Об установлении карантина в селе Аккайнар Аккайнарского сельского округа Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округінің Аққайнар ауылында карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 07 наурыздағы № 87 ұсынысына сәйкес, Аққайнар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округінің Аққайнар ауылында мүйізді ұсақ малдары арасында қой күлі (оспа) ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.