"О городском координационном Совете общественных объединений ветеранов и инвалидов войны в Афганистане и локальных военных конфликтов при акимате города Алматы" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің қалалық Үйлестіру кеңесі туралы Мемлекеттік билік органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жүйесін жетілдіруге бағытталған қызметінің тиімділігін арттыру және азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту мақсатында қалалық Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің қалалық үйлестіру кеңесі (әрі қарай - Кеңес) құрылсын.
Тармақ 2
2. Ұсынылып отырған Ереже (N 1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсін.
Басқа 4
Алматы қалалық Әкімшілігінің 2003 жылғы "27" қарашадағы N 5/706 қаулысына қосымша ЕРЕЖЕ Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің қалалық Үйлестіру кеңесі туралы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің қалалық Үйлестіру кеңесі (әрі қарай - Кеңес) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы , республиканың заңдары және осы Ереже негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектерінің тіркелген қоғамдық ұйымдарының жетекшілері (немесе олардың орнын басатын лауазымды адамдары) Кеңеске мүше болып табылады. Кеңес ардагерлік қоғамдық ұйымдардың осы салада кемінде бір жыл жұмыс жасаған жаңа мүшелерін өз құрамына енгізу жолымен кеңейтілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Кеңестің жұмысына сондай-ақ Ішкі саясат департаментінің қызметкерлері және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады.
Тармақ 4
4. Кеңеске оның мүшелерінің басым көпшілігі сайлаған төраға жетекшілік етеді, оның осы Кеңес мүшелері санатынан сайланған үш орынбасары болады. Төраға Алматы қаласының Әкіміне Үйлестіру кеңесінің жұмысы туралы жүйелі хабарлайды.
Тармақ 5
5. Кеңестің қызметін ұйымдастыру - әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы - Алматы қалалық Ішкі саясат департаментінің саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және діни ұйымдармен жұмыс бөлімі асырады.
Тармақ 6
6. Қалалық Кеңестің жұмысы мәжілістер түрінде жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері және функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері және функциялары
Тармақ 7
7. Кеңестің негізгі міндеті мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу:
Тармақша 1
1) мемлекеттік билік органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауының тетіктерін жетілдіру;
Тармақша 2
2) әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық қатынастарды біріктіруге, тұрақтандыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру;
Тармақ 8
8. Кеңеске жүктелген міндеттерге сәйкес оның функциялары мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың және қоғамдық институттардың жастарды азаматтыққа және елжандылыққа тәрбиелеу саласындағы бірлескен жұмысын жетілдіру;
Тармақша 2
2) жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің проблемаларын шешуде негізгі бағыттарды анықтау;
Тармақша 3
3) қоғамдағы халық пен азаматтық институттар арасындағы консультативтік - кеңес беру және ағарту жұмысын жақсарту.
Тарау 3. 3. Кеңестің құқықтары
3. Кеңестің құқықтары
Тармақ 9
9. Үйлестіру кеңесі мынадай құқықтарға ие:
Тармақша 1
1) Ауғанстандағы соғыстың және шағын әскери шиеленістердің ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне байланысты проблемалар бойынша мемлекеттік органдармен консультациялар жүргізу;
Тармақша 2
2) Үйлестіру кеңесінің қызметіне байланысты проблемалар бойынша заңдарды және басқа да мөлшерлемелік құқықтық актілерді әзірлеу және оларды қабылдау туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізу;
Тармақша 3
3) Кеңестің құзыретіне енетін жекелеген мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс топтарын құру;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан Кеңестің міндеттерін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды және басқа да материалдарды сұрау және алу;
Тармақша 5
5) Кеңестің қызметі туралы ақпаратты мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға жолдау;
Тармақша 6
6) Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылау.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Кеңестің мәжілістері (әрі қарай - мәжіліс) қажетіне қарай, бірақ тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 11
11. Мәжілістің күн тәртібінің жобасы Кеңес арқылы, мәжіліске қатысатындардың ұсыныстары және бұрын қабылданған шешімдер негізінде әзірленеді, оны дайындау кезінде барлық қажетті материалдарды (анықтамалар, шешімдердің жобалары) Кеңестің жұмыс органының қарауына енгізген жөн. Жұмыс органы кемінде 7 күн бұрын Кеңестің кезекті мәжілісіне арналған материалдарды дайындайды.
Тармақ 12
12. Мәжілістің ұсынылып отырған күн тәртібінің мәселелері бойынша Кеңестің жұмыс органына мыналар тапсырылады: түсіндірме хат, қалалық үйлестіру кеңесінің мәжілісінің ұсыныстарының жобасы, шақырылған адамдардың тізімі.
Тармақ 13
13. Кеңестің кезекті мәжілісін өткізетін күнді төраға оның мүшелерімен келісе отырып, белгілейді.
Тармақ 14
14. Мәжіліске Кеңестің құрамына енбейтін мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен мамандар, басқа да ұйымдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар шақырылуы мүмкін.
Тармақ 15
15. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру жолымен, дауыс берушілердің басым көпшілігінің қолдауы арқылы қабылданады және оның барлық мүшелері үшін орындалуы міндетті болып табылады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға шешуші дауысқа ие болады. Дауыстардың басым көпшілігіне ие бола алмаған оның мүшелерінің пікірлері, олардың қалауы бойынша жазбаша рәсімделіп, Кеңестің шешіміне қоса тіркеледі.
Тармақ 16
16. Мәжілістер Алматы қаласы Әкімінің аппараты ұсынған үй-жайларда немесе Кеңес басшылығының ұйғарымы бойынша кез-келген басқа үй-жайда өткізіледі.
Тармақ 17
17. Кеңес мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, мәжіліс заңды деп саналады.
Тармақ 18
18. Төраға мәжілісте:
Тармақша 1
1) мәжілістің күн тәртібі және оның жұмысының регламенті туралы хабарлайды;
Тармақша 2
2) мәжілістің осы Ережеге сәйкес өткізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ұсыныстардың түсу тәртібіне сәйкес жарыссөзге шығатындарға сөз береді;
Тармақша 4
4) мәжілістің бекітілген регламенті өзгерген жағдайда сөз сөйлеушіге ескерту жасауға немесе оны әрі қарай сөйлетпеуге құқылы.