О координационном Совете по профилактике и борьбе со СПИД в Егиндыкольском районе Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Егіндікөл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы» 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 қаулысына және Ақмола облысының әкімдігінің 2003 жылғы 10 қазандағы № а-10/272 сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл ауданында ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі Кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Егіндікөл ауданында ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілсін (Қосымша).
Тармақ 3
3. Егіндікөл ауданында ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сесиясына бекітуге енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Егіндікөл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесінің құрамы
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 20 қарашадағы «Егіндікөл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру жөніндегі Кеңесі туралы» № а-11/116 қаулысына қосымша Егіндікөл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесінің құрамы
Тармақ 1
1. Жұматова Зоя Кендыбайқызы – аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы
Тармақ 2
2. Ақылбеков Нұрлан Сәлімұлы – аудандық аурухананың бас дәрігері
Тармақ 3
3. Ахметова Балқия Насырқызы – инфекциялық бөлімнің меңгерушісі
Тармақ 4
4. Малиновская Людмила Васильевна – аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері
Тармақ 5
5. Менешова Бақытгүл Нәсиқызы – аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 6
6. Балтабаев Қуат Хамитұлы – аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Тармақ 7
7. Джармұқанов Болат Садықұлы – аудандық білім бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 8
8. Әбілов Бегендык Қуандықұлы - аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 9
9. Салмұқанов Марат Социалұлы – мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы
Тармақ 10
10. Қазбеков Аманжол Белгібайұлы – аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 11
11. Касенова Алтын Қайырбекқызы – жанұялық дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері
Басқа 17. Егіндікөл ауданында ЖҚТБ-ң алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 20 қарашадағы «ЖҚТБ-ның алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы» № а-11/116 қаулысымен бекітілген Егіндікөл ауданында ЖҚТБ-ң алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан былай-Кеңес) аудан аймағында АҚТҚ-инфекциясы таратылуының алдын алу бойынша шаралар өткізуде жергілікті атқару органдары және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету мақсатымен құрылды.
Тармақ 2
2. Кеңес құрамына мүдделі атқару органдарының, халықаралық және басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін ҚР заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері.
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ЖҚТБ-ң алдын-алу және қарсы күрес жүргізу мәселелеріне қатысты заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру.
Тармақша 2
2) АҚТК/ЖҚТБ таралуының алдын-алу бойынша шаралар өткізу мақсатында басқа ұйымдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету және жергілікті атқару органдарының жұмысын үйлестіру.
Тармақша 3
3) АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды ойластыру болып табылады.
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі қызметі
Тармақша 1
1) АҚТҚ/ЖҚТБ сұрақтары бойыиша жергілікті органдар қызметін үйлестіруді жетілдіру.
Тармақша 2
2) АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-әрекет және ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207 (бұдан былай - бағдарлама) бекітілген Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған ЖҚТБ эпидемиясына қарсы іс-әрекет бойынша бағдарламаны жүзеге асыруды қамсыздандыру.
Тармақша 4
4) АҚТБ/ЖҚТБ алдын-алу бойынша жергілікті атқару органдарынын тиімді шараларын қамсыздандыру жөніндегі ұсыныстар ойластыру болып табылады.
Тармақ 6
6. Міндеттерді жүзеге асыру және өз қызметін атқару үшін кеңес:
Тармақша 1
1) кеңес міндеттерін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан жене басқа ұйымдардан сұратуға және алуға.
Тармақша 2
2) Кеңес кызметіне кіретін сұрақтар бойынша жергілікті атқару органдарынын және басқа ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарында тыңдауға.
Тармақша 3
3) Кеңес құзыретіне жататын басқа өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және Кеңес шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. Төрайымның болмаған кезінде оның міндетін атқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар мен материалдар әзірлейді, ол өткеннен кейін хаттамаларды реттейді.
Тармақ 9
9. Кеңес отырыстары хаттамалармен рәсімделеді.
Тармақ 10
10. Шешімдер ашық дауыспен қабылданады және қабылданған болып есептеледі, егер сол үшін Кеңес мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берсе, дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Кеңес отырыстары жылына 4 реттен кем өткізілмейді.
Тармақ 12
12. Кеңестің жұмыс органы болып орталық аудандық аурухана саналады.