Об утверждении Правил выплаты денежного довольствия, пособий и прочих выплат сотрудникам системы органов прокуратуры Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне
ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 55 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне
ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне (бұдан әрі – қызметкерлер) ақшалай ризықты, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тәртібін реттейді.
Осы Қағидалардың күші «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызмет өткеретін әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілерін қоспағанда, барлық қызметкерлерге қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар бойынша ақшалай ризық мына:
Тармақша 1
1) прокуратура органдарының жүйесінде (бұдан әрі – прокуратура органдары ) штаттық лауазымдарға ие;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алатын қызметкерлерге төленеді.
Прокуратура органдарының қарамағына қабылданған қызметкерлерге соңғы лауазымы бойынша ақшалай ризық сақталады.
Прокуратура органдарының кадрларында қалдырыла отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, өзге де мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге ақшалай ризық және өзге де төлемдер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Ақшалай ризықты төлеу үшін оның номенклатурасына кіретін штаттық лауазымға тағайындау туралы, оқуға және қарамағына қабылдау туралы прокуратура органы басшысының бұйрығы негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Қызметтің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы ол белгіленген, бірақ бұйрықта көрсетілген күннен ерте емес, күннен бастап немесе егер бұйрықта үстемеақы белгіленген күні көрсетілмесе, үстемеақы белгілеу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап прокуратура органы басшысының бұйрығы негізінде төленеді.
Тармақ 5
5. Қызметкерлерге қызметтің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы төлеу лауазымнан босатылған күннен немесе үстемеақы төлеу көзделмеген лауазымды уақытша атқаруға кіріскен күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 6
6. Қызметкерлерге тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық көрсетілетін қызметке ақшалай жәрдемақы төлеу қызметке түскен күннен бастап жүргізіледі және басқа құқық қорғау органдарына іссапарға жіберілген не прокуратура органдарынан шығарылған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 7
7. Қызметкерлерге ағымдағы ай үшін ақшалай ризықты төлеу жиырма сегізінші күнге дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - жиырма бесінші желтоқсанға дейін жүргізіледі.
Ақшалай ризықты төлеу күні демалыс немесе мереке күндерімен сәйкес келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.
Ақшалай ризықты төлеу кезінде қызметкер ай сайын жазбаша немесе электрондық нысанда оған тиісті кезең үшін тиесілі ақшалай ризықтың құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшері мен негіздері, сондай-ақ төлеуге жататын жалпы ақшалай сома туралы хабардар етіледі.
Қызметкерлерге ақшалай ризықты белгіленген мерзімнен бұрын төлеуге демалысқа немесе жаңа қызмет орнына кеткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей демалысқа кететін және қызмет бойынша ауысатын адамдарға жол беріледі.
Тармақ 8
8. Толық емес ай жұмыс істеген қызметкерге тиесілі ақшалай ризық мөлшері осы айда жұмыс істеген күнтізбелік күндердің нақты санына негізделе отырып айқындалады.
Толық емес ай үшін ақшалай ризықты төлеу кезінде күнтізбелік күн үшін төлемнің мөлшері толық ай үшін тиесілі ақшалай ризық сомасын осы айдағы күнтізбелік күндер санына бөлу жолымен айқындалады.
Тармақ 9
9. Қызметкерге тиесілі және оған уақтылы төленбеген немесе қажетті мөлшерден аз мөлшерде төленген ақшалай ризық қызметкердің оған құқығы болған барлық кезең үшін талап қою мерзімі шегінде төленеді.
Тарау 2. 2-тарау. Лауазымдық жалақылар, сыныптық шендер үшін
қосымша ақылар
2-тарау. Лауазымдық жалақылар, сыныптық шендер үшін
қосымша ақылар
Тармақ 10
10. Қызметкерлердің лауазымдық жалақылары, сыныптық шендері мен арнаулы атақтары үшін қосымша ақылар «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысымен бекітілетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесімен айқындалады.
Тармақ 11
11. Қызметкерлердің лауазымдық жалақыларының мөлшері атқаратын лауазымдарына қарай және атқаратын лауазымдарын лауазымдар санаттарының топтарына, еңбек сіңірген жылдары мен мемлекеттік қызмет өтіліне жатқызуға қарай олардың лауазымдық жалақылары мен сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақысының мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Штатта қосарланған атауы бар лауазымдар бойынша лауазымдық жалақы лауазымның бірінші атауы бойынша белгіленеді.
