О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-бабының 2-тармағына және 23-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оның есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне беріле отырып;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі: оның экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігіне (қаржы полициясы); қылмыс жасады деп күдік артылған және айып тағылған адамдарды қамту және тергеу изоляторларында жазасын өтеп отырған сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басы куәліктері мен паспорттарын құжаттау және беру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне беріле отырып;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі оны Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі заттарының айналымын бақылау жөніндегі комитетін құруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитетін таратсын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылған және таратылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) кеден органдарына жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру құқығын беру бөлігінде кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін.
Тармақша 5
5) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)".
Тармақ 4
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті