Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2003 жылдың 17 наурыздағы № 253 қаулысын іске асыру мақсатында аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес құрылсын, оның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңестің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын өз бақылауыма аламын.
Басқа 4. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімиятының 2003 жылғы 27 қарашадағы № 182 қаулысымен бекітілген № 1 қосымша Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Консультативтік-кеңесші орган - үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.
Тармақ 3
3. Кеңестің төрағасы - аудан әкімі болады, аудандық Кеңестің құрамына ішкі саясат және әлеуметтік сала сұрақтары жөніндегі аудан әкімінің орынбасары, аудандық мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. Кеңестің дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 31 баптарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясында бекітіледі.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері
2. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кешенді аймақтық саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды анықтау және ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 2
2) үкіметтік емес ұйымдарға консультативтік, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру- техникалық қолдау көрсетудің кешенді жүйесін жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы және өзара іс-әрекеттестігі жүйесін жетілдіру;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзыретіне кіретін өзекті мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарау, тиісті ұсынымдарды әзірлеу;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар жобаларды және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және қарауға қатысу;
Тармақша 6
6) үкіметтік емес сектордың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу, аудандық үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру;
Тармақша 7
7) үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің төркінің жан-жақты көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу;
Тармақша 8
8) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;
Тармақша 9
9) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне арналған конференцияларға, мәжілістерге, семинарларға қатысу.
Тарау 3. 3. Кеңестің өкілеттігі
3. Кеңестің өкілеттігі
Тармақ 5
5. Кеңес өзінің құзыреті шеңберінде мыналарға құқылы:
Тармақша 10
10) өзінің мәжілістерінде аудандық атқарушы органдарының басшыларын, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін таңдайды;
Тармақша 11
11) аудандық атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты ақпараттар сұратады;
Тармақша 12
12) Кеңестің мәжілістерін әзірлеуге, бағдарламалық құжаттарды даярлауға қатысу үшін беделді және кәсіби даярлығы бар, жұртшылықтың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін штаттан тыс сарапшы ретінде тартады;
Тармақша 13
13) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы статистикалық, талдау, әдістемелік және басқада ақпараттық материалдарды жолдайды;
Тармақша 14
14) Кеңес азаматтардан түскен өтініштерді, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қараудың қорытындысы жөніндегі материалдарды осы мәселелер бойынша шешім алу үшін тиісті жергілікті атқарушы органдарға немесе лауазым иелеріне жібереді.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңес төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен құралады.
Тармақ 7
7. Кеңестің төрағасы Кеңестің мәжілісін жүргізеді, Кеңестің хаттамаларына және басқа да құжаттарына қол қояды, мәжіліске енгізілетін мәселелерді айқындайды, басқа да ұйымдастыру басқарушылық міндеттерді орындайды. Кеңестің төрағасы болмаған кезде оның міндетін орынбасары атқарады.
Тармақ 8
8. Кеңестің мәжілісі тоқсан сайын өткізіледі. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес отырысында бекітіледі.
Тармақ 9
9. Кеңестің мүшелері қаралған мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар түсіруге, ескертулер айтуға құқылы.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшесінің өз өкілеттігін мәжіліске қатысу үшін басқа адамға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 11
11. Кеңестің шешімі ұсыныстық сипатта болады.
Тармақ 12
12. Кеңестің шешімі мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болады.
Тармақ 13
13. Кеңес жұмысын ұйымдық жағынан қамтамасыз етуді ішкі саясат бөлімі жүзеге асырады.