Об утверждении Инструкции по планированию и подготовке материалов организационно-штатных мероприятий, разработке штатов органов гражданской защиты Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 175-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 07.02 № 64 бұйрығына қосымша Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі - Министрлік туралы ереже) 16-тармағының 175-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау мен дайындау, азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі - АҚО) штаттарын әзірлеу жөніндегі іс-шараларын орындауды нақтылайды.
Тарау 2. 2-тарау. Ұйымдық-штаттық іс-шараларды жоспарлау
2-тарау. Ұйымдық-штаттық іс-шараларды жоспарлау
Тармақ 2
2. АҚО ұйымдық-штаттық іс-шаралар (бұдан әрі - ҰШІ) ұйымдық-штаттық құрылымды жетілдіру, бөлімшелердің жеке құраммен жасақталу сапасын жақсарту мақсатында жоспарланады.
Тармақ 3
3. ҰШІ «Министрліктердің аумақтық органдары мен оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам саны ескерілген штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ), олардың аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің штат санының лимиттері (бұдан әрі – ТЖМ штат санының лимиттері) шегінде қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4
4. Ұйымдық-штаттық құрылымды жетілдіру бойынша ұсыныстарды ТЖМ құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері өз құзыреті шегінде әзірлейді. Ұсыныстар қызмет бағытын штаттық қамтамасыз етуді, бөлімшелер бойынша жинақталмауды, ұйымдық-штаттық шешімге байланысты күтілетін нәтижелер туралы мәліметтерді зерделеуді ескере отырып әзірленеді.
Тармақ 5
5. Басқарудың барлық деңгейлерінде сеніп тапсырылған бөлімшелердің қызметкерлері мен қызметшілеріне нақты жүктемені талдау ғылыми негізделген нормативтерге сәйкес жүргізіледі, оның негізінде олардың нормативтік штат саны айқындалады және оны қайта бөлу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
Тармақ 6
6. ҰШІ өткізудің орындылығын талдау кезінде қаржылық тәуекелдер (лауазымның қысқаруына немесе бөлімшенің таратылуына байланысты жұмыстан босату кезінде көзделген төлемдер), кадрлық тәуекелдер (кәсіби қызметті бойынша жоғары нәтижелі кәсіби және тәжірибелі кадрлардың кадр құрамынан шығуымен байланысты), АҚО қызметінің тиімділігін төмендету тәуекелдері (ресурстық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі) ескеріледі.
Тармақ 7
7. ҰШІ жүзеге асырудың орындылығы туралы шешімді ТЖМ басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қабылданатын басқарушылық және кадрлық шешімдердің негізділігін қамтамасыз ететін тәуекелдерді бағалау нәтижелеріне сүйене отырып қабылдайды.
Тармақ 8
8. Лауазымдардың қысқаруы мен жалпы штат санының қысқаруымен қатар жүретін АҚО ұйымдық-штаттық құрылымын оңтайландыру қажеттілігі туындаған кезде ТЖМ басшысының тиісті ҰШІ жүргізу туралы шешімнің келісімін алған күні бар бос лауазымдар басым тәртіппен қаралады.
Тармақ 9
9. АҚО ҰШІ-ды өткізу кезеңінде қысқартылатын лауазымдар немесе таратылатын бөлімшенің қызметі берілен бөлімшеге қызметке қабылдау, қысқартылатын лауазымдарды немесе таратылған бөлімшедегі лауазымдарды алмастыратын қызмет түріне сәйкес келетін лауазымдарға қабылдау тоқтатылады.
Тармақ 10
10. Штат санын қайта бөлу бойынша ҰШІ өткізуге ұсыныстарды ТЖМ кадр қызметіне ТЖМ құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдар және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер ағымдағы жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Тармақ 11
11. Келіп түскен ұсыныстар негізінде және қабылданатын немесе қолданылып жүрген заңнаманы іске асыруда ҰШІ әзірленген жағдайда ҰШІ жобалары әзірленеді және ТЖМ басшысына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға қарауға ұсынылады.
Тармақ 12
12. Штат санының лимиттерін ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу кезінде:
Тармақша 1
1) ТЖМ мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлердің нақты жүктемесін, жедел жағдайдың жай-күйін және бөлімше қызметінің көрсеткіштерін ескере отырып, функционалдық талдау негізінде дайындалған негіздемелермен қосымша штат санын енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бюджетті жоспарлау саласындағы уәкілетті органдармен (бұдан әрі - ҰЭМ, Қаржымині) штат санын ұлғайтудың орындылығы мәселесін пысықтау;
Тармақша 3
3) ҰЭМ мен Қаржыминінің оң қорытындысы кезінде белгіленген тәртіппен Мемлекет басшысымен не оның өкілеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу үшін ТЖМ штат санының лимиттерін ұлғайту жөнінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ұсыныстар дайындау және енгізу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат санының лимиттерін ұлғайтуға келісімін алған кезде ТЖМ бюджеттік өтініміне республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - РБК) қарауына жататын қосымша қаржылық шығыстар енгізіледі;
Тармақша 5
5) енгізілетін қосымша штат санын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру жөніндегі РБК оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының тиісті жобасын дайындау және енгізу қамтамасыз етіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын дайындау
3-тарау. Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын дайындау
Тармақ 13
13. ҰШІ материалдарын дайындау үшін мына құжаттарды әзірленеді:
Тармақша 1
1) ҰШІ жүргізу туралы ұсыныстар;
Тармақша 2
2) штаттардағы өзгерістер тізбесі;
Тармақша 3
3) қаржылық-экономикалық негіздеме.
Тармақ 14
14. ҰШІ жүргізу туралы ұсыныстардың мәтіні ерікті түрде:
Тармақша 1
1) ҰШІ жүргізу үшін құқықтық актілерге сілтемелері;
Тармақша 2
2) ҰШІ жүргізудің мақсаттары мен міндеттері;
Тармақша 3
3) ҰШІ жүргізуден күтілетін нәтижелері;
Тармақша 4
4) енгізілетін ұсыныстардың қаржылық-экономикалық негіздемелері көрсетіле отырып жасалады.
Тармақ 15
15. ҰШІ бойынша ұсыныстарға ТЖМ құрылымдық бөлімшесінің, аумақтық органның және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы қол қояды.
Тармақ 16
16. Штат санын ұлғайтуды көздейтін ұйымдық-штаттық мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу және басқарушылық шешімдер қабылдау осы Нұсқаулықтың 17-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызметкерлер санының нормативтеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтық актілерге сәйкес қызметкерлердің нақты жүктемесі ескеріле отырып (оның ішінде функциялар санын ұлғайта отырып) қамтамасыз етіледі.
Тармақ 17
17. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарын және ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесін әзірлеу кезінде мыналар басшылыққа алынады:
Тармақша 1
1) бөлімшенің, оның ішінде кіретін құрылымдық бөлімшелер мен жекелеген лауазымдар бойынша қызметтік жұмыстың көлемін сипаттайтын функционалдық талдау;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығы және құрылымдық бөлімше туралы ереже;
Тармақша 3
3) осы Нұсқаулық;
Тармақша 4
4) Министрлік туралы ереженің 16-тармағының 71) тармақшасына сәйкес бекітілетін азаматтық қорғау органдары қызметкерлері санының нормативтері;
Тармақша 5
5) ТЖМ штат санының лимиттері;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 мамырдағы № 643қбпү қаулысымен бекітілген арнаулы атақтар берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтардың тізбесі;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 453қбпү Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери лауазымдар мен оларға сәйкес әскери атақтар тізбесі;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 қбпү Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттар бойынша тізілімі;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;
Тармақша 11
11) ТЖМ тиісті құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру көлемі;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 328 бұйрығымен бекітілген азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі.
