Постановление акимата города Алматы «Об утверждении Правил предоставления транспортных услуг по перевозке туристов в городе Алматы» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4 бабының 9-31) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
Басқа 7. Алматы қаласында туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидалары
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 1/36 қаулысына қосымша Алматы қаласында туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Алматы қаласында туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабының 9-31) тармақшасына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Алматы қаласында туристерді тасымалдау бойынша көлік қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) автобус – жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автомобиль көлік құралы;
Тармақша 2
2) автомобиль тасымалдаушысы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде жеңіл көліктерді қоспағанда, автокөлік құралдарын иеленуші жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) туристік агент – турагенттік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) туристік көрсетілетін қызметтер – туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің көрсететін қызметтері) және туристік қызмет көрсету шартында көзделген, сапар мақсатына қарай көрсетілетін басқа да қызметтер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 5
5) туристік көлік – адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықтарды жолдармен туристік-экскурсиялық тасымалдауға арналған автобус және шағын автобус;
Тармақша 6
6) туристік қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар ретінде қызметін жүзеге асыратын туроператорлар мен турагенттер, сондай-ақ туристік қызмет саласындағы қоғамдық бірлестіктер, ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым;
Тармақша 7
7) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;
Тармақша 8
8) туристік қызмет – туристік қызметтер көрсету бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі;
Тармақша 9
9) туристік маршрут – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;
Тармақша 10
10) туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) – туристік операторлық қызметті, ішкі туризм, келу немесе шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 11
11) туристік өнім – саяхат кезінде туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті барлық қажетті туристік қызметтер көрсету кешені;
Тармақша 12
12) шағын автобус – дайындаушы зауыт көздеген жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын, ерекше шағын кластағы автобус;
Тармақша 13
13) шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысы (бұдан әрі – шақыру құрылғысы) – жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координаттарын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы жедел қызметтер екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы.
Тармақ 3
3. Әкімшілік-аумақтық белгілері бойынша туристерді республикаішілік тасымалдау:
Тармақша 1
1) қалалық – елді мекеннің белгіленген шекаралары шегіндегі тасымалдау;
Тармақша 2
2) қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекараларынан өлшенетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңындағы аймақпен елді мекенді жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
Тармақша 3
3) қалааралық, облысаралық – әртүрлі облыстардағы елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен жалғастыратын тасымалдау болып бөлінеді.
Тармақ 4
4. Туроператор келу және ішкі туризм саласында туристік өнімді қалыптастыру, ілгерілету және өткізу кезінде олар көрсететін көлік қызметтері осы Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 5
5. Туристерді тасымалдау бойынша пайдаланылатын туристік көліктің мемлекеттік тіркеуі, қажетті құжаттары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі болуға тиіс.
Тармақ 6
6. Қалалық, қала маңындағы, қалааралық және облысаралық қатынастарға туристік көлікті жөнелту алдында салондағы жолаушыларға штрих код (QR-код), дыбыстық немесе бейнежазба арқылы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде мыналар туралы хабарлануы тиіс:
Тармақша 1
1) тасымалдаушы;
Тармақша 2
2) маршруттың атауы;
Тармақша 3
3) километрмен есептелген жол жүру ұзақтығы;
Тармақша 4
4) жолда жүру уақыты;
Тармақша 5
5) аралық аялдамалар;
Тармақша 6
6) автобустың немесе шағын автобустың қозғалысы кезіндегі шектеулер;
Тармақша 7
7) төтенше жағдайлар кезінде жүріп-тұру;
Тармақша 8
8) туристік көлікті пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау;
Тармақша 9
9) қосымша сервис. Туристік қызмет субъектілері туристік көлікте штрих кодының (QR-код) болуын қамтамасыз етеді. Штрих код (QR-код) туристік қызмет субъектілерінің ресми сайттарымен интеграциялануы тиіс, онда туристер осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толық ақпаратпен таныса алады.
Тармақ 7
7. Туристік қызмет субъектілері туристік қызметтер көрсету және (немесе) туристік қызмет көрсетуге шарт жасасу кезінде осы Қағидаларда белгіленген шарттар мен талаптарды сақтауы қажет.
