О Национальной комиссии по делам семьи и женщин при Президенте Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы
Отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже (қоса беріліп отыр) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы он күн мерзімде Мемлекет басшысының қарауына аталған комиссияның жеке құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 4
4. Бір ай мерзімде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссиялар туралы үлгі ережені әзірлеп, бекітсін;
Тармақша 2
2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аталған әкімдер жанынан отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияларды құратын болсын.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы, әйелдер проблемалары және демографиялық саясат жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы N 2067 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995, N 8, 85-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1998 жылғы 22 желтоқсандағы
N 4176 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан былай - Комиссия) Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы ереже құрайды.
Тармақ ii. II. Комиссияның негізгі міндеттері
II. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру тұрғысында аймақтық ерекшеліктер ескеріле отырып, отбасыға, әйелдер мен балаларға қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды айқындау және ұсынымдарды талдап жасау;
Тармақша 2
2) отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңдық және психологиялық тұрғыда қолдаудың кешенді жүйесін әзірлеуге жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) халықтың өсіп-өну процестері мен денсаулығының жай-күйін, отбасылардың әлеуметтік және экономикалық тұрмыс жағдайларын сипаттайтын көрсеткіштерге кешенді талдау жасау;
Тармақша 4
4) республикада әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсартуға бағытталған ведомоствоаралық әлеуметтік-медициналық бағдарламалар әзірлеуге қатысу;
Тармақша 5
5) Комиссияның құзыретіне кіретін проблемалар бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың ұсыныстарын қарап, Қазақстан Республикасы Президентіне ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 6
6) "Қазақстан - 2030" Стратегиясын ескере отырып, отбасыға, әйелдер мен балаларға қатысты мемлекеттік саясат тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 7
7) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындап, қарауға қатысу;
Тармақша 8
8) Мемлекет басшысы үшін отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша заңдардың талаптарын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының сақтауын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;
Тармақша 9
9) қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасының, әйелдер мен балалардың ақиқат жағдайын анықтау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізуге, ақпараттық базаны түзуге жәрдемдесу;
Тармақша 10
10) Қазақстандағы отбасы, әйелдер мен балалар жағдайының қырларын неғұрлым толық бейнелеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
Тармақша 11
11) отбасы, әйелдер мен балалар мәселелеріне қатысты азаматтардың өтініш-арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау;
Тармақша 12
12) халықаралық ұйымдармен ықпалдастық, халықаралық деңгейде өткізілетін отбасы, әйелдер мен балалар жағдайының мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестер мен семинарларға қатысу.
Тармақ iii. III. Комиссияның өкілеттігі
III. Комиссияның өкілеттігі
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыреті шегінде мыналарға:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тыңдауға;
Тармақша 2
2) құқық қорғау органдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, материалдар мен ақпаратты сұратып алуға;
Тармақша 3
3) тиісті мемлекеттік органдар басшыларынан отбасы, әйелдер мен балалар мәселелеріне қатысты заңдарды бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тексерістер жүргізуді талап етуге;
Тармақша 4
4) Комиссияның отырыстарын даярлауға, бағдарламалар әзірлеуге және тексерулер жүргізуге қатысу үшін беделді әрі кәсіби даярланған жұртшылық өкілдерін штаттан тыс сарапшылар ретінде тартуға;
Тармақша 5
5) облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы комиссиялардың қызметін үйлестіруге және бақылауға, олардың қызметі туралы есептерді тыңдауға;
Тармақша 6
6) басшы қызметтерге әйелдер кандидатураларының ұсынылып, бекітілуіне жәрдемдесуге;
Тармақша 7
7) отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша статистикалық, талдау, әдістемелік және өзге де ақпараттық материалдарды мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге жолдауға хақылы.
Тармақ 5
5. Комиссия азаматтардың келіп түскен өтініш-арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қараудың нәтижесі бойынша материалдарды мәселенің мәні бойынша шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына жолдай алады.
Тармақ iv. IV. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
IV. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссия Төрайымнан, оның орынбасары мен мүшелерінен тұрады.
Қазақстан Республикасының Президенті оның сандық және жеке құрамын айқындайды.
Тармақ 7
7. Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына бір мәртеден сиретілмей өткізіледі.
Тармақ 8
8. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 9
9. Комиссия Төрайымы:
Тармақша 1
1) Мемлекет басшысының қарауына Комиссияның жеке құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) Комиссияның қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарының күн тәртібін айқындайды;
Тармақша 4
4) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді. Комиссия Төрайымы орнында болмаған жағдайда, оның тапсырмасы бойынша орынбасары немесе Комиссия мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) Комиссия мүшелерінің ішінен Комиссия отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны айқындайды;
Тармақша 6
6) Комиссия жұмысының нәтижелері туралы Мемлекет басшысының алдында ұдайы есеп беріп отырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, Комиссия отырыстары құқылы болып саналады.
Тармақ 11
11. Комиссия отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері санының жай көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
Тармақ v. V. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
V. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 12
12. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің
тиісті құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1999.03.24. N 89 жарлығымен.