О продлении срока обмена и выдачи паспортов и удостоверений личности гражданина Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке басының куәліктерін айырбастау мен берудің мерзімін ұзарту туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.12. № 1063 қаулысымен Қазақстан Республикасының халқын жаңа үлгідегі паспорттармен және жеке басының куәліктерімен құжаттаумен толық қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ережені бекіту туралы" 1993 жылғы 5 сәуірдегі N 256 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 124-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Паспорттардың ескі үлгісін Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа үлгідегі паспорттары мен жеке басының куәліктеріне айырбастау 1999 жылдың 1 наурызына дейін аяқталсын".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.