О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление культуры Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, 39-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, «Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиттері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 шілдедегі № 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қарашадағы № 274 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 304 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін. Келісілді Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы _____________Д. Рахметкалиев 2023 жылғы «20» ақпан Келісілді Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы _____________Ф. Бельбеев 2023 жылғы «20» ақпан
Басқа 8. «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы «20» ақпандағы № 33 қаулысына 1 қосымша «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының аумағында мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 63.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысы халықтарының мәдениетін мемлекеттік қолдау, мәдени мұрасын сақтау және дамыту;
Тармақша 2
2) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші қызметін кеңейту;
Тармақша 4
4) облыстағы тілдік әралуандықты сақтау.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері: Құқықтары:
Тармақша 1
1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдардан, лауазымдық тұлғалардан, ұйымдар мен олардың жетекшілерінен, азаматтардан сұрау және алуға.;
Тармақша 2
2) арнаулы білім және тәжірибені қажет ететін кеңес алу, мәселелерді зерттеу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз кеңесшілерді) тартуға;
Тармақша 3
3) тұлғалардың Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттеріне жол бермеу және оларды жауапкершілікке тарту жөнінде құзыретті органдарға ұсыныс енгізуге; Міндеттері:
Тармақша 4
4) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстармен фестивальдерді өткізуді ұйымдастыруға;
Тармақша 5
5) Басқарма қарамағындағы ұйымдардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім беруге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы заңнамасы шегінде өз миссиясын, міндеттері мен функцияларын орындау бойынша өзге де шараларды қабылдауға;
Тармақша 7
7) Басқарма осы Ереженің 15-тармағында көзделген функцияларды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;
Тармақша 3
3) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
Тармақша 6
6) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;
Тармақша 8
8) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
Тармақша 9
9) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 13
13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
Тармақша 14
14) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
Тармақша 15
15) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді;
Тармақша 16
16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келіседі;
Тармақша 20
20) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияларды құрады;
Тармақша 21
21) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 145 бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды және оларды сотқа жолдайды;
Тармақша 23
23) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру, сапа бақылауы және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен процедурасының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
Тармақша 26
26) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) облыстық ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 28
28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Басқарма атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарт жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) банк шоттарын ашады;
Тармақша 6
6) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының, мекемелері мен ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 8
8) басқарма қызметкерлері мен басқарма басшысы тағайындайтын өзге де қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) өз орынбасарының және Басқарманың өзге де қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды, ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке олардың тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен және әкімімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4- тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4- тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған берілген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан Өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 9
9. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Зайсан тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 10
10. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Риддер тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 11
11. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 12
12. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 13
13. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Ертіс концерт» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Басқа 102. «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы «20» ақпандағы № 33 қаулысына 2 қосымша «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы Басқарма басшысы Басшының орынбасары Басшының орынбасары Мәдениет және мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бөлімі Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі Саланың стратегиялық даму бөлімі