Об утверждении регламента Степногорского городского маслихата Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8 бабындағы 3 тармақтың 5 тармақшасы мен 9 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: Степногорск қалалық мәслихатының регламенті (ары қарай Регламент) бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Басқа 1
Степногорск қалалық мәслихатының 21 қазанынан 2003 ж № С-1/7 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Степногорск қалалық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Тарау 1. 1. БӨЛІМ Жалпы ережелер
1. БӨЛІМ Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазакстан Республикасы Конституциясының 86, 87 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 1 бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты Степногорск қаласы, Заводской, Шаңтөбе, Бестөбе, Ақсу поселкесі аумақтарында, Қарабұлақ селолық округіндегі тұрғындарының уәкілетті органдары болып табылады. Қалалық мәслихат халықтың еркін, жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, айтуға және жүзеге асыруға шақырылады.
Тармақ 2
2. Қалалық мәслихат өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, басқа да заңдар жинағындағы актілерді, осы регламентті жетекшілікке алады.
Тармақ 3
3. Қалалық мәслихат әкімшілікпен бірге өз қарамағындағы аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламасын орындауды қамтамасыз етеді, Конституцияның, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Парламент Мәжілісінің шешімдерін, Президент пен Қазақстан Республикасы актілерінің жергілікті жерде орындауына, өз құзыры шекарасында қабылданған облыстық мәслихаттың шешімдерін, азаматтардың құқығын қорғау үшін жауап береді, олардың заңды мүдделерін қанағаттандырады.
Тармақ 4
4. Қалалық мәслихат Қазақстан Республикасы заңнамаларында тағайындалған өкілеттілігінің шекарасында шешім қабылдайды, оның орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қалалық мәслихат өзінің қызметін өз құзыры шекарасында дербес жүзеге асыра алады.
Тармақ 6
6. Қалалық мәслихат пен әкімшіліктің өзара қарым-қатынасы қызметтерді бөлу принципіне және олардың өз өкілеттілігін жеке жүзеге асыру негізінде қалыптасады.
Тармақ 7
7. Мәслихаттың кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен өзара қарым-қатынасы мәслихаттың өз өкілеттілігі шекарасында қабылданған шешімдердің міндеттілігіне байланысты қалыптасады, сонымен қатар аумақтың, кәсіпорынның және еңбек ұжымдарының өзара мүддесін есепке алған шарт негізінде қалыптасады.
Тармақ 8
8. Қалалық мәслихат өз қызметін сессия, тұрақты және басқа комиссия арқылы, сонымен қатар депутаттар өздерінің өкілеттілігін орындау барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. БӨЛІМ Қалалық мәслихаттың сессиясы
2. БӨЛІМ Қалалық мәслихаттың сессиясы
Тармақ 9
9. Қалалық мәслихат қызметінің негізгі формасы сессия болып табылады, онда Қазақстан Республикасы заңнамаларын орындау барысындағы сұрактарды шешеді. Егер қалалық мәслихатқа сайланған депутаттардың кем дегенде үштен екі бөлігі болатын депутаттар қатысса, сессия құқылы деп есептеледі. Мәслихат сессиясының шешімі мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 10
10. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасымен шақыртылады, ол сайланғаннан кейін бір айдан артпайтын мерзімде жалпы депутаттар санының кем дегенде төрттен үші болғанда өткізіледі.
Тармақ 11
11. Мәслихат сессиясың оның төрағасы шақыртады және жүргізеді. Мәслихаттың кезекті сессиясы жылына кем дегенде төрт рет болады.
Тармақ 12
12. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы сайланған депутаттардың жалпы санынан кем дегенде үштен бір бөлігі болған жағдайда, сондай-ақ, қала әкімі бастамасы бойынша шақырылады. Кезектен тыс сессияны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзім ішінде қалалық маслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Тармақ 13
13. Мәслихат сессиясының шақырылу мерзімі мен өткізу орнын, сонымен қатар сессияда қарастырылатын сұрақтарды мәслихаттың хатшысы депутаттарға, халыққа және әкімге сессия басталғанға дейін он күн бұрын хабарлайды, ал егер кезектен тыс сессияны шақыру керек болса, үш күн бұрын хабарлау керек. Сессияда қарастыруға енгізілген сұрақтар жөнінде мәслихат хатшысы аппарат аркылы сессияға дейін бес күн бұрын, ал егер кезектен тыс сессияны шақыру керек болса, үш күн бұрын депутаттарға және қала әкіміне қажетті материалдарды ұсыну қажет. Сессия болған кезде президиумда сессия төрағасынан басқа қалалық мәслихаттың хатшысы, қала әкімі немесе оның міндетін атқарушы болуы тиіс.
