Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях Күшін жойған
Басқа 0
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Су Кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік
инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша экология
департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қызылорда облысының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
«Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі Қызылорда
облысының
Төтенше жағдайлар департаменті»
мемлекеттік мекемесі
Басқа 4
Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы «13» қаңтардағы
№ 7 қаулысына қосымша
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
№
Су объектісінің атауы
Көпшілік демалуына, туризмге және спортқа арналған орындар
Жақын орналасқан елді мекеннің атауы
Орналасқан жері (координаттары)
1.
Сырдария өзені
«Қалғандария» демалыс аймағы
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті
45°01'34.5"N 64°59'05.0"E
2.
Сырдария өзені
«Мұратбаев» демалыс аймағы
Қармақшы ауданы, Жосалы кенті
45°28'32.3"N 64°04'54.0"E
3.
Сырдария өзені
«Қашқан су» демалыс аймағы
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
45°59'42.9"N 62°07'24.0"E
4.
Қамбаш көлі
«Аққұмшық» демалыс аймағы
Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округі
46°12'41.5"N 61°55'49.0"E
5.
Ханқожа көлі
«Бәйгеқұм» демалыс аймағы
Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылдық округі
44°17'39.68"N 66°30'51.01"E
44°17'47.72"N 66°27'55.55"E
6.
Жібек жолы каналы
«Сыр самалы» демалыс аймағы
Қызылорда қаласы
44°48'34.34"C 65°30'59.12"B
7.
Сырдария өзені
«Сыр толқыны» демалыс аймағы
Қызылорда қаласы
44°45'16.64"C 65°32'25.42"B