Некоторые вопросы Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiн ұйымдастыру-құрылымдық жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментiне (бұдан әрi - Қазынашылық) заңды тұлға мәртебесi берiлсiн.
Тармақ 2
2. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.09. N 1028 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Оның жекелеген функцияларын, мүлiк пен iстi басқару жөнiндегi өкiлеттiгiн Қазынашылыққа беру арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкi таратылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 1997 жылдың 31 желтоқсанына дейiн заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiн таратуды жүргiзсiн және 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттiк мекемелерге қолма-қол ақша берудi екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырсын; 1997 жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде Қазынашылық валюталық шоттары арқылы бюджеттiк мекемелердiң валюталық операцияларын орталықтандырылған жүргiзудiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментiне банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазынашылық пен оның Алматы, Ақмола қалаларындағы және облыс орталықтарындағы аумақтық органдарына байланыс арналарын бөлудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Мыналардың: "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 42-құжат); "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 қыркүйектегi N 1349 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi туралы ЕРЕЖЕ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкi­метiнiң 1997 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы N 1466 қа­улы­сы­мен Бекiтiл­ген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi туралы ЕРЕЖЕ 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.09. N 1028 қаулысымен.