Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и промышленности Туркестанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А.Ш. Жетпісбай
Е.А Әлімқұлов
Е.Кенжеханұлы
Б.Д .Тәжібаев
Қ.Ә.Қайыпбек
А.Б.Тасыбаев
Басқа 8. «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Түркістан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 21 ақпандағы
№ 29 қаулысына қосымша
«Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) кәсіпкерлік және өнеркәсіп қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 6
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 20 ғимарат, индексі 161200.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 12
12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Басқарма «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» және «Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып табылады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) облыстың салаларын дамыту үшін инвестициялар тарту;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлікті қолдау және жеке кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіпте басқарманың қызмет саласына қатысты салаларда қызмет ететін шетелдік заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 4
4) сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) республиканың облыстарымен, жақын және алыс шетелдермен аймақтың аймақаралық, интеграциялық өзара тиімді байланыстарын дамыту және нығайту, шекаралық ынтымақтастықты жандандыру, облыстың экспорттық-импорттық әлуетін тиімді пайдалануға, аймақтық тауарөндірушілердің өнімдерін шетке шығару географиясын және өткізу нарығын кеңейтуге, шетелдік инвестиция тартуға ықпал ету;
Тармақша 6
6) индустриялық кәсіпкерліктің әлеуетін арттыру арқылы индустрияландыруды тереңдету;
Тармақша 7
7) ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлардың өндіріс көлемін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту;
Тармақша 8
8) базалық өндірістерді дамытуды ынталандыру және стратегиялық жобаларды іске асыру арқылы өнеркәсіптік қуаттарды ұлғайту;
Тармақша 9
9) өңдеуші өнеркәсіп салаларын технологиялық дамыту және цифрландыру.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;
заңнамамен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, аудан, қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарынан, басқа да ұйымдардан өзіне жүктелген қызметті жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратады, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдарға мәліметтер ұсынады;
Басқарманың қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
өз құзыреті шегінде Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қызметін басқаруды жүзеге асырады;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға әдістемелік, кеңестік, практикалық көмек көрсетеді;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтерді жүзеге асырады;
өз құзыреті шегінде кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастырады;
негізгі қызметі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға ұсыныс енгізеді;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сұратады және алады;
Басқарманың қарамағындағы акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты мемлекеттік басқару және уәкілетті органының қызметін атқарады.
кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттарды біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу;
заңнамада көрсетілген негізде басқа да құқықтарды жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) міндеттері:
мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және жауапты болу;
мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды әзiрлеуге республикалық және облыстық бюджеттерден бөлiнетiн қаражатты игерудi қамтамасыз ету;
сауда саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
басқару саласына жататын салаларда қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды және жеке тұлғалармен заңнамада белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау:
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырып жатқан индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен жарғыларын әзірлейді;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік тауарларды (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сатып алу бойынша ұйымдастырушысы және тапсырыс берушісі бола отырып, келісім шарттарды түзеді және олардың орындалуын бақылайды;
заңнамада көрсетілген негізде басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) өңірлерде кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және соған жауапты болу;
Тармақша 4
4) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік саласындағы Өңірлік үйлестіру кеңесін қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) облыста сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
Тармақша 9
9) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
Тармақша 11
11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
Тармақша 12
12) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) электрондық сауданы дамыту;
Тармақша 14
14) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 15
15) ішкі сауда субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
Тармақша 16
16) ішкі сауда субъектілерінің іскерлік белсенділігін сауда қызметі саласында көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру және өткізу арқылы ынталандыру;
Тармақша 17
17) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау , қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру , кәсіптік емес негізде еңбек нарығын қалыптастыру;
Тармақша 18
18) шекарааралық сауданы дамыту;
Тармақша 19
19) ішкі сауда желілерін дамыту;
Тармақша 20
20) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым қатынасын дамыту стратегиясын айқындау;
Тармақша 22
22) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен кадрларды даярлауды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 23
23) ұлттық-аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) облыс әкімдігіне халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 25
25) облыс әкімдігіне ұсыныстар әзірлеу және халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыру;
Тармақша 26
26) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 28
28) өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 29
29) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;
Тармақша 30
30) тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесіне сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беру;
Тармақша 31
31) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты беру;
Тармақша 32
32) индустриялық даму бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 33
33) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің индустриялық дамуы туралы баяндауды дайындау;
Тармақша 34
34) «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету;
Тармақша 35
35) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асыру және тоқсан сайын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат беру;
Тармақша 36
36) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
Тармақша 37
37) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 38
38) арнайы индустриалдық және экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын тарту;
Тармақша 39
39) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен өңірлік маңызы бар арнайы индустриалдық және экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шартты жасасу;
Тармақша 40
40) арнайы индустриалдық және экономикалық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторингтің деректерін талдау;
Тармақша 41
41) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс iстеуiн ұзарту немесе тарату туралы шешiмдер қабылдау жөнiнде облыс әкiмдiгiне ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 42
42) облыс әкімдігіне облыстық маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, қызмет ету мерзімін ұзарту немесе тарату туралы шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 43
43) жеке индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын келісу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 44
44) арнайы индустриялық аймақ мәртебесін бере отырып, арнайы индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасын келісу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 45
45) облыс әкімдігіне арнайы индустриялық аймақ мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 46
46) облыс әкімдігіне жалпы санының кемінде елу пайызын құрайтын кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 47
47) республикалық немесе облыстық маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережені негізге ала отырып, облыс әкімдігіне республикалық немесе облыстық маңызы бар индустриялық аймақ туралы ережені бекіту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 48
48) облыс әкімдігіне индустриялық аймақты құру жөніндегі жобаларды іске асыру, оның ішінде индустриялық аймақ құру тұжырымдамасы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ индустриялық аймақ құру үшін инфрақұрылымды салуға жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын қамтамасыз ету;
Тармақша 49
49) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобаларын әзірлеу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
Тармақша 50
50) облыс әкімдігіне индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын анықтау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 51
51) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу және арнайы экономикалық басқарушы компаниялармен шарттар жасасу және мемлекеттік жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) арналған үлгілік шарттар негізінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) арналған индустриялық аймақтар;
Тармақша 52
52) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу және кен іздеушілік үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
Тармақша 53
53) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке лицензиялар шарттарын сақтауын бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне, кен іздеушілікке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 54
54) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияда және «Жер қойнауы және Жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексте көзделген өндіру шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 55
55) өздері берген кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар және кен іздеушілікке арналған лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 56
56) бөлшек саудада өткізу үшін бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтыну болжамын мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға жыл сайын ұсыну;
Тармақша 57
57) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға өңірлердегі бөлшек сауда бағалары мен қорлар мониторингі туралы мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 58
58) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға аудандар мен қалалар бойынша бөлшек сауда бағалары туралы ақпаратты және қалалардағы жанар-жағармай құю станциялары жағдайында бөлшек сауда бағалары туралы ақпаратты күн сайын ұсыну;
Тармақша 59
59) жер қойнауын пайдалануға лицензияны қайта ресімдеу арқылы өзгертуді іске асыру;
Тармақша 60
60) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттардың, оның iшiнде өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердiң және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың талаптарын сақтауын бақылауды құзыреттi орган (келiсiмшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын берген мемлекеттiк орган) жүзеге асырады. лицензияны пайдалану);
Тармақша 61
61) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды игеруге рұқсат беру;
Тармақша 62
62) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге берілген жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге қою келісімшарттарын тіркеу;
Тармақша 63
63) берілген лицензиялар тізілімін жүргізу;
Тармақша 64
64) осы Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) осындай жер қойнауын пайдалану құқығын беретін тиісті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады;
Тармақша 65
65) жалпы таралған пайдалы қазбалар бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат беру;
Тармақша 66
66) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 2
2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 4
4) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 5
5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 6
6) келісімшарттар жасасады;
Тармақша 7
7) сенімхаттар береді;
Тармақша 8
8) банктік шоттар ашады;
Тармақша 9
9) өз уәкілеттігі шегінде Басқарманың барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің бірінші басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 10
10) Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы мекемелердің басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 11
11) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
Тармақша 13
13) қаржылық-шаруашылық қызметіне және оған берілген мүліктің сақталуына дербес жауапты болады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «TỦRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «TURKISTAN INVEST» инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі аймақтық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 3
3) «Turkistan» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.