Об образовании Координационного совета по проблемам экологии Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысының экологиялық проблемалары жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1-тармағының 21-тармақшасына сәйкес Ақмола облысының қоршаған ортасы мен тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелерімен айналысатын облыс ұйымдары мен меке- мелерінің өзара қарым-қатынасы мен қызметін үйлестіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының экологиялық проблемалары жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылсын (одан әрі - Үйлестіру кеңесі).
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі туралы Ереже (қосымша 2) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесінің жеке құрамы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын (1 қосымша).
Басқа 4
Облыс әкімдігінің
2003 ж 06.11. № а-11/289
«Ақмола облысының экологиялық проблемалары жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру туралы» қаулысына қосымша
Ақмола облысының экологиялық проблемалары жөніндегі
Үйлестіру кеңесінің құрамы
Кеңес төрағасы:
Отаров Қадырхан Махмұтүлы – Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Мүшелері:
Тармақ 1
1. Әкімов Рашид Қайыржанұлы - Щучье ауданының әкімі
Тармақ 2
2. Жакышев Сәрсенғали Төлеуханұлы - Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Денинг Николай Яковлевич - Степногорск қаласының әкімі
Тармақ 4
4. Каппель Егор Яковлевич – Аршалы ауданының әкімі
Тармақ 5
5. Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович - Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 6
6. Малец Франц Эдмундович - «ҚазСабтон» ЖАҚ-ның бас директоры (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Мурзин Айдар Хамзаұлы - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары
Тармақ 8
8. Пернебаев Нұрдәурен Сайлауұлы - «Бурабай» МҰТП директоры (келісім бойынша)
Тармақ 9
9. Сейдахметов Қасқырбай Сейдахметұлы - «Ақмола облыстық табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің директоры
Тармақ 10
10. Тәшметов Қасымжан Қалижанұлы - облыстық мемлекеттік санитарлық бақылау басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 11
11. Өтепбаев Байбол Анапияұлы - «Василков алтыны» АҚ-ның президенті (келісім бойынша)
Тармақ 12
12. Шайхеслямова Қазына Оқасқызы - «Ноосфера» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)
Басқа 17
Акмола облысы әкімдігінің
2003 жылғы 06.11 № а-11/289
Ақмола облысының экологиялық проблемалары жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру туралы» қаулысымен бекітілген
Ақмола облысының экологиялық проблемалары
жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақмола облысының экологиялық проблемалары жөніндегі Үйлестіру кеңесі облыс әкімдігі жанынан облыс ұйымдары мен мекемелері қызметін үйлестіру мен өзара тығыз байланысқа жету үшін, сонымен қатар қоршаған ортаны сауықтандыру мен сыртқы ортаның ластануының тұрғындар денсаулығына зиянын азайту үшін кұрылған ведомствоаралық кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесін Төраға - облыс әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 3
3. Өзінің қызметінде Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын, сонымен қатар осы Ережені басшылыкқа алады.
Тарау 2. 2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
4. Облыс территориясында қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау бойынша бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру бойынша ұйымдар мен мекемелер кызметін үйлестіреді.
5. Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысының облыс территориясындағы қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша орындаушы органдар мен өкілетті жұйелердің аумақтық бағдарламалары мен актілерін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Тарау 3. 3. Үйлестіру кеңесінің қызметі
3. Үйлестіру кеңесінің қызметі
Тармақ 6
6. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына техногендік және антропогендік кызметтің әсерінің деңгейі бойынша облыстық кешендік бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді үйлестіреді және ұйымдастырады.
Тармақ 7
7. Қоршаған ортаның ластауының экологиялық мониторингінің кешендік жүйесін әзірлеу мен енгізуді ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Экологиялық ахуалды сараптайды, қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау саласындағы міндеттерді жедел шешу үшін ластану көздерінің мониторингіне сәйкес ұсыныстар әзірлейді.
Тармақ 9
9. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен және басқа ұйымдармен өзара байланыста қызмет жасайды.
Тарау 4. 4. Үйлестіру кеңесінің құқықтары
4. Үйлестіру кеңесінің құқықтары
Тармақ 10
10. Өз құзырының аясында шешімдер қабылдау.
Тармақ 11
11. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау саласында шешімді қажет ететін ұсыныстарды әкімдік пен мәслихаттың қарауына ұсынады.
Тармақ 12
12. Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ақпаратты кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттік органдардан сұрауға және алуға.
Тарау 5. 5. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
5. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 13
13. Үйлестіру кеңесінің қызметін оның Төрағасы басқарады.
Тармақ 14
14. Үйлестіру кеңесін Акмола облысының әкімдігі кұрады және таратады.
Тармақ 15
15. Кеңестің жеке құрамы Ақмола облысының мәслихатымен құрылады.
Тармақ 16
16. Кеңестің отырысы бір тоқсанда бір рет өткізіледі.