Об утверждении Положения о Департаменте Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Мангистауской области Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті
туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 893 Жарлығының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 19-тармағының 10) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастығы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнамалық және құқықтық ақпараттар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 242-қа бұйрығы күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мүдделі тұлғаларының тиісті бөлігі таныстырылсын.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2022 жылғы 16 шілдедегі № 287-қа бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы Ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Шекара қызметінің департаменті) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының тұтастығын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, шекаралық кеңістікте заңдылық пен белгіленген тәртіпті ұстап тұру мақсатында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери басқарудың жедел-аумақтық органы және аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 2
2. Шекара қызметінің департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Шекара қызметінің департаменті республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның қазақ тіліндегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Шекара қызметінің департаменті азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Шекара қызметінің департаменті, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Шекара қызметінің департаменті өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Шекара қызметінің департаменті басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Шекара қызметі департаментінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 2-ші шағын ауданы, 76 ғимарат, индекс 130000.
Тармақ 9
9. Шекара қызметі департаментінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Шекара қызметі департаментінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Шекара қызметі департаментінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Шекара қызметі департаментінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Шекара қызметінің департаментіне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Шекара қызметінің департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Шекара қызметі департаментінің мақсаттары,
құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Шекара қызметі департаментінің мақсаттары,
құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік шекара туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан және үкіметаралық келісімдерінен туындайтын міндеттемелерді орындау;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік шекараның өтуін өзгертуге жол бермеу, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пункттеріндегі режимді бұзушылықтардың алғышарттарын, белгілері мен фактілерін анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың, ұйымдар мен азаматтардың күштері мен құралдарын тарту;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігінің міндеттерін шешуге қатысу;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға қатысу;
Тармақша 6
6) шекаралық кеңістікте және Мемлекеттік шекара арқылы барлау-нұқсан келтіру, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау, алдын алу мен жолын кесу;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік шекара режимін, шекара режимін және өткізу пункттеріндегі, аумақтық сулардағы және ішкі сулардағы режимді қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) шекаралық кеңістікте белгіленген режимдердің сақталуын дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) шекаралық кеңістікте азаматтарды, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауда, Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын сақтауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау, табиғат қорғау органдарына жәрдем көрсету;
Тармақша 10
10) құрылымдық бөлімшелердің инженерлік-техникалық қамтамасыз етілуін, материалдық-техникалық жабдықталуын ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес айқындалған өзге де міндеттер болып табылады.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) қажетті инженерлік-техникалық құралдарды, құрылыстар мен бөгеуіштерді монтаждауды, салуды және орнатуды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) байланыс және коммуникациялар желілерін салуды және қолдануды жүзеге асыру, техника мен қару-жарақты орналастыру және пайдалану;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге, шектес мемлекеттермен Мемлекеттік шекарадағы режимді орнату мақсатында қажетті құжаттар мен материалдарды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) кез келген жергілікті жер учаскелерінде, оның ішінде ерекше қорғалатын аумақтарда және табиғат қорғау аймақтарында болуға (шекаралық нарядтармен жүруге), сондай-ақ қызметтік міндеттемелерді атқару кезінде сол жерлермен жүруге, жер учаскелерінің меншік иелерінен (жалға алушылардан) шекаралық нарядтардың жүріп-тұруына арналған орындарды бөлуді, қоршалымдар арқылы өтетін немесе өзге де кедергілер арқылы өтетін жерлерді жабдықтауды және тиісті түрде күтіп-ұстауды талап ету;
Тармақша 5
5) шекаралық саясат және Мемлекеттік шекараны, аумақтық суларды, балық аулау аймағын және континенттік қайраңды күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ барлау қызметін жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға шекаралық кеңістікте құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін немесе Шекара қызметінің іс-қимылына кедергі келтіретін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынулар енгізу;
