Об утверждении Положения об Управлении снабжения «Ақтау» Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасы туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 893 Жарлығының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 19-тармағының 10) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасы туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнамалық және құқықтық ақпараттар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мүдделі тұлғаларының тиісті бөлігі таныстырылсын.
Басқа 9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының орынбасары –
Шекара қызметі директорының
2022 жылғы «16» шілдедегі
№ 288-қа бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) әскери басқарудың тактикалық органы және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне (бұдан әрі – Шекара қызметі) тікелей бағынысты материалдық-техникалық жабдықтауды жүзеге асыратын басқарма болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, № 1 өндірістік аумақ, № 14 құрылым, индексі 130006.
Тармақ 9
9. Басқарманың толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Басқарманың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Басқарманың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңмасына сәйкес айқындалатын өзге де міндеттерді орындау;
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) және Шекара қызметінің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік мекемелерінен, ұйымдарынан және лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды және материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 2
2) Шекара қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және Басқарма мұқтаждары үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде белгіленген тәртіппен әрекет ету;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарымен көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу, мердігерлер мен өнім берушілердің оларды орындауына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс (арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін қоспағанда), коммуникациялар, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, өзге де тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері салаларындағы шаруашылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын ұйымдарды тарту;
Тармақша 5
5) Басқарманың үй-жайларына және объектілеріне кірерде немесе шығарда жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ олардың алып жүретін заттарын қарап-тексеру;
Тармақша 6
6) құпиялылық режимін, мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету, Басқарма бөлімшелерінде құпия және құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін сақтау бойынша жұмыс жағдайын бақылауды жүзеге асыру, тексеруді ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) Басқарманың қарамағындағы мүлікпен белгіленген тәртіпте иелік етуге және пайдалану;
Тармақша 8
8) Басқарма жасасқан шарттар бойынша шағым беру-талап қою жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 9
9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ұйымдармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) міндеттемелерді орындау үшін уәкілетті органдардан, ұйымдардан және қоғамдық бірлестіктерден қажетті ақпаратты сұрату және өтеусіз алу;
Тармақша 11
11) Шекара қызметінің басшылығымен келісім бойынша Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың ведомствоаралық комиссияларының жұмысына, жұмыс топтары мен кеңестеріне қатысу;
Тармақша 12
12) қаржылық, материалдық және техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 13
13) Басқарма жеке құрамының лауазымдық міндеттерін айқындау;
Тармақша 14
14) белгіленген тәртіппен Басқарманың жеке құрамын көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешу;
Тармақша 15
15) байланыс және коммуникациялар желілерін пайдалану, техника мен қару-жарақты орналастыру және пайдалану;
Тармақша 16
16) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және дене күшін қолдану;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану;
Тармақша 18
18) Басқарманың ақпараттандыру объектілерін ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысу;
Тармақша 19
19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғанысы бойынша міндеттерді шешуге, сондай-ақ төтенше немесе әскери жағдай режимдерін қамтамасыз етуге;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау әрі қарау;
Тармақша 21
21) сотқа жүгіну;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен жоспарлау құжаттарының негізінде Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі шеңберінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру;
Тармақша 2
2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын жасау, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар дайындау;
Тармақша 3
3) Басқармада бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Басқарманың қаржылық есебін қалыптастыру;
Тармақша 5
5) бөлінген бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдалануын, олардың төлемдер мен міндеттемелер бойынша толық, уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) ақшалай ризық және өзге де төлемдерді төлеуді, талдауды, жоспарлауды, сондай-ақ уақтылы аударуды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) бөлінген бюджеттік қаражаттардың шеңберінде кезекті қаржылық жылға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасау;
Тармақша 8
8) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың талаптарына сәйкес саны мен сапасы және жиынтығы бойынша материалдық құралдарды қабылдауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) материалдық құралдардың ағымдағы, ұзақ сақталатын және жұмылдыру қорларын құру;
Тармақша 10
10) материалдық құралдарды есепке алу, уақытында жаңғырту, сақтауды жүзеге асыру, оларды бүлдіруге, жоғалтуға және жарамдылық (сақтау) мерзімін өткізіп алуға жол бермеу;
Тармақша 11
11) жабдықталым органының өкімдерінің, нарядтарының, тапсырыстарының және нұсқауларының негізінде Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына материалдық құралдарды беруді, тиеп жіберуді (босатуды) жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына материалдық құралдарды тасымалдауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) автомобиль техникасын, металл сынықтарын және өзге де пайдаланылмайтын әскери мүлікті қабылдау, сақтау және әрі қарай іске асыру;
Тармақша 14
14) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді жоспарлау, есепке алуды жүргізу және талдау;
