газетi - Юридическая газета" ашық акционерлiк қоғамы "Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiн даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) 📌 Ескерту. 2-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288 қаулысымен. Ескерту. 2-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.12.29. N 1348 қаулысымен. Ескерту. 2-қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1999.03.23. N 288 қаулысымен.