Шалқар ауданы демалыс орындарының жұмыс Ережесін бекіту туралы. Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шалқар ауданы демалыс орындарының жұмыс Ережесін бекіту туралы. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға және кәмелетке жасы толмаған балалардың арасында қоғамдық тәртіпті бұзушылықты болдырмау мақсатында шешім етемін:
Тармақ 1
1. Аудандық білім бөлімі /Қ.Табаналы/ Шалқар қаласындағы орта мектептерде және кәсіптік техникалық мектепте /М.Үмбеталин/ оқушы жастар мен ата-аналар /қамқоршылар/ арасында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 9-шы , "Жасөспірімдердің әкімшілік жауапкершіліктері" бөлімінде және Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 6-шы "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы" бөлімінде қарастырылған жауапкершіліктер туралы түсіндірме әңгімелер өткізілсін.
Тармақ 2
2. Шалқар ауданы демалыс орындарының жұмыс істеу Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық ішкі істер бөлімі /Е. Шотанов/ осы Ережеде қаралған шектеулер бойынша демалыс орындарының жұмысына қажетті бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық МКҚК "Шалқар орталық ауруханасы" /Ж. Көптілеуов/ жастар арасында нашақорлық, алкоголизм, шылым шегушілік, ЖҚТБ-нің алдын алуға байланысты мақсатты жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Аудандық туризм және спорт комитеті /Б. Көптілеу/ аула клубтарының жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Аудандық тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету орталығы /Қ. Дүйсенбин/ жастарды жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар жасасын, жұмыссыз жастарды қайта мамандандыруға, еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандық алуға көмектессін.
Тармақ 7
7. Аудандық санэпидбақылау басқармасы /Г. Амантаева/ және теміржол санитарлық бекеті /Е.Сартаев/ аудандағы демалыс орындарындағы лабораториялық санитарлық-гигиеналық бақылауды, санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізуді күшейтсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З. Жұмабаеваға және аудандық мәслихаттың мәдениет, білім беру, жастар ісі, тіл, денсаулық сақтау және ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы М. Малайдароваға жүктелсін.
Басқа 9
Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 24 қарашадағы N 7 шешімімен бекітілді Шалқар ауданы демалыс орындарының жұмыс ЕРЕЖЕСI
Тармақ 1
1. Кәмелетке жасы толмаған балалардың ата-анасыз /қамқоршысыз/ қаланың демалыс орындарында /паркта, компьютерлік клубтарда ойын автоматтары бөлмелерінде, мейрамханалар мен барларда, кафелер мен шайханаларда/ болуы сағат 22-00-ден кейін шектелсін.
Тармақ 2
2. Демалыс орындарында кәмелетке толмағандарға ішімдік және шылым бұйымдарын сатуға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Демалыс орындарының ішінде және оған жақын жерлерде қоғамдық тәртіппен өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Демалыс орындарының иелері қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігі бұзылған жағдайда тез арада тиісті қызмет орындарына хабар беретін болсын.
Тармақ 5
5. Осы жұмыс Ережесі ауданның барлық демалыс орындарында көрнекі жерге орналастырылсын.
Тармақ 6
6. Негізгі Ережелерді бұзғаны үшін қолданыстағы заңдарға сәйкес демалыс орындарының басшылары жауап береді.