Об утверждении Положения о республиканском государственном учреждении «Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы №28 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Келесі бұйрықтардың:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-Ө бұйрығының;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-П бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының м.а. 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 6-Ө бұйрығының;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-П бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 500-Ө бұйрығының;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 4-Ө бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Аппарат басшысының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 232-Ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2023 жылғы «03» ақпандағы
№ 32-Ө бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Комитет) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң (бұдан әрі – Министрлік) құзыретi шегінде оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен жүктелген орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар дүниесi саласында стратегиялық, реттеуші, атқарушылық, бақылау - қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган және ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Комитетке Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, жануарларға жауапкершілікпен қарау, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында, іске асыру, реттеуші және бақылау-қадағалау функцияларын орындау;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындау.
Тармақ 14
14. Құқықтары:
Тармақша 1
1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу;
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы заңнамада белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелері туралы хабардар ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Тармақша 4
4) Комитет қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері Комитет болып табылатын не Комитеттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;
Тармақша 5
5) әзірленетін құқықтық актілер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орман саясатын қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 3
3) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
Тармақша 4
4) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) мыналарға:
орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістер, оның санитариялық жай-күйіне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;
ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу, оларды уақтылы байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына;
ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының туындауының, таралуының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына, оларды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуі мен қурап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;
ағаш кесу аймағының бөлінуіне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарында күзет режимдерінің сақталуына;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомник шаруашылығының жүргізілуіне;
орман қоры жерлерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердің қорғалуына;
құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникацияларды, электр беру желілерін, байланыс желілерін тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;»;
Тармақша 6
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде есептік кеспеағаштарды және ағаштың кесілетін жасын белгілейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың және орман орналастырудың мемлекеттік мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді және оларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының орман шаруашылығымен айналысатын құрылымдық бөлімшесі басшысының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары басшыларының орман қорының жай-күйі, оны күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша есебін тыңдайды;
Тармақша 9
9) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
Тармақша 10
10) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілдік және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше күзетілетін табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
Тармақша 13
13) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) орман орналастыру жобаларын бекітеді;
Тармақша 15
15) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде табиғи-климаттық факторлар, ормандардың зиянкестермен және аурулармен зақымдануы салдарынан болған зардаптарды жою кезінде орман орналастыру материалдарында айқындалмаған санитариялық және өзгедей ағаш кесудің жыл сайынғы көлемдерін мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларына сәйкес қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 16
16) орман тұқымдарын аудандастыруды бекітеді;
Тармақша 17
17) орман пайдаланушыларға орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өзінің қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу келтірген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;
Тармақша 19
19) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
Тармақша 20
20) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 23
23) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 25
25) орман шаруашылығы саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26
26) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 27
27) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін жерлерде өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28
28) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 29
29) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарға, аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілері үшін учаскелер беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 30
30) орман ағаштарын, питомниктерді, орманның табиғи түрде қайта түлеуіне ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 31
31) орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 33
33) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алудың және айқындаудың, орман қоры аумағында орманды заңсыз кесу көлемдерін және орманды заңсыз кесуден келтірілген залалды есепке алу және айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 34
34) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 35
35) отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 36
36) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 37
37) ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 38
38) емлекеттік орман қорында таңбаларды қолдану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 39
39) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдастардың плантацияларын отырғызуға және өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 40
40) мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт станциясы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 41
41) басқа санаттағы жерлерді орман қорының жерлеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 42
42) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жекелеген жабайы өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген шикізатты әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;
Тармақша 43
43) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жекелеген жабайы өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген шикізатты экспорттауға лицензия береді;
Тармақша 44
44) мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 45
45) мемлекеттік орман қоры жерлерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және жерасты ұңғымалық шайып сілтісіздендіру әдісімен уран өндіру кезінде оларды орман иеленушіге беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 46
46) орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін орман қоры жерлерінің санатынан басқа санаттағы жерлерге ауыстыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 47
47) ормандарды молықтыру мен орман өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 48
48) орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 49
49) мемлекеттік орман қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 50
50) мемлекеттік орман қоры аумағында шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 51
51) орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 52
52) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 53
53) өзендер, көлдер, су қоймалары, арналар және басқа да су объектілері жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерінің енін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 54
54) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 55
55) шекаралық аймақта өсетін өсімдіктермен жұмыс істеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша белгілейді;
Тармақша 56
56) өсімдіктер дүниесінің шығындарын өтеу нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 57
57) өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 58
58) өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 59
59) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 60
60) ботаникалық коллекцияларды, өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қалыптастыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 61
61) жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 62
62) өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;\
Тармақша 63
63) өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 64
64) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дәрілік өсімдіктердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 65
65) табиғи өсетін, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жер учаскелерінің меншік иелеріне, жер пайдаланушылар мен су пайдаланушыларға күзетуге беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 66
66) эндемиялық және реликтік өсімдіктердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 67
67) өсімдік ресурстарының қорларына ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу және оларды пайдалану лимиттерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 68
68) ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 69
69) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 70
70) елді мекендердің жасыл екпелерін жасаудың, күтіп-баптаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 71
71) Қазақстан Республикасының Үкіметіне өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және оларды алып қою көлемін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 72
72) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 73
73) жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 74
74) жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 75
75) мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 76
76) тексерулер арқылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 77
77) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде республикалық маңызы бар қалалардың шекараларында орналасқан жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу бөлігінде олардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын және оларды жоспарлау жобасын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары) келіседі;
Тармақша 78
78) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерін босалқы жерге ауыстыру, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 79
79) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту тәртібін әзірлейді және ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 80
80) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін әзірлейді;
Тармақша 81
81) Қазақстан Республикасының Үкіметіне биоалуантүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 82
82) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 83
83) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 84
84) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 85
85) орман қоры аумағында заңсыз ағаш кесудің көлемін және заңсыз ағаш кесуден келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 86
86) өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарифтер мөлшерін бекітеді;
Тармақша 87
87) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
Тармақша 88
88) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;
Тармақша 89
89) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін бекітеді;
Тармақша 90
90) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарайды;
Тармақша 91
91) өзінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру мен кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады және оларды бекітеді;
Тармақша 92
92) оның қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты, табиғи кешендерді күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі қызметті қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 93
93) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті және ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады;
Тармақша 94
94) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізеді;
Тармақша 95
95) өздерінің қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын және пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 96
96) табиғат қорғау ұйымдарының басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын әзiрлейді және бекітеді;
Тармақша 97
97) «Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік» мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 98
98) «Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік» мәртебесін куәландыратын сертификаттың беру тәртібімен нысанын бекітеді;
Тармақша 99
99) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 100
100) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасында жұмыс процестерін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 101
101) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейді және бекiтеді;
Тармақша 102
102) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің шекараларын және аумақтарын қорғау режимінің түрін бекітеді;
Тармақша 103
103) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін бекітеді;
Тармақша 104
104) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 105
105) биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 106
106) заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде (спорттық) балық аулау, мелиорациялық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау, өсімін молайту мақсатында аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 107
107) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негiздемесінің жобаларын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 108
108) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 109
109) республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 110
110) жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 111
111) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 112
112) табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызметті және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 113
113) ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар туралы ережені және оның құрамын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 114
114) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздер аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасын келісімдейді;
Тармақша 115
115) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізеді;
Тармақша 116
116) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар береді;
Тармақша 117
117) әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 118
118) аңшы куәлігін беру жөніндегі есептіліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 119
119) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 120
120) қорықшы төсбелгісінің және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 121
121) айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар, жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 122
122) аңшылық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 123
123) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерінің (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) тізбелерін айқындайды және оларды бір санаттан басқа санатқа ауыстырады;
Тармақша 124
124) жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 125
125) дериваттар (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 126
126) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
Тармақша 127
127) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 128
128) жануарлар дүниесі объектілерін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 129
129) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 130
130) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 131
131) атыс қаруын қолданып аң аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 132
132) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 133
133) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 134
134) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 135
135) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 136
136) жануарлар дүниесі объектілерін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда), олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 137
137) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 138
138) зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 139
139) аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 140
140) жануарлардың (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 141
141) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 142
142) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындаудың тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 143
143) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау мен берудің тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 144
144) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 145
145) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерлерін айқындау әдістемелерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 146
146) аңшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 147
147) жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;
Тармақша 148
148) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) Қазақстан Республикасының аумағына импортына, Қазақстан Республикасының аумағынан экспортына және (немесе) реэкспортына рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
Тармақша 149
149) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
Тармақша 150
150) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 151
151) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 152
152) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 153
153) интернет-ресурста зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, орналастырады және тоқсан сайын жаңартып тұрады;
Тармақша 154
154) жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 155
155) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдаланушылардың қызметін тексереді;
Тармақша 156
156) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 157
157) аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуына бақылау жасайды;
Тармақша 158
158) аң аулау қағидаларының сақталуына бақылау жасайды;
Тармақша 159
159) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуына бақылау жасайды;
Тармақша 160
160) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды және қадағалайды;
Тармақша 161
161) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 162
162) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі; жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) береді;
Тармақша 163
163) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда), оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;
Тармақша 164
164) аңшылық алқаптардағы жануарлар дүниесінің (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Тармақша 165
165) жануарлар дүниесі (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) оларды пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
Тармақша 166
166) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат ұсынады;
Тармақша 167
167) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 168
168) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасы орман заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрады;
Тармақша 169
169) жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пунктерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 170
170) жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдалану және оларды ұстау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 171
171) өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 172
172) жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 173
173) жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 174
174) жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 175
175) жануарларды тасымалдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 176
176) үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 177
177) тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 178
178) жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 179
179) үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 180
180) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 181
181) қаңғыбас жануарларды вакциналау және стерилизациялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 182
182) еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа жануарларды қоректендіру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 183
183) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 184
184) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 185
185) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 186
186) аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 187
Тармақша 188
Тармақша 189
189) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 190
190) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 191
191) аңшылық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 192
192) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 193
193) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 194
194) сирек кездесетіндерден және құрып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарлары қоспағанда) эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 195
195) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда), оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін экспорттауға лицензия береді;
Тармақша 196
196) жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 197
197) қазақы ит тұқымдарының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 198
198) бірыңғай тұқым-тегі кітабын жүргізу қағидаларарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 199
199) сулы-батпақты алқаптардың даму жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 200
200) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 201
201) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 202
202) «Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік» мәртебесін беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 203
203) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізуді іске асырады;
Тармақша 204
204) аң аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 205
205) генетикалық ресурстарға байланысты өзінің құзыреті және дәстүрлі білімдер шегінде генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 206
206) өсімдіктер, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) генетикалық ресурстары саласындағы генетикалық ресурстарға және пайданы бірлесіп пайдалануға, сондай-ақ осы генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімдерге қолжетімділікті ұйымдастырады;
Тармақша 207
207) өсімдіктер, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) генетикалық ресурстарына қол жеткізу үшін негізделген қорытынды береді;
Тармақша 208
208) құзыретті ұлттық органдардың қорытындылары негізінде Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға және осы Конвенцияға генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы генетикалық ресурстарға қол жеткізу және оларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін рұқсаттар береді;
Тармақша 209
209) генетикалық ресурстарға қол жеткізу үшін реттеушілік талаптарды және ұлттық рұқсат нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 210
210) генетикалық ресурстардың пайдаланылуын мониторингтеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 211
211) өз құзыреті шегінде «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ұлттық қауiпсiздiк, «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес азаматтық қорғаныс, «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актiлерінiң сақтауды қамтамасыз етедi;
Тармақша 212
212) Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын қарауға, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына немесе Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет Аппаратында енгізілетін депутаттардың түзетулеріне Үкімет қорытындыларының жобаларын, Үкімет Аппаратында және Әділет министрлігінде әзірлеушісі Комитет болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімінің жобаларын жұмыс тәртібінде пысықтау кезінде міндетті түрде қатысады;
Тармақша 213
213) заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысады;
Тармақша 214
214) мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша құқықтық актілерді түсіндіреді;
Тармақша 215
215) Комитет әзірлеген және қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жүйеленген есебін ұйымдастырады;
Тармақша 216
216) тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне жарты жылда кемінде бір рет талдау жүргізеді және оларды жою жөнінде жоғары тұрған мемлекеттік органға ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 217
217) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша норма шығармашылық қызметіне, оның ішінде құқықтық актілердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша әділет органдарының ескертулеріне талдау жасау, және оның нәтижелерін норма шығармашылық қызметті жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстармен бірге жоғары тұрған басшыны хабардар ету;
Тармақша 218
218) Комитеттің облыстық аумақтық инспекциялары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын немесе сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын келісу туралы сұрау салуларын қарайды;
Тармақша 219
219) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, орман қатынастарын басқару, жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту, пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 220
220) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 221
221) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 222
222) халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын және құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалайды;
Тармақша 223
223) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын түсіндірме жазбаларымен және оларға салыстырма кестелермен (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырады;
Тармақша 224
224) төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда нұқсан мен ысыраптың мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;
Тармақша 225
225) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 226
226) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізеді;
Тармақша 227
227) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 228
228) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 229
229) реттелетін салаларда рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 230
230) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 231
231) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
Тармақша 231-1
231-1) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының орман заңнамасында айқындалған талаптар бұзылған кезде жедел ден қою шараларын қолданады;
Тармақша 231-2
231-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындайды;
Тармақша 231-3
231-3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-4
231-4) жедел ден қою шараларын қолдану туралы актілердің нысандарын, сондай-ақ қаулыны әзірлейді;
Тармақша 231-5
231-5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдары актілерінің нысандарын әзірлейді;
Тармақша 231-6
231-6) орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-7
231-7) құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды береді;
Тармақша 231-8
231-8) үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені әзірлейді;
Тармақша 231-9
231-9) айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртібін және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттiк инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзiрлейді;
Тармақша 231-10
231-10) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың мұқтаждары үшін рұқсат етілетін шөп шабу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-11
231-11) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгеннен басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда, оның iшiнде зоологиялық коллекциялар жинау үшiн пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-12
231-12) жануарлар дүниесін пайдаланушының жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан шарттарын уәкілетті органда тіркеу және оларды бұзу туралы ақпарат беру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-13
231-13) жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерiнің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерiнің, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрілуiн болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерiнің тізбелерін әзірлейді;
Тармақша 231-14
231-14) жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-15
231-15) мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде реттелмелі экологиялық туризмді өткізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-16
231-16) селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-17
231-17) селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтау, жасау және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-18
231-18) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді;
Тармақша 231-19
231-19) орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу нормативтерiн әзірлейді;
Тармақша 231-20
231-20) ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-21
231-21) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесiн, оның iшiнде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшiн пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-22
231-22) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлер өткiзу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-23
231-23) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-24
231-24) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-25
231-25) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-26
231-26) мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-27
231-27) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-28
231-28) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-29
231-29) ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-30
231-30) жасанды жолмен жасалатын шуылдың және өзге де акустикалық әсерлердің нормаларын әзірлейді;
Тармақша 231-31
231-31) орман қоры туралы ақпаратты жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртібі мен шарттарын әзірлейді;
Тармақша 231-32
231-32) ормандардағы санитариялық қағидаларды әзірлейді;
Тармақша 231-33
231-33) өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-34
231-34) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің табиғат қорғау ұйымдарының, орман шаруашылығы ұйымдарының және мамандандырылған ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлейді;
Тармақша 231-35
231-35) мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мамандандырылған ұйым үшін жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған авиациялық техникаға, арнайы көлікке, байланыс құралдары жабдығына, навигациялық жабдықтар мен арнайы құралдарға қажеттіліктің заттай нормаларын әзірлейді;
Тармақша 231-36
231-36) төтенше жағдайға ден қою кезіндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды басқару және олардың өзара іс-қимылы алгоритмін әзірлейді;
Тармақша 231-37
231-37) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және гидрометеорологиялық мониторинг пен қоршаған ортаның жай-күйін мониторингтеу үшін мемлекеттік бақылау желісін дамыту саласында лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құнын және нысанын айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 231-38
231-38) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметіне жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді;
Тармақша 231-39
231-39) жануарлар дүниесі (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
Тармақша 231-40
231-40) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын бекітеді;
Тармақша 232
232) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Комитетке басшылық жасауды төраға жүзеге асырады, ол Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрдің бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда);
Тармақша 3
3) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) аумақтық бөлімшелердің басшы орынбасарларын және бағынысты ұйымдардың басшы орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Министрге аумақтық бөлімшелердің басшыларын ынталандыру және тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) өзінің орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 7
7) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданылуы үшін дербес жауаптылықта болады;
Тармақша 8
8) Комитет қызметкерлерін (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда), сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) аумақтық бөлімшелердің басшыларын іссапарға жіберу (шетелге іссапарға жіберуді қоспағанда), оларға материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 10
10) заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық бөлімшелері басшылардың орынбасарларын, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда) іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 11
11) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы іссапарда және (не болмаса) еңбекке уақытша жарамсыз болған уақытта оның міндеттерін Комитеттің аумақтық бөлімше басшының орынбасарына немесе басқа қызметкеріне жүктеу мәселелерін заңнамада белгіленген тәртіппен шешеді;
Тармақша 12
12) құрылымдық бөлімшелердің ережелерін және өзінің құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;
Тармақша 13
13) Комитет қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда) лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 14
14) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымы мен штат кестелерін келіседі;
Тармақша 15
15) реттейтін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;
Тармақша 16
16) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
Тармақша 17
17) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар актілерінің күшін жояды немесе қолданылуын толық немесе ішінара тоқтатады;
Тармақша 18
18) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;
Тармақша 19
19) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 29
29. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 31
31. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 32
32. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 33
33. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
Тармақ 34
34. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Есік мемлекеттік дендрологиялық паркі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 36
36. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 37
37. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 38
38. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 39
39. «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманшаруашылығын мелиорациялау ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Экологияжәне табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 14
14. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 15
15. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 16
16. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жетісу облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.