ЗаңнамаО рекламе › 08.08.2026

О рекламе Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жарнама туралы Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Заңның мақсаттары
1-бап. Заңның мақсаттары Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.
Бап 2. 2-бап. Заңның қолданылу аясы
2-бап. Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Онлайн-жарнаманы реттеу ерекшеліктері «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Бап 3. 3-бап. Негiзгi ұғымдар
3-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;
Тармақша 1-1
1-1) дараландыру құралы – тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), азаматтық айналымға қатысушыларды айыруға арналған белгілеме (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және басқа);
Тармақша 1-2
1-2) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;
Тармақша 1-3
Тармақша 2
2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;
Тармақша 3
3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4-1
4-1) жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар – жарнама қызметі жүзеге асырылатын жекелеген салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
Тармақша 4-2
4-2) жарнама саласындағы уәкілетті орган – жарнама саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) жарнама таратушы – мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 6
6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;
Тармақша 7
7) жүгiртпе жол – сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiнде орналастырылатын немесе телеарналар бойынша, кино және бейне қызмет көрсетуде берiлетiн жарнаманы тарату тәсiлi, бұл жиынтығында белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
Тармақша 7-1
7-1) көше жиһазы (жабдығы) – елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
Тармақша 7-2
7-2) маңдайша – дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын ақпарат;
Тармақша 7-3
7-3) нұсқағыш – жерде немесе байланыс желісі мен жарық беру тіреулерінде орналастырылған, ұйымның, сауда немесе өзге де объектінің тұрған жерін көрсететін және оларға тікелей жақын жерде орналасқан, тек қана олардың атауы, дараландыру құралы (болған кезде) және навигация туралы ақпаратты қамтитын, екі шаршы метрді қоса алғанға дейінгі көлемдегі конструкция;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 9
9) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қол жетімді жарнама;
Тармақша 10
10) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;
Тармақша 11
11) телесауда – тауарларды өткізу немесе қызметтерді көрсету мақсатында телеарнадағы жария ұсыныс.
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары
4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 5. 5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар
5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс.
Тарау 2. 2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
Бап 6. 6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 1
1. Жарнама, электрондық коммерция саласын қоса алғанда, таратудың, орналастырудың нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, анық, тікелей ұсынылу кезінде танылатын болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де таратылады. Жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс. Жарнама мәтіні «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 2-1
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 2007.06.19 № 264 Заңымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi. Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет.
Тармақ 4-1
4-1. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасында бағаны (тарифтерді, бағалауларды, мөлшерлемелерді) көрсету теңгемен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелмеген дiни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
Тармақ 5-1
5-1. Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалауға тыйым салынады.
Тармақ 5-2
5-2. Жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардан (ғимараттардан, құрылысжайлардан және олардың кешендерінен) тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде дыбыстық ақпарат арқылы таратуға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгiттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
Тармақ 7
7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс.
Тармақ 8
Тармақ 8
Тармақ 9
9. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтік жарнамада дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтуға жол берілмейді. Белгіленген шектеулер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды. Әлеуметтік жарнамада әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдар туралы, егер осы жарнаманың мазмұны осындай коммерциялық емес ұйымдардың қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, айтуға жол беріледі. Радиобағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада демеушілер туралы айту ұзақтығы – әрқайсысы туралы үш секундтан, телебағдарламаларда, кино және бейне қызмет көрсету кезінде таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан аспауға тиіс және мұндай айтуға – кадр алаңының жетіден аспайтын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды.
Тармақ 10
10. Жарнамаға шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленеді.
