Об утверждении Инструкции по несению патрульно-постовой службы сотрудниками полиции Республики Казахстан по обеспечению охраны общественного порядка и дорожной безопасности в населенных пунктах и на загородных автомобильных дорогах Қолданыста
Басқа 0
Елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туралы ереженің 15 тармағының 54-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Басқа 0. Елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық
тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы
полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 164 Бұйрығымен
бекітілген
Елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық
тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы
полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-Тарау. Жалпы ережелер
1-Тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық елді мекендерде және қала сыртындағы автомобиль жолдарында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) патрульдік-бекеттік қызметті (бұдан әрі - қызмет) атқару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Патрульдік-бекеттік қызметті атқаруды патрульдік-бекеттік жасақтары (бұдан әрі - ПБЖ) қамтамасыз етеді.
ПБЖ құрамы жедел жағдайға және қызмет атқару ауысымына байланысты екі және одан да көп қызметкерлерден және (немесе) Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен тұрады, олардың қатарынан жетекшi тағайындалады. ПБЖ жетекшісі қызмет атқару кезінде қойылған міндеттердің нақты орындалуын, қызмет атқару кезінде және ұсталған адамдарды жеткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Қызметке түсетін ПБЖ маусым бойынша нысанды киім киеді, сырт келбеті ұқыпты болады.
Тармақ 3
3. Қызмет атқару кезеңінде ПБЖ Жедел басқару орталығының, полиция органдарының кезекші бөлімінің (бұдан әрі - кезекші бөлім) немесе қызметке басшылықты жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жедел бағынысында болады. ПБЖ олардың қарамағына қызметке кірісу туралы ауызша бұйрықтан кейін түседі, ал бағыныстан қызмет аяқталғаны туралы бұйрық берілгеннен кейін шығады.
Тармақ 4
4. Қызмет атқару үшін ПБЖ-ға патрульдеу бағыты (бекет) анықталады, оның ұзақтығы нақты жағдайлар мен жедел жағдайға байланысты, оның шекаралары бағыт карточкасында көрсетіледі. ПБЖ-ға бір немесе бірнеше бағыттар бекітіледі.
Тармақ 5
5. Бағыт (бекет) карточкасы қызмет бабында пайдаланылатын құжат болып табылады және қызмет атқаруға бақылауды жүзеге асыруға құқылы лауазымды адамдарға ғана ұсынылуға жатады.
Тармақ 6
6. Қызметте ПБЖ-ның келесі түрлері қолданылады: жаяу патруль, автомобильдегі және басқа да көлік құралдарындағы патруль; атты патрул; итпен бірге патруль, модульдік полиция бекеті, «Шеп» стационарлық полиция бекеті.
Тарау 2. 2-тарау. Патрульдік-бекеттік қызмет
2-тарау. Патрульдік-бекеттік қызмет
Тармақ 1. 1-Параграф. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқаруға дайындық
1-Параграф. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқаруға дайындық
Тармақ 7
7. Қызмет атқару үшін ПБЖ-ға тағайындалған қызметкерлер нұсқаманың басталуына дейін кемінде 15 минут бұрын бөлініс орналасқан жерге келеді. Келгені туралы кезекші бөлімге және командирге бекет ведомосына белгі қою үшін баяндайды.
Тармақ 8
8. Қызметкерлер қажетті қару-жарақты, құрал-сайманды, байланыс, жеке қорғану құралдарын, арнайы және техникалық құралдарды, қызметтік құжаттаманы «Патрульдік полицияның саптық бөліністерін жабдықтау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 737 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес алады.
Көлік құралдарына бекітілген жүргізушілер рейс алдындағы медициналық тексеруден өтеді, жол парақшаларын алады және көлік құралдарының дайындығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Қызмет атқару кезеңінде қызметкерлер алынған мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді және қызмет аяқталғаннан кейін кезекші мен жауапты лауазымды адамға тапсырады.
Тармақ 10
10. Қызметкерлер ПБЖ-ның жалпы сапқа тұруы жарияланған кезде нұсқамаға қатысады. Нұсқама өткізетін лауазымды адамның барлық бұйрықтарын орындайды. Қызметтік міндеттерін орындауға қатысты қойылған сұрақтарға жауап береді. Қызметтік кітапшаға жеткізілетін бағыттамаларды, қызмет атқаруға қатысты өзге де ақпаратты жазады, іздеудегі адамдардың фотосуреттерін алады.
Тармақ 11
11. Қызметке түсетін қызметкерлер:
Тармақша 1
1) бағыттың жедел жағдайы мен ерекшеліктерін;
Тармақша 2
2) жақын орналасқан ПБЖ-ны және олармен байланыс орнату жүйесін;
Тармақша 3
3) іздестіру жарияланған адамдардың, мүліктің және көлік құралдарының белгілерін;
Тармақша 4
4) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың, жол-көлік оқиғалары жасалуының (бұдан ары - ЖКО) және адамдардың көп жиналуының ықтималдығы жоғары орындарын;
Тармақша 5
5) бағыт аумағындағы маңызды нысандардың, мемлекеттік аса маңызды объектілердің, балалардың және азаматтардың жаппай келетін басқа да мекемелердің орналасуын және олардың жұмыс режимін;
Тармақша 6
6) бағытқа жақын орналасқан көшелердің, қиылыстардың, алаңдардың аулалардың орналасуын білуі тиіс.
Тармақ 12
12. Қызметке кірісу туралы ауызша бұйрықтан кейін ПБЖ қызмет атқару орнына барады.
Тармақ 2. 2-Параграф. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде байланыс және бейнетіркегіш құралдарын пайдалану
2-Параграф. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде байланыс және бейнетіркегіш құралдарын пайдалану
Тармақ 13
13. ПБЖ-ны басқару бас радиостанция орналасқан кезекші бөлімнің радиобайланыс құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Радиостанцияны қосу қызметке кірісу туралы ауызша бұйрықты алған сәттен бастап жүргізіледі, радиостанция ол аяқталғанға дейін өшірілмейді.
Тармақ 14
14. Радиоалмасуды жүргізу кезінде ПБЖ:
Тармақша 1
1) радиостанцияны өз бетінше ажыратуға, оны қызметтік қажеттіліксіз басқа адамдарға беруге жол бермеу;
Тармақша 2
2) бас радиостанцияның, тікелей басшылардың, тексерушілердің шақырулары мен хабарламаларына дереу жауап беру;
Тармақша 3
3) радиостанциядағы өз арнасының нөмірін, өзінің және бас радиостанцияның, басшылардың және өзімен шектес ПБЖ-ның шақыру белгілерін білуі;
Тармақша 4
4) корреспондентті шақыруды қатаң түрде оған бекітілген шақыру белгісі бойынша жүзеге асыруы;
Тармақша 5
5) жүргізіліп жатқан радиоалмасуды үзбеуі, эфирде кезектілікті сақтауы;
Тармақша 6
6) корреспондентті қатарынан үш реттен асырмай шақыруы, одан кейін басқа корреспонденттерге кедергі келтірмеу үшін 5-10 минутқа үзіліс жасауы;
Тармақша 7
7) эфирде сөйлесулерді қысқа, жақсы түсінікті тілмен, қатты, байыпты дауыспен жүзеге асыруы қажет.
Тармақ 15
15. Радиоалмасуды жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) қызмет атқару бойынша қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты емес ақпаратты;
Тармақша 2
2) құпия ақпаратқа және таратылуы шектелген ақпаратқа жатқызылған мәліметтерді, сондай-ақ қызметкерлердің лауазымы, атағы, тұрғын мекенжайларын радиостанция арқылы айтуға рұқсат етілмейді;
Тармақ 16
16. ПБЖ-ға жүргізіліп жатқан радиоалмасуға араласуға басты радиостанциямен шұғыл шақыру батырмасын басу арқылы төтенше жағдайлар (бұдан әрі - ТЖ) кезінде ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 17
17. Алып жүретін бейнетіркегішсіз қызмет атқаруға, сондай-ақ өз бетінше ажыратуға, бар жазбаны жоюға тыйым салынады. ПБЖ-ның бейнетіркегішті қосуы қызмет атқару басталған сәттен бастап және ол аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі.
Аудиобейнежазбаны жүргізу процесінде қызметкер мен құқық бұзушының барлық іс-әрекеттері тіркеледі, оның ішінде материалдардың құрастырылуы және құқық бұзушыны полицияға жеткізілуі, сондай-ақ көлік құралдарын тоқтату.
Тармақ 18
18. Ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) жеке құрамының аудиобейнетіркегіш құралдарын пайдалану тәртібі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 971 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10227 болып тіркелген) регламенттеледі.
Тармақ 3. 3-Параграф. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде патрульдік-бекеттік жасақшаларының азаматтармен қарым-қатынасы
3-Параграф. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде патрульдік-бекеттік жасақшаларының азаматтармен қарым-қатынасы
Тармақ 19
19. ПБЖ азаматтармен қарым-қатынас кезінде өз қолынан жібермей қызметтік куәлігін ұсынады (Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге құжаттаманы көрсету көзделмеген), өзінің лауазымын, атағын және тегін атап таныстырады (бұл ретте қолын бас киіміне қоймайды, қол алысуға жол бермейді), одан кейін тоқтату себебі мен мақсатын қысқаша хабарлайды.
Тармақ 20
20. Азаматтар жүгінген жағдайда ПБЖ оларды мұқият тыңдайды және құзыреті шегінде өтініштері бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ құзыреттен тыс қойылған мәселені шешу үшін қайда жүгіну керектігін түсіндіреді.
Тармақ 21
21. Азаматтардың барлық жүгіну жағдайларында ПБЖ мұқият, әдепті, сыпайы болуы тиіс, тек «Сіз» деп сөйлейді, өз талаптары мен ескертулерін сенімді және түсінікті түрде баяндайды, бұл ретте ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерге жол бермейді.
Тармақ 22
22. Егер азамат әкімшілік іс жүргізуді және басқа да заңды шектеулерді қамтамасыз ететін қызметкердің іс-әрекеттеріне ашулық танытса, оған тынышталуға уақыт беріп және оның мінез-құлқының заңсыздығын, сондай-ақ шағымдану тәртібін түсіндіруі қажет. Одан кейін әкімшілік материал толтырылады немесе әкімшілік іс жүргізудің өзге де функциялары жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. ПБЖ аудио, фото немесе видео жазбалардың жүргізілгеніне немесе жүргізілмегеніне қарамастан, құқық қорғау органдарына кір келтіретін іс-әрекеттерді жасамай, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде өзінің қызметтік қызметін жүзеге асыруы қажет. Өзінің қызметтік іс-әрекетінің аудио, фото және бейне жазу процесін азаматтардың заңды құқығы ретінде қабылдау және оған сабырлы түрде ден қою тиіс (қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау арқылы қылмыс жасалған жерді тіркеу жағдайларын, қылмыс жасалған жерде жүргізілетін процестік әрекеттерді, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу процесіне ұқсас іс-әрекеттермен үшінші адамдардың араласу жағдайларын қоспағанда). Әлеуметтік желілердің ашық көздерінде ақпараттың шығуына не болмауына қарамастан, командирге оның қызметтік іс-әрекетінің тіркелуінің осындай деректері туралы баяндауы тиіс.