Тармақ 8
8. Балаларды тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес әр балаға жеке отыратын орын беріле отырып, жабдықталған туристік көлікпен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Жеті жасқа толмаған балаларды сапарға ресми өкілдерінің, сондай-ақ ата-аналары мен оларды алмастыратын адамдардың жеке ілесіп жүруімен ғана жіберуге болады.
Тармақ 10
10. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезінде туристік қызмет субъектілері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық әкімшілік полиция органдарын хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Балалар топтарын туристік көлікпен сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі кезеңде, көріну жеткіліксіз жағдайларда (тұман, қар, жаңбыр), сондай-ақ туристік көлікті пайдалану кезінде авариялық жағдайлардың үшін қауіпті жоғары деңгейін тудыратын басқа да қолайсыз ауа райы кезінде тасымалдауға жол берілмейді.
Тармақ 12
12. Туристерді тасымалдау бойынша көлік қызметтерін ұсыну барысында жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік тасымалдаушыға және туристік қызмет субъектілеріне жүктеледі.
Тармақ 13
13. Рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық байқаудан және туристік көлікті техникалық байқаудан өткені туралы белгісі бар борттық журналдың болуы тиіс.
Тармақ 14
14. Тасымалдаушы туристік көліктің техникалық жай-күйі белгіленген техникалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін туристік маршрутқа шығуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Туристік көлікте қауіптер мен қауіпсіз пайдалану жағдайлары туралы қажетті ескерту жазбалары немесе белгілері болуы тиіс.
Тармақ 16
16. Туристік көлік:
Тармақша 1
1) дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың қажетті жиынтығымен медициналық қобдишамен (автокөлік);
Тармақша 2
2) авариялық тоқтату белгісімен;
Тармақша 3
3) жарамды өрт сөндіру құралдарымен;
Тармақша 4
4) авариялық люктерді шұғыл ашудың тиісті құрылғылармен және оларға арналған ақпараттық тақтайшалармен жол-көлік оқиғасы болған жағдайда есіктермен, терезелермен және алып тастаумен;
Тармақша 5
5) шақыру құрылғысымен;
Тармақша 6
6) қауіпсіздік белдігімен;
Тармақша 7
7) кері қайтаруға қарсы құрылғылармен;
Тармақша 8
8) бейнебақылау жүйесімен (жолда бейне сүйемелдеу);
Тармақша 9
9) мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде туристік көліктің алдыңғы және артқы жағында орнатылуы тиіс «Балаларды тасымалдау» квадраттық тану белгілерімен;
Тармақша 10
10) тану белгісінде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде «Туристік автобус» немесе «Туристік шағын автобус» деген жазу бар, көлік шанағының бүйірінде, алдыңғы және артқы бөліктерінде орналасқан және алыс қашықтықтан жақсы ажыратылатын сәйкестендіру белгілерімен жабдықталады. Туристік көлік «Жол қозғалысы туралы» Заңға сәйкес оны пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабдықтармен қосымша жабдықталады.
Тармақ 17
17. Туристік көлік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде №22066 болып тіркелген) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болған жағдайда пайдаланылуға жатады.
Тармақ 18
18. Туристік көлікте жеке багаж бөлімі болуы тиіс.
Тармақ 19
19. Туристік көлік салонында жүргізуші кабинасының (орнының) жанында: тасымалдаушының толық атауы, тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының байланыс телефондарының нөмірлері, көліктік бақылау және медициналық қызмет телефондарының нөмірлері, маршрут схемасы, жолаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат орналастырылады.
Тармақ 20
20. Туристік көлік салонының алдыңғы бөлігінде мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделеді. Осы орындардың жанында олардың мақсатын көрсететін ақпараттық тақта орнатылады.
Тармақ 21
21. Туристік көлік салоны төмендегімен жарақтандырылуға және жабдықталуға жатады:
Тармақша 1
1) жолаушының жеке параметрлеріне сәйкес реттеу мүмкіндігі бар тиісті жағдайдағы жайлы креслолармен;
Тармақша 2
2) қол жүгін орналастыруға арналған сөрелермен;
Тармақша 3
3) гидтің, экскурсоводтың, туризм нұсқаушысының жұмысына арналған аудио және бейне жүйелерімен;
Тармақша 4
4) жеке реттеуді орындау мүмкіндігі бар ауаны баптау жүйелерімен;
Тармақша 5
5) қандай да бір кедергісіз ашылатын және жабылатын авариялық люктермен.