Бап 7. 7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi
7-бап. Жөнсiз жарнама түрлерi
Тармақ 1
1. Мынадай:
Тармақша 1
1) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстарымен, көрсетiлетiн қызметтерiмен) салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн сөздерi, бейнелерi бар;
Тармақша 2
2) басқа өнiмдердi жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгiсiн, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендiрiлуiн, формулаларын, бейнелерi мен басқа да коммерциялық белгiлемелерiн көшiрiп алу арқылы не олардың сенiмiн терiс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнiмдерге қатысты тұтынушыларды жаңылдыратын;
Тармақша 3
3) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылуы тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сипатына, дайындалу тәсiлiне, қасиеттерiне, қолдануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкiн нұсқамалары немесе дәйектемелерi бар;
Тармақша 4
4) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) пайдаланбайтын жеке немесе заңды тұлғалардың беделiн түсiретiн, қорлайтын және мазақ ететін;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлар жарнамасы, егер мұндай жарнама тауар белгісі немесе қызмет көрсету белгісі жарнамалауға тыйым салынған тауардың тауар белгісімен немесе қызмет көрсету белгісімен айырғысыз дәрежеде бірдей немесе ұқсас басқа тауарды жарнамалау түрінде, сондай-ақ осындай тауарды дайындаушыны немесе сатушыны жарнамалау түрінде жүзеге асырылса, жарнама жосықсыз жарнама болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналарға:
Тармақша 1
1) өнiмдердiң табиғаты, құрамы, дайындау тәсiлi мен күнi, мақсаты, тұтыну қасиеттерi, пайдалану шарттары, сәйкестiк сертификатының, сертификат белгiлерiнiң және ұлттық стандарттарға сәйкестiк белгiлерiнiң болуы, саны, шығарылған жерi сияқты сипаттамаларына;
Тармақша 2
2) өнiмнің нарықта болуына, оны белгiлi бiр орында сатып алу мүмкiндiгiне;
Тармақша 3
3) жарнама тарату және орналастыру кезiндегi өнiмнiң құны (бағасы) мен ақы төлеудiң қосымша шарттарына;
Тармақша 4
4) өнiмдердi жеткiзуге, айырбастауға, қайтаруға, жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге;
Тармақша 5
5) кепiлдiк мiндеттемелерге, қызмет мерзiмдерiне, жарамдылық мерзiмдерiне;
Тармақша 6
6) қолданудың болжамды нәтижелерiне;
Тармақша 7
7) заңды тұлғаның зияткерлiк қызметiнiң және соған теңестiрiлген даралау құралдарының, өнiмнiң, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiне берiлетiн айрықша құқықтарға;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк нышандарды (елтаңба, жалау, гимн), сондай-ақ халықаралық ұйымдардың нышандарын пайдалану құқықтарына;
Тармақша 9
9) ресми тануға, медальдар, жүлделер, дипломдар және өзге де наградалар алуға;
Тармақша 10
10) өнiмнiң толық топтамасын, егер ол топтаманың бiр бөлiгi болып табылса, сатып алу тәсiлдерi туралы ақпарат ұсынуға;
Тармақша 11
11) зерттеулер мен сынақтар нәтижелерiне, ғылыми терминдерге, техникалық, ғылыми және өзге де жарияланымдардан алынатын дәйек-сөздерге;
Тармақша 12
12) басқа адамдардың өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiнiң, жеке немесе заңды тұлғаның беделiн түсiретiн кәсiпкерлiк қызметте жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) туралы ұйғарымдарға;
Тармақша 13
13) негiздiлiгi асыра көрсетiлген түрiнде берiлмеуге тиiс статистикалық ақпаратқа;
Тармақша 14
14) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) жасаушының, сатушының немесе оларды жарнамалайтын адамдардың мәртебесiне немесе құзыреттiлiк деңгейiне қатысты шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар жарнама дәйексiз жарнама болып табылады.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына, жынысына, дiни және саяси нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылдаған iзгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын;
Тармақша 2
2) ұлттық немесе әлемдiк игiлiк болып табылатын өнер, мәдениет объектiлеріне, тарих ескерткіштерiне нұқсан келтiретiн;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, дiни нышандарға нұқсан келтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады.
Тармақ 4
4. Жарнама берушiнiң (жарнама жасаушы, жарнама таратушы) жарнама тұтынушыны қасақана жаңылыстыратын, жарнамалау көмегiмен берiлетiн жарнамасы көрiнеу жалған жарнама болып табылады.
Тармақ 5
5. Радио, теле, бейне, дыбыс және кино өнiмдерiнде, сондай-ақ өзге де өнiмдерде, соның iшiнде арнаулы бейнеқосылғыларды, қосарланған дыбыс жазбаларын пайдалану арқылы және өзге де тәсiлдермен тұтынушының қабылдауына, түйсiгiне аңдаусыз әсер ететiн жарнама жасырын жарнама болып табылады.
Тармақ 6
6. Жөнсiз жарнамаға тыйым салынады.
