Об утверждении Правил планирования и реализации бюджетных инвестиций в рамках пилотного национального проекта в области образования и Процедур исполнения бюджета при реализации пилотного национального проекта в области образования Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын және Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына және 151-бабының 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдері бекітілісін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 13 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 17 ақпандағы № 41 Бұйрығына 1-қосымша Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 151-бабының 16-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады: білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
Тарау 2. 2-тарау. Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібі
2-тарау. Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру Ұлттық жобаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен мемлекет активтерін құруға бағытталған Ұлттық жоба шеңберіндегі бюджеттік инвестициялардың көзі республикалық бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының трансферттері (бұдан әрі – бюджеттік инвестициялар) болып табылады.
Тармақ 5
5. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – РББӘ) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансфертті аударуды жүзеге асыратын Уәкілетті орган болып табылады.
Тармақ 6
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 511 Қағида) сәйкес жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы орта білім беру объектілерін салуға және жаңа оқушы орындарын енгізуге қажеттілік туралы РББӘ-ға бюджеттік өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) жолдайды. ЖАО Өтініміне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша орналасқан жерін (облыс, аудан, елді мекеннің атауы), жобалық қуаттылығын, сондай-ақ жоспарлы кезеңге қажетті қаржыландыру көлемін, пайдалануға берілетін объектілердің және оқушы орындардың санын (екі ауысымда) көрсете отырып, алдағы үш жылдық кезеңге, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасарынан төмен емес тұлғаның қолы қойылған орта білім беру объектілерінің жиынтық тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдерінің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне бөлiнген республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттердi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансфертiн игеру туралы жыл сайынғы есебі;
Тармақша 3
3) түсіндірме жазба қоса беріледі.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган ЖАО ұсынған Өтінімді Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметтерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 81 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19394 болып тіркелген) ескере отырып қарастырады. ЖАО ұсынған Өтініммен қоса берілген құжаттар олар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарастырылады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган орта білім беру объектілерін салуға және технологиялық жарақтандыруға бюджеттік инвестицияларға қажеттілік көлемін есептеу үшін орта білім беру объектісінің жобалық қуатына байланысты бір оқушы орнын салуға және технологиялық жарақтандыруға жұмсалатын шығындарды Ұлттық жобада 2022 жылдың ағымдағы бағалармен айқындалған құнын қолданады: 300 білім алушыға - 8 392 мың теңге; 600 білім алушыға - 6 817 мың теңге; 900 білім алушыға - 5 392 мың теңге; 1 200 білім алушыға - 4 886 мың теңге; 1 500 білім алушыға - 4 271 мың теңге; 2 000 білім алушыға - 4 258 мың теңге; 2 500 білім алушыға - 3 692 мың теңге.
Тармақ 9
9. Орта білім беру объектісінің жобалық қуатына байланысты бір оқушы орнын салуға және технологиялық жарақтандыруға жұмсалатын шығындардың құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес индекстеуді ескере отырып көзделген.
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелген және Уәкілетті органның ведомстволық бюджеттік комиссиясы мақұлдаған Ұлттық жобаны іске асыруға арналған бюджеттік инвестициялардың көлемдері Уәкілетті органның бюджеттік өтінімі құрамында Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабына және № 511 Қағидаларға сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолданады.
Тармақ 11
11. Республикалық бюджеттен және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Ұлттық жобаны іске асыруға ЖАО бөлінетін қаражат көлемі тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 17 ақпандағы № 41 Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру қағидаларына қосымша Бекітемін Әкімнің орынбасары ___________________________ (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) ___________________________ (тегі, аты-жөні, қолы) Мөр орны Ата­уы Ті­рек/ бас­қа­лай АЕМ тү­рі Ба­сым­дық Құ­ры­лыс те­ті­гі Бар­лы­ғы Ен­гі­зу ке­зе­ңі са­ны жо­ба­лық қу­а­ты 2023 жыл 2024 жыл 2025 жыл са­ны жо­ба­лық қу­а­ты са­ны жо­ба­лық қу­а­ты са­ны жо­ба­лық қу­а­ты Бар­лы­ғы Қа­ла, оның ішін­де: 1. 2. … Ауыл, оның ішін­де: 1. 2. … Кестенің жалғасы Жер учас­ке­ле­рі­нің бо­луы ау­ма­ғы, га ме­кен­жайы ка­дастр­лық нө­мі­рі құқық­ты бел­гі­лей­тін құ­жат­тар Бюджеттік жоспарлау саласындағы атқарушы органның басшысы _______________ (тегі, аты-жөні, қолы) Мөр орны Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы атқарушы органның басшысы _____________________ (тегі, аты-жөні, қолы) Мөр орны Білім беру саласындағы атқарушы органның басшысы ___________________ (тегі, аты-жөні, қолы) Мөр орны
Басқа 2. Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдері
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 17 ақпандағы № 41 Бұйрығына 2-қосымша Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдері (бұдан әрі – Рәсімдер) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдерін көздейді.
