О комиссии по рассмотрению спорных вопросов при назначении жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг малообеспеченным гражданам города Аксу Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласының табысы аз азаматтарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде даулы мәселелердi қарастыру жөнiндегi комиссия туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудiң тәртiбi туралы" № 437 қаулысымен бекiтiлген уақытша Ережесiне, Ақсу қалалық мәслихатының (XXV сессиясы, II шақырылған) 2003 жылғы 31 шiлдедегi № 94/25 шешiмiмен бекiтiлген Ақсу қаласы бойынша аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi туралы Ережелерге сәйкес табысы аз азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру есебiнен, халықтың әлеуметтiк осал топтарын әлеуметтiк қолдау мақсатында қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласының табысы аз азаматтарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде даулы мәселелердi қарастыру жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) келесi құрамда құрылсын: Әбенов Әнуарбек Әлжанұлы қала әкiмiнiң орынбасары, комиссияның төрағасы Түсiпбеков Жамбыл Айтмағамбетұлы тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Жортикова Татьяна Александровна тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасының тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу бөлiмiнiң бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi: Журавлева Лидия Михайловна қаржы басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) Омарғалиев Мәдениет Қабылдаұлы қалалық мәслихаттың хатшысы (келiсiм бойынша) Рахметова Ләззәт Баянбайқызы қалалық денсаулық сақтау бөлiмiнiң бастығы Рудман Евгения Георгиевна тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасының қаржы қызметi және кадрлармен жұмыс бөлiмiнiң бас маманы заңгер Самбаева Бәтима Қайыргелдiқызы Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасының тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу бөлiмiнiң бастығы Сәрсенов Ерiк Сағымбекұлы жұмыспен қамту басқармасының бастығы
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасы Комиссияның жұмыс органы болып анықталсын.
Тармақ 4
4. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап екi апта мерзiм iшiнде қалалық "Ақжол-Новый путь" газетiнде жариялануға жатады. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысының жариялануын бақылау қала әкiмi аппараты мемлекеттiк - құқықтық бөлiмiнiң бастығы И.В. Кудашкинаға жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Ә.Ә. Әбеновке жүктелсiн. КЕЛIСIЛДI Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы 2003 жылғы "3" желтоқсан КЕЛIСIЛДI Қаржы басқармасының бастығы 2003 жылғы "3" желтоқсан
Басқа 6. Ақсу қаласының табысы аз азаматтарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде даулы мәселелердi қарастыру жөнiндегi комиссия туралы қағида
"Ақсу қаласының табысы аз азаматтарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде даулы мәселелердi қарастыру жөнiндегi комиссия туралы" Қала әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 8 желтоқсан № 306/17 қаулысымен БЕКIТIЛДI Ақсу қаласының табысы аз азаматтарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуде даулы мәселелердi қарастыру жөнiндегi комиссия туралы қағида
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақсу қаласының табысы аз азаматтарына тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау кезiнде даулы мәселелердi қарастыру жөнiндегi комиссия табысы аз азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру есебiнен, халықтың әлеуметтiк осал топтарын әлеуметтiк қолдау мақсатында құрылған комиссия тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудiң тәртiбi туралы" № 437 қаулысымен бекiтiлген уақытша Ережесiне, Ақсу қалалық мәслихатының (XXV сессиясы, II шақырылған) 2003 жылғы 31 шiлдедегi № 94/25 шешiмiмен бекiтiлген Ақсу қаласы бойынша табысы аз азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртiбi туралы Ережесiне сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия жергiлiктi атқарушы орган жанында - қала әкiмшiлiгiнде құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссия төраға қала әкiмiнiң орынбасары, төрағаның орынбасары, хатшысы, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың өкiлдерi қатарынан комиссияның 6 мүшесi құрамында құрылады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты, қызметi және өкiлеттiлiгi