Тармақ 14
14. Әр сессияның алдында қалалық мәслихаттың аппараты депутаттар мен шақырылғандарға тіркеу жүргізеді. Қалалық мәслихат депутатының сессияға келуіне мүмкіншілігі болмаған жағдайда, ол мәслихаттың хатшысына хабарлайды. Қалалық мәслихат хатшысының, сессия төрағасының шақыруы бойынша мәслихатты жүргізуге қажетті сұрақтар бойынша ақпарат ұсыну үшін жергілікті атқару органдарының басшылары, ұйымдардың (қала мен поселке аймақтарында орналасқан) басшылары мен басқа да лауазымды адамдар мәслихаттың сессиясына катысуға міндетті.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихаттың бірінші сессиясын және мәслихаттың хатшысы сайлағанға дейін қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ашып жүргізеді. Алдағы уақытта мәслихаттың сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихат сессиясы пленарлық мәжіліс түрінде өткізіледі. Мәслихат сессиясы тәртіп бойынша ашық түрде өткізідеді. Мәслихат сессиясы төрағасының ұсынысы немесе сессияға қатысқан депутаттар санының көпшілігі дауыс бергендегі, мәслихат сессиясына қатысқан депутаттар санынын үштен бірінің ұсынысы бойынша жабық сессияны өткізу мәлихаттың шешімі бойынша рұқсат етіледі.
Тармақ 16
16. Мәслихат сессиясында қарастырылатын сұрақтарды сессия төрағасы, тұрақты және басқа да комиссиялар, депутаттық топтар, депуттатар және қала әкімі енгізеді. Сессияда қарастыру үшіп сұрақтар тізбесін сессия төрағасы жария етеді. Сессияның күн тәртібі талқылау кезінде толықтырылуы және өзгеруі мүмкін. Сессияның күн тәртібіне түскен ұсыныстарды қосу туралы сұрақтар сессияға қатысқан депутаттар санының көпшілік дауысымен түскен ретпен әр ұсыныс бойынша ашық дауыс беру жолымен шешіледі. Сессия депутаттары күн тәртібін бекіту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 17
17. Мәжілістің басталуы мен аяқталу мерзімін сессия төрағасының ұсынысы бойынша сессия бекітеді. Сессия уақытында баяндама жасауға 40 минут, ал қосымша баяндамашыларға - 15 минут беріледі. Сессияның күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылау барысында жарыс сөзге шығатындарға 10 минутқа дейін беріледі, жарыс сөзге тағы бір рет қайтадан сөз сөйлегендерге, сонымен қатар шешімнің жеке бір тармақтарын талқылау бойынша 5 минутке дейін уақыт беріледі. Кандидатура бойынша, мәжілісті жүргізу реті дауыс беру бойынша, өтініш үшін, ресми сұрау салуды, сұрақтар, ұсыныстар, хабарламалар және анықтамалар үшін 3 минутке дейін уақыт беріледі. Депутаттар көпшілігінің келісуімен төраға сөйлеу уақытын көбейте алады. Ресми сұрақтарға жауап беруге 10 минутқа дейін, ал сұраққа 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Тармақ 18
18. Жарыс сөзде сөз сөйлеу үшін сөз беру туралы өтінішін сессияда төрелік етушіге беріледі. Қалалық мәслихаттың депутаты төрелік етушінің оған сөз бергеннен кейін ғана сөйлейді. Сессияның төрағасы жарыс сөзде қатысу үшін өтініштің түсу ретімен сөз береді. Қажетті болған кездерде сессияның төрағасы сөз сөйлейтіндердің ретін өзгерте алады, бірақ, бұндай өзгертудің себебін хабарлайды. Сессияның жүргізілу тәртібі туралы, анықтама үшін, сұрақтарға жауап және түсіндіріп беру үшін төрелік етушіге кезектен тыс сөз беруге болады. Баяндамашыға сұрақ жазбаша түрде жіберіледі немесе орнынан койылады. Сессияның төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы кез келген уақытта сөз сөйлеуге құқығы бар.