Тармақ 12
12. Қызметкерлерге лауазымдық жалақылар, егер лауазымға тағайындау күні көрсетілмесе, лауазымға тағайындалған күннен бастап, бірақ бұйрықта көрсетілген күннен немесе тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бұрын төленеді.
Тармақ 13
13. Сыныптық шендер мен қызметкерлердің арнаулы атақтары үшін қосымша ақылар сыныптық шендер мен арнаулы атақтар үшін қосымша ақыларды есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық жалақының мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Тармақ 14
14. Қызметкерлерге сыныптық шендер үшін қосымша ақы төлеу, егер бұйрықта беру күні айтылмаса, сыныптық шенге ие болған күні немесе оны беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап жүргізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша еңбекақы
3-тарау. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша еңбекақы
Тармақ 15
15. Қызметтің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы негізгі немесе уақытша атқарылатын лауазым бойынша нақты алынатын жалақыға төленеді.
Тармақ 16
16. Егер үстемеақы толық емес айға тиесілі болса, оның сомасы үстемеақының көрсетілген шекті мөлшеріне және осы айдағы күнтізбелік күндер санына негізделе отырып айқындалады.
Тармақ 17
17. Қызметкерді жоғары, тең және төмен тұрған лауазымдарға ауыстыру кезінде сыныптық біліктілік сақталады.
Сыныптық біліктілік прокуратура органдарына жаңадан қабылданған, сондай-ақ сот шешімі бойынша жұмысы қалпына келтірілген адамдарда қызметінде үш айға дейінгі үзіліспен сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін сыныптық біліктілікті беру жалпы негіздерде жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Қызметкерлерге Семей ядролық полигонында ядролық сынақ аумақтарында тұрғаны үшін және экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін қосымша ақы төленеді, «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» және «азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын мөлшерде және тәртіппен коэффициенттерді қолдана отырып, еңбекке ақы төлеу белгіленеді. Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккендер».
Тарау 4. 4-тарау. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде
жүргізілетін төлемдер
4-тарау. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде
жүргізілетін төлемдер
Тармақ 19
19. Қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығының барлық кезеңі үшін, сондай-ақ отбасының науқас мүшелеріне күтім жасау бойынша ақшалай ризықты төлеу растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін ғана толық көлемде жүргізіледі
Тармақ 20
20. Прокуратура органдарының қарамағында болған кезеңде ауырып қалған қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі үшін ақшалай ризық төленеді.
Тармақ 21
21. Жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде қызметкерлер ауырған кезде ауырған күндері үшін ақшалай ризық төленбейді.
Егер ауруы аталған демалыстар аяқталғаннан кейін де жалғаса берсе, ақшалай ризық тиісті демалыс аяқталған күннен кейінгі күннен бастап және қызметкер қызметке шыққан күнге дейін төленеді.
Тарау 5. 5-тарау. Прокуратура органдарының қарамағында болған уақыт үшін жүргізілетін төлемдер
5-тарау. Прокуратура органдарының қарамағында болған уақыт үшін жүргізілетін төлемдер
Тармақ 22
22. Атқаратын лауазымдарынан босатылған қызметкерлерге прокуратураның тиісті органдарының қарамағында болған уақыт үшін штаттық лауазымнан босатылған күннен бастап ақшалай қаражат төленеді.
Төлемдер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тиісті прокуратура органдарының қарамағында болу мерзімдері кезеңінде жүргізіледі.
Қызметкерді қарамағына қабылдау туралы бұйрықта оның қарамағында болған кезеңде тиісті төлемдерді жүзеге асыратын прокуратура органы көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Қызметкерлерге қарамағында болған уақыты үшін Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұрғаны үшін қосымша ақы немесе экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін коэффициенттер қолданыла отырып еңбекақы көрсетілген қосымша төлем белгіленген аудандар мен жергілікті жерлерде прокуратура органдарының қарамағында болған жағдайда сақталады.
Тармақ 24
24. Қызметкерлерге сыйақы төлеу қарамағында болу кезеңінде жүргізілмейді.
Тарау 6. 6-тарау. Лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетілген және қамаққа алуда болған уақыт үшін, сондай-ақ қызметте қалпына келтірілген адамдарға жүргізілетін төлемдер
6-тарау. Лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетілген және қамаққа алуда болған уақыт үшін, сондай-ақ қызметте қалпына келтірілген адамдарға жүргізілетін төлемдер
Тармақ 25
25. Лауазымдық міндеттерін атқарудан шеттетілген қызметкерлерге қылмыстық процесті жүргізуші орган ақшалай ризықты төлеуді тоқтата тұрады.
Тармақ 26
26. Оларға қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған қызметкерлерге ақшалай ризықты төлеу күзетпен ұстауға алынған күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 27
27. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда прокуратура органының басшысы лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттеткен қызметкерлерге жауаптылығы туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ақшалай қаражат сақталады.
Тармақ 28
28. Қылмыс жасағаны үшін сотталуына байланысты прокуратура органдарынан босатылған, кейін ақталған және тиісінше лауазымы мен арнаулы атағы қалпына келтірілген қызметкерлерге қызметте мәжбүрлі болмаған уақыты үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік және Еңбек кодекстерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ақшалай ризық өтеледі.
Тарау 7. 7-тарау. Демалыс уақыты үшін жүргізілетін төлемдер
7-тарау. Демалыс уақыты үшін жүргізілетін төлемдер
Тармақ 29
29. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде демалысқа кеткен күні атқаратын штаттық лауазымы бойынша екі лауазымдық жалақақы мөлшерінде не қызметкер прокуратура органының қарамағында болған жағдайда, соңғы атқаратын штаттық лауазымы бойынша қарамағына қабылданған күніне қарай сауықтыру үшін жылына бір рет жәрдемақы төленеді.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөлініп берілген жағдайда, сауықтыру үшін жәрдемақы төлеу демалыстың бірінші бөлігі берілген кезде жүргізіледі.
Жұмыстан босатылған жылы төленген жәрдемақы қайтарылуға жатпайды.
Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін үш жұмыс күнінен бұрын кешіктірілмей, ал еңбек демалысы демалыс кестесінен тыс берілген жағдайда – ол берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Прокуратура органдарына қызметке басқа құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан ауысу (іссапарға жіберу) тәртібімен келген және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері қатарынан келген адамдарға оларды ауыстырған (келген) жылы сауықтыруға арналған жәрдемақы оларға бұрынғы қызмет орны бойынша жәрдемақы төленбеу фактісі расталған кезде төленеді (бұйрықтан үзінді, ақшалай аттестат және т.б.).
Тармақ 31
31. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарына түскен қызметкерлерге оқу демалысы кезінде ақшалай ризық төленбейді.
Тарау 8. 8-тарау. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге
ақшалай жәрдемақы төлеу
8-тарау. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге
ақшалай жәрдемақы төлеу
Тармақ 32
32. Қызметкерлерге тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеу шығыстарын төлеу үшін ақшалай жәрдемақы төленеді.
Тармақ 33
33. Ақшалай жәрдемақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес айқындалады.
Тармақ 34
34. Ақшалай жәрдемақы төлеу әр қызметкерге туыстық қатынастарына және бірге тұруына қарамастан жүргізіледі (яғни күйеуіне, әйеліне, балаларына, егер олар қызметкерлер болса).
Тармақ 35
35. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, өзге де мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға прокуратура органдарының кадрларында қалдырыла отырып іссапарға жіберілген қызметкерлерге ақшалай жәрдемақыны олар іссапарға жіберілгенге дейін штатында болған органдар төлейді.
Тарау 8-1. 8-1-тарау. Прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерін қызмет бабында ауыстыру және жылжыту кезінде көтерме жәрдемақы төлеу
8-1-тарау. Прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерін қызмет бабында ауыстыру және жылжыту кезінде көтерме жәрдемақы төлеу
Тармақ 35-1
35-1. Қызметкерді қызмет бабында бір елді мекеннен екінші елді мекенге елу километрден астам қашықтыққа көшумен байланысты ауыстыру және жылжыту кезінде қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қаражат және онымен бірге көшіп келген әрбір отбасы мүшесіне жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.
Көтерме жәрдемақыны есептеу үшін қызметкерді тағайындау күніндегі ақшалай қаражат қолданылады.