Тармақ 2
2. Осы Рәсімдерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Ұлттық жоба – «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба);
Тармақша 2
2) Дирекция – тапсырыс берушінің және жобаны басқарудың функциялары берілген Ұлттық жобада (бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша) көзделген жұмыстардың, қызметтердің кешенін жүзеге асыратын «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Дирекция);
Тармақша 3
3) орта білім беру ұйымының объектісі – Ұлттық жобаның талаптарына сәйкес келетін «орта білім беру ұйымының объектісі» немесе «мектеп» нысаналы мақсаты бар тұрғын емес ғимарат (бұдан әрі – Объект).
Тарау 2. 2-тарау. Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылу рәсімі
2-тарау. Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылу рәсімі
Тармақ 3
3. Құзыретінің шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімі басқаратын жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – ЖАО) аударатын республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылатын білім беру саласындағы орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – РББӘ) Ұлттық жоба шеңберінде Объектілерді салуға бөлінген республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансфертті (бұдан әрі – НДТ) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері бекітілген бөлінуге және тиісті республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес жүргізеді.
Тармақ 4
4. ЖАО атынан сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі – ЖББӘ) тиісті жергілікті бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша 431 «Жаңа объектілер салу және қолда бар объектілерді реконструкциялау» шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі бойынша Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша бюджет қаражаттарын аударады.
Тармақ 5
5. Бөлінген НДТ сомаларын игеруді ЖББӘ және Дирекция Ұлттық жобаға сәйкес жүргізеді.
Тармақ 6
6. ЖББӘ Дирекциямен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 22-тарауының және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 33-тарауының (Ерекше бөлім) нормаларына сәйкес Ұлттық жоба шеңберінде Объектілерді салу бойынша жұмыстар (жобалау - іздестіру жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары) және қызметтер (авторлық және техникалық қадағалау) кешенін жүзеге асыруға арналған шарт (бұдан әрі – Құрылысқа арналған шарт);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 22-тарауының және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 33-тарауының (Ерекше бөлім) нормаларына сәйкес жобаны басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға арналған шарт (бұдан әрі – Басқаруға арналған шарт) жасайды.
Тармақ 7
7. ЖББӘ аумақтық қазынашылық органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының (бұдан әрі – № 540 Қағида) 79-қосымшасы нысаны бойынша Құрылысқа арналған шартты және Басқаруға арналған шартты тіркеуге өтінімдерді беріп, № 540 Қағидаларының 76-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге өтінімдер тізілімімен қоса бере отырып қағаз жеткізгіштерде екі данада (әрқайсысы) шарттардың (қосымша келісімдердің) түпнұсқалары мен көшірмелерін енгізеді. Бұл ретте тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз жеткізгіштегі көшірмесі аумақтық қазынашылық органында қалады. ЖББӘ осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларынан сканерленген бейнелерін қоса бере отырып № 540 Қағидаларының 80-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ЖББӘ басшысының және бас бухгалтерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдары қойылған өтінімнің электрондық бейнесін «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Қазынашылық-клиент» АЖ) бойынша қалыптастырады.
Тармақ 8
8. ЖББӘ осы Рәсімдердің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Дирекцияның жұмыстар мен қызметтер кешенін көрсетуді жүзеге асыруға арналған өтінімдері негізінде Құрылысқа арналған шарт және Басқаруға арналған шарт бойынша бюджет қаражаттарын аударады.
Тармақ 9
9. ЖББӘ Дирекциядан қаржыландыруға өтінім келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ЖББӘ-ның аумақтық қазынашылық органына төлем шотын және Дирекцияның өтінімін ұсынып тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша бекітілген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары шегінде мәлімделген бюджет қаражаты көлемін аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. ЖББӘ:
Тармақша 1
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық қазынашылық органында ашылған Дирекцияның қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі – ҚБШ) Ұлттық жоба шеңберінде Объектілерді салу бойынша жұмыстар (жобалау-іздестіру жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары) және қызметтер (авторлық және техникалық қадағалау) кешенін орындағаны үшін Құрылысқа арналған шарт бойынша;
Тармақша 2
2) Дирекцияның екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы шотына Басқаруға арналған шарт бойынша бюджет қаражатын аударады.
Тармақ 11
11. Пайдалануға берілген Объектілер бойынша бюджет қаражаты үнемделген кезде Дирекция Оъектіні қабылдау-тапсыру актісіне Дирекция мен ЖАО қолдары қойылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде ЖББӘ-ның ҚБШ-сына үнемделген сомаларды қайтарады.
Тармақ 12
12. ЖББӘ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген мерзімдерде Дирекциядан түскен үнемделген сомаларды республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Дирекция ЖББӘ Дирекцияның объектілерді салу барысын мониторингтеу жөніндегі ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 229 Қағидалар) Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларының 3 немесе 3-1, 4 немесе 4-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша орындалған жұмыстардың актілерін (сканерленген форматта) қоса бере отырып, осы Рәсімдердің 3 және 4-қосымшаларында көзделген нысандар бойынша Құрылысқа арналған шартта және Басқаруға арналған шартта көзделген нақты орындалған жұмыстар мен пайдаланылған қаражаттар бойынша есепті және қабылданған жұмыстардың тізбесін жартыжылдықта бір рет, кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ұсынады.
