Об утверждении натуральных норм положенности специального автотранспорта и натуральных норм площадей для специфических помещений Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и его территориальных подразделений Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігі Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің арнайы
автокөлігінің тиесілік заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
төрағасының
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 11 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігі Ұлттық статистика бюросы аумақтық бөлімшелерінің арнайы
автокөлігінің тиесілік заттай нормалары
№
Функционалдық мақсаты
Арнайы автокөлікті пайдалану құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер
Әрбір заңды тұлғаға арналған арнайы автокөліктің заттай нормалары
1.
Аумақтық статистика бөлімшелерінде статистикалық байқауларды жедел жүзеге асыруға арналған арнайы автокөлік құралдары
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаменті
10
2.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті
20
3.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті
13
4.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті
11
5.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті
8
6.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
13
7.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті
11
8.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті
11
9.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті
13
10.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті
20
11.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті
9
12.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті
7
13.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті
13
14.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті
14
15.
Департамент ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті
18
16.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлытау облысы бойынша департаменті
5
17.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
11
Ескертпе:
арнайы автокөлік - шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін салыстырып тексеру және нақтылау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; Статистикалық жұмыстар жоспарын уақтылы орындау мақсатында статистикалық байқаулар жүргізу кезінде; ұлттық санақ жүргізу; бақылап аралап шығуды жүргізу; әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу; өндірістік қажеттіліктер үшін (интервьюерлер пікіртерім жүргізуі үшін, тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңы және аудан ішінде және ауданаралық (қалааралық, облыс ішінде) автомобиль тасымалдары жоқ елді мекендерге шығу үшін) аумақтық статистика бөлімшелерінде пайдаланылатын жеңіл автомобиль;
жеңіл автомобильдер базасындағы қозғалтқыштың көлемі 2400 текше сантиметрден аспауы тиіс.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің
ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
төрағасының
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 11 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің
ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары
№ р/с
Үй-жайдың атауы
Өлшем бірлігі
Бөлменің ауданы
1
2
3
4
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы үшін:
1.
Серверлік жабдықты орналастыруға арналған үй-жай
Шаршы метр
70
2.
Мұрағатты орналастыруға арналған үй-жай
Шаршы метр
100
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері үшін:
1.
Алғашқы статистикалық деректерді қабылдауға және тіркеуге (бақылауға) арналған үй-жай («Бір терезе»):
Республикалық маңызы бар қалалар бойынша статистика департаменттері
Шаршы метр
120
Облыс орталықтарындағы статистика департаменттері
Шаршы метр
100
Қалалар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері
Шаршы метр
30
Аудандар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері
Шаршы метр
15
2.
Телефондық пікіртерімнің компьютерлендірілген жүйесіне арналған үй-жай (ТПКЖ):
Республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары бойынша статистика департаменттері
Шаршы метр
30
3.
Серверлік жабдықты орналастыруға арналған үй-жай:
Республикалық маңызы бар қалалар бойынша статистика департаменттері
Шаршы метр
50
Облыс орталықтарындағы статистика департаменттері
Шаршы метр
40
4.
Мұрағатты орналастыруға арналған үй-жай:
Республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары бойынша статистика департаменттері
Шаршы метр
150
Қалалар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері
Шаршы метр
15
Аудандар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері
Шаршы метр
10
5.
Зерттеуші кабинетіне арналған үй-жай:
Республикалық маңызы бар қалалар бойынша статистика департаменттері:
Астана қ.
Шаршы метр
15
Алматы қ.
Шаршы метр
22