Тармақша 7
7) халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің шекаралық органдарымен Мемлекеттік шекараны қорғауда өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының шекара өкілдерінің қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) шектес мемлекеттердің шекара өкілдерімен Мемлекеттік шекара режимін ұстап тұру, шекарадағы тосын оқиғаларды реттеу, ақпарат алмасу мәселелері бойынша хат-хабар алмасуды жүргізу, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен шекара мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізу үшін өзара уағдаластық бойынша шектес мемлекеттердің өкілдерін Қазақстан Республикасының аумағына шақыру және шектес мемлекеттердің аумағына өту;
Тармақша 10
10) міндеттемелерді орындау үшін уәкілетті органдардан, ұйымдардан және қоғамдық бірлестіктерден қажетті ақпаратты сұрату және өтеусіз алу;
Тармақша 11
11) Шекара қызметінің департаментіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) және Шекара қызметінің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік мекемелерінен, ұйымдарынан және лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды және материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 12
12) Шекара қызметі департаментінің мұқтаждары үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде белгіленген тәртіппен әрекет ету;
Тармақша 13
13) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарымен көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу, мердігерлер мен өнім берушілердің оларды орындауына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) энергиямен, сумен және жылумен жабдықтау, көлік, байланыс (арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін қоспағанда), коммуникациялар, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, өзге де тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері салаларындағы шаруашылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын ұйымдарды тарту;
Тармақша 15
15) Шекара қызметі департаментінің үй-жайларына және объектілеріне кірерде немесе шығарда жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ олардың алып жүретін заттарын қарап-тексеру;
Тармақша 16
16) құпиялылық режимін, мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету, Шекара қызметі департаментінің бөлімшелерінде құпия және құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімін сақтау бойынша жұмыс жағдайын бақылауды жүзеге асыру, тексеруді ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) Шекара қызметі департаментінің қарамағындағы мүлікпен белгіленген тәртіпте иелік ету және пайдалану;
Тармақша 18
18) Шекара қызметінің департаменті жасасқан шарттар бойынша талап-арыз жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 19
19) қаржылық, материалдық және техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 20
20) Шекара қызметінің департаменті жеке құрамының лауазымдық міндеттерін айқындау;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының дактилоскопиялық ақпарат дерекқорында қамтылатын дактилоскопиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алу және пайдалану;
Тармақша 22
22) Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы міндеттерді шешуге азаматтарды ерікті жасақтар құрамында, Шекара қызметінің штаттан тыс қызметкерлері ретінде және өзге де нысандарда ерікті негізде тарту, Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде көзге түскен азаматтарды көтермелеу және қойылатын талаптарға сай келетін адамдарды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына түсуі үшін ұсыну;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының халқына өзара іс-қимыл жасайтын органдар арқылы құқықтық тәрбие беруге қатысу, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізу, құқық бұзушылықтар, құқық бұзушыларды іздестіру туралы халықты хабарландыру үшін және өзге де мақсаттарда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану;
Тармақша 24
24) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және дене күшін қолдану;
Тармақша 25
25) шекаралық кеңістікте жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы мәлімдемелерді немесе хабарламаларды қарау, оларды тіркеу және олар бойынша тиісті шаралар қолдану;
Тармақша 26
26) Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды және ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
Тармақша 27
27) Мемлекеттік шекараны қорғау саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
Тармақша 28
28) Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын әскери қызметшілердің киім нысаны мен жарақтарын айқындау;
Тармақша 29
29) мемлекеттік кіріс органдарымен бірлесіп, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды белгіленген тәртіппен жете қарауды жүзеге асыру;
Тармақша 30
30) көлік құралдарымен ілесіп жүру және оларда шекаралық нарядтармен жүру;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлескен шешімдерде айқындалатын тәртіппен Мемлекеттік шекара күзетін күшейту кезінде олар бөлетін күштер мен құралдарды пайдалану;
Тармақша 32
32) құқық бұзушылардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларына, ұйымдардың аумақтары мен үй-жайларына кедергісіз (қажет болғанда құлып құрылғыларын бұза отырып) тәуліктің кез келген уақытында кіру, сондай-ақ (жиырма төрт сағат ішінде тиісті прокурорды кейіннен хабардар ете отырып) оларды қарап тексеру;
Тармақша 33