Бап 8. 8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама
8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама
Тармақ 1
1. Жарнама сипатындағы хабарлар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгіртпе жолды, әлеуметтік жарнаманы, үшінші тұлғалардың жарнамасын қамтымайтын, теле-, радиоарналардың өз өнімі туралы ақпаратты (анонстарды), теле-, радиоарна дайындаған және өткізетін іс-шаралар туралы хабарландыруды, сондай-ақ тікелей эфирде немесе тікелей эфирдің қайталау жазбасында трансляцияланатын оқиға орнында орналастырылатын жарнаманы қоспағанда, тәулігіне хабар таратудың жалпы көлемінің жиырма пайызынан аспауға тиіс. Тәулігіне жарнама таратудың жалпы көлемінде жарнаманың жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап жиырма үшке дейінгі уақыт кезеңіндегі жалпы ұзақтығы хабар тарату уақытының бір сағаты ішінде жиырма пайыздан артық болмауға тиіс. Теле-, радиоарналардағы қазақ тіліндегі жарнаманың жергілікті уақытпен сағат нөлден бастап есептелетін, әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығындағы көлемі басқа тілдерде таратылатын жарнаманың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс. Әлеуметтік жарнаманы қоспағанда, теле-, радиоарналардағы қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдердегі жарнаманың көлемі масс-медиа саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын масс-медианың мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес орналастырылатын жарнама материалдарының хронометражымен айқындалады. Тек қана жарнама сипатындағы хабарларға мамандандырылған теле-, радиоарналардағы телесауда көлемі шектелмейді. Жарнаманы трансляциялау кезінде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиіс.
Тармақ 1-1
1-1. Міндетті теле-, радиоарналарда өтеусіз негізде орналастырылатын әлеуметтік жарнаманың күнделікті көлемі жергілікті уақытпен сағат он сегізден бастап есептелетін, ұзақтығы алты сағат уақыт аралығында міндетті түрде екі рет шыға отырып, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтыдан бастап есептелетін, ұзақтығы он сегіз сағат уақыт аралығында кемінде он рет шығуға тиіс. Әлеуметтік жарнама Қазақстан Республикасының аумағында қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де эфирге оның күн сайынғы шығатын барлық уақыты бойы біркелкі таратылады.
Тармақ 2
2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс.
Тармақ 3
3. Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.
Бап 9. 9-бап. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама
9-бап. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнаманы, оның тақырыбын дербес айқындайды. Жазылу арқылы таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары жазылу шарттарында басылымның тақырыптық бағытын көрсетуге мiндеттi. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама масс-медианы есепке қою туралы куәлікте бекітілген тілде орналастырылады.
Бап 10. 10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама
10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама
Тармақ 1
1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi.
Тармақ 3
3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.
Бап 11. 11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама
11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама
Тармақ 1
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 1-1
1-1. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:
Тармақша 1
1) маңдайша;
Тармақша 2
2) жұмыс режимі туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) автожанармай құю станцияларына, автогаз құю станцияларына, газ толтыру пункттеріне, газ толтыру станцияларына, автогаз толтыру компрессорлық станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының түрлері, мұнай өнімдерінің және сұйытылған мұнай газының бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);
Тармақша 7
7) ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақтың қоршауына кірер жолда, сондай-ақ айырбастау пункттері ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын және алтынды теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;
Тармақша 8
8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді ішкі безендіру жатпайды;
Тармақша 9
Тармақ 1-2
1-2. Сыртқы (көрнекі) жарнама және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жолдың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және нұсқағыштарына ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс. Елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерінің жүріс бөлігінің, жаяу жүргіншілер тротуарларының және велосипед жолдарының, отырғызу алаңдарының, аялдама пункттерінің жабынына жарнамалық бейнелер және (немесе) ақпарат салу арқылы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады. 2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.
Тармақ 2-1
2-1. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылар: сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған кезде – республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына; сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
Тармақ 2-2
2-2. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі. Хабарламаға:
Тармақша 1
1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) нобайларымен қоса жарнаманың тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі. Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы. Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.
