О государственной правовой статистике и специальных учетах Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мазмұны 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары 3-бап. Мемлекеттiк құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы 4-бап. Мемлекеттiк құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастырудың негiзгi мiндеттерi мен принциптерi 5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi 8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi 9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi 10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру 11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу 12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу 13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi 14-бап. Арнайы есепке алуды түзу 15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу 16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртiбi 16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі 16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен цифрлық ресурстарды алу тәртібі мен негіздері 16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер 17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк құқықтық статистика - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы ведомстволық есепкe алудың орталықтандырылған жүйесiне негiзделген мемлекеттiк статистика саласы;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистика жүйесi - уәкiлеттi органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң бiрiккен статистикалық цифрлық ресурстары;
Тармақша 3
3) құқықтық статистикалық ақпарат - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi уәкiлеттi органға беретiн құжатталған ақпарат;
Тармақша 4
4) құжатталған ақпарат - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы тұлғалар, заттар, фактiлер, оқиғалар, мән-жайлар және басқа да құқықтық құбылыстар мен процестер туралы мәлiметтер;
Тармақша 5
5) ақпараттық есепке алу құжаты - өз негiзiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерi құралатын, белгiленген үлгiдегi құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттiк, оптикалық , электрондық) жеткiзушiсi;
Тармақша 6
6) құқықтық статистикалық байқау - заңдылықтың, құқықтық тәртiптің, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының жалпы жай-күйiне әсер ететiн құбылыстар мен процестер туралы статистикалық байқау;
Тармақша 7
7) азаматтық-құқықтық статистика - азаматтық-құқықтық саладағы азаматтық құқықтық қатынастардың, азаматтық және әкімшілік сот iсiн жүргiзудiң, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;
Тармақша 7-1
7-1) мемлекеттік цифрлық құқықтық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталары – мемлекеттік цифрлық құқықтық статистикалық жүйенің нақты уақыт режимінде елді мекендердің географиялық координаттарында құқықтық статистикалық ақпаратты визуализациялауды қамтамасыз ететін құрамдасы;
Тармақша 8
8) қылмыстық-құқықтық статистика – қылмыстық-құқықтық саладағы қылмыстық теріс қылық пен қылмыстылықтың, сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеп-тексерудің, қылмыстық сот ісін жүргізудің, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің жай-күйі, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаны үшiн жазалау және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының қолданылуы туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;
Тармақша 9
9) әкiмшiлiк-құқықтық статистика - әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;
Тармақша 10
10) ведомстволық есепке алу - жедел және арнайы есепке алумен байланысты емес, мемлекеттiк органның iшкi ведомстволық қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар, заттар және оқиғалар туралы мәлiметтер жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау және сақтау;
Тармақша 11
11) арнайы есепке алу - мемлекеттiк құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты мемлекеттiк органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау;
Тармақша 12
12) жедел есепке алу - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң жедел iздестiру қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар туралы мәлiметтердi жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау, сақтау;
Тармақша 13
13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi –Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органға құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, арнаулы, сот және өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, сондай-ақ адамдар;
Тармақша 14
14) уәкiлеттi орган - өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Тармақша 15
15) есептік-тіркеу тәртібі – құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің уәкілетті орган белгілеген өлшемшарттарға, шектерге, параметрлерге, көлемдерге және мерзімдерге сәйкес құқықтық статистикалық ақпаратты беруі.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Мемлекеттiк құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы
3-бап. Мемлекеттiк құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы Бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәнi бар құбылыстар мен процестердiң нақты орын мен уақыт жағдайындағы сандық жағы олардың сапалық ерекшелiгiн, даму үрдiсi мен заңдылығын ашу мақсатында мемлекеттiк құқықтық статистиканың нысанасы болып табылады. Статистикалық байқау жолымен бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәнi бар құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын құжатталған ақпарат арнайы есепке алу нысанасы болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы негізгі мақсат, міндеттер мен қағидаттар
4-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы негізгі мақсат, міндеттер мен қағидаттар
Тармақ 1
1. Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды біртұтас статистикалық қағидаттар мен стандарттар негізінде мемлекеттегі заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы негізгі мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:
Тармақша 1
1) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми құқықтық статистикалық ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру мен дамыту;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн басқарудың бiртұтастығы;
Тармақша 2
2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығы, объективтілiгi, жеткiлiктiлiгi, тұрлаулылығы және салыстырымдылығы;
Тармақша 3
3) құқықтық статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектерде қолжетiмдiлiгi және ашықтығы;
Тармақша 4
4) адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң мүлтiксiз сақталуы принциптерiнде жүзеге асырылады.