Тармақ 19
19. Талқыланатын сұрақ бойынша жарыс сөзге депутаттар, қалалық мәслихат комиссиясының мүшелері, осы сұрақты дайындау үшін қатыстырылған мамандар, қала әкімі, осы сұрақты талқылауға шақырылған адамдар қатыса алады.
Тармақ 20
20. Сессияға қатысушы өзінің сөзінде дөрекі және әдепсіз сөздерді қолданбауға тиіс. Төрелік етуші бұл жағдайда мұндай сөздердің рұқсат етілмейтіндігіне ескерту жасауға құқығы бар. Сессия мәжілісінде төрелік етушінің рұқсатысыз ешкімнің де сөз сөйлеуге құқығы жоқ. Бұл ережені бұзғандарға ескерту жасамай-ақ сөз берілмейді. Депутат өзіне берілген уакытта сөз сөйлеуден босатылуы мүмкіп емес. Егер сөз сөйлеуші талқыланатын тақырыптан ауытқып кетсе, төрелік етуші оны талқыланатын сұраққа байланысты сөйлеуге шақырады. Егер шешен сөз сөйлегенде берілген уакыттан артық кетсе, немесе талқыланатын сұрақтан ауытқып кетсе өз сөзінде дөрекі және әдепсіз сөздерді қолданса төрелік етуші бір рет ескертуден кейін сөз сөйлеуден айырылады.
Тармақ 21
21. Мәслихат депуттаттарының шешімі бойынша сессияға қатысушы депутатардың көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданғанда жарыс сөзді тоқтату жүргізіледі. Жарыс сөздің тоқтатылуына байланысты, сөз сөйлеуге мүмкіншілік болмаған депутаттардың өтініші бойынша сессия президиумына жіберілген баяндамалардың тақырыбы сессия хаттамасына қосылады. Жарыс сөз біткен соң баяндамашылар және қосымша баяндамашылар қорытынды сөзбен сөйлеуге құқығы бар.
Тармақ 22
22. Қалалық мәслихаттың сессиясында қарастырылатын сұрақтар бойынша шешім катысушы депуттардың санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Егер сайланған депутаттардың жалпы санынан кем дегенде үштен бірінен болғанда депутаттар талап етсе, немесе жасырын дауыс беру регламентте қарастырылған кезде, кез келген сұрақ бойынша жасырын дауыс беруге болады.
Тармақ 23
23. Қалалық мәслихат шешімінің жобасындағы қорытынды мәтінді дайындау үшін, тексеру комиссиясын сайлауға болады, жеке құжаттарды жетілдіруді сессия тұрақты комиссияға немесе депутаттар кепілдік беруі мүмкін.
Тармақ 24
24. Қалалық мәслихат шешімінің жобасы туралы ұсынысты, қосымшаны және нактылығын қарастыру, сессияда шешімге енгізілген мәтінді негіз ретінде алып қабылданғаннан кейін ғана өткізіледі. Депутаттар сессиясында шешім бойынша шешімнің жоба мәтінін, егер ол барлық депуттаттарға таратылса, жарияламауға болады, шешімнің жобасын тұтасымен немесе алдымен әр тармағы бойынша, сосын тұтасымен дауыс беру арқылы өткізіледі. Қалалық мәслихат шешімінің жобасы бойынша ұсыныстар мен түзетулер депутаттардың дауыс беруіне қойылады.