33) шекаралық іздестірулер мен операцияларды, өзге де іздестіру іс-әрекеттерін жүргізу кезінде бақылау бекеттерін өз бетінше орнату, адамдар мен көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу немесе оған тыйым салу, азаматтарды жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне жібермеу, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында олардың сонда қалуын немесе осы учаскелерді тастап шығуын міндеттеу;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төнген кезде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы және өзге де уәкілетті органдарын хабардар ете отырып, қорғаныс мақсатындағы жұмыстарды, халықаралық міндеттемелерді орындау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде туындаған салдарларды жоюға байланысты жұмыстарды қоспағанда, шекаралық белдеуде әртүрлі жұмыстарды жүргізуді уақытша шектеу;
Тармақша 35
35) қызметтік мақсаттарда байланыс құралдарын және коммуникацияларды, ал Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруге тойтарыс беру, Мемлекеттік шекарадағы заңсыз жаппай өтуге және өзге де арандатуларға кедергі келтіру, іздестіру іс-шараларын жүргізу, құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген адамдарды жеткізу кезінде, ұйымдардың көлік құралдарын, ал қажет болған жағдайларда – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен иелерінің талаптары бойынша кейіннен оларға шығындарды не келтірілген залалды өтей отырып, азаматтардың көлік құралдарын пайдалану;
Тармақша 36
36) Мемлекеттік шекараны кесіп өту, ішкі және аумақтық суларда жүзу кезiнде немесе кемелер қазақстандық порттарда тұрған уақытта құқық бұзушылықтарға жол берген шетелдiк әскери емес кемелер экипаждары мүшелерiнiң және оларда болған өзге де адамдардың жағаға шығуына және жағада болуына тыйым салу;
Тармақша 37
37) азаматтардан Мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті сақтауды, Шекара қызметі департаментінің іс-әрекетіне кедергі келтіретін құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап ету, бұл талаптарды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тиісті шараларды қолдану;
Тармақша 38
38) шекаралық кеңістікте белгіленген режимді бұзушыларды Шекара қызметі департаментінің әкімшілік ұстауға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларында ұстау;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес әкімшілік ұстауға алынған адамдарды тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында және ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда орналастыру;
Тармақша 40
40) шекаралық кеңістікте белгіленген режимдерді бұзудың өздеріне белгілі болған мән-жайлары туралы адамдардан түсініктемелер алу мақсатында оларды шақыру;
Тармақша 41
41) өткізу пункттерінің балансында тұрған инженерлік-техникалық құрылыстарды, бөгеуіштерді, коммуникацияларды күтіп-ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ пайдаланылатын жабдықтың пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 42
42) мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, радиациялық бақылауды автоматты түрде немесе қолмен тексеру режимінде жүзеге асыру;
Тармақша 43
43) құрамында радиоактивті заттар бар инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің пайдаланылуын ұйымдастыруды, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар немесе иондаушы сәуле өндірілетін радиоактивті заттармен, аспаптармен немесе аппаратурамен жұмыс істеген кезде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында радиациялық қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 44
44) ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігінде қазақстандық және шетелдік (суүсті және суасты) кемелерге, мұз үстімен жылжитын құралдарға қатысты:
егер кеме сұрау салу сигналына жауап бермесе, жүзуге тыйым салынған ауданда болса, Қазақстан Республикасының суларына кіру, онда жүзу және болу тәртібін бұзса, оны тоқтатуға және қарап тексеру жүргізуге құқығы бар. Кемені қарап-тексеру кеме және навигация құжаттарын, экипаж мүшелері мен жолаушылардың құжаттарын, жүктерге арналған құжаттарды, қажет болған жағдайда кеменің үй-жайларын да тексеруді қамтиды. Кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша оған, белгіленген қағидаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының суларында жүзуді (болуды) жалғастыруға рұқсат етілуі немесе Қазақстан Республикасының суларын тастап шығу ұсынылуы мүмкін немесе ол Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес ұсталуы мүмкін;
егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға жататын адамдарды ұстау, осы адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиісті органдарға тапсыру;
егер ізге түсу ішкі немесе аумақтық суларда, балық аулау аймағында не континенттік қайраң үстіндегі су кеңістігінде тоқтау туралы көзге көрінетін немесе дыбыстық сигналды (олар осы сигналды көруі немесе естуі мүмкін болатындай қашықтықтан) бергеннен кейін басталса және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе заңнамасын бұзған кемелер (мұз үстімен жылжитын құралдар) өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына кіргенге дейін олардың ізіне түсуге және оларды ұстауға құқығы бар;
Тармақша 45
45) ішкі және аумақтық суларда су астындағы ортаның жағдайын анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа да уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тарту;
Тармақша 46
46) ішкі және аумақтық суларда су астындағы объектілер табылған кезде бұл суларға кіру мақсаты туралы сұрау салу жүргізу, бағытын өзгертуді талап ету, оларға су астындағы жағдайдан шығуды, өз туын көрсетуді ұсыну, тоқтату және оларға қарап-тексеру жүргізу, табылған су астындағы объектілер іс-әрекеттерінің алдын алу немесе оларды тоқтату бойынша өзге де шараларды қолдану;