Егер зайыбы мен жұбайы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері болып табылған жағдайда, олардың қалған отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы олардың таңдауы бойынша біреуіне осы жәрдемақыны алушының ақшалай қаражатының айлықақысынан төленеді.
Тармақ 35-2
35-2. Прокуратура органдары жүйесі қызметкерін қызмет бабында ауыстыру және жылжыту кезінде оған бюджет қаражаты есебінен он тоннаға дейін өз мүлкін тасымалдағаны үшін, сондай-ақ онымен бірге көшіп келген отбасы мүшелерін қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігінде жол жүргені үшін шығындар өтеледі.
Автомобиль жолдарының ұзындығы елді мекендердің шекаралары арасында кету пунктінен межелі пунктіне дейін айқындалады. Елді мекендер арасындағы қашықтық автомобиль жолдарының маңыздылық деңгейіне қарамастан, ең қысқа жол бойынша есептеледі.
Тармақ 35-3
35-3. Көтерме жәрдемақы төлеу үшін мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) еркін нысандағы баянат;
Тармақша 2
2) мүлікті тасымалдау жөніндегі құжаттар (шарт, тауар-көлік жүкқұжаты, орындалған жұмыстар актісі, фискалдық чек, кірісті кассалық ордер, шот-фактура);
Тармақша 3
3) жол жүру құжаттары;
Тармақша 4
4) прокуратура органдарының кадр бөлімшесі берген тағайындалған күнгі отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) отбасы мүшелерінің туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 6
6) жиырма үш жасқа дейінгі адамдардың күндізгі оқу нысанының білім алушылары екендігі туралы оқу орнының анықтамасы;
Тармақша 7
7) қызметкердің асырауындағы ата-аналардың дербес табыс көзінің жоқтығы туралы құжаттар ұсынылғаннан кейін шығарылған бұйрық негіз болып табылады.
Қызметкерлердің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы) балалары; жұбайының (зайыбының) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалары; мүгедектігі бар (асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалар және жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-аналары мен жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі.
Асырауындағы адамдар деп құқық қорғау органы қызметкерінің табысы есебінен өмір сүретін және дербес табыс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады.
Тарау 9. 9-тарау. Прокуратура органдарынан
шығарылған кезде жүргізілетін төлемдер
9-тарау. Прокуратура органдарынан
шығарылған кезде жүргізілетін төлемдер
Тармақ 36
36. Прокуратура органдарынан шығарылған қызметкерлерге:
Тармақша 1
1) жұмыстан шығарылған күнге лауазымды атқарғандарға – жұмыстан шығару туралы бұйрықта көрсетілген шығарылған күннің алдындағы күн немесе егер шығарылған күні көрсетілмесе, жұмыстан шығару туралы бұйрыққа қол қойылған күн бойынша ақшалай ризықты төлем;
Тармақша 2
2) жұмыстан шығарылған күнге прокуратура органдарының қарамағында тұрғандарға - қарамағында болған күн бойынша ақшалай қаражатты төлем жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Төлемдерді прокуратура органы басшысының бұйрығы негізінде қызметкердің соңғы қызмет орны бойынша прокуратура органдарының қаржы бөлімшесі жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Прокуратура органдарынан шығарылатын қызметкерлерге жұмыстан шығарылған жылы пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін ақшалай жәрдемақы осы жылы қызмет еткен уақытқа барабар, бірақ күнтізбелік қырық күннен аспайтын мерзімге төленеді.
Пайдаланылмаған демалыс күндері үшін ақшалай жәрдемақы толық ай үшін тиесілі ақшалай қаражат сомасын жұмыстан шығарылған жылдағы күнтізбелік күндердің орташа айлық санына бөлу жолымен айқындалатын күнтізбелік күн үшін төлем мөлшеріне негізделе отырып есептеледі.
Тарау 10. 10-тарау. Магистранттарға, докторанттарға, прокуратура органдарына қызметке кіретін және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында бастапқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдарға төленетін төлемдер
10-тарау. Магистранттарға, докторанттарға, прокуратура органдарына қызметке кіретін және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында бастапқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдарға төленетін төлемдер
Тармақ 39
39. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасына және докторантурасына қабылданған қызметкерлерге оқу уақытына оқуға жіберілгенге дейін атқаратын соңғы (уақытша орындалмайтын) штаттық лауазым бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық айлықақы, сондай-ақ сыныптық шені мен арнаулы атағы үшін қосымша ақы белгіленеді.
