Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей микрорайонов, улиц для участия в сходе местного сообщества поселка Качар города Рудный Костанайской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, шағын аудандар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 187 шешіміне 1-қосымша Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, шағын аудандар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер, шағын аудандар тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі - тәртіп) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің көшелер, шағынаудандар тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – шағын аудан, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Қашар кентінің аумағы учаскелерге (шағын аудандар, көшелер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін әр шағын аудан мен көшеден үш адамнан аспайтын шағын аудандардың, көшелердің тұрғындары сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қашар кентінің әкімі шақырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Қашар кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет ресурстары және әлеуметтік желілер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Шағын аудандар, көшелер шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қашар кентінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті шағын ауданның, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі. Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қашар кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Қашар кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Рудный қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және қол қойылған күннен бастап Қашар кенті әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 21. Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 187 шешіміне 2-қосымша Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № Ауылдың, көшелердің атауы Шағынаудан, көше (адам) тұрғындары өкілдерінің саны 1 № 1 шағынаудан 3 2 № 2 шағынаудан 3 3 № 3 шағын аудан 3 4 Первостройтелей көшесі 1 5 Привольная көшесі 1 6 Степная көшесі 1 7 Солнечная көшесі 1 8 Хлебозаводская көшесі 1 9 Тихий қиылысы 1