Тармақ 14
14. ЖАО жартыжылдықта бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, осы Рәсімдердің 5-қосымшасында көзделген нысан бойынша НДТ игерілуі туралы есепті ЖББӘ-не ұсынады.
Тармақ 15
15. Дирекция осы Рәсімдердің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Объектілер құрылысының барысы мен нәтижелері туралы жартыжылдық және жылдық есептерді есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей РББӘ-не ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Дирекцияның қызмет көрсету рәсімі, кодын беру және Дирекцияның қолма-қол ақшаны бақылау шоты
3-тарау. Дирекцияның қызмет көрсету рәсімі, кодын беру және Дирекцияның қолма-қол ақшаны бақылау шоты
Тармақ 16
16. Дирекцияға қызмет көрсету Ұлттық жоба шеңберінде Объектілерді салуға бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында ҚБШ түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын және төлемдер мен ақша аударымдарының уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету арқылы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Дирекцияға қызмет көрсету кассалық негізде жүзеге асырылады. Дирекцияның ҚБШ түсетін түсімдерін есепке алу және оларды есептен шығару жөніндегі операциялар ақшалай нысанда есепке алынады.
Тармақ 18
18. Дирекцияның ҚБШ кодын беру және ашу № 540 Қағидалардың 7-тарауының 3-параграфы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Дирекцияның дерекнамасын қалыптастыру № 540 Қағидалардың 4-тарауының 5-параграфы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Дирекцияның кодын және ҚБШ жабу № 540 Қағидалардың 4-тарауының 8-параграфы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Дирекцияның қолма-қол ақшаны бақылау шотын жүргізу, бюджеттік рәсімдердің кассалық орындалуы
4-тарау. Дирекцияның қолма-қол ақшаны бақылау шотын жүргізу, бюджеттік рәсімдердің кассалық орындалуы
Тармақ 21
21. Аумақтық қазынашылық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Дирекцияның ҚБШ жүргізу ҚБШ төлемдер мен ақша аударымдарын, есептерді қалыптастыруды және ұсынуды қамтиды. Ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарына Дирекцияның ҚБШ пайдаланылмаған ақша қалдықтарының болуына рұқсат беріледі. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуден Дирекцияның ҚБШ есепке алынған қаражат тиісті бюджеттің кірісіне аударылуға жатады.
Тармақ 22
22. Дирекцияның ҚБШ жүргізуді аумақтық белгілері бойынша аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Дирекцияның басшысы, сондай-ақ Дирекцияның басшысы уәкілеттік еткен тұлға Дирекцияның ҚБШ ақшаға иелік етуші болып табылады.
Тармақ 24
24. Дирекцияның ҚБШ ақша қозғалысы бойынша және «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан үзінді көшірме» 5-20 нысаны бойынша шығыстар жөніндегі есептерді Дирекция «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы № 540 Қағидаларының 54-қосымшасына сәйкес дербес қалыптастырады.
Тарау 5. 5-тарау. Дирекцияның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жұмыстар мен қызметтер үшін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру рәсімі
5-тарау. Дирекцияның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жұмыстар мен қызметтер үшін төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру рәсімі
Тармақ 25
25. Дирекцияның ҚБШ-сы Ұлттық жоба шеңберінде Объектілерді салу бойынша жұмыстар (жобалау-іздестіру жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары) мен қызметтер кешенін (авторлық және техникалық қадағалау) орындау үшін бюджет ақшасын есепке алу және оларды Дирекцияның пайдалануымен байланысты операцияларын есепке алуға арналған. Дирекцияның төлемдері мен ақша аударымдары Дирекцияның ҚБШ ақша қалдықтары шегінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша Дирекцияның төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі. Төлем тапсырмасын толтыру кезінде «Төлем тапсырмасының №» жолында Дирекцияның жеті таңбалы кодынан тұратын төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі санның бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы – төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірінен тұратын төлеуге берілетін шоттың нөмірі көрсетіледі. «Төлем мақсаты» деген жолда: аванстық төлемді қоспағанда, төлемнің мақсаты, құжаттың атауы, нөмірі және күні (орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтама), оның негізінде орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жүзеге асырылатын электрондық шот-фактура көрсетіледі. Бұл ретте төлем тапсырмасы растайтын құжаттың күнінен ерте қалыптастырылмайды.