Тармақ 24
24. Азаматтардың құжаттарымен, оларды тексерген кезде мұқият болып, оларда ешқандай белгі жасамау керек. Қолдан жасаудың айқын белгілері бар құжаттарды ұсынған немесе оларды заңсыз иеленген адамдар полиция органдарына жеткізіледі.
Тармақ 25
25. Шетелдіктермен, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің қызметкерлерімен байланысқа ПБЖ тек өзінің қызметтік міндеттері шегінде ғана түседі (құқық бұзушылықтардың жолын кесу, ұшақтың, жолаушылар поезының, электр пойызының қозғалыс кестесін түсіндіру, қонақ үйлердің, тамақтану пункттерінің, жанар-жағар май құю станцияларының, техникалық қызмет көрсету станцияларының орналасуы).
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын тексеру кезінде ПБЖ шетелдік паспорттың, тұруға ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамдар куәлігінің қолданылу мерзіміне, олардың осы елді мекенде болуының заңдылығын растайтын, тіркелгені туралы белгісі бар визаның, көші-қон карточкасының болуына назар аударады. Бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚПК) талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартуға шаралар қолданылады.
Тармақ 26
26. Денсаулық жағдайы ауыр екендігі айқын адамдар (оның ішінде жәбірленушілер, күдіктілер) табылған кезде олар табылған жерге дереу жедел медициналық көмек шақырылады және ол келгенге дейін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіледі. Полиция органдарына жеткізу одан ары ауруханаға жатқызу қажеттілігі және жедел медициналық жәрдем дәрігерімен анықтап белгіленген қарсы көрсетілімдер болмаған кезде ғана жүзеге асырылады. Құқық бұзушылыққа күдікті адамдарды шұғыл емдеуге жатқызу жағдайында кезекші бөлімнің нұсқауы бойынша ПБЖ бағытты қалдырады, ұстау режимі туралы мәселе шешілгенге дейін оларға ілесіп жүруді және күзетуді ұйымдастырады.
Тармақ 27
27. ПБЖ қажет болған жағдайда жүргізушілерге олардың басқа жол қозғалысына қатысушыларға кедергі туғызған көлік құралдарын тасымалдауға көмек көрсетеді (ақауы бар, ЖКО, оның ішінде қаладан тыс автомобиль жолдарында).
Тарау 3. 3-тарау. Патрульдік-бекеттік қызметті атқарудың түрлері мен әдістері
3-тарау. Патрульдік-бекеттік қызметті атқарудың түрлері мен әдістері
Тармақ 1. 1-Параграф. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі патрульдік-бекеттік қызметті атқару (жаяу патруль, автомобильде
және басқа да көлік құралдарында патрульдеу; атты патрульдеу; итпен бірге
патрульдеу, модульдік полиция бекеті, «Шеп» стационарлық полиция бекеті)
1-Параграф. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жөніндегі патрульдік-бекеттік қызметті атқару (жаяу патруль, автомобильде
және басқа да көлік құралдарында патрульдеу; атты патрульдеу; итпен бірге
патрульдеу, модульдік полиция бекеті, «Шеп» стационарлық полиция бекеті)
Тармақ 28
28. Қызметке түсетін ПБЖ қызмет атқару орнына (бекет, патрульдеу бағыты) келіп, нұсқамада алынған нұсқауларға сәйкес кезекші бөлімге өзінің келгені және қызмет атқару аймағындағы жағдай туралы баяндайды (бұдан әрі сағат сайын, ал радио және ұялы байланыс болмаған жағдайда, оның пайда болуына қарай баяндайды).
ПБЖ қызметті бөлек атқару кезінде көру және есту шегінде (тек тәуліктің күндізгі уақытында және бір-бірінен 100 метрге дейінгі қашықтықта) болады.
Патрульдеу бағытында ПБЖ жағдайдың өзгеруін тіркейді және осының негізінде қызмет атқарудың неғұрлым орынды тактикасын таңдайды.
Тармақ 29
29. Қызметке түскен қызметкерлер мынадай міндеттерді орындауды:
Тармақша 1
1) көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті, сонымен қатар автомобиль жолдарында жол қауіпсіздігін;
Тармақша 2
2) патрульдеу бағыттарында (бекеттерде) азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуды және жолын кесуді;
Тармақша 3
3) бағыттарда (бекеттерде) қылмыс жасаған, тергеуден және соттан жасырынып жүрген адамдарды, әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен әскери қызметшілерді анықтауды және ұстауды;
Тармақша 4
4) құзыреті шегінде айдап әкетілген, ұрланған, ЖКО орнынан қашып кеткен автомотокөлік құралдарын іздестіруге қатысуды;
Тармақша 5
5) ЖКО орнында кейінге қалдырылмайтын іс-әрекеттерді жүзеге асыруды;
Тармақша 6
6) көлік құралдарына ілесіп жүру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді;
Тармақша 7
7) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) бөліністеріне көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 30
30. Қызметке түскен қызметкерлер мынадай функцияларды орындауды:
Тармақша 1
1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауды;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтардан, жазатайым оқиғалардан және ЖКО-дан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз немесе өмірі мен денсаулығына қауіпті өзге де жағдайдағы азаматтарға көмек көрсетуді;
Тармақша 3
3) құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесуді және қылмыс жасаған адамдарды «ізін суытпай» ұстауды;
Тармақша 4
4) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесуді, олардың жасалуына ықпал ететін мән-жайларды анықтауды және оларды өз құзіреті шегінде жою жөнінде шаралар қабылдауды;
Тармақша 5
5) басқа құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, ТЖ кезінде азаматтарды құтқару және оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды;
Тармақша 6
6) қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтармен өзара іс-қимыл жасауды;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар желісі бойынша жүзеге асырылатын қылмыстардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, адамдарды іздестіру жөніндегі іс-шараларға қатысуды;
Тармақша 8
8) өз өкілеттіктері шегінде соғыс жағдайында және ТЖ кезінде ІІО-ның тапсырмаларын орындауға қатысуды;
Тармақша 9
9) көші-қон қызметінің қызметкерлеріне шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ілесіп жүру арқылы оларды шығарып жіберуге көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 31
31. ПБЖ ауысуы бағытта алдын ала белгіленген орында (бекетте) жүргізіледі. Қызметке түсетін ПБЖ ауысушыға өзін таныстырады, соңғысы қызмет атқару уақытында орын алған оқиғалар мен алынған өкімдер туралы хабарлайды. Бағытты қабылдап-тапсыру туралы қабылдаушы тапсырушының қызметтік кітапшасына немесе қызмет атқаруды (бекеті) қабылдап-тапсыру журналына жазба жасайды, бұл туралы кезекші бөлімге баяндайды.
Белгіленген уақытта ауысымдық жасақша болмаған жағдайда ПБЖ бұл туралы кезекші бөлімге баяндайды және тек кезекшінің рұқсатымен ғана бағытты (бекетті) қалдыра алады.
Тармақ 32
32. ПБЖ белгіленген уақыт ішінде бағытта қызмет атқарады. Қызметтік міндеттерді орындау шеңберінде патрульдеу бағытын тек кезекші бөлімнің немесе командирдің нұсқауы бойынша немесе рұқсатымен қалдыруға жол беріледі.
Тармақ 33
33. Қызмет атқару кезінде ПБЖ-ға:
Тармақша 1
1) өзі тікелей бағынатын адамдарды қоспағанда, өзінің қаруын кімге болса да беруге және ұсынуға;
Тармақша 2
2) радиостанция бойынша қызметтік емес сөйлесулер жүргізуге, қызметтен басқаға көңілін бөлуге;
Тармақша 3
3) тұрғын үйлерге, клубтарға, мейрамханаларға және басқа да үй-жайларға қызметтік қажеттіліксіз кіруге;
Тармақша 4
4) бағытты (бекетті) тастап кетуге;
Тармақша 5
5) нысанды киім-кешек кию ережелерін бұзуға жол берілмейді.
Тармақ 34
34. Қызмет атқару уақытында ПБЖ нұсқауда алынған, кезекші бөлімнен келіп түскен ақпаратты, құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды, қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарламаларды, полиция органдарына жеткізілген адамдар және олармен оқиға орнында жүргізілген талқылаулар, сондай-ақ олармен профилактикалық әңгімелер жүргізу туралы қызметтік кітапшаға жазады.
Тармақ 35
35. Қызмет атқару барысында ПБЖ мыналарға:
Тармақша 1
1) айналымында материалдық құндылықтар сақталатын және табылатын объектілердің, терезелердің, есіктердің, ілмектердің, қоршаулардың жай-күйіне, жұмыс режимі мен күзет ұйымының жанында жиі жүретін азаматтарға;
Тармақша 2
2) күдікті сақтық пен алаңдаушылық танытатын, маусымға сай емес немесе бойы мен денесіне сай келмейтін киім киген, таңғыштары мен жарақаттары бар азаматтарға, сондай-ақ қараусыз қалдырылған көлік құралдарына;
Тармақша 3
3) көшелерде, автокөлік жолдарында, алаңдарда, аулаларда, скверлерде, саяқбақтарда және азаматтардың жаппай жиналуына;
Тармақша 4
4) «Жол жүрісі қағидалары, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелері, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі - ЖЖҚ) бұзуға жол беретін азаматтардың, құқық бұзушылардың жүруі мүмкін орындарға және қауіпті жерлерде ойнап жүрген балаларға;
Тармақша 5
5) күдікті шулар, иістер, оттың немесе түтіннің пайда болуы және ТЖ-ның басқа да белгілеріне;
Тармақша 6
6) қылмыстық-атқарушылық жүйе мекемелеріне жақын орналасқан аумақтарда табылған азаматтар мен көлік құралдарына;
Тармақша 7
7) ұшқышсыз ұшу аппараттарын тиісті рұқсатсыз қоғамдық орындарда және жаппай іс-шаралар өткізілетін орындарда, сондай-ақ режимді нысандарға жақын жерлерде пайдаланылуына;
Тармақша 8
8) қоғамдық орындарда күдікті заттардың (иесіз сөмкелер, қораптар, пакеттер) болуына;
Тармақша 9
9) азаматтардың қауіптілігі жоғары орындарда (су қоймалары, таулы жерлерде) болуына;
Тармақша 10
10) жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдардың (бағдаршам, жол белгілері) жарамдылығына, жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін жол үстінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға және азаматтардың өмірі мен денсаулықтарына қатер төндіретін басқа да оқыс жағдайларға;
Тармақша 11
11) қала сыртындағы автомобиль жолдарында азаматтардың, велосипедшілерді, жануарлардың болуына ерекше назар аударуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген фактілер анықталған жағдайда ол туралы кезекші бөлімге баяндайды. Қозғалысқа келтірілген кедергілер мен ақаулар жөнделгенше реттеу (тоқтату) жүргізеді, азаматтардың, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 36
36. ПБЖ ЖЖҚ бұзушылықтарын анықтауды:
Тармақша 1
1) арнайы дыбыс және жарық сигналдарын, дауыс зорайтқыш қондырғыны пайдалана отырып, патрульдік автомобильде (мотоциклде) қозғалыста жүзеге асырады. ЖЖҚ-ны бұзу анықтаған кезде дауыс зорайтқыш құрылғысын қолдана отырып, дауыстық пәрмен береді.