Тармақша 47
47) су асты ортасында Мемлекеттік шекараны күзету кезінде, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жататын адамдарды ұстау, осы адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиісті органдарға беру;
Тармақша 48
48) ішкі және аумақтық суларда Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің және (немесе) жүзудің белгіленген тәртібін бұзған су астындағы құралдарды ұстау, құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшін оларды Қазақстан Республикасының порттарына, өзге де орындарға жеткізу (айдауылмен алып жүру), осы құралдарды анықтау және тергеу органдарына беру;
Тармақша 49
49) Шекара қызметі департаментінің ақпараттандыру объектілерін ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысу;
Тармақша 50
50) ол тұрған жерден тысқары жерлерде Шекара қызметінің департаменті функциясының бір бөлігін орындайтын және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің болуы;
Тармақша 51
51) Мемлекеттік шекарадан өтуді өзгертудің, Қазақстан Республикасының аумағын игерудің кез келген әрекеттерінің жолын кесу;
Тармақша 52
52) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғанысы бойынша міндеттерді шешуге, сондай-ақ төтенше және әскери жағдай режимдерін қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 53
53) Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кірулерге тойтарыс беру, Мемлекеттік шекарада қарулы және өзге де араңдатушылықтардың жолын кесу, аталған қылмыстық қол сұғушылықтардан халықты, мемлекеттік және жеке мүлікті қорғау;
Тармақша 54
54) адамдардың және көлік құралдарының белгіленген өткізу пункттерінен немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардан тыс жерде Мемлекеттік шекараны кесіп өту, сондай-ақ өткізу пункттерінде немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда заңсыз кесіп өту әрекеттерінің алдын алу және жолын кесу, Мемлекеттік шекараны бұзушыларды және шекаралық кеңістікте өзге де құқық бұзушыларды анықтау және ұстау;
Тармақша 55
55) тиісінше ресімделген құжаттар болған және бақылау түрлері орнатылған өткізу пункттерінен немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарынан өткен кезде адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді өткізуді белгіленген тәртіпте жүзеге асыру;
Тармақша 56
56) Мемлекеттік шекара режимінің және өткізу пункттеріндегі, ішкі және аумақтық сулардағы, балық аулау аймағындағы, континенттік қайраңдағы және шекара режимдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 57
57) шекаралық режимнің, ішкі және аумақтық сулардың, балық аулау аймағының және континенттік қайраңның белгіленген режимдерінің сақталуын дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылау, шекаралық аймаққа кіретін орындарда бақылау бекеттерінің қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 58
58) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтар профилактикасын жүзеге асыру;
Тармақша 59
59) Мемлекеттік шекара арқылы өтетін адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне немесе Қазақстан Республикасынан шығуына құқық беретін құжаттарын тексеру, оларға тиісті белгілер соғу және ондай құжаттарды уақытша алып қою, сондай-ақ жарамсыз құжаттарды алып қою;
Тармақша 60
60) Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімін жүзеге асыру;
Тармақша 61
61) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімінен бас тартқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде айыппұл салу туралы сот шешімдерін және уәкілетті органдардың қаулыларын орындамаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кіруін шектеу;
Тармақша 62
62) шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезеңде жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге де адамдардың жеке басы анықталғанға дейiн оларды өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда қалдыра отырып, өткізбеу;
Тармақша 63
63) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамдарды ұстауды және жете-тексеріп қарауды жүзеге асыру;
Тармақша 64
64) шекаралық кеңістікте белгіленген режимдерді бұзуға жол берген көлік құралдарын тоқтату, қарап-тексеру және ұстау, құқық бұзушылық мән-жайларын анықтау үшін оларды Шекара қызметі департаментінің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің орналасқан жеріне жеткізу (айдауылмен жеткізу);
Тармақша 65
65) Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жарылғыш, уландырғыш, радиоактивті, есірткілік заттарды, қаруды, оқ-дәрілерді, өзге де жүктер мен тауарларды, сондай-ақ контрабандалық жолмен өткізілетін жүктер мен тауарларды белгіленген тәртіппен дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп ұстау және алып қою;
Тармақша 66
66) әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жәрдем көрсету;
Тармақша 67
67) шекаралық кеңістікте азаматтарды, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау және табиғат қорғау органдарына жәрдем көрсету;
Тармақша 68
68) инженерлік-техникалық құралдарын, құрылыстарын және бөгеуіштерін жабайы жануарлардың қоныс аудару жолдарын ескере отырып, жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша орнату;
Тармақша 69
69) шекаралық кеңістікте байланыс және коммуникация желілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 70
70) су астындағы ортада Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 71
71) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өту кезінде ішкі және аумақтық суларда, сондай-ақ олардың шегінен тыс жерлерде шет мемлекеттердің шекарасына дейінгі суларда су астындағы объектілерді танып айыру (жіктеу) үшін өздерінде бар құралдарды пайдалану;