Бап 5. 5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру
5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру Құқықтық статистиканы қалыптacтыpу тәртiбiн, белгiлерiн, өлшемдерiн, көлемiн және мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Бап 6. 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастырады;
Тармақша 2
2) жедел, ведомстволық есепке алуды және жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдармен құпия негiзде ынтымақтасып жұмыс істейтін адамдарды есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргiзедi;
Тармақша 3
3) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына, жеткiлiктiлiгiне қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн белгiлейдi;
Тармақша 4
4) құқықтық статистикалық байқаулар өткiзедi;
Тармақша 5
5) құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді жүзеге асырады және (немесе) есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 8
8) уәкілетті органның тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 9
9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 11
11) мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық принциптер және стандарттар, әдiстеме әзiрлейдi;
Тармақша 12
12) құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;
Тармақша 12-1
12-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді және есепке алуды үйлестіреді;
Тармақша 12-2
12-2) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялайды;
Тармақша 12-3
12-3) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі цифрлық жүйелер, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының: цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; пайдалануды, қолдап отыруды, дамытуды, мониторингті жүзеге асыру; іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуді, сондай-ақ қорғауды қамтамасыз ету; цифрлық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету; анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды және оларды жою жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 12-4
12-4) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі цифрлық жүйелердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуі, оған әкімшілік ету, пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарды айқындайды;
Тармақша 12-5
12-5) мемлекеттік цифрлық құқықтық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 12-6
12-6) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, беруді, олармен танысуды, сақтауды және жоюды жүзеге асырады;
Тармақша 12-7
12-7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік бақылау актілерінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12-8
12-8) реттеуші мемлекеттік органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 12-9
12-9) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеу және (немесе) есепке алу процестеріне цифрлық технологияларды ендіреді;
Тармақша 12-12
12-12) қылмыстық қатерлерді анықтау жөніндегі болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Ведомство аумақтық органдармен және оларға теңестірілген органдармен өз қызметін уәкілетті органның құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi
7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган өз өкілеттiктерi шегiнде:
Тармақша 1
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнен мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу мәселелерi жөнiнде құқықтық статистикалық ақпаратты, ведомстволық есептілікті, бастапқы есепке алу құжаттары мен нысандарын, сондай-ақ статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алуды жүргiзу үшiн басқа да ақпаратты тегiн алуға;
Тармақша 2
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырумен және арнайы есепке алуды жүргізумен байланысты емес қызметіне араласпай, олар беретiн құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығына, объективтiлiгiне, анықтығына және жеткiлiктілігiне қадағалауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтың сақталуына тексеру, заңдылықтың жай-күйіне талдау, күшіне енген актілерге бағалау жүргізуге;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға;
Тармақша 5-1
5-1) құқықтық статистикалық ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен қолжетімділік беруге;
Тармақша 5-2
5-2) қылмыстық қатерлерді анықтау жөніндегі болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асырудың нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге және оларды құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне жіберуге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган өз өкiлеттiктерi шегiнде:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк құқықтық cтaтистика және арнайы есепке алу саласында ақпарат жинауды, өңдеудi, жинақтауды, жиынтықтауды және жаңартып отыруды;
Тармақша 2
2) жүргiзiлетiн құқықтық статистикалық байқаулардың бағдарламасын мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсудi және бекiтудi;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiн құқықтық статистикалық ақпаратпен, арнайы есепке алу мәлiметтерiмен өтеусiз негiзде қамтамасыз етудi;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджетке түсетiн өз қаражаттары есебiнен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк құпиялар мен дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынған мәлiметтердiң сақталуын;
Тармақша 7
7) ақпарат жүйелерiн заңсыз қол сұғудан, құқықтық статистика және арнайы есепке алу объектілерi туралы деректердiң бүлiнуiнен немесе жойылуынан қорғауды;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу кезiнде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын;
Тармақша 9
9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің цифрлық жүйелерінен мәліметтер ұсынуды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауды жүзеге асыруға міндетті.