Тармақ 2-3
2-3. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші сыртқы (көрнекi) жарнаманы өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-1-тармағында айқындалған жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекi) жарнама орналастырылатын кезең мен орын, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалармен жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелерi немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар: сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін тиісінше эстетикалық, санитариялық және техникалық жай-күйде ұстап тұруға; адамдардың өмірі мен денсаулығы, барлық меншік нысанындағы мүлік үшін сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; шартта белгіленген орналастыру мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі осы Заңның талаптарына сәйкес келмеген, сондай-ақ ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар белгіленген мерзімде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің меншік иесіне, ал егер меншік иесі белгісіз болса, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншiк иелеріне немесе ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғаларға сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу туралы орындалуы міндетті нұсқама береді. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің меншік иесі, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі, сыртқы жағына сыртқы (көрнекi) жарнама объектісі орналастырылған ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар нұсқама берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың талап етуі бойынша сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеуге байланысты келтірілген шығындарды өтеуге міндетті. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар шығындарды ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу кезінде келтірілген шығындарды өтеу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінуге құқылы. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жекеше меншiк объектiлерiнде орналастыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметке тұрақты мемлекеттiк бағалар (тарифтер) белгiлеуге тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жергілікті атқарушы органдар не өткізілген ашық конкурстардың қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы органдармен жасалған тиісті шарттар негізінде өз қаражаты есебінен инвесторлар орнататын көше жиһазына (жабдығына) орналастыруға жол беріледі. Жеке және заңды тұлғалар инвесторлар бола алады.
Бап 12. 12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама
12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама Көлiк құралдарында жарнама орналастыру жол жүрісі қауіпсіздігі қағидалары сақтала отырып, көлiк құралдарының меншiк иелерiмен және егер заңда немесе шартта осы мүлiкке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлiк құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады. Көлiк құралдарында жарнама орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылады. Жарнаманы жеке тұрған тіркемелерде және жартылай тіркемелерде (автомобильге тіркелмеген күйіндегі), сондай-ақ көлік құралдарының макеттерінде орналастыру көлік құралдарында жарнама орналастыру болып табылмайды. Мұндай жарнаманы орналастыру осы Заңның 11-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Көлік құралдарының азайтылған, ұлғайтылған не заттай шамадағы модельдері осы Заңның мақсаттары үшін көлік құралдарының макеттері деп танылады.
Бап 13. 13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау ерекшелiктерi
13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Мыналарды:
Тармақша 1
1) этил спиртін және алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді;
Тармақша 2
2) ана сүтін алмастырушыларды;
Тармақша 3
3) сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді);
Тармақша 4
4) темекі мен темекі бұйымдарын, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды, темекі бұйымдарын имитациялайтын өнімдерді;
Тармақша 5
5) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарына, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге, электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) және оларға арналған сұйықтықтарға сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізу, соның ішінде жүлделі ұтыс ойындарын, лотереяларды ойнату нысанында;
Тармақша 5-1
5-1) теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, балаларға арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көрсетілімдерде, радио- , теле- , бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдері, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;
Тармақша 5-2
5-2) егер мұндай әрекет көркем ойдың ажырамас бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, ересектерге арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көріністерінде, радио- , теле- , бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдерді, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;
Тармақша 6
6) қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Заңның 14-2-бабының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауды қоспағанда, алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді, темекі және темекі бұйымын, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімнің, темекі және темекі бұйымының, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарының, қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің) және оларға арналған сұйықтықтардың атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін және (немесе) атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.
Тармақ 1-2
1-2. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелмеген ұйымдардың өнімдердің сәйкестігін міндетті растау жөнінде қызметтер көрсетуді және (немесе) сәйкестігін растау саласындағы делдалдық қызметтер көрсетуді жарнамалауына тыйым салынады.
Тармақ 1-3
1-3. Лотерея операторы және (немесе) лотерея операторымен жасалатын тапсырма шарты шеңберінде лотерея таратушылар (агенттері) орналастыратын жарнаманы қоспағанда, лотереяны жарнамалауға тыйым салынады.
Тармақ 1-4
1-4. Букмекерлік кеңселерді және (немесе) тотализаторларды:
Тармақша 1
1) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында белгіленген аумақтар шегінде орналасқан жарнаманы қоспағанда, сыртқы (көрнекі);
Тармақша 1-1
1-1) спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спорт құрылысжайларының ішінде орналасқан жарнаманы қоспағанда, ғимараттар мен құрылысжайларда;
Тармақша 2
2) көлік құралдарында;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың ресми интернет-ресурстарында, масс-медиа саласындағы уәкілетті органда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында тек қана спорт тақырыбы бағытындағы, сондай-ақ отандық телеарналардың халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляциялау кезіндегі жарнаманы қоспағанда, масс-медиада, онлайн-платформаларда, кино-, бейне- және анықтамалық қызмет көрсетуде;
Тармақша 4
4) жарнаманы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына беру арқылы жарнамалауға тыйым салынады.
