Об утверждении положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Алтынсаринского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2016 жылғы 28 шілдедегі № 151 Алтынсарин ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі турылы ереже
Әкімдіктің
2022 жылғы «15» сәуір
№ 42 қаулысымен
бекітілген
Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесі турылы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi ауданда ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Алтынсарин ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 3
3. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің осы Ереже қосымшасында көрсетілген ведомстволары бар.
Тармақ 4
4. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 6
6. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Тармақ 7
7. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 8
8. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз құызыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 9
9. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 10
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110110, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесi, 4.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органның толық атауы - «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. Осы Ереже «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 13
13. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту облысында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқылы:
Тармақша 2
2) ауданда мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөніндегi консультациялық-кеңесші органын құру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің аудан аумағында пайдалануын (тігілуін, орналастыруын) бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзу;
Тармақша 7
7) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 8
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен мiндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ, аудан, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
Тармақша 3
3) ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) ауданда мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметін құру және қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) аудан аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізу;
Тармақша 9
9) облыстардың атқарушы органдарына ауылдарға, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 10
10) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
Тармақша 11
11) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 12
12) медиация саласында жүйелі жұмыс жүргізу.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және босатады;
Тармақша 2
2) «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауына міндетті бұйрықтар шығарады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіпте «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша іс-шаралар қабылдамағаны үшін жаупкершілікті алады.
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделеріне мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен барлық қарым-қатынастарда өкілдік етеді.
«Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен қалыптастырады.
Тармақ 22
22. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату
Тармақ 24. «Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
24. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырылады.
«Алтынсарин
ауданы әкiмдiгiнiң
ішкі саясат, мәдениет
және тiлдердi дамыту бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесi
туралы ережеге
қосымша
«Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң ішкі саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Алтынсарин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.