Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Күшін жойған
Басқа 0
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 108 Бұйрығымен
бекітілген
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтанушылық зерттеу – зерттеу нысанасын жан-жақты талдаумен сипатталатын әлеуметтік процестер мен құбылыстарды зерделеуге, сондай-ақ оларды кейіннен орын алған проблемаларды шешуде пайдалану үшін анық деректер алуға бағытталған зерттеу;
Тармақша 2
2) зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісінше ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;
Тармақша 3
3) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген) бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тапсырма – Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, «Елбасы Aкадемиясы» корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс;
Тармақша 5
5) талдамалық зерттеу – талдамалық әдістер негізінде экономиканың нақты сегментінде мемлекеттік міндеттерді шешу және мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеуге бағытталған зерттеу.
Тарау 2. 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Зерттеудің, консалтингтік қызметтің, мемлекеттік тапсырманың құны зерттеу жүргізуге, консалтингтік қызмет көрсетуге, мемлекеттік тапсырманы орындауға тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды, тікелей шығыстар мен жанама шығыстарды негізге ала отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ = ∑еат + тш + ЖШ, мұндағы
С – зерттеудің, консалтингтік қызметтің, мемлекеттік тапсырманың құны;
∑еат+тш – еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар сомасы;
ЕАТ – қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;
ТШ – осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, тікелей шығыстар;
КР – жанама шығындар.
Тарау 3. 3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің,
мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға арналған
шығындардың түрлері
3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің,
мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға арналған
шығындардың түрлері
Тармақ 4
4. Зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырма құнына мынадай шығыстар енгізілмейді:
Тармақша 1
1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;
Тармақша 2
2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;
Тармақша 3
3) демеушілік көмек;
Тармақша 4
4) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптары.
Тармақ 5
5. . Тікелей шығындарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) зерттеулерді, консалтингтік қызметтерді, мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттағы және штаттан тыс) жалақысы;
Тармақша 2
2) сыртқы сарапшыларды тарту;
Тармақша 3
3) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу, (қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары, жиынтықтауыштар, кеңсе тауарлары және шығыс материалдары);
Тармақша 4
4) жалға алынатын үй-жайларда тікелей зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайларда жалдау ақысы;
Тармақша 5
5) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін, мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе)елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
Тармақша 6
6) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, персоналды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілердің аударымдары, зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін, мемлекеттік тапсырманы орындайтын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
Тармақша 7
7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулері, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, интернет);
Тармақша 8
8) полиграфиялық шығындар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, есептер, тест тапсырмалары, түптеу, құжаттарды тігу және өңдеу);
Тармақша 9
9) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 10
10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);
Тармақша 11
11) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері;
Тармақша 12
12) анықтамалықтарды және /немесе анықтамалықтардың бөлімдерін әзірлеу жөніндегі қызметтер;
Тармақша 13
13) сақтандыру жөніндегі шығыстар;
Тармақша 14
14) банктік қызметтер;
Тармақша 15
15) қосылған құн салығы.
Тармақ 6
6. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына тікелей жатпайды және мынадай шығыстарды қамтиды:
Тармақша 1
1) әкімшілік персоналдың жалақысы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары, жұмыс берушінің, әкімшілік персоналдың міндетті зейнетақы жарналары;
Тармақша 3
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және басқалар);
Тармақша 4
4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары (Ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
Тармақша 5
5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
Тармақша 6
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу;
Тармақша 7
7) өзге де шығыстар (коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, ақпараттық қызметтер (жарнаманы қоспағанда), өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптардың сақталуы, күзет жөніндегі қызметтер, аудиторлық қызметтер, Банк қызметтері, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар).
Тармақ 7
7. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау кезіндегі шығыстардың әрбір бабын Тапсырыс беруші әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын пайдалана отырып қалыптастырады. Бұл ретте, баға дерекқорында көзделген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін нақты орташа бағадан аспайтын бағаға бағдарланады. Деректер базасында бағалар болмаған кезде жоспарланған шығыстарды негіздейтін құжаттар (шарттардың көшірмелері, прайс-парақтар) пайдаланылады.
Тармақ 8
8. Зерттеулер, консалтингтік қызметтер көрсету және мемлекеттік тапсырма жүргізу үшін бөгде ұйымдар мен жеке тұлғаларды тарту бөгде ұйымдармен және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық мәмілесін жасасу негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Бюджеттік кодексінің 41 баптың 3 тармағына сәйкес, мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.
Тармақ 10
10. Іссапар шығыстарының құны (қонақ үйде тұру, тәулікақы) Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен анықталады.
Тармақ 11
11. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын есептеу нысанында зерттеу жұмысын орындауға тікелей қатысатын барлық қызметкерлердің штаттық кестеге сәйкес лауазымдары бойынша жалақысы әрбір қызметкер бойынша жеке көрсетіледі.