Тармақ 25
25. Залда ашық дауыс беруді өткізу дауыстарды санау депутаттар тобына тапсырылады, оның құрамын сессия немесе төрелік етуші анықтайды. Егер бір де депутат дауысты санауды талап етпесе онда дауыс беру көпшіліктің қатысуымен дауысты санамай өткізілуі мүмкін. Бір сұрақ бойынша дауыс беруде әрбір депутат бір дауысқа ие болады және дауыс бергенде ұсынысқа қосылады, қарсы болады немесе қалыс қалады. Сессияда төрелік етуші дауыс беруді санағаннан кейін, дауыс берудің нәтижесі бойынша ұсыныстың қабылданғаны немесе оны қабылданбағаны туралы хабарлайды.
Тармақ 26
26. Жасырын дауыс беруді өткізу үшін және оның нәтижесін анықтау үшін сессия депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы ерептеу комиссиясын сайлайды. Мәслихаттың хатшысын сайлау үшін ұсынылған кандидатура болатын депутаттар, оған кіруі мүмкін емес. Есептеу комиссиясы өз құрамынан комиссия төрағасын және хатшысын сайлайды. Есептеу комиссиясының шешімі олардың мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 27
27. Бюллетендер есептеу комиссиясының бақылауымен оның тағайындаған формасы және белгілі бір мөлшерде дайындалады. Дауыс беру уақыты мен орны, оны өткізу тәртібін есептеу комиссиясы тағайындайды және есептеу комиссиясының төрағасы хабарлайды.
Тармақ 28
28. Қалалық мәслихаттың әрбір депутатына мәслихат хатшысын сайлау бойынша немесе қарастырылатын сұрақтың шешімі бойынша бір бюллетень беріледі. Депутаттарға жасырын дауыс беру үшін есептеу комиссиясының мүшелері депутаттар тізіміне сәйкес бюллетеньді береді. Депутаттар бюллетеньдерді жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда бюллетеньдегі дауыс беретін кандидаттың фамилиясының қасына «жақтап», «қарсы», «қалыс қалу» сөздерін сызу арқылы толтырады. Тағайындалмаған формадағы бюллетеньдер есепке алынбайды.
Тармақ 29
29. Есептеу комиссиясы жасырын дауыс берудің нәтижесі туралы есептеу комиссиясының барлық мүшелері қол қойған хаттама дайындайды. Есептеу комиссиясының баяндамасы бойынша сессия ашық дауыспен жасырын дауыс берудің нәтижесін бекіту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 30
30. Қалалық мәслихаттың шешіміне сессияның төрағасы және қалалық мәслихаттың хатшысы қол қояды.
Тармақ 31
31. Қалалық мәслихат пен оның органдары сессияға қатысушы депутаттар санының көпшілік дауысымен жабық мәжіліс өткізуге шешім қабылдауға құқығы бар. Қала әкімі немесе оның міндетін атқарушы, сонымен қатар қаланың прокуроры, қалалық мәслихат пен оның органдары мәжілісінің кез келген, оның ішінде, жабық мәжілісіне қатысуға құқықты.
Тармақ 32
32. Депутаттардың шешімі бойынша сессия мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 33
33. Қалалық мәслихаттың әрбір сессиясында мәслихат аппараты хаттама және магнитофондық жазба жүргізеді. Сессияның хаттамасына сессияның төрағасы және қалалық маслихаттың хатшысы қол қояды.
Тармақ 34
34. Қалалық мәслихат сессиясының шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 35
35. Қалалық мәслихаттың шешімі, оны қабылдағаннан кейінгі жеті күн мерзім ішінде, жергілікті атқару органдарының (әкімшіліктің), мүдделі органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшыларына, лауазымды адамдарға және азаматтарға мәлімет ретінде жеткізіледі. Қалалық мәслихаттың шемімі, егер ол әділет органдарында тіркеуге жатпаса, оны қалалық мәслихат сессиясында қабылдаған кезден бастап күшіне енеді. Ақмола облысы әділет Басқармасында тіркелуге тиісті қалалық мәслихаттың шешімі ол тіркелгеннен кейін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан соң күшіне енеді.
