Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Аягозскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №24382 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 бұйрығына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 -қосымшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21/429-VII шешіміне 1 қосымша Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер Атауы Есептік бірлік Теңге (қосылған құн салықсыз) Жайлы үйлер айына 1 тұрғыннан 420,04 Жайлы емес үйлер айына1 тұрғыннан 469,00 Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф 1 м3 3092,30
Басқа 5. Аягөз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Аягөз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21/429-VII Аягөз аудандық мәслихатының шешіміне 2 қосымша Аягөз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Аягөз аудандық мәслихатының «Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы және Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2018 жылғы 9 ақпандағы №19/138-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5490 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 2
2. Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы №19/138-VІ «Аягөз ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 27 маусымдағы №39/262-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6072 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 3
3. Аягөз аудандық мәслихатының «Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы және Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2018 жылғы 9 ақпандағы №19/138-VI шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» 2020 жылғы 14 сәуірдегі №46/367-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6951 болып тіркелген) шешімі.