Тармақ 26
26. Дирекция Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 6-4-тармағына сәйкес:
Тармақша 1
1) төлем тапсырмаларын табыс етудің заңдылығы мен негізділігін;
Тармақша 2
2) төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыстығын; ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелердің уақтылы және толық орындалуын;
Тармақша 3
3) жасалған операциялардың дұрыстығын;
Тармақша 4
4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органына төлемінің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынуды қамтамасыз етеді. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде Дирекция басшысының және (немесе) Дирекция басшысы уәкілеттік берген өзге де тұлғалардың, сондай-ақ Дирекцияның бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Дирекцияның құрылымдық бөлімшесі басшысының және (немесе) Дирекция басшысы уәкілеттік берген өзге де тұлғалардың ЭЦҚ қойылған төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың түпнұсқадан сканерленген нұсқасы қоса ұсынылады;
Тармақша 5
5) «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде Дирекцияның осы дерекнамасына басшының және екінші қол қоюға уәкілетті жеке тұлғаның ЭЦҚ дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 27
27. Барлық жасалған шарттар бойынша Дирекцияның шотында қажетті қаражат болған жағдайда тиісті қаржы жылына бөлінген ақшалай қаражаттан 50 (елу) пайыздан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлеуге жол беріледі.
Тармақ 28
28. Ұлттық жоба шеңберінде Объектілерді салу бойынша жұмыстар (жобалау-іздестіру жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары) мен қызметтер (авторлық және техникалық қадағалау) кешенін орындағаны үшін төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін Дирекция аумақтық қазынашылық органына «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде:
Тармақша 1
1) төлем тапсырмасын;
Тармақша 2
2) электрондық шот-фактура;
Тармақша 3
3) № 229 Қағидаларға 4 немесе 4-1-қосымшаларда көзделген нысандар бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындар туралы анықтаманы (сканерленген форматта) ұсынады.
Тармақ 29
29. Төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін Дирекция аумақтық қазынашылық органына «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде төлем тапсырмасын: осы Рәсімдердің 11-тармағында көзделген тәртіппен пайдалануға берілген Объектілер бойынша бюджет қаражатынан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылған; Дирекцияның ҚБШ-на түскен тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуден түскен қаражатты тиісті бюджет кірісіне аударылған жағдайларда ұсынады.
Тармақ 30
30. Интеграцияланған қазынашылық ақпараттық жүйеде (бұдан әрі – ИҚАЖ) ақша алушы болмаған кезде Дирекция «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша ақша алушыны № 540 Қағидаларының 64-қосымшасына сәйкес ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге өтінімді электрондық түрде ұсынады. ИҚАЖ ақша алушының деректемелері болмаған кезде Дирекция № 540 Қағидаларының 65-қосымшасына сәйкес ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімді «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынады. Дирекция ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізу өтінімнің дұрыстығын, дұрыс ресімделуін және жасалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 31
31. Аумақтық қазынашылық органы «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша Дирекциядан төлем тапсырмаларын электрондық түрде қабылдауды жүзеге асырады. Аумақтық қазынашылық органы Дирекцияның ҚБШ төлемдер жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) аванстық төлемдерді қоспағанда, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: электрондық шот-фактураның, орындалған құрылыс жұмыстарының құны мен шығындары туралы анықтаманың (сканерленген форматта) болуына;
Тармақша 2
2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкестігіне арналған төлем тапсырмаларын тексеруге негізделген ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлем тапсырма аумақтық қазынашылық органымен оны қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күні ішінде орындалады немесе орындаусыз қайтарылады. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлем тапсырмасы Дирекцияға мына жайдайларда: Дирекцияның ҚБШ-сында ақшалай қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болғанда; қажетті өрістерде қолдар және/немесе мөр бедері болмағанда; құжаттың барлық даналарында талап етілетін өрістерге мөр бедері анық (түсініксіз) қойылмағанда; соманың сандары сомаға жазбаша сәйкес келмегенде; төлем тапсырмасында көрсетілген бағдарламалық тексеруге жататын деректемелер ИҚАЖ енгізілген деректемелерге сәйкес келмегенде; осы Рәсімдердің 28-тармағының 3) тармақшасына сәйкес (сканерленген форматта) растайтын құжаттардың (орындалған құрылыс жұмыстарының құны және шығындар туралы анықтама, электрондық шот-фактура) деректеріне төлем тапсырмасында көрсетілген төлем мақсаты сәйкес келмегенде; растаушы құжатқа сілтеме болмағанда; төлем тапсырмасының сомасы растаушы құжат сомасынан асып кеткенде; төлем тапсырмасының нөмірі қайталанғанда; Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұза отырып төлем тапсырмасындағы міндетті жолдар толтырылғанда; төлем мақсаты бюджет түсімдері сыныптамасының кодына сәйкес келмегенде (төлемдерді бюджетке аудару кезінде) орындаусыз қайтарылады. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлем тапсырмасындағы деректер қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, төлем тапсырмасы осы Рәсімдердің тиісті тармақтарына сілтеме жасай отырып, ауытқу себебін көрсете отырып, Дирекцияға қайтарылады.