2. Комиссияның мақсаты, қызметi және өкiлеттiлiгi
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысын беру есебiнен, халықтың әлеуметтiк осал топтарын әлеуметтiк қолдау Комиссияның мақсаты болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның негiзгi қызметi мен өкiлеттiлiгi:
Тармақша 1
1) адамдардың келесi санаттарына бiр жолғы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiнде шешiм қабылдайды: операцияға ұшырағаннан кейiн емделуге мұқтаж зейнеткерлерге; ең төменгi мөлшерде зейнетақы алатын жалғызiлiктi зейнеткерлерге; кәмелетке толмаған балалардың қамқоршыларына және қорғаншыларына; жан басына шаққандағы орташа табысы өмiр сүру шегiнен төмен, отбасыларына; табысы өмiр сүру шегiнен төмен, жұмыссыз азаматтарға; жан басына шаққандағы орташа табысы өмiр сүру шегiнен төмен, екi және одан да көп бала тәрбиелейтiн толық емес отбасыларына; ата-аналары мүгедек болып табылатын немесе бала кезiнен мүгедек-баласы бар отбасыларына; 80 жастан асқан қарт азаматтарға; аурудың ауыр түрiмен (туберкулез, онкоаурулар, сал және басқалар) ауыратын, емделуде жатқан адамдарға; жан басына шаққандағы орташа табысы өмiр сүру шегiнен төмен, коммуналдық төлемдердi уақытында төлеу мүмкiншiлiгi жоқ басқа да адамдарға;
Тармақша 2
2) әр өтiнiш берушiге құжаттар пакетiн дайындайды;
Тармақша 3
3) бiр жолғы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөнiнде азаматтардың өтiнiшiн қарастырады;
Тармақша 4
4) өтiнiш берушiнiң материалдық тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзедi.
Тармақ 7
7. Жүктелген қызметтi орындау үшiн Комиссияның заңнамалармен бекiтiлген тәртiпте тексеруге қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан және басқа ұйымдардан сұратуға құқығы бар.
Тармақ 8
8. Жұмыс органымен бiр жолғы тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауда бас тарту болған жағдайда өтiнiш берушiге бекiтiлген заңнамалармен бекiтiлген тәртiпте дәлелдi, жазбаша жауап дайындалады.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Комиссияның мәжiлiсi тоқсанына кем дегенде бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 10
10. Өтiнiш берудiң әр жағдайында өтiнiш берушiнiң өтiнiшi жылына кем дегенде бiр рет қаралады.
Тармақ 11
11. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
Тармақша 1
1) жеке куәлiгi;
Тармақша 2
2) пәтерге құқықты растайтын құжат (жекешелендiру, сатып алу-сату, тұрғын үйдi жалға алу туралы келiсiм шарт, ордер, мұраға берiлгендiгi туралы куәлiк және тағы басқалар);
Тармақша 3
3) тұрғылықты жерi бойынша тiркелу дерегiн растайтын құжат (үй кiтапшасы, тiркелiмiнiң карточкасы);
Тармақша 4
4) еңбек кiтапшасы;
Тармақша 5
5) коммуналдық қызметтерге қарыздары туралы анықтамалар (жылу энергиясы, сумен жабдықтау, электр энергиясы, ПИК);
Тармақша 6
6) өтiнiш жасаған айдың алдындағы 12 ай iшiндегi табысы туралы анықтама;
Тармақша 7
7) қажет болған жағдайда денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Тармақша 8
8) осы жәрдемақыны тағайындауға мұқтаж адамдар санатына жататындығын куәландыратын басқа да анықтамалар мен құжаттар;
Тармақ 12
12. Комиссияға құжаттар тапсырылғаннан кейiн, тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасымен өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайына тексеру актiсi жасалады.
Тармақ 13
13. Материалдар бойынша уақытында және дұрыс шешiм қабылдау мақсатында, Комиссияның қарауына түскен, өтiнiш берушiнiң берген мәлiметтерi жұмыс органымен алдын ала зерттеледi.
Тармақ 14
14. Комиссия, хаттамамен ресiмделiп және төрағаның немесе оның орнын басатын адамның, сонымен қатар комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылатын шешiм қабылдайды.
Тармақ 15
15. Комиссияның шешiмi ашық түрде дауыс берумен қабылданады және Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданды деп есептеледi.
Тарау 4. 4. Комиссияның қызметiн тоқтату
4. Комиссияның қызметiн тоқтату
Тармақ 16
16. Комиссияның қызметiн тоқтату бекiтiлген заңнама тәртiбiнде жүзеге асырылады.