Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление координации занятости и социальных программ Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.А. Мусинова):
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 226 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Б. Сматлаевқа жүктелсін.
Басқа 7. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы «11» қаңтардағы
№ 6 қаулысына
қосымша
«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарма, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республиксының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070002, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12. 2. Мемлекеттік органның міндеттері және өкілеттіктері
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілерді басқаруға кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері және өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықты қысқарту, жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру;
Тармақша 3
3) мүгедектерді оңалту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқығы:
Басқарманың функционалдық міндеттерін жүзеге асыру үшін облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардан қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды белгіленген тәртіппен сұрауға және алуға;
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және басқа да мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға;
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар дайындауға;
әлеуметтік қорғаудың тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақша 2
2) Міндеттері:
бюджет қаражатының уақтылы және нысаналы игерілуін қамтамасыз етуге;
жүктелген функцияларды орындауда заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге;
Басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің этикасын сақтауды қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 2
2) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдайды;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;
Тармақша 6
6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілерге өз аумағында және (немесе) басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктерде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды беру немесе ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алады;
Тармақша 7
7) ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеудің мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеудің мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеудің мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтерді ұсынуды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтау бойынша қызметті үйлестіреді;
Тармақша 13
13) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерге мониторинг жіргізеді;
Тармақша 14
14) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;
Тармақша 15
15) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 16
16) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;
Тармақша 18
18) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;
Тармақша 19
19) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 21
21) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 22
22) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 23
23) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 24
24) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
Тармақша 26
26) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;
Тармақша 27
27) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 28
28) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 29
29) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды
Тармақша 30
30) қандас куәлігін береді;
Тармақша 31
31) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 32
32) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;
Тармақша 33
33) Ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшіп келушілердің уақытша тұруына арналған рұқсаттардың қолданылу мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат береді;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;
Тармақша 35
35) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 36
36) пана іздеген адамның куәлігін береді;
Тармақша 37
37) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;
Тармақша 38
38) босқын куәлігін береді;
Тармақша 39
39) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жіберед;
Тармақша 40
40) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияларды құрады;
Тармақша 41
41) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 42
42) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу, куәліктер беру және оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 43
43) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 44
44) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 45
45) жергілікті бюджет қаражатынан қосымша әлеуметтік төлемдер көрсету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 46
46) жеке оқу жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 47
47) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 48
48) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 49
49) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуді, халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 50
50) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 51
51) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
Тармақша 52
52) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстың жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсынады;
Тармақша 53
53) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
Тармақша 54
54) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құрады;
Тармақша 55
55) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;
Тармақша 56
56) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етеді;
Тармақша 57
57) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;
Тармақша 58
58) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілі мамандарын, Брайльдің бедерлі-нүктелік қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 59
59) осы Заңға сәйкес тиісті аумақта әлеуметтік, кәсіптік оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 60
60) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторийлік-курорттық емделуін, мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдің санаторийлік-курорттық ұйымда болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 61
61) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 62
62) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 63
63) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-көпшілік және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
Тармақша 64
64) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмектің көрсетілуін үйлестіреді;
Тармақша 65. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
65) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарманың басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын көтермелейді және тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Басқарма актілеріне қол қояды;
Тармақша 4
4) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді, басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді, Басқарма мүддесін білдіруге сенімхат береді;
Тармақша 6
6) ерлер мен әйелдердің жұмыс тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) Басқарманың барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
Тармақша 9
9) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 23. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24. Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Өскемен балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Зимовьево арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Зевакино арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Первомайка арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Самар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Серебрянск арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 9
9. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Тарбағатай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 10
10. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Өскемен арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 11
11. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Уба» шипажайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 12
12. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Алтай ауданының Грехово кентінде мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.