Тармақша 15
15) Басқарма кірме жолының (тұйығының) техникалық жағдайын бақылау, пайдалануға үнемі дайындығын ұстап тұру;
Тармақша 16
16) Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына темір жол және автомобиль көлігімен жөнелтілетін материалдық құралдарды тапсыруды және ілесіп жүруді ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларының талаптарын сақтауды ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) Басқарманың жауынгерлік және жедел-қызметтік дайындықтың түрлі дәрежесіне ауысуға үнемі дайындығын қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) объектілерді күзетуді ұйымдастыру, сондай-ақ өткізу және обьектішілік режимдерді қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) жауынгерлік қызмет пен жауынгерлік кезекшілікті өткеруді ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) Басқарманың құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіппен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
Тармақша 22
22) Басқарманың ұйымдастырушылық-штаттық ұсыныстарын енгізу;
Тармақша 23
23) Басқарманың кадрлық жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) Басқармада құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың профилактикасы, еңбектің қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) Басқарманың кадрлық құрамымен әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыру және әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік және құқықтық кепілдерді қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) Басқарманы әскери қызметшілермен жасақтауды және азаматтық персонал адамдарын (жұмыскерлерді) жұмысқа қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 27
27) кадрлардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және оны өткізу сапасына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 28
28) Басқарма объектілерінің өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар тұжырымдау және қабылдау;
Тармақша 29
29) Басқармада мемлекеттік тілді дамыту және оны қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 30
30) Басқарма мен оның құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимылына басшылықты жүзеге асыру және келісімділігін қамтамасыз ету, оларға тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 31
31) Басқарманың жауынгерлік дайындығының сапасын арттыруды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу;
Тармақша 32
32) Басқарманың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) Басқарманың қызметтік-жауынгерлік қызметін моральдық-психологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 34
34) Басқарманы пәтерге орналастыруды қоса алғанда, перспективалық жоспарлауды және жауынгерлік, техникалық, тылдық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа да қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажеттіліктерді жоспарлауды жүзеге асыру;
Тармақша 36
36) бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету;
Тармақша 37
37) Басқарманы әскери қызметшілермен жасақтауды, азаматтық персоналдар адамдарды (жұмыскерлерді) қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 38
38) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар беруді жүзеге асыру, ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының қарауына номенклатураға сәйкес әскери лауазымдарға тағайындау және әскери атақ беру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 39
39) Басқарманың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысу;
Тармақша 40
40) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, жауынгерлік қабілетін, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын ұстау;
Тармақша 41
41) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Қызметін ұйымдастыру кезіндегі Басқарма бастығының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Қызметін ұйымдастыру кезіндегі Басқарма бастығының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты Басқарма бастығы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарма бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарма бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарма бастығының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарының (орынбасарларының) өкілеттігін анықтайды;
Тармақша 2
2) Басқарма құрамына кіретін бөлімше басшыларының өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 3
3) Басқарма әскери қызметшілерінің және азаматтық персонал адамдарының (жұмыскерлерінің) лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 4
4) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) белгіленген тәртіппен Басқарма жеке құрамының орындауы үшін міндетті бұйрықтар (өкімдер) шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы және құқық қорғау қызметтерімен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста Басқарманың атынан өкілдік етеді, сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Басқарманың мүддесін білдіруге сенімхаттарға қол қояды, шарттар жасасады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына Басқарманы құру, тарату, қайта ұйымдастыру және орындарын ауыстыру, сондай-ақ оның құрылымдары мен штаттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өзінің құзыреті шегінде Басқармаға әскери қызметшілерді әскери қызметке қабылдайды және әскери қызметтен шығарады, лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 10
10) Басқарманың жеке құрамын көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жазаларды қолдану, сондай-ақ номенклатураға сәйкес әскери атақ беру мәселелерін белгіленген тәртіппен шешеді;
Тармақша 11
11) өз өкілеттіктері шегінде әскери қызмет өткеруге, сондай-ақ Басқарманың азаматтық персонал адамдарының (жұмыскерлерінің) еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді шешеді;
Тармақша 12
12) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына әскери атақ беруге кандидатуралар, Басқарманың жеке құрамын, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын адамдарды ведомстволық наградалармен наградтау бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 13
13) Басқарманың қызметтік-жауынгерлік, қызметтік және өзге де іс-қимылдарына тексеру жүргізеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма бастығы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Басқарма бастығы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Басқарманың мүлкі
4-тарау. Басқарманың мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.