Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств по Актюбинской области Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-4) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 352 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24970 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Басқа 6
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылғы 13 ақпандағы
№ 30
қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Қосымша білім беру бағыттарының түрлері
Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны
Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
Ғылыми-техникалық бағыт - 1925
1
Авиамодельдеу
50
14245
2
Автомодельдеу
100
14245
3
Кинобейне жаса
175
14245
4
Компьютерлік графика
150
14245
5
Компьютерлік дизайн
120
14245
6
Ұлттық қолөнер
85
14245
7
Бастапқы техникалық модельдеу
100
14245
8
Бағдарламалау
220
14245
9
Радиотехника
25
14245
10
Робототехника
700
14245
11
Судомодельдеу
50
14245
12
Электротехника
75
14245
13
3Д-модельдеу
75
14245
Ғылыми-техникалық бағыт
(ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін) - 25
1
Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру
25
22766
Көркемдік-эстетикалық бағыт – 1065
1
Киім дизайны
25
13449
2
Модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін
240
14245
3
Көрпе тігу және томбурлы кестелеу
100
13449
4
Оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар)
120
13449
5
Тоқыма тоқу
120
13449
6
Киімді көркемдік үлгілеу
95
13449
7
Ағашты көркемдік өңдеу
85
14245
8
Былғарыны көркем өңдеу
25
13449
9
Металды көркемдік өңдеу
60
14245
10
Тігу, макраме
195
13449
Көркемдік-эстетикалық бағыт
(ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін) - 95
1
Модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін
25
23766
2
Оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар)
45
23766
3
Тігу, макраме
25
23766
Әлеуметтік-педагогикалық бағыт - 610
1
Журналистика, медиа орталықтар
110
9680
2
Шешендік өнер
320
9680
3
Кәсіпкерлік негіздері
180
9680
Гуманитарлық бағыт - 1205
1
Тіл курстары
1205
9680
Жаратылыстану-математикалық бағыт - 915
1
Математикалық курстар
915
9680
Туризм және өлкетану бағыты - 160
1
Тарихи өлкетану
50
9680
2
Жол іздеуші-құтқарушы
50
13449
3
Этнографиялық, ауылдық туризм
60
13449
Барлығы
6000
-