Мысалы, «Көлік құралының жүргізушісі (маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі), оңға қабылдап, тоқтауыңызды сұраймын!» пәрменін мемлекеттік және орыс тілдерінде қайталай отырып береді.
Көлік құралдарын тоқтату ең аз қысқа мерзімге қозғалысқа кедергі келтірмейтін орындарда жүзеге асырылады. Жол жүру бағыттарында қалалық қоғамдық көлікті тоқтатуға, жол қозғалысы ережелерінің талаптары бұзылған жағдайда жүргізушілерге бұзушылықтың мәнін түсіндіру және бағыттағы соңғы аялдаманың орналасуын нақтылау, кейіннен әкімшілік материал толтыру үшін рұқсат етіледі.
Жол жүрісін қадағалау процесінде пайдаланылатын көлік құралдары туралы ақпаратты стационарлық камералардан планшеттерге беретін бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар планшеттерді пайдалануға жол беріледі.
Тармақша 2
2) жаяу тәртіпте және патрульдік автокөлік (мотоцикл) тоқтап тұрған жерде. Мұндай жағдайда көлік құралын тоқтату бірмезетте ысқыру белгісімен бірге көлік құралына бағытталған қолмен көрсетумен немесе таяқшамен жүзеге асырылады, бұл жүргізушіге түсінікті болуы керек және олардың орындалуы авариялық жағдай туғызбауы үшін уақтылы көрсетілуі тиіс.
Тармақ 37
37. «Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) және «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрықтарымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) бекітілген ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін бұзушылықтары анықталған жағдайда ПБЖ көрсетілген көлік құралдарының одан әрі жүруіне жол бермейді, мұндай көлік құралдарын жолдың жүріс бөлігінен басқа жаққа бұру шараларын қабылдайды, кезекші бөлімге баяндайды және кезекшінің нұсқауларын орындайды.
Тармақ 38
38. ПБЖ қол қимылдарын немесе таяқшаны жол қозғалысын қолмен реттеу немесе көлік құралдарын тоқтату үшін қолданады. Жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудару, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу үшін ысқыру белгісімен қосымша қысқа сигналдар беріледі.
Тармақ 39
39. ПБЖ жол қозғалысы қатысушысына мынадай жағдайларда көлік құралынан шығуды талап етеді:
Тармақша 1
1) жүргізушіде мас болу белгілері және (немесе) шаршаулы жағдайы болған кезде;
Тармақша 2
2) жеке басын тексеріп қарау, көлік құралы мен жүкті тексеріп қарау жүргізу үшін;
Тармақша 3
3) жүргізушінің (көлік құралы иесінің) қатысуымен көлік құралының агрегаттары мен тораптарының нөмірлерін тіркеу құжаттарындағы жазбалармен салыстырып тексеру жүргізу үшін;
Тармақша 4
4) оның процессуалды әрекеттерді жүзеге асыруға, сондай-ақ жол қозғалысының басқа да қатысушыларына немесе қызметкерлерге көмек көрсетуге қатысуға талап еткенде;
Тармақша 5
5) көлік құралының техникалық ақаулығын немесе Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген) бекітілген жүктерді тасымалдау қағидаларының бұзылуын жою қажеттілігінде;
Тармақша 6
6) оның мінез-құлқы қызметкердің жеке қауіпсіздігіне қауіп төндіргенде.
Тармақ 40
40. ПБЖ жүргізушіге көлік құралын қызметкер көрсеткен басқа жерге ауыстыруды көрсетеді, егер:
Тармақша 1
1) көлік құралының тоқтаған жерінде болуы басқа да жол қозғалысының қатысушыларының қауіп не кедергі келтірсе (ЖКО деректерін қоспағанда және қылмыс болған жерде іс жүргізу әрекеттері аяқталғанға дейін);
Тармақша 2
2) көлік құралындағы жүргізушімен қарым-қатынас орнатқан кезде қызметкердің жүру бөлігінде болуы қызметкердің жеке қауіпсіздігіне қатер төндірсе.
Тармақ 41
41. Көлік құралын мәжбүрлеп тоқтату:
Тармақша 1
1) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі-Заң) көзделген жағдайлар туындаған кезде және тәртіппен көлікті мәжбүрлеп тоқтатудың арнайы құралдарын қолдана отырып;
Тармақша 2
2) реттеушінің сигналдарын, реттеудің техникалық құралдарын пайдалана отырып, жолдардың жекеленген учаскелерінде қозғалысты уақытша шектеу немесе тыйым салу арқылы;
Тармақша 3
3) атыс қаруын қолдану арқылы - жағдайлар басталған кезде және Заңда көзделген тәртіппен;
Тармақша 4
4) жүру бөлігінде арнайы жарық сигналдары қосылған патрульдік автомобильді (патрульдік автомобильдерді) орналастыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Аталған әдістерді жүргізуші азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіргенде, қызметкердің тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбағанда және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларында ғана қолданылуы мүмкін.
Тармақ 42
42. Бұралмалы таулы жолдар учаскелерінде немесе көрінуі шектеулі жол учаскелерінде, сондай-ақ теміржол өтпелерінде, көпірлерде, жол өтпелерінде, эстакадаларда, туннельдерде мәжбүрлеп тоқтатуға жол берілмейді.
Тармақ 43
43. Өзара әрекеттесу немесе басқа ПБЖ-дан, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен, қызметкерлерінен көмек алу үшін ПБЖ байланыстың барлық түрлерін пайдаланады немесе ысқырықпен сигнал береді: «Ұста» – бір ұзақ сигнал; «Көмекке, маған» – екі қысқа сигнал. Осы мақсатта ПБЖ атыс қаруын жоғары қарай ату арқылы қолданады. Басқа ПБЖ, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен қызметкерлері «Ұста», «Көмекке» деген сигналды ести сала, құқық бұзушыны ұстау және анықтау шараларын қабылдайды.
Тармақ 44
44. ПБЖ-ны тексеру кезінде тексеруші тексеруге жазбаша өкім мен қызметтік куәлігін көрсетеді.
ПБЖ тексерушіге келіп өзін таныстырады, тексерушінің талабы бойынша бағыт (бекет) аумағындағы жағдайды баяндайды, қойылған сұрақтарға жауап береді. Қызметті тексеру нәтижелері туралы тексеруші ПБЖ-ның қызметтік кітапшаларына жазба жасайды. Бұл деректер нұсқамалар жүргізу және ПБЖ-ның жұмысын бағалау үшін пайдаланылады.
Тармақ 45
45. Қызмет атқару кезінде ПБЖ қырағылық танытады және кенеттен шабуыл жасау мүмкіндігін болдырмайтын сақтық шараларын қабылдайды.
Тармақ 46
46. Атыс қаруы, арнайы құралдар және дене күші қоғамға қауіпті әрекеттерді тоқтату, құқық бұзушылықтардың сипатын, нақты ахуалды ескере отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу мақсатында Заң негізінде және қатаң сәйкестікте қолданылады.
Тармақ 47
47. Арнайы экономикалық аймақ алаңында қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәртібі «Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 616 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 10 шілдедегі №47/ке бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19019 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-Параграф. Жердегі көлік құралдарын қолданумен қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
патрульдік-бекеттік қызметті атқару
2-Параграф. Жердегі көлік құралдарын қолданумен қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Тармақ 48
48. Елді мекендерде ПБЖ автомобильдерде (мотоциклдерде) қызмет атқару барысында жол жағдайына байланысты көліктен жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін жылдамдықпен (ұсынылатын жылдамдық сағатына 40-50 километрден аспайды) қозғалады, ал қала сыртындағы автомобиль жолдарында ЖЖҚ талаптарына сәйкес жылдамдықпен қозғалады.
Тәуліктің қараңғы уақытында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдеу тұрақтық жарық сигналын қолдана отырып, жүзеге асырылады.
Тармақ 49
49. Нұсқамадан кейін ПБЖ жетекшісі патрульдік көлікте ПБН орналастыру тәртібі мен міндеттерін айқындайды, әрқайсысына бақылау секторын тағайындайды, қызмет атқару орнына бару бағытын, бір пункттен екінші пунктке ауысу кезектілігін хабарлайды, радиостанция бойынша кезекші бөлімге бағытқа шығуы туралы баяндайды. Бұл ретте, жасақша жетекшісі құқық бұзушыларды полиция органдарына жеткізу жағдайларын қоспағанда, автомобильді басқарады немесе автомобильдің алдыңғы жолаушылар отыратын орнына отырады. Адамды жеткізу жағдайында онымен бірге автомобильдің артқы отыратын орнына отырады.
Тармақ 50
50. Көлік құралдарындағы ПБЖ 15-30 минут ішінде аялдама жасайды (белгіленген тұру орындарында). Аялдамалар кезінде қоғамдық тәртіп пен ЖЖҚ-ні бұзудың алдын алу, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу, күдікті адамдар мен көлік құралдарын тексеру мақсатында жаяу патрульдеу жүзеге асырылады. Бұл ретте жаяу патрульдер патрульдік көліктен 300 метрге дейін алыстайды.
Автомобильде (мотоциклде) көлікті күзетуді, патрульдік экипажбен көзбен шолу байланысын қамтамасыз ететін, кезекші бөліммен радиобайланыс ұстайтын жүргізуші қалады. ПБЖ-ны жинау үшін шартты сигнал орнатылады.
Тармақ 51
51. Адамдарды полиция органдарына жеткізу үшін автомобильде тасымалдау кезінде ПБЖ жарақат алу, материалдық бөлікті бұзу, қызметкерлерге шабуыл жасау, жүргізушіге көлікті басқаруға кедергі жасау мүмкіндігін болдырмайтын сақтық шараларын қолданады. Ол үшін автомобиль құлыптарының, есіктерінің және люктерінің жай-күйін тексереді, ПБЖ қызметкерлерінің бірі автомобильдің артқы отыратын орында отырады.
Жеткізілген адам автомобильден шығарылғаннан кейін ПБЖ қалдырылған заттар мен құжаттарды табу мақсатында салонды (шанақты) қарап шығуы тиіс.