Тармақ 18
18. Ұйымдық-штаттық мәселелер бойынша бекітілген бұйрықтар немесе олардың үзіндісі ТЖМ мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, аумақтық органдарға және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге жолданады.
Тарау 4. 4-тарау. Азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу
4-тарау. Азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу
Тармақ 19
19. ҰШІ бойынша бұйрықтарды дайындау мен рәсімдеу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттары осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
Тармақ 21
21. «Әскери немесе арнаулы атақ (персонал санаты)» бағанында штаттарға енгізілген әрбір лауазымның жолына лауазым бойынша шекті әскери немесе арнаулы атақ, басқа лауазымдар бойынша осы лауазымға жататын персонал санаты (мемлекеттік әкімшілік қызметші, азаматтық қызметші, жұмысшы персонал) жазылады. «Лауазымдар саны» бағанында лауазымның әрбір атауы бойынша белгіленетін штат бірліктерінің саны көрсетіледі. «Лауазым санаты» бағанында осы Ереженің 3-тарауы 18-тармағы 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген лауазымдар тізілімі мен санаттарымен бекітілген лауазымдар санаты көрсетіледі. «Ұстау көзі» бағанында қаржыландыру көзінің қысқартылған түрде белгіленуі көрсетіледі: республикалық бюджет - РБ.
Тармақ 22
22. Әрбір құрылымдық бөлімшеден кейін оның санының қорытындысы шығарылады. Штат санының жалпы жиыны штаттардың соңында қойылады. Штат санының жалпы жиынынан кейін персонал санаты бойынша саны көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Штаттардың барлық бағандары толтырылады. Қаржыландыру көзін қоспағанда, штаттарда қысқартуларды қолдануға және сөздерді тасымалдауға жол берілмейді.
Тармақ 24
24. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ осы тарауда көзелген ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарын рәсімдеу бойынша талаптарға сәйкес рәсімделеді. Жаңа құрылымдық бөлімше құрылған жағдайда оның атауының астында жақшада: «(қайтадан құрылады)» деп көрсетіледі. Құрылымдық бөлімше таратылған жағдайда жақшада: «(таратылады)» деп көрсетіледі, төмендегі жол «барлық лауазымдар қысқартылады» деген жазбамен толықтырылады. Құрылымдық бөлімше қайта ұйымдастырылған кезде: «қайта ұйымдастырылады» деп көрсетіледі. Бөлімшенің орналасқан жерінің атауы өзгерген жағдайда оның атауының астында жақшада: «(орналасқан жерінің атауы өзгертіледі)» деп көрсетіледі.
Тармақ 25
25. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделеді.
Басқа 1. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттары
Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттары Аппараттар мен лауазымдардың атауы Әскери немесе арнаулы атақ (персонал санаты) Лауазымдар саны Лауазым санаты Ұстау көзі ____________________________________ (орган атауы) _____________________ (орналасқан жері) Оның ішінде: республикалық бюджет есебінен ұсталады - соның ішінде: әскери қызметшілер - АҚО қызметкерлері - мемлекеттік әкімшілік қызметшілер - азаматтық қызметшілер - жұмысшы персонал -
Басқа 2. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесі
Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер тізбесі Аппараттар мен лауазымдардың атауы Әскери немесе арнаулы атақ (персонал санаты) Лауазымдар саны Лауазым санаты Ұстау көзі енгізіледі қысқар-тылады ____________________________________ (орган атауы) _____________________ (орналасқан жері)
Басқа 3. ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер
Ұйымдық-штаттық іс-шаралар материалдарын жоспарлау және дайындау, азаматтық қорғау органдарының штаттарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттарындағы өзгерістер Органдар және бөлімшелер атауы Штат саны оның ішінде санаттар бойынша орта және аға басшы құрам кіші басшы құрам әкімшілік және азаматтық қызметшілер ұлғаяды азаяды ұлғаяды азаяды ұлғаяды азаяды ұлғаяды азаяды Жиыны