Об утверждении Правил отбора детских анимационных фильмов и фильмов для семейного просмотра, ввозимых на территорию Республики Казахстан, для дубляжа на казахский язык Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын бекіту туралы
«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрі
2023 жылғы 10 наурыздағы
№ 72 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Кинематография туралы» Заң 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – дубляжға арналған фильмдерді іріктеу).
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) кинематографиялық қызмет субъектісі – қызметінің негізгі түрлері: фильм жəне (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кəсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым;
Тармақша 2
2) кинематографиялық ұйым - қызметінің негізгі түрлері: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болып табылатын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) өтінім – осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен материалдар қоса берілетін кинематографиялық қызмет субъектілерінің өтініші;
Тармақша 4
4) өтініш беруші – осы Қағидаларға сәйкес фильмдердің дубляжын қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алуға өтінім берген кинематографиялық қызмет субъектісі;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган – кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдердің қазақ тіліне дубляжын қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсету үшін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы (бұдан әрі – Орталық) күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегіне дейін дубляжға арналған фильмдерді іріктеу жүргізеді.
Дубляжға арналған фильмдерді іріктеуге қосымша бюджет қаражаты бөлінген жағдайда Орталық 30 (отыз) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен дубляжға арналған фильмдерді қосымша іріктеуді жариялайды.
Тармақ 4
4. Дубляжға арналған фильмдерді таңдау келесі кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) Орталықтың өтініш берушілерден өтінімдер қабылдауы;
Тармақша 2
2) Орталықтың өтінімдерді осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкестігін қарауы.
Тармақ 5
5. Дубляжға арналған фильмдерді іріктеуге қатысу үшін өтініш берушілер хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау аяқталған күн мен уақыттан кешіктірмей Орталыққа осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолма-қол және электрондық түрдегі өтінім, сондай-ақ мынадай құжаттар мен материалдарды енгізеді:
Тармақша 1
1) жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
Тармақша 2
2) онда фильмдердің атаулары, сценарий авторы (авторлары), қоюшы-режиссер, кинематографиялық қызмет субъектілері туралы қысқаша ақпарат көрсетілетін, негізгі кейіпкерлер сипатталатын, тизер-постер, плакат немесе басқа да жарнамалық материалдар қамтылатын фильмдердің тұсаукесері;
Тармақша 3
3) фильмдердің қысқаша мазмұны (синопсис);
Тармақша 4
4) фильмдерді дубляждау шығындарының сметасы;
Тармақша 5
5) кинематографиялық ұйыммен дубляж жасауды жүзеге асыруға ниет туралы шарттардың көшірмелері.
Шет тіліндегі құжаттарға олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
Ұсынылған құжаттар мен материалдар рецензияланбайды және қайтаруға жатпайды.
Тармақ 6
6. Орталық өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Өтінімдерді қарау мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімдер мынадай жағдайларда қараусыз қайтарылады:
Тармақша 1
1) Орталыққа өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар мен материалдарды немесе толық емес құжаттар мен материалдар пакетін ұсынуы;
Тармақша 3
3) өтініш берушілердің дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат беруі.
Тармақ 7
7. Орталық өтінімді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған дубляжға арналған фильмдердің құжаттар мен материалдар пакетін Орталық жанындағы Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) қарауына енгізеді. Сараптама кеңесі ұсынылған өтінімдерді қарауға енгізілген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 8
Тармақ 9
Тармақ 10
Тармақ 11
11. Орталық Сараптама кеңесінің отырысы өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушілерді Сараптама кеңесінің отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны туралы жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 12
12. Сараптама кеңесінің отырысында «Кинематография туралы» Заңның 14-1-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкестігі тұрғысынан фильмдерді қорғау жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Отырыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес хаттамамен ресімделетін «Кинематография туралы» Заңның 14-1-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген олардың негіздеріне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы дәлелдерді көрсете отырып, әрбір фильм бойынша тиісті қорытынды шығарады.
Тармақ 14
14. Сараптама кеңесінің қорытындысын Орталық қол қойылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган құратын Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) қарауына енгізеді.
Тармақ 15
15. Ведомствоаралық комиссия орталық ұсынған Сараптама кеңесінің қорытындысын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және хаттамамен ресімделетін фильмдерді қаржыландыру бойынша ұсынымдар дайындайды.
Тармақ 16
16. Орталық Ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Сараптама кеңесінің қорытындысын және Ведомствоаралық комиссияның ұсынымдарын енгізеді. жұмыс күні ішінде
Тармақ 17
17. Сараптама кеңесінің оң қорытындысы мен Ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде қазақ тіліне дубляжға арналған іріктелген фильмдерді қаржыландыру туралы шешім қабылдайды. Шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 18
18. Бұйрық шыққаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган Орталықпен Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша бірыңғай оператордың қызметтеріне шарт жасасады.
Тармақ 19
19. Орталық уәкілетті органмен шарт жасасқаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушімен іріктелген фильмдерді қазақ тіліне дубляж жасау үшін қаржыландыруға шарт жасасады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеуге қатысуға өтінім
Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу
қағидаларына
қосымша
Нысан
«Ұлттық киноны қолдау
мемлекеттік орталығы»
коммерциялық емес
акционерлік қоғамының
Басқарма Төрағасына
________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда))
____________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда),
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеуге қатысуға өтінім
Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық
фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау
үшін іріктеу мақсатында келесі фильмді қарауды сұраймын
_____________________________________________________________________
(фильмнің атауы)
Фильмнің жанры мен түрі: _________________________________________
Фильм өндіруші студия
Продюсер(лер) ___________________________________________________
Қоюшы-режиссер (лер): ___________________________________________
Дыбыс режиссері: ________________________________________________
Дыбыс операторы (лары): __________________________________________
Актерлар: _______________________________________________________
Фильмнің дубляжын жүзеге асыру мерзімі
Кезең
Прокаттау
Бастап
Дейін
Маркетинг және сату
Аудитория
Кинотеатрлар саны/залдар/ экрандар
Болжалды кассалық төлемдер
Қаржы жоспары
Фильмнің қаржылық шығындары
Сомасы, теңге.
Дубляж бюджеті
Барлық шығындар
Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1. _____________________________
2. _____________________________
Өтініш берушінің деректемелері __________________________________
(заңды мекен-жайы, пошта индексі, электрондық пошта, телефондары)
______________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім берілген күн: ____________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________
Қолы ______________
Мөр орны (бар болса)