Тармақ 52
52. Патрульдік автомобильде ПБЖ қудалау кезінде қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігі мен жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
Тармақша 1
1) арнайы дыбыстық және жарық сигналдарын қосады;
Тармақша 2
2) нақты жағдайларға қарай қозғалыс жылдамдығын таңдайды;
Тармақша 3
3) қудаланғандардың және жол қозғалысына басқа да қатысушылардың әрекеттерін мұқият бақылайды;
Тармақша 4
4) кезекші бөлімге өзінің тұрған жері және қозғалыс бағыты туралы баяндайды;
Тармақша 5
5) жол қозғалысының басқа да қатысушыларын сақтық шараларын сақтау туралы ақпараттандырады.
Тармақ 53
53. ПБЖ-ға:
Тармақша 1
1) көлік құралдарын себепсіз тоқтатуға;
Тармақша 2
2) егер бұл қызметтік қажеттіліктен туындамаса, бөгде азаматтарды тасымалдауға, автомобильді және ұсталған адамдарды қараусыз қалдыруға;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық жасалған жерге шұғыл бару, сондай - ақ өздерінің іс-әрекеттерімен жол қозғалысына басқа қатысушылардың өміріне қауіп төндіретін құқық бұзушыларды қудалау жағдайларынан және ӘҚБК-нің 37-бабында көзделген басқа да жағдайлардан басқа жағдайда, белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кетуге (патрульдік автомобиль үшін);
Тармақша 4
4) егер бұл қызметтік қажеттіліктен туындамаса, патрульдеу бағытынан өз еркімен ауытқуға және қызмет атқару тәртібін өзгертуге, автомобильді (мотоциклді) шолуды шектейтін қандай да бір кедергілердің артына, сондай-ақ көліктің аялдауына және тоқтап тұруына тыйым салынған орындарда орналастыруға;
Тармақша 5
5) қызметтік автомобиль (мотоцикл) жүргізуді кімге болса да беруге рұқсат етілмейді.
Тармақ 3. 3-Параграф. Су көлік құралдарын пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті
сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
3-Параграф. Су көлік құралдарын пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті
сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Тармақ 54
54. Кемеде (моторлы қайықта) қызмет атқару кезінде ПБЖ мынадай міндеттерді орындайды:
Тармақша 1
1) азаматтық қорғау органының өкілдерімен бірлесіп, су бассейнінде демалушы азаматтар арасында олардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
Тармақша 2
2) құзыреті шеңберінде көлік бақылау органдарына шағын көлемді кемелер бойынша, сондай-ақ балық қорларын, флора мен фауна саласында балық қорғау органдарына бұзушылықтардың алдын алуда және жолын кесуде жәрдем көрсетуді.
Тармақша 3
3) суда апатқа ұшыраған азаматтарға көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауды.
Тармақ 4. 4-Параграф. Әуе көлік құралдарын пайдалана отырып,
қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
4-Параграф. Әуе көлік құралдарын пайдалана отырып,
қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Тармақ 55
55. Тікұшақты, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, әуеде патрульдеу кезеңінде ПБЖ:
Тармақша 1
1) қылмыскерлерді табу, іздестіру, ұстау жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды іске асыруды;
Тармақша 2
2) құзыреті шегінде қылмыс немесе ЖКО орындарынан жасырынған адамдарды, көлік құралдарын іздеуге қатысуды;
Тармақша 3
3) қала сыртындағы автомобиль жолдарындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалауды;
Тармақша 4
4) автомобиль жолдарында жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті сақтай отырып, автомобиль жолдары учаскелерінің, жол құрылыстарының, теміржол өтпелері мен электр беру желілерінің жай-күйін бақылау, полиция құзыреті шегінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін себептерді жоюға шұғыл шаралар қабылдауды;
Тармақша 5
5) ТЖ салдарын жоюға қатысуды және осы аймақта қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді;
Тармақша 6
6) әскери жағдайда және ТЖ кезінде, оның ішінде олардың ауқымын нақтылауда ІІО-ның тапсырмаларын орындау кезінде күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын үйлестіруді;
Тармақша 7
7) көпшілік демалатын аймақтарда, орман-саябақ аймақтарында, орман алқаптарында, полицияның басқа да жасақшаларына жету қиын жерлерде, сондай-ақ бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтауды;
Тармақша 8
8) қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде полиция органдарына жүктелген өзге де міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 5. 5-Параграф. Қызметтік иттерді қолдана отырып, қоғамдық
тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
5-Параграф. Қызметтік иттерді қолдана отырып, қоғамдық
тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Тармақ 56
56. ПБЖ (полицей-кинолог) қызметтік патрульдік итпен (бұдан әрі - ит) жаяу тәртіппен жүрген кезде ит полицей-кинологтің сол жағында айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қысқа тізгінде және тұмылдырықта болуы тиіс.
Тармақ 57
57. Құжаттарды тексеру, сұрау салу және құқық бұзушыны тексеріп қарау кезінде ит «Күзет» жағдайында тексерілетін адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қашықтықта тұмылдырықсыз қысқа тізгінде ұсталады.
Тармақ 58
58. Ұсталған адамды жаяу тәртіппен жеткізген кезде ит «Жанында», «Күзет» пәрмені бойынша қысқа тізгінде тұмылдырықсыз сол жақта жүреді. Автомобильде және басқа да көлік құралдарымен жеткізу кезінде итпен полицей-кинолог оны қолдануға ыңғайлы жерде болады.
Тармақ 59
59. Құқық бұзушылық орын алуы ықтимал жерлерде кинолог-полицей аялдама жасап, оларды қарап шығады.
Құқық бұзушыларды анықтау және ұстау мақсатында жертөлелерді, тұрғын емес үй-жайларды, бос жерлерді және басқа да объектілерді тексеру кезінде полицей-кинолог итті жергілікті жерді, үй-жайды тінтуге немесе ұстауға жібере алады. Бұл жағдайда ит қарғыбау мен тұмылдырықсыз жіберіледі. Полицей-кинолог итті көзден таса қалдырмайтындай қашықтықта болады. Итті ұстауға жібермес бұрын полицей-кинолог басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және алдын-ала ескерту жасауға міндетті, мысалы: «Тоқта. Мен ит жіберемін». Егер қызметкер мен қылмыскердің арасында азаматтар болса, итті қылмыскерді ұстауға жіберуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 60
60. Итті қолдану Заңның негізінде және қатаң сәйкестікте орындалады. Итті қолданған полицей-кинолог ұсталған адамға зақым келген жағдайда оған дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді және дереу жедел медициналық көмек шақырады. Бұл уақытта ит «Күзет» пәрмені бойынша ұсталған адамнан қауіпсіз қашықтықта болады. Құқық бұзушыны ұстау үшін итті қолданудың барлық жағдайларында ПБЖ жетекшісі (кинолог-полицей) кезекші бөлімге (командирге) баяндайды.
Тармақ 6. 6-Параграф. Қызметтік аттарды қолдана отырып, қоғамдық тәртіпті
сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
6-Параграф. Қызметтік аттарды қолдана отырып, қоғамдық тәртіпті
сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Тармақ 61
61. Бағытта атпен патрульдеу жұптық жасақшаның күшімен жүзеге асырылады. Атты бөліністердің құрамына ат үстінде жүру дағдысы бар және арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер тағайындалады.
Тармақ 62
62. Қызмет атқару кезінде атты патруль «адыммен» қозғалады. Атты патрульдер бір-бірінен іс-қимылдардың келісімділігін қамтамасыз ететін қашықтықта жүреді. Атты жасақшалар «желе жортып» қысқа қашықтыққа жүреді. Атты жасақшалардың қоғамдық тәртіпті бұзу орнына шұғыл шығуы «жүрдек ат желісімен» жүргізіледі.
Тәуліктің қараңғы уақытында ПБЖ жүру кезінде ат әбзелдерінде «жарық шағылыстыратын элементтер» пайдаланылады.
Тармақ 63
63. Қызмет атқару кезінде полицей-кавалерист:
Тармақша 1
1) Жұмыс алдында ат әбзелдерін тексеруді және жылқыны қарап тексеруді жүргізуге;
Тармақша 2
2) ауа райы жағдайлары мен тәулік уақытына сәйкес әртүрлі жерлерде атта жүру ерекшеліктерін сақтауға;
Тармақша 3
3) атпен жүру кезінде айналадағы азаматтарға зиян келтірмейтіндей қауіпсіздік шараларын сақтауға;
Тармақша 4
4) ат әбзелдерін сақтауға және оны үнемі таза ұстауға міндетті.
Тармақ 64
64. Құқық бұзушыларды ұстау кезінде атты патрульдер жарақат алуды болдырмайтындай шаралар қолданады.
Тармақ 65
65. ПБЖ:
Тармақша 1
1) құқық бұзушыларды ат пен ат әбзелдерін пайдалана отырып, ұстап тұруға;
Тармақша 2
2) аттың үстінде атыс қаруы мен арнаулы құралдарды қолдануға, егер бұл айналадағыларға зиян келтіруі мүмкін болса;
Тармақша 3
3) тағайындалған бағыттан өз еркімен ауытқуға, қызмет атқару тәртібін өзгертуге, егер бұл қызметтік қажеттіліктен туындамаса;
Тармақша 4
4) бекітіліп берілген атты қызметтік емес мақсаттарда пайдалану үшін басқа адамдарға беруге;
Тармақша 5
5) ұсталған адамдарды атқа тікелей жақын жерде қараусыз қалдыруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 7. 7-Параграф. Модульдік полиция бекеттерінде қоғамдық тәртіпті
сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
7-Параграф. Модульдік полиция бекеттерінде қоғамдық тәртіпті
сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Тармақ 66
66. Модульдік бекеттерде қызмет атқаруды қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жалпы жүктелген міндеттерден басқа мынадай міндеттерді орындайтын екі қызметкерден тұратын ПБЖ-мен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мезгіл-мезгіл, сағатына кемінде екі рет, әсіресе азаматтардың жаппай болу сағаттарында кезекшілік бөлімге патрульдеу бағытындағы (бекет орталығынан қашықтығы 300 метрден аспауы тиіс) жағдай туралы баяндап, бекітілген аумақты жаяу патрульдеуді жүзеге асырады. Тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында жаяу патрульдеу жұптық ПБЖ-мен жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) полицияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар жаппай баратын объектінің бекетіне іргелес жатқан әкімшілікпен және жеке күзет қызметімен басқа ПБЖ-мен, өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) қоғамдық және мүліктік қауіпсіздікті тұрақтандыру мақсатында азаматтармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізеді, құқыққа қарсы әрекеттер жасаудан сақтандырады, оларға қоғамға қарсы мінез-құлыққа жол бермеуді түсіндіреді;
Тармақша 4
4) азаматтардан (туристерден) қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдайды, ол туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды, ден қою шараларын қабылдайды және көмек көрсетеді.
Тармақ 8. 8-Параграф. «Шеп» стационарлық полиция бекеттерінде қоғамдық тәртіпті
сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
8-Параграф. «Шеп» стационарлық полиция бекеттерінде қоғамдық тәртіпті
сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Тармақ 67
67. «Шеп» стационарлық полиция бекетінде қызмет атқаруды жұптық ПБЖ (екі қызметкер) жүзеге асырады, олар мынадай міндеттерді орындайды:
Тармақша 1
1) көлік құралдарының өтуіне көзбен шолып бақылау жүргізеді;
Тармақша 2
2) қылмыстар мен оқиғалар туралы жол қозғалысына қатысушылардан хабарламалар және өзге де ақпараттарды қабылдайды, ол туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды, көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) жол-климаттық қолайсыз жағдайларда және жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да жағдайларда көлік құралдарының жүрісін шектеуді немесе автомобиль жолын толық жабуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) жедел-профилактикалық, жедел-іздестіру іс-шараларын, төтенше жағдайды және ІІО-ның басқа да іс-шараларын енгізген кезде әрекет етеді;
Тармақша 5
5) қажет болған жағдайда өтіп бара жатқан жүргізушілерден автомобиль жолының жай-күйі, жасалған ЖКО туралы және полиция қызметіне қатысты өзге де ақпаратты сұрастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) көлік құралдарының қозғалысын барынша аз кідірте отырып, әкімшілік және қылмыстық өндірісті қамтамасыз ету тәртібімен көлік құралын қарап тексеруді жүргізеді.
Тармақ 68
68. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген процессуалдық әрекеттерді жүргізу жағдайларын қоспағанда, қызметкерлерді қозғалысқа қатысушылардың көлік құралдарына отырғызуға жол берілмейді.
Тарау 4. 4- Тарау. Патрульдік-бекеттік қызметті атқару ерекшеліктері
4- Тарау. Патрульдік-бекеттік қызметті атқару ерекшеліктері
Тармақ 1. 1-Параграф. Курорттық, саяжай аудандарында және жаппай демалыс
аймақтарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз
ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
1-Параграф. Курорттық, саяжай аудандарында және жаппай демалыс
аймақтарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз
ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Тармақ 69
69. Шомылу маусымы кезеңінде ПБЖ азаматтық қорғау органдары бөліністерінің өкілдерімен бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу және анықтау бойынша су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Тармақ 70
70. ПБЖ құзыреті шегінде қоғамдық тәртіпті және мүліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша саяжай ұжымдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 71
71. Патрульдеу кезінде ПБЖ қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасау ықтималдығы бар орындарға, азаматтардың жаппай шоғырлану орындарына, санаторий-курорттық мекемелерге, жағажайларға, саябақтарға, қоғамдық көлік аялдамаларына, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, ойын-сауық мекемелеріне назар аударады.
Тармақ 72
72. ПБЖ курорттық, саяжай аудандары мен жаппай демалыс аймақтарында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуде полиция органдарына жүктелген өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 2. 2-Параграф. Туристік объектілерде қоғамдық тәртіпті сақтауды
қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
2-Параграф. Туристік объектілерде қоғамдық тәртіпті сақтауды
қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Тармақ 73
73. Туристік нысандардағы ПБЖ-ның міндеттері:
Тармақша 1
1) туристік объектілердің аумағын патрульдеу және полиция құзыреті шегінде әртүрлі жағдайлар кезінде туристерге көмек көрсету;
Тармақша 2
2) әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуда, жолын кесуде және қылмыскерлерді «ізін суытпай» ұстауда қажетті шаралар қолдану;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу анықталған жағдайда шетелдік азаматтарды көші-қон полициясының қызметкерлеріне беру не туристік объект орналасқан жердегі полиция органдарына жеткізу;
Тармақша 4
4) полицияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша туристік объектілердің әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасауды қамтиды.
Тармақ 74
74. Туристік объектідегі ПБЖ патрульдік аймақтардың аумақтарындағы туристік бағыттар, маңызды объектілер және көрікті жерлер туралы ақпаратты білуі керек.
Тармақ 75
75. ПБЖ туристік объектілер аумағында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуде полиция органдарына жүктелген өзге де міндеттерді орындайды.
Тармақ 3. 3-Параграф. Ұйымдасқан лектерге ілесіп жүру кезінде қоғамдық
тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бойынша патрульдік-бекеттік қызметін атқару
3-Параграф. Ұйымдасқан лектерге ілесіп жүру кезінде қоғамдық
тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бойынша патрульдік-бекеттік қызметін атқару
Тармақ 76
76. Ұйымдасқан лектерге (бұдан әрі - лек) ілесіп жүруге өтінім келіп түскен кезде ілесіп жүру экипажының (бұдан әрі – ілесіп жүру экипажы) құрамына тартылған ПБЖ:
Тармақша 1
1) лектердің жүру бағытын, қозғалысты ұйымдастыру ерекшеліктерін, патрульдеу бекеттері мен бағыттарында қызмет атқаратын ПБЖ-ның орналасу орнын, олармен байланыс және өзара іс-қимыл жүйесін зерделеуге;
Тармақша 2
2) ілесіп жүретін лектердің жүргізушілеріне нұсқама жүргізуге;
Тармақша 3
3) кезекші бөлімдегі ілесіп жүруді есепке алу журналына ілесіп жүруді тіркеуі керек.
Тармақ 77
77. Балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдауды жүзеге асыратын лектерге ілесіп жүруді бастар алдында ілесіп жүру экипажы құжаттардың, оның ішінде көлік құралының жарамдылығын растайтын құжаттардың бар-жоғына, оны көзбен шолып қарап-тексеруді, кейіннен ілесіп жүретін адамдар, тасымалданатын балалардың саны, көлік құралдарының саны туралы ақпаратты кезекші бөлімге бере отырып тексеру жүргізеді. Жолаушылар санының отыратын орындардың санынан артық болуына жол берілмейді.
Тармақ 78
78. Ілесіп жүру экипажы балалардың ұйымдасқан тобын тасымалдауға тартылған көліктің техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асырған кезде көлік құралдарында кемінде екі есіктің болуына, авариялық шығудың, сары түсті жарқылдауық маяктардың, «Балаларды тасымалдау» деген тану белгілерінің болуына, көлікті техникалық қарап-тексеруге, жүргізушіні медициналық қарап-тексеруге, жауапты және ілесіп жүретін адамдардың болуына назар аударады.
Тармақ 79
79. Бір патрульдік автомобильмен ілесіп жүру кезінде олардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қашықтықта, берілген бағытта жүруге арналған шеткі сол жақ жолақ бойынша ілесіп жүретін лектердің алдында жүреді.
Тармақ 80
80. Екі патрульдік автомобильмен ілесіп жүру кезінде олардың біреуі «жетекші» ретінде қозғалады, ал екіншісі «тұйықтаушы» берілген бағытта қозғалыс үшін бір жолағы бар автомобиль жолдарында және басқа да қауіпті жерлерде оны басқа көлік құралдарының басып озуының алдын алу үшін ілесіп жүретін лектерден кейін жүреді.
Тармақ 81
81. Үш патрульдік автомобиль ілесіп жүру кезінде қауіпсіз және кедергісіз жүріп өтуді қамтамасыз ету, ілесіп жүретін лектердің жақындағаны туралы бағыттарда қызмет атқаратын ПБЖ хабардар ету және қозғалыс жағдайлары туралы «жетекші» патрульдік автомобильдің ілесіп жүру экипажын ақпараттандыру мақсатында қозғалыс бағыты бойынша сол жақ шеткі жолақта 200-400 метр қашықтықта «жетекші» автомобильдің алдында «сигналдық» қосылады.
Тармақ 82
82. Ілесіп жүру жылдамдығын ілесіп жүру экипажының жетекшісі жол жағдайларына, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалыс қарқындылығына, ілесіп жүретін ұйымдасқан лектердің сипаттамаларына байланысты белгілейді, бұл ретте ЖЖҚ-де белгіленген шегінен аспайды.
Тармақ 83
83. Егер ілесіп жүретін лектің қозғалыс жылдамдығы ЖЖҚ-де рұқсат етілгеннен аз болса, ал жол жағдайлары жол бойындағы көлік құралдарына оны басып озуға мүмкіндік бермесе, ілесіп жүретін экипаждың жетекшісі артында жинақталған көлік құралдарын өткізу үшін шаралар қабылдайды.
Тармақ 84
84. Ілесіп жүру экипажының сұрауы бойынша ПБЖ бекет немесе патрульдеу бағытының аумағы бойынша, лектердің немесе арнайы дыбыс, дауыс зорайтқыш қондырғы және жарық сигналдары қосылған патрульдік автомобильмен ілесіп жүретін жекелеген автомобильдердің қауіпсіз, кедергісіз өтуіне шаралар қабылдайды.
Тарау 5. 5-тарау. Қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметті
атқару кезінде патрульдік-бекеттік жасақшаларының іс-әрекеттері
5-тарау. Қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметті
атқару кезінде патрульдік-бекеттік жасақшаларының іс-әрекеттері
Тармақ 1. 1-Параграф. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған кезде және
оқиға болған жерде патрульдік-бекеттік жасақшаларының іс-әрекеттері
1-Параграф. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған кезде және
оқиға болған жерде патрульдік-бекеттік жасақшаларының іс-әрекеттері
Тармақ 85
85. Құқық бұзушылық жасалған жерге шығу кезінде (ЖБО жіберуі, азаматтардың өтініші) шақырудың (хабарлаудың) сипатына қарай ПБЖ жеке қауіпсіздігін, шабуылға және басқа да штаттан тыс жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды.
Ол үшін ЖБО, ІІО кезекші бөлімінің қызметкерлері жасақты оқиға орнына жіберу, азаматтардың өтініштеріне қызмет көрсету кезінде оқиғаның мән-жайы мен сипатын және құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген адамды (соттылығы, психикалық жай-күйі, қарудың, иттердің болуы), сондай-ақ дағдарыс жағдайында ден қоюдың дайындығы дәрежесін анықтап, ол туралы ақпараттты осы оқиғаға бағыттылған ПБЖ береді.
Алынған ақпаратқа байланысты ПБЖ құрамы қызметке түскенге дейін алынған жеке қорғаныс құралдарын (броньды кеудешелер, каскалар) алдын ала киеді.
Тармақ 86
86. Оқиға орнындағы ПБЖ-ның іс-әрекеттері батыл болуы және мынадай міндеттерді орындауы тиіс:
Тармақша 1
1) болған оқиға туралы кезекші бөлімге баяндайды және кезекшінің нұсқауын орындайды;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушыларды қудалайды және ұстауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) жәбірленушілерге көмек көрсетеді, жедел медициналық жәрдемді шақырады;
Тармақша 4
4) куәлар мен жәбірленушілерді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты жері мен жұмыс орны, телефон нөмірі) анықтайды, жасырынған қылмыскерлердің, ұрланған заттардың, қылмыстың басқа да мән-жайларын анықтайды;
Тармақша 5
5) қылмыс іздерін және басқа да заттай айғақтарды сақтау мақсатында оқиға орнын күзетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) қылмысты ашу және қылмыскерлерді ұстау үшін қажетті басқа да шұғыл іс-қимылдарды жүргізеді;
Тармақша 7
7) жедел-тергеу тобы (бұдан ары-ЖТТ) келгеннен кейін топ жетекшісінің қарамағына түседі.