Бап 8. 8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi
8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi өз өкілеттiктерi шегiнде:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық құқықтық статистикалық байқаулар жүргізуге және жедел-iздестiру, қарсы барлау және қызметтік жұмысты қамтамасыз етуге арналған жедел, ведомстволық есепке алуды жүргізуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, шекте, көлемде және мерзiмдерде ақпараттық есепке алу құжаттарын, өзге де қажеттi материалдар мен мәлiметтердi уәкiлеттi органға беруге;
Тармақша 2
2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығын, объективтiлiгiн, анықтығын және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз етуге және өз өкiлеттiктерi шегiнде құқықтық статистикалық ақпараттың көрсетiлуiнiң толымдылығын және анықтығын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк құпияларды, дербес деректерді және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын алынатын мәлiметтердiң, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі цифрлық жүйелерден, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған цифрлық ресурстарды сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау туралы актілерді тiркеуге мiндеттi.
Бап 9. 9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi
9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi
Тармақ 1
1. Құқықтық статистикалық ақпаратты тiркеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және беру барысында уәкiлеттi opгaн мемлекеттік құпияларды, дербес деректерді және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қорғау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады.
Тармақ 2
2. Тергеу мен анықтау деректерiн құрайтын нақты құбылыстар, процестер және тұлғалар туралы құқықтық статистикалық ақпарат жария етуге жатпайды. Егер тергеу мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының, заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылуына байланысты болмаса, бұл ақпарат тергеушi, анықтаушы, прокурор және сот мүмкiн деп таныған көлемде, олардың рұқсатымен жария етiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мақсатында уәкiлеттi органға берiлген барлық бастапқы құқықтық статистикалық ақпараттың сақталуы қамтамасыз етiледi.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi орган әрбiр азаматқа арнайы есепке алудағы оған қатысты, оның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн қозғайтын мәлiметтермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Ол туралы мәлiметтердiң арнайы есепке алуға заңсыз енгiзiлу фактiсiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
Бап 10. 10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру
10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру Уәкiлеттi орган орындайтын статистикалық жұмыстар республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
Бап 11. 11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу
11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу Құқықтық есептiк тiркеудi уәкiлеттi орган азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және әкiмшiлiк-құқықтық құжатталған ақпаратты қабылдау, есепке алу және жүйелеу арқылы жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу
12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу
Тармақ 1
1. Арнайы есепке алу:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы заңдарын жетiлдiру жөнiндегi қызметiн;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдардың құқық қолдану қызметiн;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуге арналған.
Тармақ 2
2. Уәкілеттi орган арнайы есептi жинауды, тiркеудi, өңдеудi, жинақтауды, жүйелеудi, сыныптауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган арнайы есепке алудың мынадай түрлерiн:
Тармақша 1
1) қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды;
Тармақша 2
2) ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды;
Тармақша 3
3) анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынып жүрген іздеудегі адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарып жүрген адамдарды;
Тармақша 4
4) хабарсыз жоғалып кеткен іздеудегі адамдарды;
Тармақша 5
5) жеке басы анықталмаған мәйiттердi;
Тармақша 6
6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамдарды;
Тармақша 6-1
Тармақша 6-2
6-2) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын;
Тармақша 7
7) сот әрекетке қабiлетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;
Тармақша 8
8) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылған адамдарды;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын;
Тармақша 10-1
10-1) террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;
Тармақша 11
11) экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;
Тармақша 11-1
11-1) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды;
Тармақша 12
12) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды;
Тармақша 13
13) адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын;
Тармақша 14
14) атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындамаған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындамаған адамдарды;
Тармақша 15
15) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, асыраушының мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкер болып табылатын іздеудегі адамдарды;
Тармақша 16
16) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны), терроризмді қаржыландырғаны және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды;
Тармақша 16-1
16-1) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды;
Тармақша 16-2
16-2) туысқандарымен байланысты жоғалтқан іздеудегі адамдарды;
Тармақша 16-3
16-3) өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды;
Тармақша 17
17) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүлік сомаларын, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтарылуға жататын және қайтарылған сомаларды;
Тармақша 18
18) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты өзара құқықтық көмек пен өзге халықаралық сұрау салуларды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.
Тармақша 19
Тармақша 20
Тармақ 4
4. Жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Бап 13. 13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi
13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi
Тармақ 1
1. Шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, азаматтығына, дiнге көзқарасына, сенiм-нанымына, қоғамдық бiрлестiктерге мүшелiгiне, тұратын жерiне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға арнайы есепке алу объектiсi болуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, өзi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органның арнайы есепке алу жүйесiне енгiзу үшiн есепке алынған объектiнiң келiсiмi талап етiлмейдi.