Тармақша 72
72) Мемлекеттік шекараны қорғау мүддесінде су астындағы ортада сүңгуір қайыққа қарсы және диверсияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 73
73) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өзінің қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізуді және қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 74
74) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес өзінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 75
75) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау әрі қарау;
Тармақша 76
76) сотқа жүгіну;
Тармақша 77
77) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) шекаралық саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысу;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауға қатысты мәселелер бойынша өз құзыретінің шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге қатысу;
Тармақша 5
5) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Шекара қызметі департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимылына басшылықты жүзеге асыру және келісімділігін қамтамасыз ету, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 7
7) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, жауынгерлік қабілеттілікті, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықты ұстап тұру;
Тармақша 8
8) Шекара қызметі департаментінің жауынгерлік және жедел-қызметтік әзірліктің әртүрлі дәрежесіне ауысуына тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызметті өткеруді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) Шекара қызметінің департаменті жедел бөлімшелерінің барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру іс-қимылдарын ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) континенттік қайраң шегіндегі террористік көріністерге ден қою;
Тармақша 12
12) ведомстволық байланыс желілерін ұйымдастыру мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;
Тармақша 13
13) шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланысты ұйымдастыру мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) шекара маңы аудандарында радиотехникалық және радиоэлектрондық барлауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) Шекара қызметі департаментінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) Шекара қызметі департаментінің қызметтік-жауынгерлік қызметін моральдық-психологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) жеке құрам арасында әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтау, көпұлтты әскери ұжымдарды топтастыру, әскери қызметтің қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды тұжырымдау және іске асыру;
Тармақша 18
18) Шекара қызметі департаментінің кадрлық құрамымен әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастыру және әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) перспективалық жоспарлауды және, Шекара қызметі департаментінің пәтерге орналастырылуын қоса алғанда, жауынгерлік, техникалық, тылдық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа да қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажеттіліктерді жоспарлауды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын жасау, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар дайындау;
Тармақша 22
22) Шекара қызметінің департаментінде бухгалтерлік есепті жүргізу;
Тармақша 23
23) Шекара қызметі департаментінің қаржылық есебін қалыптастыру;
Тармақша 24
24) ақшалай ризық және өзге де төлемдерді төлеуді, талдауды, жоспарлауды, сондай-ақ уақтылы аударуды жүзеге асыру;
Тармақша 25
25) бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) Шекара қызметі департаментінің өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар тұжырымдау және қабылдау;
Тармақша 27
27) Шекара қызметінің департаментін әскери қызметшілермен жасақтауды және азаматтық персонал адамдарын (жұмыскерлерін) жұмысқа қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 28
28) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар беруді жүзеге асыру, ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының қарауына номенклатураға сәйкес әскери лауазымдарға тағайындау және әскери атақ беру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 29
29) кадрлардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және оны өткізу сапасына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 30
30) Шекара қызметі департаментінің жауынгерлік дайындығының сапасын арттыруды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу;
Тармақша 31
31) белгіленген сан шегінде Шекара қызметі департаментінің ұйымдастырушылық-штаттық құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 32
32) шектес мемлекеттердің аумағынан Мемлекеттік шекара арқылы жаппай өтуден туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
Тармақша 33
33) Шекара қызметі департаментінің ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға қатысу;
Тармақша 34
34) диверсияға қарсы қауіпсіздікті және объектілерді күзетуді ұйымдастыру, сондай-ақ өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Шекара қызметі департаменті басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Шекара қызметі департаменті басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Шекара қызметінің департаментіне басшылықты Шекара қызметі департаментінің бастығы жүзеге асырады, оған Шекара қызметінің департаментіне жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік жүктеледі.
Тармақ 17
17. Шекара қызметі департаментінің бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери лауазымға тағайындалады және әскери лауазымынан босатылады.
Тармақ 18
18. Шекара қызметі департаменті бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери лауазымға тағайындалатын және әскери лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Шекара қызметі департаменті бастығының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Шекара қызметі департаментінің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіппен Шекара қызметі департаменті жеке құрамының орындауы үшін міндетті бұйрықтар (өкімдер) шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 3
3) Шекара қызметі департаментінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін бекітеді;
Тармақша 4
4) Шекара қызметі департаменті жеке құрамының және құрылымдық бөлімшелері басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы және құқық қорғау қызметтерімен және халықаралық ұйымдарымен қарым-қатынаста Шекара қызметі департаментінің атынан өкілдік етеді, сотта және өзге де мемлекеттік органдарда Шекара қызметі департаментінің мүддесін білдіруге, шарттар жасауға сенімхаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік шекарада, шекара кеңістігінде немесе Шекара қызметі департаментінің жауаптылық белдеуінде жүзеге асырылатын іс-қимылдарды шектеу немесе тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 7
7) ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына Шекара қызметінің департаментін құру, тарату, қайта ұйымдастыру және орындарын ауыстыру, сондай-ақ оның құрылымдары мен штаттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 8
8) өз құзыретінің шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Шекара қызметінің департаментіне әскери қызметке қабылдайды және әскери қызметтен шығарады, әскери қызметшілерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 9
9) Шекара қызметі департаментінің жеке құрамын көтермелейді, материалдық көмек көрсетеді және тәртіптік жазаларды қолданады, сондай-ақ номенклатураға сәйкес әскери атақ береді;
Тармақша 10
10) өз өкілеттіктері шегінде Шекара қызметі департаментінің әскери қызмет өткеруге, сондай-ақ азаматтық персонал адамдарының (жұмыскерлерінің) еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді шешеді;
Тармақша 11
11) ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына белгіленген тәртіппен әскери атақ берілетін кандидаттар, Шекара қызметі департаментінің жеке құрамын, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны күзетуге қатысатын адамдарды ведомстволық наградалармен наградтау бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 12
12) Шекара қызметі департаменті құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік-жауынгерлік, жедел-қызметтік, әскери-техникалық, қылмыстық-процестік, шекаралық өкілдік және өзге де іс-қимылдарына тексеру жүргізеді;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Шекара қызметі департаментінің бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Шекара қызметі департаментінің бастығы өз орынбасарларының, сондай-ақ Шекара қызметі департаментінің өзге де лауазымды адамдарының өкілеттіктерін айқындайды, оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз өкілеттіктерінің бір бөлігін береді.
Тарау 4. 4-тарау. Шекара қызметі департаментінің мүлкі
4-тарау. Шекара қызметі департаментінің мүлкі
Тармақ 21
21. Шекара қызметінің департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.
Шекара қызметі департаментінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Шекара қызметінің департаментіне бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Шекара қызметінің департаменті өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Шекара қызметінің департаментін
қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Шекара қызметінің департаментін
қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24. Шекара қызметі департаментінің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің тізімі
24. Шекара қызметінің департаментін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Шекара қызметі департаментінің қарамағындағы құрылымдық бөлімшелердің тізімі
Тармақша 1
1) Шекара қызметі департаментінің Бейнеу ауданы бойынша шекара басқармасы, орналасқан орны (орналасқан жері) – Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, №1 аумақ, №89 құрылым, индексі 130100;
Тармақша 2
2) Шекара қызметі департаментінің Қарақия ауданы бойынша шекара басқармасы, орналасқан орны (орналасқан жері) – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №7 өндірістік аумақ, №4 учаске, индексі 130000;
Тармақша 3
3) Шекара қызметі департаменті жағалау күзетінің бірінші дивизионы, орналасқан орны (орналасқан жері) - Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №7 өндірістік аумақ, №28 учаске, индексі 130007;
Тармақша 4
4) Шекара қызметі департаменті жағалау күзетінің екінші дивизионы, орналасқан орны (орналасқан жері) – Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт – Шевченко қаласы, Баутино ауылы, Мұнайшы көшесі №11 үй, индексі 130502;
Тармақша 5
5) Шекара қызметі департаментінің жедел-техникалық бөлімше, орналасқан орны (орналасқан жері) – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №7 өндірістік аумақ, №28 учаске, индексі 130007;
Тармақша 6
6) Шекара қызметі департаментінің инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі, орналасқан орны (орналасқан жері) – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 1-ші шағын ауданы, 12/5 ғимараты, индексі 130000.