Тарау 6. 6-тарау. Жобаны басқаруға төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру рәсімі
6-тарау. Жобаны басқаруға төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру рәсімі
Тармақ 33
33. Басқаруға арналған шарт бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын ЖББӘ тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспары шегінде екінші деңгейдегі банктегі Дирекцияның немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның шотына Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. ЖББӘ осы Рәсімдердің 9 және 10-тармақтарында көзделген тәртіппен төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырады.
Басқа 2.1. 202___ жылғы «___» ____________ № ____ жұмыстар кешенін іске асыруға арналған өтінім
Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдеріне 1-қосымша ___________________________ (төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің атауын көрсету) 202___ жылғы «___» ____________ № ____ жұмыстар кешенін іске асыруға арналған өтінім Алушы: «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Алушының деректемелері: Құрылыс бойынша жұмыстар (жобалау-іздестіру жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары) және қызметтер (авторлық және техникалық қадағалау) кешенін жүзеге асыруға арналған шарт Номер және күні Құрылыс бойынша жұмыстар кешенін (жобалау-іздестіру жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары) және қызметтерді (авторлық және техникалық қадағалау) жүзеге асыруға жасалған шарттың жалпы сомасы Санмен және сөзбен Қаржыландыруға арналған сома Санмен және сөзбен Соманың нысаналы мақсаты «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде «кілтпен» орта білім беру объектілерінің нысаналы құрылысы бойынша жұмыстар, қызметтер кешенін жүзеге асыру «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірінші басшысы __________________________ (немесе оның уәкілетті тұлғасы) (тегі, аты-жөні, қолы) Мөр орны
Басқа 2.2. 202___ жылғы «___» ____________ №____қызмет көрсетуге өтінім
Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдеріне 2-қосымша ___________________________ (төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің атауын көрсету) 202___ жылғы «___» ____________ №____қызмет көрсетуге өтінім Алушы: «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Алушының деректемелері: Жобаны басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға арналған шарт Нөмірі және күні Жобаны басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға жасалған шарттың жалпы сомасы Сандар және жазбаша Қаржыландыруға қажетті сома Сандар және жазбаша Соманың нысаналы мақсаты «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде жобаны басқару бойынша қызметтер көрсету «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірінші басшысы (немесе ол уәкілеттік берген тұлға) ______________________ (тегі, аты-жөні, қолы) Мөр орны
Басқа 2.3. _____________________ кезеңіне нақты орындалған жұмыстар мен пайдаланылған қаражаттың есебі
Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдеріне 3-қосымша _____________________ кезеңіне нақты орындалған жұмыстар мен пайдаланылған қаражаттың есебі Объектінің атауы: ________________________________________ Объектінің орналасқан жері:____________________________________ Жобалық қуат: ______ оқушыға
Тармақ 1
1. Жобалау: 1.1 Жобалық ұйым: ________________________________ (атауы, БСН, лицензия №______) Жобалау шарты:____________________ (күні мен нөмірі) Шарт бойынша құны: ___________ (сандармен және жазумен) теңге
Тармақ 1.2
1.2. Жобалау-іздестіру жұмыстары: ________________________________________ ( ПИР бөлімдері бойынша, орындау %), оның ішінде: - нормативтік ұзақтығы: ___________ ай - нақты ұзақтығы:___________ ай
Тармақ 1.3
1.3. Жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс сараптаманың кешенді оң қорытындысы: __________________ (берілген күні, №_____) (ЖСҚ түзету кезінде де көрсету)
Тармақ 1.4
1.4. Құрылыстың жалпы сметалық құны ___________ (сандармен және жазумен) теңге (ЖСҚ түзету кезінде түзетілген соманы да көрсету)
Тармақ 2
2. Құрылыс:
Тармақ 2.1