Тармақ 1-5
1-5. Букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жарнамасында букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың тек атауы, тауар белгісінің элементтері, орналасқан жері, интернет-ресурсы (ол болған кезде), букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметімен айналысуға арналған лицензияның берілген күні, қолданылу мерзімі мен нөмірі қамтылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды - ҚР 19.06.2007 № 264 Заңымен.
Тармақ 3
3. Медициналық көрсетілетін қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың және қадағалаудың бақылауындағы өнімді (тауарларды) жарнамалаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 4
4. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.16 № 186-IV Заңымен.
Тармақ 5
5. Қызметтiк және азаматтық қаруды, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнiмдердi жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерiнде жол берiледi. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсiлдерiн тiкелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиiс.
Тармақ 5-1
5-1. Темекі бұйымдарын және темекіні тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, аудиокөрінім туындыларды, теле- , бейне- және кинохроникалық бағдарламаларды көрсету кезінде хабар таратушы немесе көрсетуді ұйымдастырушы осындай туындыны, бағдарламаны тікелей көрсету алдында немесе көрсету кезінде темекі тұтынудың зияны туралы сүйемелдеуші мәтіндік хабарламамен қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген құрылыс жобасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасына тыйым салынады.
Бап 14. 14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi және бағалы қағаздарды, бағалы қағаздарды және цифрлық активтерді жарнамалау ерекшелiктерi
14-бап. Қаржы, сақтандыру, инвестициялық қызметтердi және бағалы қағаздарды, бағалы қағаздарды және цифрлық активтерді жарнамалау ерекшелiктерi Жеке және заңды тұлғалардың ақшасын пайдалануға байланысты қаржы (оның iшiнде, банктiк), сақтандыру, инвестициялық және өзге де көрсетiлетiн қызметтерге, бағалы қағаздарға, сондай-ақ цифрлық активтерге жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде:
Тармақша 1
1) жарнамаланатын қызметтер көрсетуге, бағалы қағаздарға немесе цифрлық активтерге тiкелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтiруге;
Тармақша 2
2) жай акциялар бойынша кiрiс алуға және дивидендтер мөлшерiне немесе цифрлық активтер бойынша кіріс алуға кепiлдiк беруге;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздарды эмиссиясы тiркелмеген, сондай-ақ бағалы қағаздар эмиссиясы тоқтатыла тұрған немесе жасалмады деп танылған кезде жарнамалауға;
Тармақша 4
4) қызметтiң болашақтағы тиiмдiлiгі (кiрiстiлiгi) туралы, соның iшiнде бағалы қағаздардың немесе цифрлық активтердің бағамдық құнының өсуiн жариялау арқылы кез келген кепiлдiктер немесе ұсыныстар беруге;
Тармақша 5
5) жарнамада айтылған, шарттардың елеулi талаптарының кез келгенiн жасырып қалуға;
Тармақша 6
6) басқа жеке тұлғаларды белгiлi бiр кәсiпорынның қызметiне немесе сол кәсiпорынның тауарларын сатып алуға тарту есебiнен жеке тұлғаларды өз табысын немесе пайдасын алуға шақыратын кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн жарнамалауға;
Тармақша 7
7) үлескерлердің ақшасын тартуға арналған рұқсаттың нөмірі мен берілген күнін тиісті түрде көрсетпей немесе «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы жасалған шарттың немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың нөмірі мен күнін көрсетпей жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тартуға бағытталған, сондай-ақ тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген құрылыс жобасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерді және (немесе) жеке тұрғын үйлер кешендерін жарнамалауға тыйым салынады.
