Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Каратобинского района Күшін жойған
Басқа 0
Қаратөбе ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және аудан әкімдігі жанындағы аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2023 жылғы 12 наурыздағы №3 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қаратөбе ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары К.Н.Тулепов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.