О районном совете социальной профилактики правонарушений и антиобщественных проявлений Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құқық бұзушылық және қоғамға жат көріністерді әлеуметтік сауықтырудың аудандық кеңесі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сәйкес, құқық бұзушылық және қоғамға жат көріністерді әлеуметтік сауықтыру мәселесінде мүдделі мемлекеттік органдардың іс-қимылын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық және қоғамға жат көріністерді әлеуметтік сауықтырудың аудандық кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылысын.
Тармақ 2
2. Кеңестің ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімі заңнамамен белгіленген тәртіпте Кеңестің дербес бекітсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Басқа 5. Құқық бұзушылық және қоғамға жат көріністерді әлеуметтік сауықтырудың аудандық кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің 2003 жылғы «3» қараша «Құқық бұзушылық және қоғамға жат көріністерді әлеуметтік сауықтырудың аудандық кеңесі туралы» № 323/11 қаулысымен бекітілді Құқық бұзушылық және қоғамға жат көріністерді әлеуметтік сауықтырудың аудандық кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық және қоғамға жат көріністерді әлеуметтік сауықтырудың аудандық кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) қоғамға жат көріністер мен құқық бұзушылықты әлеуметтік сауықтыру мәселесінде мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын тиімді мақсатында құрылатын тұрақты жұмыс істейтін өндіруші орган.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілері және осы Кеңес қызметінің құқықтық негіздері болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде аудан әкімдігі мен Павлодар облысының әлеуметтік сауықтыру Кеңесі алдында дербес жауап береді.
Тарау 2. 2. Кеңестің құрылуы мен құрылымы
2. Кеңестің құрылуы мен құрылымы
Тармақ 4
4. Құқық бұзушылық және қоғамға жат көріністерді әлеуметтік сауықтырудың аудандық кеңесін құру туралы шешімді аудан әкімдігі қабылдайды. Кеңестің дербес құрамы аудан әкімінің шешімімен көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Кеңесті төраға – аудан әкімінің орынбасары басқарады. Төрағасының орынбасары аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болып табылады.
Тармақ 6
6. Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыспен қамту, мәдениет және спорт, ішкі саясат, экономика кәсіпкерлікті дамыту, қаржылай қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары, қоғамдық және діни бірлес – тіктердің, сонымен қатар орган басқармалардың өкілдері – кеңестің тұрақты мүшелері. Кеңес хатшысы – тиісті әкімдік аппаратында тұрақты жұмыс істейтін штаттық лауазым.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік сауықтыру Кеңесінің мақсаттары мен міндеттері
3. Әлеуметтік сауықтыру Кеңесінің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Мыналар;
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық және қоғамға жат көріністерді әлеуметтік мәселесіне қызмет үйлестіру;
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру, арнаулы – емдеу сауықтыру және оқу мекемесінен оралғандарды, тұратын жері жоқ адамдарды, және әлеуметтік байланыстары жоқтарды әлеуметтік органдардың қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық және қоғамға жат көріністерді әлеуметтік сауықтыру бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;
Тармақша 4
4) қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту мәселесі бойынша қоғамдық және діни бірлестіктермен, сонымен қатар және жеке тұлғалармен бірлесе отырып жұмыс істеу.