Тармақ 36
36. Өзінің құзырлығы шекарасында қабылданған мәслихат актісіне сәйкес аймақтағы барлық кәсіпорындар, ұйымдар, жеке меншіктің кез келген түрдегі мекемелері, лауазымды тұлғалар және адамдар орындауға міндетті. Шешім орындалмаған жағдайда заңда тағайындалған тәртіп бойынша мәслихат оларды сәйкес органдарға мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, және мекемелердің қызметтік тұлғаларды қызметтік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді. Мәслихаттың ұсынысы Қазакстан Республикасы заңнамаларында тағайындалған мерзімде қарастырылуы қажет. Қызметтік тұлғалардың және азаматтардың мәслихат шешімін бірнеше рет орындамағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жауап береді.
Тарау 3. 3. БӨЛІМ Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
3. БӨЛІМ Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы
Тармақ 37
37. Мәслихат сессиясының төрағасы оның депутаттары арасынан сайланады. Ол маслихат депутаттары жалпы санының көпшілігінен ашық дауысымен сайланады. Мәслихаттың кезекті сессия төрағасы мәслихаттың алдағы сессиясына сайланады. Сессия төрағасы болмаған кезде оның өкілеттілігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихаттың депутаты мәслихат сессиясының төрағасы ретінде календарлық жыл бойы екі реттен артық болмауы керек. Сессия төрағасының өкілеттілігі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 18 бабында анықталады.
Тарау 4. 4. БӨЛІМ Қалалық мәслихаттың хатшысы
4. БӨЛІМ Қалалық мәслихаттың хатшысы
Тармақ 38
38. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымдық тұлға болады. Ол депутаттар арасынан, депутаттардың жалпы санының көпшілігінен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады және мәслихатпен сессияда қызметінен босатылады. Мәслихаттың хатшысы мәслихаттың өкілеттілік мерзіміне сайланады. Оның мәслихаттың тұрақты комиссиясында тұруға құқысы жоқ. Мәслихат хатшысының міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 19 бабында анықталады. Мәслихат хатшысы болмаған кезде, сессия төрағасының шешімі бойынша, оның өкілеттілігін уақытша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бір төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 39
39. Қалалық мәслихаттың әрбір депутаты хатшы қызметіне өзін-өзі ұсынуға құқығы бар. Кандидатқа ұсыну кезінде өзін тізімнен алғызып тастауға болады. Қалалық мәслихат хатшысы қызметке сайлау үшін кандидат қажет болған жағдайда алдағы қызмет ету бағдаламасымен сөз сөйлеуіне болады. Қалалық мәслихат хатшысы қызметіне кандидатураны тізімге енгізу әрбір кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы, талқылағаннан кейін ашық, жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі. Егер ол үшін мәслихатқа сайланған депутаттардың жартысынан артығы дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептелінеді.
Тармақ 40
40. Қалалық мәслихат хатшысын сайлау жөнінде жасырын дауыс беруді өткізу тәртібі осы регламенттің 26-29 тармағына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 41
41. Қалалық мәслихат хатшысын сайлаған кезде келесі тәртіп тағайындалады: бір кандидат ұсынылған кезде Дауыс беру үшін тізімге енгізілген бір ғана кандидат болған жағдайда,ол кандидатура үшін сайланған депутаттардың жартысынан артығы өз дауысын берсе, сайлау өтті деп есептеледі. екі кандидат ұсынылған кезде Дауыс беру үшін тізімге енгізілген екі кандидат болған жағдайда, ол кандидатура үшін сайланған депутаттардың кем дегенде жартысы емес дауыс берсе, сайлау өтті деп еселтеледі. үш немеее одан көп кандидаттар ұсынылған кезде Егер дауыс берудің бірінші турынан кейін кандидаттардың бірде-біріне сайланған депутаттардың жартысы өз дауысын бермесе, ең көп дауысқа ие болған екі кандидатура бойынша қайтадан сайлау жүргізіледі. Қайтадан дауыс беру қорытындысы бойынша, сайланған депутаттардың кем дегенде жартысы дауысын берсе, кандидат сайланды деп есептеледі. Егер қайтадан сайлау нәтижесінде бірде-бір кандидат сайланбаса, онда қайтадан сайлау жаңа кандидаттарды ұсыну арқылы өткізіледі.