Тармақ 40
40. Прокуратура органдарына қызметке кіретін және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында бастапқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдарға (бұдан әрі –тыңдаушылар) қабылданған күннен бастап шәкіртақы төленеді, оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тарау 11. 11-тарау. Ақшалай аттестаттар
11-тарау. Ақшалай аттестаттар
Тармақ 41
41. Ауыстырулар, ауысулар, сондай-ақ жұмыстан шығару кезінде қызметкерге осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақшалай аттестат беріледі.
Тармақ 42
42. Қызметкерлерге ақшалай аттестат оларға кету парағы ұсынылғаннан кейін беріледі.
Тармақ 43
43. Кету кезінде ақшалай аттестат қызметкердің ақшалай ризықты төлеу және заңнамада көзделген өзге де төлемдер бойынша берешегі себебінен берілмеген жағдайларда, сондай-ақ кету парағы ұсынылмаған жағдайда прокуратура органдарының қаржы бөлімшесі бұл аттестатты қызметкер берешекті өтегеннен және кету парағын бергеннен кейін кеткен адамның жаңа қызмет орны бойынша жібереді.
Тармақ 44
44. Жаңа қызмет орнына келген қызметкерлерге ақшалай ризық бұрынғы қызмет орны бойынша берілген ақшалай аттестатта көрсетілген деректерді ескере отырып, тағайындау туралы бұйрық негізінде төленеді.
Тарау 12. 12-тарау. Осы Қағидалардың қолданылу саласы
12-тарау. Осы Қағидалардың қолданылу саласы
Тармақ 45
45. Прокуратура органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу мәселелері бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Басқа 1. № АҚШАЛАЙ АТТЕСТАТ
Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары жүйесінің
қызметкерлеріне ақшалай ризықты,
жәрдемақылар мен басқа да
төлемдерді төлеу қағидаларына
қосымша
Нысан
№ АҚШАЛАЙ АТТЕСТАТ
______________________________________________________________
(аттестатты берген органның атауы)
төмендегілерді куәландырады:
__________________________________________________________
(әскери немесе арнаулы атағы, лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке нөмірі)
___________________________________________________________
1. Лауазымдық жалақысы айына____________________________теңге.
2. Сыныптық шен (арнаулы атағы) үшін қосымша ақы айына _теңге.
3. Сыныптық біліктілік үшін үстемеақы айына ____________ теңге.
4. Құпиялылық үшін үстемеақы айына___________ теңге.
5. Шифрлау жұмысы үшін үстемеақы айына_____________теңге.
6. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай
жәрдемақы айына ______________ теңге.
7. Лауазымдық жалақысын есептеу үшін еңбек сіңірген жылы
на 20____ жылғы ____________ жай-күй бойынша
_______жыл______ай______ күн деп белгіленді.
Мынадай ақшалай ризық түрлерімен қанағаттандырылды:
8. Лауазымдық жалақы __________________________________.
9. Сыныптық шен (арнаулыатақ) үшін қосымша ақы ______________.
10. Сыныптық біліктілік үшін үстемеақы ___________________.
11. Құпиялылық үшін үстемеақы______________________________.
12. Шифрлау жұмысы үшін үстемеақы _____________________.
13. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай
жәрдемақы ________________________________.
14. Алименттер, кімге:_______________________________________
мөлшері ________________________________________________.
15. Демалыс 20 ___ жылға____________________________________.
(пайдаланған-пайдаланбағанын көрсету)
16. Сауықтыру жәрдемақысы ________________________________
(төленген-төленбегенін көрсету)
Берешегі бар______________________________________
(берешек түрін көрсету)
______________________________________________________.
______20___жылдан бастап. ______________ қарамағында.
Қызметкердің ЖСН _______________________________________
Қызметкердің ағымдағы шоты_______________________________
(Шот №, банктің атауы)
_______________________________________________________
Аттестат байланысты берілді
(қызметі бойынша ауысу, жұмыстан шыгу және т.б.)
_______________________________________________________
__________ 20 ____жылғы «___» __________№ _____ бұйрыққа сәйкес
М.О.
Басшы
(қолы)
Бас бухгалтер ___________________________________
(қолы)
Аттестаттағы деректер дұрыс деп есептеймін___________________
(қолы)