Тармақ 3
3. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк орган өзiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу кезiнде есепке алынған объект туралы мәлiметтердi пайдалануға оның келiсiмi талап етiлмейдi.
Тармақ 4
4. Адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, туған жерi, сондай-ақ осы деректердi сол адамның өзгерту фактiсi, бұрынғы деректер сияқты, жеке немесе отбасылық құпия болып табылмайды. Адам заңды жолмен алынған осы, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi арнайы есепкe алу iсiне енгiзуге тыйым салуға нeмece рұқсат етуге құқылы емес.
Бап 14. 14-бап. Арнайы есепке алуды түзу
14-бап. Арнайы есепке алуды түзу
Тармақ 1
1. Әртүрлi мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу кезiнде мәлiметтерi пайдаланылуы мүмкiн арнайы есепке алу уәкілеттi органда ғана жүргізілуге тиiс.
Тармақ 2
2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi арнайы есепке алуды түзу үшiн ақпараттық есеп құжаттарын және өзге де қажеттi материалдар мен мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, шектерде, көлемде және мерзiмдерде бередi.
Бап 15. 15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу
15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу
Тармақ 1
1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi ведомстволық есепке алуды өздерiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ведомстволық есепке алуды қалыптастыру тәртiбi ведомстволық нұсқаулықтармен айқындалады.
Тармақ 3
3. Ведомстволық есепке алуда бар мәлiметтер тек қана мемлекеттiк органның құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу шегiнде пайдаланылуы мүмкін.
Бап 16. 16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртiбi
16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртiбi
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Pecпубликасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында статистикалық ақпаратты жариялауға, статистикалық жинақтар шығаруға және құқықтық статистикалық ақпаратты практикалық және ғылыми-зерттеу мақсаттарында өзгедей пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Құқықтық статистикалық ақпарат ақпараттық есепке алу құжаттары және есептiлiк нысандары түрiнде уәкiлеттi орган анықтайтын талаптарға сәйкес оның сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақталады.
Тармақ 3
3. Құқықтық статистикалық ақпаратты сақтау мерзiмiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Бап 16-1. 16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі
16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі
Тармақ 1
1. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлеріне және (немесе) жұмыскерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерінен цифрлық ресурстарды беруге арналған, цифрлық ресурстарды тек қана олардың осы Заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберіндегі сұрау салулары бойынша алуына мүмкіндік беретін құпия цифрлық жүйе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі болып табылады. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды. Өзге де органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және өзге де органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы және Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Бап 16-2. 16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен цифрлық ресурстарды алу тәртібі мен негіздері
16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен цифрлық ресурстарды алу тәртібі мен негіздері
Тармақ 1
1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен цифрлық ресурстарды алуды жүйеде тіркелген пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы және байланыстың қорғалған арналары арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптарына сәйкес келетін электрондық құжат нысанындағы сұрау салудың қағаз жеткізгіштегі құжатпен мәні бірдей болады.
Тармақ 3
3. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің, іздестіру істері мен атқарушылық іс жүргізудің шеңберінде ақпарат алу үшін сұрау салуда ақпаратты талап етіп алдыруға негіз болған мән-жайлар көрсетіледі. Сұрау салудың негізділігі құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының дерекқорларда пайдаланушының іс жүргізуінде сұрау салуға бастама жасау үшін негіз болған материалдардың бар-жоғын салыстырып-тексеру арқылы тексеруіне жатады. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен цифрлық ресурстарды алу тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда ғана мүмкін болады. Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының бірлескен нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
Тармақ 4
4. Соттарға ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес және осы баптың 3-тармағының талаптары сақтала отырып, қаралатын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер шеңберінде беріледі.
Тармақ 5
5. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Бап 16-3. 16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер
16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер
Тармақ 1
1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдаланушылар сұрау салудың негізділігін, алынған ақпараттың тек қана сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда пайдалануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Алынған ақпарат өзін сұратуға негіз болған материалдарда сақталады. Мұндай ақпараттың көшірмесін жасауға, оны алып қоюға, кейіннен беруге, таратуға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Ақпаратты сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына сүйене отырып айқындалады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға жатады.
Тармақ 4
4. Сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған цифрлық ресурстармен жұмысты ұйымдастыру ға және оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды осы органдардың басшылары айқындайды.
Тармақ 5
5. Лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Бап 17. 17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.