Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы мөлшері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1 тармағы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 0. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 14/02 қаулысына 1 қосымша Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы Елді мекен Тәрбиеленушілер саны Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың түрлері Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) 10,5 сағаттық режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар 9 сағаттық режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар Жарты күн болатын топтары, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалды даярлық сыныптары Түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтары Ауыл 1 152 50 933 46 891 22 310 91 748 Қала 6 702 46 159 42 674 20 202 81 864 Радиация аймағындағы өңірлер үшін Ауыл 1 152 52 681 48 445 23 045 95 389 Қала 6 702 47 937 44 228 20 937 85 505
Басқа 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 14/02 қаулысына 2 қосымша Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері № Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі Тәрбиеленушілер саны Айына бір балаға (1-3 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) Айына бір балаға (3-5 жас) тамақтану үшін ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) Жезқазған қаласы 1 Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) 2895 17000 19000 2 Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) 264 17000 19000 Сәтбаев қаласы 1 Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) 2845 17000 19000 2 Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) 0 0 0 Қаражал қаласы 1 Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) 698 11000 12000 2 Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) 0 0 0 Жаңаарқа ауданы 1 Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) 560 15000 17000 2 Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) 275 15000 17000 Ұлытау ауданы 1 Балабақша (мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) 317 12000 13000 2 Балабақша (жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар) 18 12000 13000