Іс-әрекеттердің реттілігі жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына, ПБЖ құрамына және басқа да мән-жайларға байланысты.
Тармақ 87
87. Оқиға орнында:
Тармақша 1
1) азаматтармен қарым-қатынастың шиеленісуіне, сондай-ақ тергеу процесіне әсер ету мүмкін іс-әрекеттерге;
Тармақша 2
2) оқиға орнында фото-бейнетүсірілімді жүзеге асыруға (қызметке берілген және автоматты режимде жұмыс істейтін ПБЖ ведомстволық бейнетіркегіштің, ЖТТ қызметкерлерінің бейнетіркеу жағдайларын қоспағанда);
Тармақша 3
3) оқиғаға түсінік беруге;
Тармақша 4
4) заттай айғақтарды жылжытуға (ауа райы және басқа да мән-жайлар бойынша бүліну немесе жойылу қаупі төнген жағдайларда, олардың бастапқы жағдайын алдын ала белгілей отырып жылжытуды қоспағанда);
Тармақша 5
5) темекі шегуге, оқиғаға қатысы жоқ қандай да бір заттарды қалдыруға жол берілмейді.
Тармақ 88
88. ПБЖ оқиғаның сақталуын және қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар заттардың өзгермеген қалпында болуын қамтамасыз етуге:
Тармақша 1
1) саусақ, аяқ киім, көлік құралдарының іздеріне;
Тармақша 2
2) қан дақтары, шаш, киім заттары, мата бөлшектеріне;
Тармақша 3
3) шыны сынықтары, ағаш кесектері, топырақ жер бөлшектері, темекі тұқылдары, сіріңкелерге назар аударады.
Тармақ 89
89. ПБЖ оқиға орнын қоршауды жүзеге асырады, ол үшін полицияға көмек көрсететін қоғамдық көмекшілер мен азаматтар тартылуы мүмкін. Қоршаудың әртүрлі түрлері қолданылады: арқан, тақталар, сым және басқа қолда бар құралдар. Бұл жағдайда ПБЖ оқиға орнында қалдырған өз іздері мен жағдайдың өзгеруін теңдестіреді.
Тармақ 90
90. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсете немесе жәбірленушіні медициналық мекемеге жібере отырып, ПБЖ қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар заттарды, іздер мен белгілерді анықтау мақсатында оның киімін және денесінің ашық жерлерін қарайды, мүмкіндігінше оның жеке басын анықтайды. Жараланған адам табылған орны мен қалпы, қолдың, аяқтың, бастың жағдайы бор, көмір және басқа құралдардың көмегімен белгіленеді. Егер жәбірленушінің тірі екендігінің белгілері айқындалмаса, онда оның жағдайы, мүмкін болса, қалпы мен айналасындағы жағдайды өзгертпестен тексеріледі.
ЖТТ келгенге дейін мәйіттер оқиға орнынан алынбайды және қозғалмайды.
Тармақ 91
91. Жаңбырдың, желдің, қардың және басқа да жағдайлардың әсерінен іздер мен заттай айғақтардың жойылу қаупі төнген жағдайда ПБЖ оларды сақтау үшін шаралар қолданады. Тік жақтағы үстінде іздерді сақтау үшін қолда бар су өткізбейтін материалдардан жасалған шатыр орнатылады. Көрсетілген заттар мен материалдарда қызметтік-іздестіру итін қолдануды қиындатпау үшін өткір иіс болмауы керек.
Тармақ 92
92. Үй-жайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде ПБЖ тек оның жолын кесу, қылмыстық құқық бұзушыны ұстау, жәбірленушілерге көмек көрсету үшін кіреді.
Тармақ 93
93. ЖПБ қылмыстық құқық бұзушыларды «ізін суытпай» қудалау олар ұсталғанға және залалсыздандырылғанға дейін жүргізіледі. ПБЖ қудалау кезінде сақтық шараларын сақтайды. Қылмыстық құқық бұзушыларды қудалау кезеңінде оқиға орнын күзетуді өзге ПБЖ немесе полицияға жәрдем көрсететін азаматтардың көмегімен қамтамасыз етеді.
Тармақ 94
94. Қылмыстық құқық бұзушыларды қудалауды және іздестіруді ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде ПБЖ ЖТТ келгенге дейін немесе кезекші бөлімнің өкімін алғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде болады.
Тармақ 95
95. ЖТТ келген кезде ПБЖ қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты барлық алынған мәліметтер және қабылданған шаралар туралы баяндайды, содан кейін оның нұсқауы немесе кезекші бөлімнің өкімі бойынша әрекет етеді.
Тармақ 96
96. Күдікті адамдар мен көлік құралдарын тексеру кезінде, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша ПБЖ-ның тактикалық іс-әрекеттері «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру жөніндегі тәлімгерліктерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 127 бұйрығымен регламенттеледі.
Тармақ 2. 2-Параграф. Әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған
кезде патрульдік-бекеттік жасақшалардың іс-әрекеттері
2-Параграф. Әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған
кезде патрульдік-бекеттік жасақшалардың іс-әрекеттері
Тармақ 97
97. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, ПБЖ:
Тармақша 1
1) құқыққа қарсы іс-әрекеттерді дереу тоқтатуды талап етеді;
Тармақша 2
2) құқық бұзушының жеке басын сәйкестендіреді;
Тармақша 3
3) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды, әкімшілік іс жүргізудің қозғалуын болғызбайтын мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтайды;
Тармақша 4
4) құжаттау сапасы мен материалды жинаудың толықтығын қамтамасыз етеді
Тармақ 98
98. Көлік құралын басқару құқығына құқық белгілейтін құжаттарды (тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы) және көлік құралының тиесілігін тексеру (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, сақтандыру полисі, техникалық байқау) құқық бұзушының жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде интеграцияланған деректер банкі арқылы электрондық планшет арқылы жүзеге асырылады. Интернет байланысымен қамту аймағы болмаған жағдайда тексеру кезекші бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 99
99. ПБЖ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электрондық форматта немесе қағаз тасымалдағышта жасайды.
Тармақ 100
100. Әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін материалды рәсімдеу процесінде ПБЖ ӘҚБтК-ның 744-бабына сәйкес құқық бұзушыға құқықтары мен міндеттерін, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен, оның ішінде бұзушылықты фото немесе бейнетіркеумен танысуға, түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар мәлімдеуге;
Тармақша 2
2) іс қаралған кезде қорғаушының заң көмегiн пайдалануға құқылы;
Тармақша 3
3) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға;
Тармақша 4
4) iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша шағыммен жүгіну тәртібін түсіндіреді.
Бұл туралы хаттама бланкісінде құқық бұзушының қолы қойылып жазылады.
Тармақ 101
101. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ол анықталған жерде толтыру мүмкін болмаған кезде жеке тұлғаларды ең жақын полиция бөлінісінің қызметтік үй-жайларына жеткізу жүзеге асырылады. Құқық бұзушыны жеткізу туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға немесе әкімшілік ұстау туралы хаттамаға (әкімшілік қамауға алу санкциясы бар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша) тиісті жазба жасалады.
Тармақ 102
102. Өз өкілеттігі шегінде және сот қаулысымен қойылған шектеулер негізінде ПБЖ жеке сот орындаушыларына жәрдем көрсетеді. Сот қаулысының орындалмау деректері анықталған кезде құқық бұзушы одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушыларына беріледі.
Тармақ 103
103. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу ӘҚБтК нормаларына сәйкес жүзеге асырылады, ол туралы осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады.
Ұсталған көлік құралдары арнайы тұрақтардан беріледі, ал алынған МТБН ұстау себептері жойылғаннан және құқық белгілейтін құжаттар ұсынылғаннан кейін әкімшілік полиция қызметкері қайтарады.
Ұсталған көлік құралдарын арнайы аландардан немесе тұрақтан беру кезінде осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсталған көлік құралын беруге рұқсат толтырылады.
Тармақ 104
104. Уақытша куәлік осы Нусқаулықтың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген тәртіппен алынған жүргізуші куәлігінің орнына беріледі.
Тармақ 105
105. Бөлімше басшысы немесе әкімшілік полицияның жауапты қызметкері ІІО бөлімшелерінің деректерімен медициналық мекемелерге куәландыруға жеткізілген адамдар бойынша ай сайынғы салыстырып тексеруді жүргізуді қамтамасыз етеді және осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды.
Тармақ 3. 3-Параграф. Әкімшілік жауаптылықтан дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын және ерекше артықшылығы бар адамдар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу кезінде патрульдік-бекеттік жасақшаларының іс-әрекеттері
3-Параграф. Әкімшілік жауаптылықтан дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын және ерекше артықшылығы бар адамдар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу кезінде патрульдік-бекеттік жасақшаларының іс-әрекеттері
Тармақ 106
106. Әкімшілік жауаптылықтан ерекше артықшылығы мен иммунитеті бар адамдарды (Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Президенттігіне және Парламент депутаттығына кандидаттар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы немесе мүшелері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, судьялар) тиісті келiсусiз сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, күштеп әкелуге болмайды. (ӘҚБтК-нің 49-тарауы).
ӘҚБтК-нің баптары бойынша қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін келісім болған кезде, бағынысты сотқа тиісті әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қабылданады (ӘҚБтК-нің 49-тарауына сәйкес).
Осында жағдайда ПБЖ әкімшілік өндіріс қозғайды, дәлелді баянат жасайды, кезекші бөлімі мен командирді ақпараттандырады. Материалдар одан әрі келісу және тиісті шешім қабылдау үшін прокуратура органдарына жіберіледі.
Полицияның ведомстволық бағынысты органдары әкімшілік материалдар бойынша (ӘҚБтК-нің 685-бабы) әкімшілік өндірісті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады (ӘҚБтК-нің 803, 804-баптары).
Тармақ 107
107. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылықтан дипломатиялық иммунитеті бар адамдар (дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, дипломатиялық персонал мүшелері және олардың отбасы мүшелері және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге де адамдар) тиісті келісу кезінде ғана әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін (ӘҚБтК-нің 876-бабы).
Осыған ұқсас фактілер анықталған жағдайда ПБЖ әкімшілік өндіріс қозғайды, дәлелді баянат жасайды, кезекші бөлімі мен командирді ақпараттандырады. Материалдар одан әрі келісу және тиісті шешім қабылдау үшін прокуратура органдарына жіберіледі.
Дипломатиялық иммунитеті бар адамның мәртебесін растайтын құжаттар болған кезде олар да жеке басына қол сұғылмаушылықты пайдаланады және жеке басын жете тексеруге, оларды ұстап алуға немесе күштеп әкелуге болмайды. Олардың өздерімен алып жүрген заттарына да жете тексеру жүргiзуге болмайды.