2.1. Бас мердігер: ____________________________ (атауы, БСН, лицензия №______) Мердігерлік шарт: ____________________ (күні мен нөмірі) Мердігерлік шарт бойынша құны: __________ (сандармен және жазумен) теңге Шарт бойынша құрылыс мерзімі_____ ай
Тармақ 2.2
2.2. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына хабарлама:_____________(күні мен нөмірі)
Тармақ 2.3
2.3. Техникалық қадағалау: ____________________________ (атауы, БСН, лицензия №______) Техникалық қадағалау шарты:____________________ (күні мен нөмірі) Техникалық қадағалау құны: ___________ (сандармен және жазумен) теңге
Тармақ 2.4
2.4. Авторлық қадағалау: ____________________________ (атауы, БСН, лицензия №______) Авторлық қадағалау шарты:____________________ (күні мен нөмірі) Авторлық қадағалау құны: ___________ (сандармен және жазумен) теңге
Тармақ 3
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстары: _____ % (барлығы), оның ішінде: - жер жұмыстары: ____% - іргетастар: ____% - нөлден жоғары ғимараттың құрылымдық элементтері (бағаналар, ригельдер, арқалықтар, едендер, қалау және т.б.): __________% - жер учаскесі шекарасының басынан бастап сыртқы желілер мектеп ғимаратына: ____% - баспалдақ маршын орнату: ____% - шатыр: ____% - ішкі электрмен жабдықтау желілері: ____% - ішкі су құбыры желілері: ____% - ішкі кәріз желілері: ____% - ішкі газбен жабдықтау желілері (бар болса): ____% - жылу торабы: ____% - ішкі жылыту желілері: ____% - желдету (кондиционерлеу): ____% - сыртқы терезелер мен витраждар: ____% - ішкі әрлеу жұмыстары: ____% - лифт орнату: ____% - есік блоктарын орнату: ____% - төмен ток желілері: ____% - санфаянс орнату: ____% - жиһаз: ____% - ТХ орналастыру: ____% - сыртқы қасбеттік жұмыстар: ____% - абаттандыру: ____%
Тармақ 4
4. Бюджет қаражатын пайдалану: барлығы _____________ (сандармен және жазумен) теңге, оның ішінде: - аванс: ___________ (сандармен және жазумен) теңге - орындалған жұмыстар актілері негізінде төленді: ___________ (сандармен және жазумен) теңге - объект бойынша төлем қалдығы: _________ (сандармен және жазумен) теңге
Тармақ 5
5. Жоспарланған пайдалануға енгізу датасы: ____________ (ай, жыл)
Тармақ 6
6. Объектіні пайдалануға енгізу актісі: __________________ (күні, айы, жылы)
Тармақ 7
7. Салынған объектіні коммуналдық меншікке қабылдау-беру актісі: ___________________ (күні, айы, жылы) «Samruk-Kazyna Construction» АҚ уәкілетті тұлғасы ___________________________ (тегі, аты-жөні, қолы) Мөрдің орны
Басқа 2.4. Объектіні жобалау және салу бойынша орындалған жұмыстардың қабылданған актілерінің тізбесі
Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдеріне 4-қосымша Объектіні жобалау және салу бойынша орындалған жұмыстардың қабылданған актілерінің тізбесі Объектінің атауы: ________________________________________ Объектінің орналасқан жері:____________________________________ Жобалық қуаты: ____________оқушыға
Тармақ 1
1. Жобалау: 1.1 Жобалау ұйымы: ________________________________________________ (атауы, БСН, лицензия №______) Жобалау шарты:____________________ (күні мен нөмірі) Шарт бойынша құны: ___________ (сандармен және жазумен) теңге
Тармақ 2
2. Құрылыс:
Тармақ 2.1
2.1. Бас мердігер: ___________________________________________________ (атауы, БСН, лицензия №______) Мердігерлік шарт:____________________ (күні мен нөмірі) Мердігерлік шарт бойынша құны: __________ (сандармен және жазумен) теңге Шарт бойынша құрылыс мерзімі _____ ай Орындалған жұмыстардың қабылданған актілері бойынша мәліметтер № р/с Акт № Кү­ні Со­ма­сы (тең­ге­мен) Жұ­мыстың тү­рі Ес­кер­ту Белгіленген нысандар бойынша орындалған жұмыстардың актілері қоса беріледі. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ уәкілетті тұлғасы ___________________________ (тегі, аты-жөні, қолы) Мөрдің орны
Басқа 2.5
Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдеріне 5-қосымша Өңірлер бойынша мектептердің жалпы саны:____, оның ішінде: 300 орынға арналған: ______ мектеп; 600 орынға арналған: ______ мектеп; 900 орынға арналған: ______ мектеп; 1200 орынға арналған: _____ мектеп; 1500 орынға арналған: _____ мектеп; 2000 орынға арналған: _____ мектеп; 2500 орынға арналған: _____ мектеп. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен (бұдан әрі – Дирекция) объектілерді салу жұмыстары (жобалау-іздестіру жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары) және қызметтер (авторлық және техникалық қадағалау) кешенін жүзеге асыруға жасалған шарттың жалпы құны): _________ мың теңге. Дирекциясы бар объектілерді салу бойынша жұмыстар (жобалау-іздестіру жұмыстары, Құрылыс-монтаждау жұмыстары) және қызметтерді кешенін (авторлық және техникалық қадағалау) жүзеге асыруға түзетілген шарттың жалпы құны: _________ мың теңге. Дирекциямен жобаны басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға жасалған шарттың жалпы құны: _________ мың теңге. Дирекциямен жобаны басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға түзетілген шарттың жалпы құны: __________ мың теңге. № Аудан/ қа­ла Ел­ді ме­кен Объ­ек­ті­нің ата­уы Объ­ек­ті­нің жо­ба­лық қу­а­ты Ба­сым­дық (апат­тық жағ­дай­дың ор­ны­на, үш ауы­сым­ды, тап­шы­лық­ты ше­шу) ҰБДБ тіз­бе­сі­нен мек­теп мә­се­ле­сін ше­шу Бө­лін­ген жер учас­ке­сі бой­ын­ша мә­лі­мет­тер ауда­ны, га ме­кен­жайы ка­дастр­лық нө­мір 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 кестенің жалғасы Жер учас­ке­сін ин­же­нер­лік-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым­мен қам­та­ма­сыз ету (қам­та­ма­сыз ету) (бо­луы неме­се бол­мауы) Су­мен жаб­дық­тау, оның ішін­де Су бұ­ру Кә­різ Электр­мен жаб­дық­тау Жы­лу же­лі­ле­рі, оның ішін­де Ин­тер­нет ке қол жет­кі­зу (жыл­дам ды­ғы ке­мін­де 100 Мбит/сек) Тө­мен ток­ты бай­ла ныс же­лі­ле­рі Бейне объ­ек­ті­нің ай­на­ла­сын­да­ғы аумақ­ты ба­қы­лау Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған Ав­то ном­ды Ор­та­лық тан­ды­ры­л­ған Ав­то­ном­ды 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 кестенің жалғасы Жер учас­ке­сін ин­же­нер­лік-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым­мен қам­та­ма­сыз ету (қам­та­ма­сыз ету) (бо­луы не бол­мауы) Бас­қар­ма мен Ди­рек­ция ара­сын­да­ғы объ­ек­ті­лер­ді са­лу жұ­мыста­ры мен қыз­мет­тер ке­ше­нін жү­зе­ге асы­ру­ға жа­сал­ған шар­ттың № және кү­ні Кір­ме жол­дар, оның ішін­де Объ­ек­ті­нің ай­на­ла­сын абат­тан­ды­ру­дың бо­луы Кө­лік жо­лы Тро­туар­лар Ав­то­бус марш­рут та­ры (аял­да­ма) Ав­то­кө­лік­тер­ге ар­нал­ған тұ­рақ Объ­ек­ті­нің ай­на­ла­сын жа­рық­тан­ды­ру Объ­ек­ті­ге жа­яу жүр­гін­ші­лер өт­ке­лі­нің бо­луы 21 22 23 24 25 26 27 28 кестенің жалғасы Бас­қар­ма мен Ди­рек­ция ара­сын­да­ғы объ­ек­ті­лер­ді са­лу жұ­мыста­ры мен қыз­мет­тер ке­ше­нін жү­зе­ге асы­ру­ға жа­сал­ған шарт бой­ын­ша объ­ек­ті­нің құ­ны (тең­ге­мен) жо­ба­ны бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға жа­сал­ған ке­лі­сім-шар­ттың № және кү­ні Жо­ба­ны бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған шар­ттың құ­ны (тең­ге­мен) БИЖ іс­ке асы­ру ба­стал­ған­нан ба­стап есеп­ті ке­зең­ге иге­рі­л­ген қа­ра­жат кө­ле­мі (тең­ге­мен) ЖСҚ дей­ін­гі ба­стап­қы шарт бой­ын­ша ЖСҚ кей­ін тү­зе­ті­л­ген шарт бой­ын­ша ЖСҚ дей­ін­гі ба­стап­қы шарт бой­ын­ша ЖСҚ кей­ін тү­зе­ті­л­ген шарт бой­ын­ша Бар­лы­ғы оның ішін­де: құ­ры­лыс шар­ты бой­ын­ша жо­ба­ны бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған шарт бой­ын­ша 29 30 31 32 33 34 35 36 кестенің жалғасы БИЖ іс­ке асы­ры­ла ба­с­та­ған­нан ба­стап ди­рек­ци­ядан орын­дал­ған жұ­мыстар­дың, қыз­мет­тер­дің ак­ті­ле­рі қа­был­дан­ды (тең­ге­мен) Бе­ре­шек ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ЖАО-ның есеп­ті ке­зе­ңі үшін (тең­ге­мен) Са­лы­нып жа­тқан мек­теп ди­рек­то­ры­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) Тұ­рақ­ты жұ­мыс орын да­рын құ­ру Ес­кер­ту Бар­лы­ғы оның ішін­де: Де­би­тор лық бе­ре­шек Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек құ­ры­лыс ке­лі­сім-шар­ты бой­ын­ша жо­ба­ны бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған ке­лі­сім-шарт бой­ын­ша 37 38 39 40 41 42 43 44 Әкімнің орынбасары (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ___________________________________ (тегі, аты-жөні, қолы) Мөр орны
Басқа 2.6
Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылуы рәсімдеріне 6-қосымша Өңірлер бойынша мектептердің жалпы саны: ____ оның ішінде: 300 орынға арналған: ______ мектеп; 600 орынға арналған: ______ мектеп; 900 орынға арналған: ______ мектеп; 1200 орынға арналған: _____ мектеп; 1500 орынға арналған: _____ мектеп; 2000 орынға арналған: _____ мектеп; 2500 орынға арналған: _____ мектеп. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен (бұдан әрі – Дирекция) объектілерді салу жұмыстары (жобалау-іздестіру жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары) мен қызметтер (авторлық және техникалық қадағалау) кешенін жүзеге асыруға жасалған шарттың жалпы құны _________ мың теңге. Дирекция барлық объектілерді салу жұмыстары (жобалау-іздестіру жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары) мен көрсетілетін қызметтер (авторлық және техникалық қадағалау) кешенін жүзеге асыруға түзетілген шарттың жалпы құны _________ мың теңге. Дирекциямен жобаны басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға жасалған шарттың жалпы құны_________ мың теңге. Дирекциямен жобаны басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға жасалған түзетілген шарттың жалпы құны: __________ мың теңге. № р/с аудан/ қа­ла Ел­ді ме­кен Объ­ек­ті­нің ата­уы Объ­ек­ті­нің жо­ба­лық қу­а­ты Ди­рек­ция мен Бас­қар­ма ара­сын­да объ­ек­ті­лер­ді са­лу жұ­мыста­ры мен қыз­мет­тер ке­ше­нін жү­зе­ге асы­ру­ға жа­сал­ған шар­ттың № және кү­ні Ди­рек­ция мен Бас­қар­ма ара­сын­да объ­ек­ті­лер­ді са­лу жұ­мыста­ры мен қыз­мет­тер ке­ше­нін жү­зе­ге асы­ру­ға жа­сал­ған шарт бой­ын­ша объ­ек­ті­нің құ­ны (тең­ге­мен) ба­стап­қы шарт бой­ын­ша ЖСҚ кей­ін тү­зе­ті­л­ген шарт бой­ын­ша 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Жо­ба­ны бас­қа­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға жа­сал­ған шар­ттың № және кү­ні Жо­ба­ны бас­қа­ру қыз­мет­те­рі­нің құ­ны (тең­ге­мен) Ди­рек­ция мен бас мер­ді­гер (кон­сор­ци­ум) ара­сын­да жа­сал­ған шарт бой­ын­ша ұй­ым­ның ата­уы «дай­ын күй­ін­де тап­сы­ру­ға» та­ла­бы­мен жа­сал­ған шар­ттың № және кү­ні Жо­ба­лау ұй­ы­мы­ның ата­уы Жо­ба­лық ұй­ым­ның БИН ҚМЖ бас мер­ді­ге­рі­нің ата­уы ҚМЖ бас мер­ді­ге­рі­нің БИН ба­стап­қы шарт бой­ын­ша ЖСҚ кей­ін тү­зе­ті­л­ген шарт бой­ын­ша 9 10 11 12 13 14 15 16 17 кестенің жалғасы Ди­рек­ция мен бас мер­ді­гер (кон­сор­ци­ум) ара­сын­да­ғы «дай­ын күй­ін­де» та­ла­бы­мен ба­стап­қы шар­ттың құ­ны (тең­ге­мен) Ке­шен­ді қо­ры­тын­ды ве­дом­ст­во­дан тыс са­рап­та­ма (№ және кү­ні) ЖСҚ бой­ын­ша құ­ры­лы­стың жал­пы сме­та­лық құ­ны (тең­ге­мен) Ди­рек­ция мен бас мер­ді­гер (кон­сор­ци­ум)ара­сын­да­ғы ЖСҚ-дан кей­ін «дай­ын күй­ін­де» та­ла­бы­мен тү­зе­ті­л­ген шар­ттың құ­ны (тең­ге­мен) Жал­пы құ­ны оның ішін­де: Жал­пы құ­ны оның ішін­де: ЖСҚ әзір­ле­у­ге ҚМЖ ЖСҚ әзір­ле­у­ге ҚМЖ 18 19 20 21 22 23 24 25 кестенің жалғасы Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ның ата­уы Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ның БИН Тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау шар­ты­ның құ­ны (тең­ге­мен) Ав­тор­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ның ата­уы Ав­тор­лық қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­ның БИН Ав­тор­лық қа­да­ға­лау шар­ты­ның құ­ны (тең­ге­мен) ҚМЖ ба­ста­луы (ай, жыл) Шарт бой­ын­ша объ­ек­ті­нің құ­ры­лы­сын аяқ­тау мер­зі­мі (ай, жыл) 26 27 28 29 30 31 32 33 кестенің жалғасы Объ­ек­ті­ні іс­ке асы­ру ба­стал­ған­нан ба­стап есеп­ті ке­зең үшін жа­сал­ған шар­ттар бой­ын­ша тө­лем (тең­ге­мен) Жо­ба­ны бас­қа­ру бой­ын­ша қыз­мет­тер үшін алын­ған қа­ра­жат (тең­ге­мен) объ­ек­ті­нің % дай­ынды­ғы Құ­ры­л­ған уа­қыт­ша жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны Ес­кер­ту ны­сан бой­ын­ша бар­лы­ғы оның ішін­де: ЖСҚ әзір­ле­ге­ні үшін ҚМЖ тех­ни­ка­лық қа­да­ға­лау қыз­мет­те­рі үшін ав­тор­лық қа­да­ға­лау қыз­мет­те­рі үшін 34 35 36 37 38 39 40 41 42 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірінші басшысы (немесе оның уәкілетті тұлғасы) ________________________________________ (тегі, аты-жөні, қолы) Мөр орыны