Бап 14-1. 14-1-бап. Тауар белгілерін және осы белгілермен белгіленген тауарларды жарнамалау ерекшеліктері
14-1-бап. Тауар белгілерін және осы белгілермен белгіленген тауарларды жарнамалау ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері түпнұсқа тілінде келтіріледі.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 3
3. Алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 14-2. 14-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалау ерекшелiктерi
14-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалау ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауға:
Тармақша 1
1) мынадай талаптар ескеріле отырып, отандық теле-, радиоарналарда (балалар мен діни арналарды қоспағанда) жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат жиырма екіден бастап таңғы сағат алтыға дейінгі кезеңде рұқсат етіледі: отандық телеарналардағы жарнамада трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау уақытында жарнама алаңының (кеңістігінің) кемінде он пайызында шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескерту қоса берілуге тиіс; отандық телеарналарда жарнаманың трансляциялануы және (немесе) ретрансляциялануы кезінде масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі екі әлеуметтік жарнама қоса беріледі; радиоарналардағы жарнамада, оның трансляциялануы аяқталғанда, шарапты шамадан тыс тұтынудың зияны туралы ескертетін хабар қоса берілуге тиіс;
Тармақша 2
2) мынадай талаптар ескеріле отырып, мерзімді баспасөз басылымдарында (балалар мен діни басылымдарды қоспағанда) рұқсат етіледі: газеттердің бірінші және соңғы беттерінде орналастырылмауға тиіс; журналдардың, альманахтардың, бюллетеньдердің, оларға қосымшалардың бірінші және соңғы беттері мен мұқабаларында орналастырылмауға тиіс; жарнама алаңының көлемі (кеңістігі) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісі және (немесе) атауы жарнамасының жарнама алаңының көлеміне тең болатын саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қамтуға тиіс. Саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру мен іріктеу масс-медиа саласындағы уәкілетті орган денсаулық сақтау және жарнама саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітетін, саламатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және отандық телеарналарда орналастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісінің және (немесе) атауының жарнамасы:
Тармақша 1
1) шарапты жарнамаламауға;
Тармақша 2
2) еңбек қызметімен және көлiк құралын басқарумен байланысты болмауға;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілмеуге (жазылмауға), оның ішінде мультипликацияның (анимацияның) көмегімен орындалмауға;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандарға бағытталмауға;
Тармақша 5
5) шараптың емдік қасиеттері бар деп сендірмеуге, оны шамадан тыс тұтынуды көтермелемеуге;
Тармақша 6
6) шарапты тұтынудан тартынуды айыптамауға;
Тармақша 7
7) шарапты тұтыну өзара қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді деп сендірмеуге тиіс.
Бап 15. 15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау
15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды олардың сенiмiн және тәжiрибесiнiң жоқтығын терiс пайдаланудан қорғау мақсатында:
Тармақша 1
1) ата-ананың, тәрбиешілердің, педагогтардың беделiн түсiруге, кәмелетке толмағандардың оларға деген сенiмiн жоғалтуға;
Тармақша 2
2) ата-ананы немесе басқа да адамдарды жарнамаланатын өнiмдi сатып алуға иландыра шақыратын тiкелей ұсыныс жасауға;
Тармақша 3
3) белгiлi бiр өнiмге ие болу басқалармен салыстырғанда қандай да болсын артықшылық беретiнiн, сондай-ақ қолда ондай өнiмнiң болмауы керiсiнше жағдайға алып келетiнiн кәмелетке толмағандарға тiкелей көрсетуге;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандарды қауiптi орындар мен жағдайларда көрсету алдын алу мақсаттарында ақталмаса, оны мәтiндiк, көрнекi немесе дыбыстық ақпараттарды жарнамада орналастыруға;
Тармақша 5
5) әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершiлiгіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерiн жарнамада көрнекi немесе дыбыстық пайдалануға;
Тармақша 6
6) өнiмдi пайдалану нәтижелерi көрсетiлген немесе сипатталған жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандардың өнiмдi пайдалану дағдыларының қажеттi деңгейiн кемiтiп көрсетуге жол берiлмейдi. Жарнама өнiм арналған жас мөлшерi тобындағы кәмелетке толмағандар үшiн нақты қол жеткiзуге болатын ақпарат беруге тиiс;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандардың бойында кәмелетке толмағандарға арналған өнiмнiң құны (бағасы) туралы шындыққа жанаспайтын (бұрмаланған) түсiнiк қалыптастыруға, сондай-ақ жарнамаланатын өнiмге кез келген отбасы бюджетi қол жеткiзе алады деген тiкелей немесе жанама нұсқауға жол берiлмейдi.
