Об утверждении Правил отбора участников национального превентивного механизма Қолданыста
Басқа 0
Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының міндетін атқарушы А.С. Умаровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Басқа 1. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу
қағидалары
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі
уәкіл 2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 4 Бұйрыққа
1-қосымша
Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді және алдын ала бару және олардың өкілеттіктерін тоқтату үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (бұдан әрі - Уәкіл), сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық превентивтік тетікке қатысушылары болып табылады.
Тармақ 2-1
2-1. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылар құрамына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен ұсынылған Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша тұлғалар іріктелінуі мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынысына осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.
Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынысын алған күннен бастап бір ай ішінде оны қарайды және осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылары алдын ала болу үшін іріктеу кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қатысушылардың ешқайсысын ешқандай кемсітуге болмайды.
Тармақ 4
4. Ұлттық превентивтік тетікке:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар;
Тармақша 2
2) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған тұлғалар;
Тармақша 3
3) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған тұлғалар;
Тармақша 4
4) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп таныған тұлғалар;
Тармақша 5
5) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері;
Тармақша 6
6) психиатрда және/немесе наркологта есепте тұратын тұлғалар, және/немесе психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылаудағы адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды;
Тармақша 7
7) қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тұлғалар;
Тармақша 8
8) жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған тұлғалар;
Тармақша 9
9) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар қатысушы бола алмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық превентивтік тетікке
қатысушыларын іріктеу тәртібі
2-тарау. Ұлттық превентивтік тетікке
қатысушыларын іріктеу тәртібі
Тармақ 5
5. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының құрамын қалыптастыру бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) Уәкілдің ресми интернет-ресурсында іріктеу өткізу туралы хабарландыру жариялау;
Тармақша 2
2) үміткерлердің құжаттарын қабылдау және қарау;
Тармақша 3
3) Үйлестіру кеңесінің шешімдері негізінде ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының құрамына қабылдау.
Тармақ 6
6. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының құрамына енгізу үшін кандидаттар Үйлестіру кеңесіне мынадай құжаттармен:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;
Тармақша 3
3) білімі туралы дипломның көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда аттестаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс болған жағдайда);
Тармақша 6
6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
Тармақша 7
7) психоневрологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;
Тармақша 8
8) наркологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;
Тармақша 9
9) үй, жұмыс және ұялы телефондары, сондай-ақ дербес электрондық мекен-жайы көрсетілген бөлек парақ;
Тармақша 10
10) электрондық форматта 3 х 4 фотосуретті, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі.
Тармақ 7
7. Құжаттар Уәкілдің Жұмыс органымен Уәкілдің ресми интернет-ресурсында іріктеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қолма-қол, пошта немесе электрондық пошта арқылы қабылданады.
Тармақ 8
8. Үміткерлердің көрінеу жалған ақпарат пен құжаттар ұсыну фактісін анықтау олардың іріктеуден оның кез-келген кезеңінде шығарылуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. Азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының (бұдан әрі – ҚБК) және қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі – ҮЕҰ) ҰАТҚ құрамына енгізу үшін өздерінің мүшелерін ҚБК және ҮЕҰ жалпы жиналысының шешімі бойынша не ҚБК немесе ҮЕҰ Төрағасының (Бірінші басшысының) жазбаша ұсынысы бойынша ұсынады.
Тармақ 10
10. Ұлттық превентивтік тетіктің құрамына енгізу үшін ҚБК немесе ҮЕҰ үміткері осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 11
11. Үйлестіру кеңесі құжаттарды қарау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік дауысымен ұлттық превентивтік тетіктің құрамына үміткердің алынуы немесе алынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Үйлестіру кеңесі үміткерге іріктеу нәтижелері туралы Уәкілдің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ хабарламаны электрондық поштаға жіберу арқылы хабарлайды.
Тармақ 13
13. Үйлестіру кеңесінің шешімі мен ұлттық превентивтік тетікке іріктелген тізім Уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 14
14. Үміткерлер арасынан ұлттық превентивтік тетіктің құрамы Үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Тармақ 15
15. Ұлттық превентивтік тетіктің өкілеттік мерзімі екі жылға анықталады. Ұлттық превентивтік тетіктің өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін Үйлестіру кеңесі есепті жылдың (кезеңнің) соңында келесі мерзімге превентивтік тетікке қатысушыларын іріктеуді жүргізеді.
Тармақ 16
16. Өкілеттілігі тоқтатылған ұлттық превентивтік тетіктің алдағы мерзімге ұлттық превентивтік тетіктің құрамында жұмысты жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне осы Қағидалардың 6-тармағында және 7-тармағының 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 17
17. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, ұлттық превентивтік тетікке жаңа қатысушыны сайлау ағымдағы мерзімге іріктеуде бұрын мәлімделген кандидаттар қатарынан Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттігін тоқтату негіздері:
Тармақша 1
1) ұлттық алдын алу тетігінің қызметін реттейтін заңдардың ережелерін бұзу;
Тармақша 2
2) өз өкілеттіктерін тоқтату туралы жазбаша өтініш;
Тармақша 3
3) қайтыс болу не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұруға кету;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;
Тармақша 6
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлардың басталуы.
Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттіктерін осы тармақтың 1) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтату Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы Ереженің 6-тарауында көзделген тәртіппен Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады (тіркелген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31749) (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі туралы ереже).
Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттіктерін осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтату Үйлестіру кеңесінің мүшелерін хабардар ете отырып Уәкілдің шешімі бойынша жүзеге асырылады немесе Үйлестіру кеңесінің отырысына шығарылады.
Егер Үйлестіру кеңесі мүшесінен осы мәселені талқылау туралы ұсыныс хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келіп түссе, оны қарау Үйлестіру кеңесі туралы Ереженің 6-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Басқа 1.1. Өтініш
Ұлттық превентивтік тетікке
қатысушыларды іріктеу
қағидаларына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасындағы Адам
құқықтары жөніндегі уәкіл
жанындағы Үйлестіру кеңесі
Өтініш
___________ облысы/қаласы бойынша ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының құрамына енгізу үшін менің кандидатурамды қарауыңызды сұраймын.
Жұмыс орны және лауазымы (болған жағдайда):
___________________________________________________
Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, күні.
Басқа 2. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
кейбір өкімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасындағы Адам
құқықтары жөніндегі уәкіл
2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 4 Бұйрыққа
2-қосымша
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
кейбір өкімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8892 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 14 өкімімен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9815 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 3 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 5 өкімімен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдері тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19033 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкіміне «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» өзгерістер енгізу туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 16 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19073 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» № 20 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 134 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26350 болып тіркелген).