Об установлении тарифа на регулярные социально значимые перевозки пассажиров на территории Карасайского района Күшін жойған
Басқа 0
Қарасай ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарасай ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 шақырымға 6 (алты) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ж. Естенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарасай аудандық мәслихаты