Бап 16. 16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi
16-бап. Жарнамасы бар материалдарды сақтау мерзiмдерi Жарнамасы бар материалдарды немесе олардың көшiрмелерiн, оларға кейiннен енгiзiлетiн өзгерiстердiң бәрiн қоса алғанда, жарнама берушi, жарнама жасаушы бiр жыл бойы, жарнама таратушы - жарнама соңғы таратылған, орналастырылған күннен бастап кемiнде бiр ай бойы сақтауға мiндеттi.
Тарау 3. 3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу
3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу
Бап 17. 17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу
17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу
Тармақ 1
1. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу деп Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленетiн жарнама жасауды, таратуды және орналастыруды бақылау түсiнiледi. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудi жарнама саласындағы уәкілетті орган, жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерінің құзыреті шегiнде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:
Тармақша 1
1) ұлттық мүдделердi қорғау;
Тармақша 2
2) жөнсiз жарнаманы, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпыға бiрдей қабылданған мораль және адамгершiлiк нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;
Тармақша 3
3) жосықсыз бәсекеден қорғау;
Тармақша 4
4) адамдардың өмірі мен денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жарнама таратушылардың және жарнама берушілердің қызметі жарнама саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі болып табылады. Жарнама таратушылар және жарнама берушілер бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі. Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда: 1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап; 2) поштамен – тапсырыс хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап; 3) электрондық тәсілмен – мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау айына екі реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бап 17-1. 17-1-бап. Жарнама саласындағы уәкiлеттi органның және жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
17-1-бап. Жарнама саласындағы уәкiлеттi органның және жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Жарнама саласындағы уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 1-1
1-1) осы Заңның мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарнама саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 2
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) жарнама саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 17-2. 17-2-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
17-2-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы және облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру туралы хабарламалар қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 1-1
1-1) мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекітеді;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) хабардар етпей орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді;
Тармақша 5
5) сыртқы (көрнекі) жарнаманың республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейне растау жолымен анықтайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ауданның жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарламалар қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) хабардар етпей орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді;
Тармақша 5
5) сыртқы (көрнекі) жарнаманың аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде нақты орналастырылғанын орналастыру орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейне растау жолымен анықтайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары негізінде жарнама саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды әзірлейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына бекітуге ұсынады.
Тармақ 4
4. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға сыртқы (көрнекi) жарнаманы реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады.
Бап 18. 18-бап. Жарнамалық ақпарат беру
18-бап. Жарнамалық ақпарат беру Осы Заңның талаптары орындалмаған жағдайда уәкiлетті органдардың талап етуi бойынша жарнама берушi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарнамалық ақпараттың құжаттық растамасын беруге мiндеттi.
Бап 19. 19-бап. Терiске шығару
19-бап. Терiске шығару
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзу фактiсi анықталған жағдайда, бұзушылыққа жол берген тұлға мұндай жарнаманы таратуды, орналастыруды дереу, бірақ күнтізбелік үш күннен кешіктірмей тоқтатуға және Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгiленген тәртiппен терiске шығаруды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте терiске шығару жөнiндегi шығыстардың бәрiн бұзушылыққа жол берген тұлға көтередi.
Тармақ 2
2. Терiске шығару нақ сол тарату, орналастыру құралдарымен және тәсiлдерiмен терiске шығарылатын жөнсiз жарнама сияқты, ұзақтығының, кеңiстiгiнiң, орны мен тәртiбiнiң нақ сондай сипаттамалары мен өлшемдерi пайдаланыла отырып жүзеге асырылады. Жөнсіз сыртқы (көрнекі) жарнаманы теріске шығару сыртқы (көрнекі) жарнаманың сол объектісінде сол сипаттамалар мен ұзақтық өлшемдерін пайдалана отырып, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Егер терiске шығару белгіленген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда мемлекеттік бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша терiске шығаруды жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берген және белгiленген мерзiмде терiске шығаруды жүзеге асырмаған тұлғаға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы керi талап қою (регресс) құқығы бар жарнама таратушылар жүзеге асыруға тиiс.
Бап 20. 20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына, тіліне қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.
Тармақ 2
2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
Тармақ 3
3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен туындайды.
Бап 21. 21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi Осы Заң, 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.