Тармақ 42
42. Қалалық мәслихаттың хатшысын сайлау туралы шешімге аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы қол қояды. Қалалық мәслихаттың хатшысы тек мәслихаттың шешімі бойынша ашық және жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен (депутаттардың жалпы санынан 2/3 бөлігі) қызметінен босатылуы мүмкін. Мәслихат хатшысы өзінің өкілеттілігінен еркімен қалтыру туралы шешім ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттарының жалпы санынан көпшілік дауысымен қабылданады.
Тарау 5. 5. БӨЛІМ Қалалық мәслихаттың тұракты және уакытша комиссиялары
5. БӨЛІМ Қалалық мәслихаттың тұракты және уакытша комиссиялары
Тармақ 43
43. Мәслихат өзінің өкілеттілік мерзімінде тұрақты комиссиялар құрады. Қажет болған жағдайда мәслихат жаңадан комиссия құруға, тұрақты комиссияны таратуға және қайта ұйымдастыруына болады. Тұрақты комиссиялардың сандық құрамы мен тізбесін мәслихат анықтайды. Тұрақты комиссияның төрағасы мен мүшелері қалалық мәслихат депутаттарыпың арасынан сайланады. Тұрақты комиссиялардың саны туралы ұсыныс, олардың тізбесі, құрамы және комиссиялар төрағасының кандидатурасы туралы ұсынысты қалалық мәслихат хатшысы енгізеді. Тұрақты комиссия оларды сайлаған мәслихат алдында жауапты және өз қызметі жылына бір реттен кем емес есеп береді. Мәслихаттың тұрақты комиссиялар жұмыс реті мен қаулысын қабылдау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 15 бабында анықталады.
Тармақ 44
44. Тұрақты комиссия өздерінің бастамалары немесе мәслихаттың шешімі бойынша көпшілікті тыңдауды өткізуі мүмкін. Көпшілікті тыңдау тұрақты комиссиялар жүргізуге жататын ең маңызды және қоғамға елеулі сұрақтарды талқылау максатында, осы комиссиялардың делутаттарының атқару органдары өкілдерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының, бұкаралық ақпарат құралдарының, азаматтардың қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізеді. Көпшілікті тыңдауды ұйымдастырған тұрақты комиссияның төрағасы немесе комиссия шешімі бойынша олардың мүшелерінің біреуі жағдайды талдаумен және комиссия ұсынысын баяндаумен сөз сөйлейді. Берілген сұраққа қатысты лауазымды тұлға өзінің бағалауымен және ұсыныстарымен сөз сөйлейді. Шақырылған мамандар мен қала тұрғындары еркін қатысқан көпшілік тыңдауда талқылау және сұраққа жауап бергеннен кейін шешім немесе қорытынды қабылданады, ол қалалық мәслихат сессиясына шешімнің жобасы ретінде немесе шешім жобасын дайындауға ұсыныс ретінде жасалады. Тұрақты комиссияның шешімі бойынша жеке сұрақтарды тыңдау жабық түрде өткізілуі мүмкін.
Тармақ 45
45. Мәслихат уақытша комиссия құруға құқылы. Уақытша комиссияның құрамына қалалық мәслихаттың депутаты болмайтын мамандарды қатыстыруға болады. Уақытша комиссиялардың міндетін, көлемін және уәкілеттік мерзімін олар құрылған кезде мәслихат анықтайды. Сұрақтарды шешу және дайындау үшін тұрақты комиссиялар мамандарды өтеусіз негізде қатыстыруға болады, олар комиссия мәжілісіне кеңесші дауыспен қатыса алады.
Тармақ 46
46. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзіреті шегінде ұйымдарға, коммерциялық структураларға (меншіктің қандай түрі болса да), сонымен қатар атқару өкіметі органдарына бақылау қызметін жүзеге асырады. Бұл ұйымдар, структуралар және органдар тұрақты комиссияның талабы бойынша кажетті мәліметтерді, құжаттарды, анықтамаларды және т.б. қағаздарды дайындайды және олардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес нақтылығына жауап береді.
Тармақ 47
47. Тұрақты комиссия қызметін үйлестіру және олардың жұмысына көмек көрсетуді қалалық мәслихаттың хатшысы жүзере асырады.
Тарау 6. 6. БӨЛІМ Қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясы
6. БӨЛІМ Қалалық мәслихаттың тексеру комиссиясы
Тармақ 48
48. Жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау үшін мәслихат өзінің өкілеттік мерзімінде тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясының санын мәслихат анықтайды.
Тармақ 49
49. Қалалық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы өзінің өкілеттілігін босатылған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 50
50. Тексеру комиссиясының жұмысына келісім-шарт негізінде қалалық мәслихаттың депутаты болмайтын адамдарды қатыстыруға болады.
Тармақ 51
51. Мәслихаттың шешімі бойынша немесе қалалық мәслихаттың талабы бойынша мәслихатқа сайланған депутаттардың санынан кем дегенде үштен бірі болатын тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамаларында анықталған басқа жағдайларда тексеріс жүргізуге болады.
Тармақ 52
52. Тексеру комиссиясы тексеріс нәтижесі бойынша акт жасайды, ол туралы мәслихат пен әкімдікке хабарлама береді.
Тарау 7. 7. БӨЛІМ Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалар кеңесі
7. БӨЛІМ Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалар кеңесі
Тармақ 53
53. Қалалық мәслихаттың тұрақты және басқа комиссиялардың қызметін үйлестіру үшін мәслихат хатшысының басшылығымен тұрақты комиссиялар төрағалар кеңесі құралады. Кеңестің мәжілісі қажеттілікке қарай өткізіледі.
Тарау 8. 8. БӨЛІМ Қалалық мәслихат аппараты
8. БӨЛІМ Қалалық мәслихат аппараты
Тармақ 54
54. Қалалық мәслихат пен оның органдарының қызметін ұйымдастыру, құкықты, материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін, депутаттардың өз өкілеттілігін жүзеге асыруда көмек көрсету үшін қалалық мәслихат аппараты қызмет етеді.
Тармақ 55
55. Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметі Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес іске асырылады.
Тармақ 56
56. Қалалық мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша аппараттың құрамы, еңбекке акы төлеу шарты, мәслихат аппаратының материалдық-техникалық шығынын қамтамасыз ету және мәслихаттың қызметін қамтамасыз ететін шығынның жалпы сомасы бекітіледі.
Тармақ 57
57. Қалалық мәслихат аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме.
Тармақ 58
58. Мәслихаттың уәкілеттік мерзімі біткеннен кейін, мәслихаттың уәкілеттілігі мерзімнен бұрын тоқталған жағдайда және оған депутаттардың жаңадан құрамы сайланғанда, мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметі тоқталмайды.
Тарау 9. 9. БӨЛІМ Депутаттың сұрау салуы
9. БӨЛІМ Депутаттың сұрау салуы
Тармақ 59
59. Депутат, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мәслихаттың құзырлығына жататын сұрақтар бойынша мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихаттың хатшысына, әкімдіктің басшыларына, оның органдарына, қалалық мәслихат аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге сұрау салуға құқығы бар.
Тармақ 60
60. Сұрау салу сессияда жазбаша түрде немесе ауызша формада енгізіледі. Жазбаша түрде енгізілғен сұрау салуды жариялау қажет.
Тармақ 61
61. Сұрау салу жіберілгенде мемлекеттік орган, лауазымды адам қалалық мәслихат сессиясына жазбаша немесе ауызша жауапты міндетті түрде беруі қажет. Сұрау салуға жазбаша жауап мәслихат бекіткен мерзімде ұсынылады, бірақ та бір айдан артайтын уақытта және сессияда жарияланады. Сұрау салу жауабына ашық жарыссөз болуы мүмкін. Депутат сұрау салу жауабына өз пікірін айтуға құқығы бар. Сұрау салуға жауап және оны талқылау нәтижесі бойынша сессияда депутаттар шешім қабылдайды. Сұрау салу, оған жауап және депутаттардың қарауы нәтижесінде қабылданған шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 62
62. Мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар сұрау салуға жауап беру үшін мәслихаттың сессиясына келуге міндетті. Депутаттың сұрау салуына тағайындалған мерзімде жауап бермеген мемлекеттік органдардың басшылары, лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік етеді.