Тармақ 108
108. Дипломатиялық иммунитеті бар адамдардың қатысуымен болған ЖКО кезінде ПБЖ осы адамға материалдарды рәсімдеу кезінде қатысуды ұсынады. Ол бас тартқан жағдайда ПБЖ оқиғаға қатысушылар туралы қажетті мәліметтерді жазады және ЖКО орнынан кетуге рұқсат береді.
Оқиға болған жерді қарап тексеру хаттамасында жүргізушінің болмау себебі туралы жазба жасалады, оған хаттама толтырушы және екі куә қол қояды.
Тармақ 109
109. Ерекше артықшылығы мен дипломатиялық иммунитеті бар адамдар көлік құралын басқара отырып, мас күйінде болады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде қызметкер басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралының одан әрі қозғалысын тоқтатуға шаралар қабылдайды, бұл туралы консулдық өкілдіктері мен прокуратура органдарын дереу ақпараттандыру үшін кезекші бөлімге және командирге хабарлайды.
Тармақ 110
110. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдарды ҚПК-нің 554-бабына сәйкес ұсталынуы мүмкін.
.
Тармақ 4. 4-Параграф. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
алдын алу және жолын кесу кезінде патрульдік-бекеттік жасақшалардың іс-әрекеттері
4-Параграф. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
алдын алу және жолын кесу кезінде патрульдік-бекеттік жасақшалардың іс-әрекеттері
Тармақ 111
111. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге қатыса отырып, ПБЖ:
Тармақша 1
1) көшелер мен қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алады және жолын кеседі;
Тармақша 2
2) патрульдеу бағыты шегінде жоғалған (адасқан) балалардың орналасқан жерін (тұрғылықты жерін) анықтау үшін шаралар қабылдайды;
Тармақша 3
3) мас күйдегі жасөспірімдерді тұрғылықты жеріне жеткізеді және ата-аналарына (қамқоршыларына), медициналық мекемелерге, ювеналды полиция бөліністеріне немесе полиция органдарына тапсырады;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы топтарын анықтауға, олардың шоғырлану орындарын анықтауға шаралар қабылдайды;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға, спирттік ішімдіктерді, есірткіні пайдалануға, құқық бұзушылықтар не өзге де қоғамға қарсы әрекеттер жасауға шақыратын ересек адамдарды анықтайды;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта, ата-анасының (өзге де заңды өкілдерінің) немесе балалардың қатысуымен іс-шараларды жүзеге асыратын адамдардың еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуына жол бермейді.
Тармақ 112
112. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған барлық оқиғалар туралы ПБЖ дереу кезекші бөлімге баяндайды және кезекшінің нұсқауына сәйкес әрекет етеді.
Тармақ 5. 5-Параграф. Жол-көлік оқиғаларын жасаған кезде
патрульдік-бекеттік жасақшалардың іс-әрекеттері
5-Параграф. Жол-көлік оқиғаларын жасаған кезде
патрульдік-бекеттік жасақшалардың іс-әрекеттері
Тармақ 113
113. Зардап шегушілермен орын алған ЖКО орнында ПБЖ (ЖТТ, ЖКО орнына шығу бойынша кезекші-инспектор келгенге дейін) мынадай міндеттерді орындайды:
Тармақша 1
1) зардап шеккендердің санын анықтайды, олардың жағдайының ауырлық дәрежесін бағалайды, жедел медициналық көмек шақырады және ол келгенге дейін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді, оларды медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастырады, зардап шеккен азаматтардың деректерін анықтайды, бұл туралы кезекші бөлімге баяндайды;
Тармақша 2
2) ЖКО-ға қатысушылардың жүргізушілерін, көлік құралдарын және ЖКО-ға қатысы бар басқа да адамдарды анықтайды. Ұтқыр планшеттің көмегімен, ал интернет байланысы болмаған жағдайда кезекші бөлім арқылы оқиға қатысушыларының деректерін тексереді;
Тармақша 3
3) ЖТТ келгенге дейін оқиға болған жерде аталған адамдардың болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) оқиға куәгерлерін анықтайды және олардың деректерін жазады;
Тармақша 5
5) оқиғаға қатысы бар заттай дәлелдемелерді, іздерді, мүлікті және басқа да заттарды сақтауға және тіркеуге шаралар қабылдайды;
Тармақша 6
6) оқиға орнына келген ЖТТ-ға жетекшісіне (прокурорға, тергеушіге, анықтаушыға) оқиғаға қатысы бар адамдар мен куәлар туралы мәліметтерді баяндайды, заттай дәлелдемелерді тапсырадыжәне одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді;
Тармақша 7
7) ЖТТ келгенге дейін және (немесе) оқиға орында процессуалдық әрекеттерді жүргізу кезінде көлік ағынының қозғалысы тоқтатыла тұрады, оқиға орнын басқа жолақтар (бағыттар) бойынша айналып өту үшін жол қозғалысы ұйымдастырылады, ал айналып өтуді ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде – көлік құралдарының орналасуын, оқиға іздерін және оқиғаға қатысы бар басқа да мән-жайларды тіркейді (екі куәгердің және оқиғаға қатысушылардың қатысуымен), содан кейін қозғалысты қалпына келтіруге шаралар қабылдайды;
Тармақша 8
8) қозғалыстың ықтимал бағытын, көлік құралының маркасын, типін, мемлекеттік тіркеу белгісін, түсін, сондай-ақ ЖКО орнынан жасырынған жүргізушісін және көлік құралының ерекше белгілерін анықтайды. Оқиға орнын қарау және куәлардан жауап алу кезінде алынған жасырынған көлік құралы мен жүргізуші туралы деректерді ПБЖ дереу кезекші бөлімге хабарлайды, одан әрі кезекшінің нұсқауларына сәйкес әрекет етеді.
ЖКО болған жердегі іс-әрекеттердің реттілігі жасалған құқық бұзушылықтың сипатына, ПБЖ құрамына және басқа да мән-жайларға байланысты.
Тармақ 114
114. ЖКО орнында алғашқы іс-қимылдар жүргізілгеннен кейін оқиға орнының сызбасы жасалады. ЖКО орнындағы барлық процессуалдық әрекеттер техникалық құралдармен (бейнетіркегіштермен) тіркеледі және іс материалдарына қоса беріледі.
Тармақ 115
115. Көлік құралдарының, жүктердің, автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан және бұл ретте тек материалдық залал келтірілген ЖЖҚ бұзушылықтары туралы материалдарды рәсімдеуді кезекші бөлімнің нұсқауы бойынша ПБЖ ӘҚБтК-ге ережелеріне және «Көлік оқиғасының схемасын жасау ережесін және олардың үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6778 болып тіркелген) сәйкес дербес жүзеге асырады.
Тармақ 6. 6-Параграф. Көлік құралын іздестіру кезінде
патрульдік-бекеттік жасақшаларының іс-әрекеттері
6-Параграф. Көлік құралын іздестіру кезінде
патрульдік-бекеттік жасақшаларының іс-әрекеттері
Тармақ 116
116. ПБЖ айдап әкетілген, ұрланған көлік құралдарын, сондай-ақ ЖКО жасырынған жүргізушілерді, көлік құралдарын, көлікті пайдаланумен байланысты өзге де құқық бұзушылықтарды болған орыннан іздеуге қатысады.
Тармақ 117
117. ІІО-ның іздестіру және қоршау іс-шараларының жоспарын қолданысқа енгізу туралы хабарлама келіп түскен кезде ПБЖ дереу ол көрсеткен жергілікті жер учаскесіне, кезекші бөлімге баяндаумен көшіріледі және өтіп бара жатқан көлікті көзбен шолып тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 118
118. Іздестіру іс-шараларының негізінде іздеуде жүрген көлік құралдарының түсі мен өзіне тән белгілері бойынша бірдей (ұқсас) маркаларын тоқтатады. Бұл ретте типін, моделін, мемлекеттік тіркеу белгісін салыстырады, қолда бар біріктірілген деректер банкі бойынша көлік құралының деректемелерін тексереді.
Тармақ 119
119. Іздестіріліп жатқан көлік құралы құқық белгілейтін құжаттарды қолдан жасау белгілері, сондай-ақ нөмірлердің өзгеру (болмау) белгілері немесе олардың тіркеу құжаттарындағы деректермен айырмашылығы анықталған жағдайда ПБЖ бұл туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды, өзінің жеке қауіпсіздігі мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып, көлікті және ондағы адамдарды ұстауға шаралар қолданады.
ЖТТ келгенге дейін көлік құралын басқа жерге айдап апаруға және нәтижесінде іздер мен заттай айғақтар жойылуы мүмкін өзге де іс-әрекеттер жүргізуге тыйым салынады.
Жиналған бастапқы материалдарын, көлік құралдарын ЖТТ немесе бұзушылық анықталған (жасалған) жердегі полиция органдарына тапсырады.
Тармақ 7. 7-Параграф. Төтенше жағдайлар кезінде
патрульдік-бекеттік жасақшалардың іс-әрекеттері
7-Параграф. Төтенше жағдайлар кезінде
патрульдік-бекеттік жасақшалардың іс-әрекеттері
Тармақ 120
120. Өрт кезіндегі ПБЖ-ның іс-әрекеттері:
Тармақша 1
1) дереу кезекші бөлімге баяндайды, тұрғындарды хабардар етеді және эвакуациялау бойынша шаралар қабылдайды, коммуналдық, авариялық-құтқару, өрт сөндіру және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) күдіктілерді ұстауға, куәларды, көрген адамдарды анықтауға шаралар қолданады;
Тармақша 3
3) емдеу мекемелеріне зардап шеккендерді жеткізуде медицина қызметкерлеріне көмек көрсетеді; ;
Тармақша 4
4) жанып жатқан ғимараттарға өртті жоюға тартылған адамдардан басқа ешкімді жібермейді, периметрдің қоршалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) кезекші бөлімнің (командирдің) нұсқауына дейін мүлікті және оқиға орнын күзетуді ұйымдастырады.
Тармақ 121
121. Су тасқыны, сел кезінде:
Тармақша 1
1) су басу қаупі туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды және шешім сұрайды, халықты хабардар етеді;
Тармақша 2
2) азаматтар мен мүлікті құтқаруға шаралар қабылдайды, оларды (бірінші кезекте балаларды, әйелдерді, қарттар мен науқастарды) және мүлікті эвакуациялауды ұйымдастырады, зардап шеккендерге көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) су басқан аудандардан халықты өткізу кезінде тәртіпті қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мүлікті қорғауды ұйымдастырады, тонау деректерінің алдын алады.
Тармақ 122
122. Боран, дауыл, қар басу, тұман және көктайғақ кезінде:
Тармақша 1
1) жағдайды дереу кезекші бөлімге баяндайды, көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысын бақылауды күшейтеді, жүргізушілер мен азаматтарға қауіп және қажетті сақтық шаралары туралы ескертеді;
Тармақша 2
2) дәрменсіз күйдегі зардап шеккендерге көмек көрсетеді, азаматтарды жылыту және эвакуациялау, тұрып қалған және ақаулы көлік құралдарын сүйрету бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 3
3) еңбекке жарамды халықты және көлік құралдарын коммуналдық қызметтермен бірге қар басқан үйлерді, көшелер мен автомобиль жолдарын тазартуға, сондай-ақ көктайғаққа қарсы инертті материалдарды себу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) кезекші бөлімнің нұсқауы бойынша «Шеп» бөгеу жүйесінің стационарлық бақылау бекеттеріндегі елді мекендерден, сондай-ақ жекелеген жергілікті жер учаскелерінен шығу жолдарын жабуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 123
123. Жер сілкінісі кезінде:
Тармақша 1
1) жағдайды дереу анықтайды және кезекші бөлімге баяндайды;
Тармақша 2
2) қозғалыс үшін қауіпті орындарды анықтайды және көлік ағындары мен жаяу жүргіншілерді қауіпсіз бағыттар бойынша бағыттайды;
Тармақша 3
3) азаматтарды құтқаруға, зардап шеккендерге көмек көрсетуге, оларды медициналық көмек пункттеріне жіберуге шаралар қолданады; ;
Тармақ 124
124. Апаттар, зілзалалар мен авариялар туындаған кезде:
Тармақша 1
1) болған жағдай туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды және азаматтарды құтқару, зардап шеккендерге көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне жіберу шараларын қабылдайды;
Тармақша 2
2) коммуналдық, авариялық-құтқару, өрт сөндіру және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) кезекші бөлімнен (командирден) өзге нұсқау келіп түскенге дейін оқиға орнын күзетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) оқиға орнына, оның зардаптарын жоюға тартылған адамдардан басқа бөгде адамдарды жібермейді;
Тармақша 5
5) ТЖ салдарын жою, қоршауды ұйымдастыру үшін халықты, көлік және басқа да құралдарды тартуды ұйымдастырады.
Тармақ 125
125. Эпидемия кезінде:
Тармақша 1
1) ауру деректері туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды;
Тармақша 2
2) жеке қорғаныш құралдарын пайдалу арқылы эпидемияға қарсы жеке қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, азаматтардың және көліктің залалданған аймаққа өтуін шектеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) инфекциялық ауруханалар мен карантиндік стационарларды, сумен жабдықтау көздерін, ықтимал жұқтыру ошақтарын күзетуді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) өкілеттілігі шегінде карантин режиміне байланысты шектеулерді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) кезекші бөлімнің нұсқауы бойынша «Шеп» стационарлық полиция бекеттеріндегі елді мекендерден, сондай-ақ жекелеген жергілікті жер учаскелерінен шығу жолдарын жабуды, сондай-ақ карантиндік іс-шараларды жүргізу кезінде жергілікті жер учаскелерін қоршауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 126
126. Эпизоотиялар кезінде:
Тармақша 1
1) ауру деректері туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды;
Тармақша 2
2) жеке қорғаныш құралдарын пайдалу арқылы эпидемияға қарсы жеке қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, азаматтардың және көліктің залалданған аймаққа өтуін шектеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтау көздерін, жұқтыру ықтимал ошақтарды күзетуді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) карантин жарияланған аумақта қоғамдық тәртіптің сақталуын, жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша шектеу іс-шараларын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) кезекшінің нұсқауы бойынша елді мекендерден, жекелеген жергілікті жер учаскелерінен кіру және шығу жолдарын жабуды, сондай-ақ карантиндік іс-шараларды жүргізу кезінде жергілікті жер учаскелерін қоршауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 127
127. Қоғамдық тәртіпті жаппай бұзу қаупі төнген кезде:
Тармақша 1
1) дереу кезекші бөлімге баяндайды;
Тармақша 2
2) қауіп төндіретін себептерді, ниеттерді, санын, жиналған қару мен басқа да заттардың бар-жоғын анықтау мақсатында қалыптасқан жағдайды байқауды және бағалауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) азаматтарға олардың іс-әрекеттерінің заңсыздығы туралы ескертеді және таралуды талап етеді;
Тармақша 4
4) жанжалдың одан әрі ушығуы және қоғамдық тәртіпті жаппай бұзуға алғышарттар туындаған кезде ПБЖ кезекші бөлімнің нұсқауларына және ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әрекет етеді.
Тармақ 128
128. Террористік акт кезінде, жарылғыш құрылғылар, жарылғыш заттар, сондай-ақ азаматтарға қауіп төндіретін радиоактивті, химиялық және басқа да заттар табылған кезде:
Тармақша 1
1) оқиға туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды және қауіпті аймақ периметрін қоршауға (бұғаттауға), келетін шұғыл қызметтердің көлік құралдарының тұрақ орнын ұйымдастыруға шұғыл шаралар қабылдайды;
Тармақша 2
2) азаматтарды эвакуациялауға және құтқаруға, қылмыскерлерді, куәларды анықтауға көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) эвакуаторлар мен сүйрегіштердің көмегімен арнайы топтардың жұмысына кедергі келтіретін тұраққа қойылған көліктерді эвакуациялайды.
Тармақ 129
129. ІІО жоспарлары қолданысқа енгізілген жағдайда ПБЖ арнайы топтардың құрамында әрекет етеді.
Тарау 6. 6-Тарау. Патрульдік-бекеттік қызметті атқаруды қорытындылау
6-Тарау. Патрульдік-бекеттік қызметті атқаруды қорытындылау
Тармақ 130
130. Қызметкерлер қызмет аяқталғаннан кейін бөліністің орналасқан жеріне келеді. Олар өздерінің келгені туралы кезекші бөлімге және командирге бекет ведомосына есепке алу үшін баяндайды.
Тармақ 131
131. Қызметкерлер арттехқаруландыру, қару-жарақ, байланыс пен арнайы техника, жеке қорғаныш және арнайы құралдарын, қызметтік құжаттаманы тапсырады.
Көлік құралдарына бекітілген жүргізушілер жол парақтарын және көлік құралдарын тапсырады.
Тармақ 132
132. Қызметкерлер ПБЖ жалпы сапқа тұруы жарияланған кезде қызмет атқаруды қорытындылауға қатысады, ол аяқталғаннан кейін бөліністің орналасқан жерінен қайтады.
Тармақ 133
133. Командирлер ЖПБ жеке жұмысының нәтижелерін, қызмет бойынша ескертулердің болуын қорытындылайды, одан әрі жұмыс режимін жариялайды. Әкімшілік практика бөліністері ӘҚБК нормаларын қолданудың заңдылығын және әкімшілік материалдардың дұрыс толтырылуын тексереді.
Басқа 1. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау,
жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы АКТІ
Елді мекендерде және қала
сыртындағы автомобиль
жолдарында қоғамдық тәртіпті
күзетуді және жол қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстан Республикасы полиция
қызметкерлерінің патрульдік-
бекеттік қызметті атқаруы
жөніндегі нұсқаулыққа
1-Қосымша
Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау,
жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы АКТІ
20__ ж. "___" _______ уақыт "___" сағ. "____" мин. _________________________________
(толтырылған орны)
_____________________________________________________________________________
(лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні)
ӘҚБтК-нің 797-бабына сәйкес, көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені уақытша сақтау үшін арнаулы алаңдарға, тұрақтарғажеткізужолымен, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды), кеменінемесе шағын көлемді кемені: мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер кемесін алып қою арқылы ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы осы актіні жасады (керегінің астын сызу) көлік құралының меншік иесінің:
Көлік құралының иесінің Т.А.Ә.
Т/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
А/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/___/__/__/__/__/__/__/__/__/
Ә/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
ЖСН (бар болса) _______________________
Көлік құралы кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме туралы мәліметтер:
Көлік құралын маркасы______ __________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі ________________________________
КҚ тіркеу елі _________________________________________________________
Құжаттың атауы____________серия_________нөмірі ________________________
Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің жүргізушісі жол берген бұзушылықтың мәні
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің техникалық жай-күйі
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(ақаулы/ақаулы емес, сыртқы зақымданулар)
Толықтығы жүктердің болуы және т.б.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Актіге қосымша:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Куәгерлер (меншік иесі болмаған жағдайда):
1)________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., т.ж., тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжат, байланыс тел. нөмірі)
2)________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., т.ж., тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжат, байланыс тел. нөмірі)
Құқықтары мен міндеттері түсіндірілді:
1)____________________ 2)___________________
(қолы) (қолы)
Басқа тұлғалар:
________________________________________________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Актіні жасалған лауазымды тұлға
_____________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы)
Құқық бұзушысыға құқытары мен міндеттері түсіндірілді
_____________________________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Басқа 2. Ұсталған көлік құралын беруге рұқсат № ______
Елді мекендерде және қала
сыртындағы автомобиль
жолдарында қоғамдық тәртіпті
күзетуді және жол қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстан Республикасы полиция
қызметкерлерінің патрульдік-
бекеттік қызметті атқаруы
жөніндегі нұсқаулыққа
2-Қосымша
Ұсталған көлік құралын беруге рұқсат № ______
________________________________________________________________________________
(Рұқсат берген лауазымды тұлғаның тегі,аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
Көлік құралын беруіңізді сұраймын:
Көлік құралын маркасы___________________________ __________________________________
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі___________________________________________________
КҚ тіркеу елі______________________________________________________________________
Құжаттың атауы____________серия_________нөмірі ____________________________________
Ұсталған күні20 ___ ж. "____" ____________
Ұстау себебі_______ _______________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Тұрақ актісі № ______ берілген күні 20 ___ ж."___" __________
Т.А.Ә. алушы тұлғаның
Т/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
А/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/___/__/__/__/__/__/__/__/__/
Ә/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
Алушының ЖСН (болған жағдайда) _______________________
Жүргізуші куәлігінің нөмірі, сериясы _______________________
Рұқсат берген лауазымды тұлға__________________________________________
(қолы, тгі аты-жөні)
_________________________
Басқа 3
Елді мекендерде және қала
сыртындағы автомобиль
жолдарында қоғамдық тәртіпті
күзетуді және жол қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстан Республикасы полиция
қызметкерлерінің патрульдік-
бекеттік қызметті атқаруы
жөніндегі нұсқаулыққа
3-Қосымша
Басқа 4. Медициналық мекемелерге куәландыруға жеткізілген адамдар бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ
Елді мекендерде және қала
сыртындағы автомобиль
жолдарында қоғамдық тәртіпті
күзетуді және жол қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстан Республикасы полиция
қызметкерлерінің патрульдік-
бекеттік қызметті атқаруы
жөніндегі нұсқаулыққа
4-Қосымша
Медициналық мекемелерге куәландыруға жеткізілген адамдар бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ
№ р/с
Жеткізу күні, уақыты
Куәландыруға жеткізілген адамның тегі және аты-жөні (бар болған жағдайда)
Жеткізу себебі
Жолдама берген адамның лауазымы, тегі және аты-жөні
Қорытынды нөмірі, куәландыру нәтижесі
Қабылданған шаралар (әкімш.хаттама, АЕК, СДТБТ нөмірі)
Ескертпе