Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының № 31 ұсынысы негізінде Ұзынкөл ауданы Сатай ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келесім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай обылысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ұзынкөл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Ұзынкөл ауданының Сатай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.