Об утверждении Правил определения рейтинговой оценки природопользователя для распределения лимитов и квот вылова рыбы и других водных животных Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелерін бекіту туралы "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсіпшілік телімдерді бекіту және балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу жөніндегі жекелеген мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысының 9 тармағына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса берілген балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелері
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п "Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелерін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелері
Тармақ 1
1. Осы Ережелер арқылы конкурстық (тендерлік) комиссия балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтайды.
Тармақ 2
2. Табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасы олардың көрсеткіштеріне байланысты (осы Ережелердің N 1 қосымшасы) төмендегідей анықталады:
Тармақша 1
1) 100 пайызға теңестірілген максималдық бағалау көрсеткіші және табиғат пайдаланушылардың сапалық көрсеткіші маңыздылығына қарай бөлінеді;
Тармақша 2
2) берілген өтінімге сәйкес табиғат пайдаланушылардың көрсеткіш саны;
Тармақша 3
3) конкурстық (тендерлік) комиссия мүшесінің 10-баллдық жүйемен бағаланған бағасы;
Тармақша 4
4) табиғат пайдаланушының рейтингтік коэффициенті (Р).3-кестенің көрсеткішін (максималдық бағалау көрсеткіш) 5-кестеге (10-баллдық жүйемен бағаланған баға) көбейтіп және 100-ге бөлу арқылы анықталады.
Тармақ 3
3. Конкурста (тендерде) жеңген әрбір табиғат пайдаланушы үшін балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталары бөлу (осы Ережелердің N 2 қосымшасы) төмендегідей анықталады:
Тармақша 1
1) конкурсқа қойылатын бекітілген балық пен басқа су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталары - (У);
Тармақша 2
2) табиғат пайдаланушылардың рейтингтік коэффициентінің сомасы - (С);
Тармақша 3
3) балық пен басқа су жануарларын аулаудың коэффиценті (К) былай есептеледі: конкурсқа қойылған лимиттер мен квоталар (У) табиғат пайдаланушылардың рейтингтік коэффициентінің сомасына (С) бөлінеді К = У : С;
Тармақша 4
4) табиғат пайдаланушыға бөлінетін балық пен басқа су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталары (Л) балық аулаудың коэффициентін (К) табиғат пайдаланушының рейтингтік коэффициентіне (Р).көбейту арқылы есептеледі: Л = К х Р.
Тармақ 4
4. Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу конкурсының (тендерінің) қорытындысы N 3 қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Тармақ 5
5. Балық кәсіпшілік су айдындарын (телімдерді) бекітудің жеңімпаздарын анықтау конкурсының (тендерінің) қорытындысы N 4 қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Басқа 17
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п бұйрығымен бекітілген балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелеріне N 1 қосымша Табиғат пайдаланушы _________________________________________ ___________________________________________________________________ N  |           Көрсеткіштердің      |Мак.|Бе. |10-    |Табиғат п/п|                 атауы          |си. |ріл.|баллдық|пайдала. |                                |мал.|ген |жүйемен|нушының |                                |дық |өті.|баға.  |рейтингтік |                                |ба. |нім.|ланған |коэффициенті |                                |ға. |ге  |бағасы |Р=(3 тізбе* |                                |лау |сәй.|       |5 тізбе):100 |                                |көр.|кес |       | |                                |сет.|көр.|       | |                                |кі. |сет.|       | |                                |ші, |кіш |       | |                                |па. |саны|       | |                                |йыз.|    |       | |                                |бен |    |       | ___________________________________________________________________ 1                      2             3     4     5         6 ___________________________________________________________________ 1   Балық өсімін молайту - мелиоративтік шаралар жүргізу (су айдындарының экологиялық жағдайын, гидробионттардың өмір сүру жағдайын және балық қорларының өсімін молайтуды жақсарту және басқа да табиғат қорғау шаралары), оның ішінде мың теңге                  25 а) балықтандыру шаралары          15 б) басқа шаралар                  10 2   Бөлінген балық аулау лимиттері мен квоталарының игерілуі, оның ішінде  %                    20 а) 100%;                          15 б)  75%                           5 3   Су айдынының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану талаптарының орындалуы, заң бұзушылық саны                10 4   Жүзу құралдарының, аулау механизмдерінің бары, шт.         10 5   Аулау қаруының бары, шт.          10 6   Өндірістік ғимараттар, кубтық метр                       5 7   Тоңазытқыштық қондырғылар, саны/тонна                        5 8   Қайта өңдеу технологиялық жабдықтары                        5 9   Балықшылардың саны, адам          10 Жиыны                             100 ___________________________________________________________________
Басқа 18. Табиғат пайдаланушыға бөлінетін балық пен басқа су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарының есебі
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п бұйрығымен бекітілген балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелеріне N 2 қосымша Табиғат пайдаланушыға бөлінетін балық пен басқа су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарының есебі
Тармақ 1
1. Конкурсқа (тендерге) қойылатын бекітілген балық пен басқа су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталары (У);
Тармақ 2
2. Табиғат пайдаланушының рейтингтік коэффициенті (Р);
Тармақ 3
3. Табиғат пайдаланушылардың рейтингтік коэффициентінің сомасы - (С);
Тармақ 4
4. Балық пен басқа су жануарларын аулаудың коэффициенті (К) = У/С;
Тармақ 5
5. Табиғат пайдаланушыға бөлінетін балық пен басқа су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталары (Л) = К х Р.
Басқа 24. Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу конкурсының Қорытындысы
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п бұйрығымен бекітілген балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелеріне N 3 қосымша Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу конкурсының Қорытындысы ___________________________________________________________________ N  |    Табиғат     |   Табиғат    | Балық пен су | Балық пен су п/п| пайдаланушының |   пайдала.   | жануарларын  |  жануарларын |      атауы     |   нушының    |  аулаудың    |   аулаудың |                |  рейтингтік  |  коэффициенті| лимиттері мен |                | коэффициенті |      (К)     |   квоталары |                |     (Р)      |              |  (Л = Р х К) ___________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Жиыны                  Х               Х ___________________________________________________________________ Конкурстық (тендерлік) комиссия Төрағасы: Конкурстық (тендерлік) комиссия мүшелері:
Басқа 25. Балық кәсіпшілік су айдындарын (телімдерін) бекітудің жеңімпаздарын анықтау конкурсының (тендерінің) Қорытындысы
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п бұйрығымен бекітілген балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелеріне N 4 қосымша Балық кәсіпшілік су айдындарын (телімдерін) бекітудің жеңімпаздарын анықтау конкурсының (тендерінің) Қорытындысы ___________________________________________________________________ N  |       Табиғат    |      Табиғат     |Конкурстың (тендердің) п/п|  пайдаланушының  |  пайдаланушының  |    қорытындысы |       атауы      |   рейтингтік     | |                  | коэффициенті (Р) | ___________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 Рейтингтік коэффициенттің сомасы -                                     Х ___________________________________________________________________ Конкурстық (тендерлік) комиссия Төрағасы: Конкурстық (тендерлік) комиссия мүшелері: