Об объявлении чрезвычайной ситуаций природного характера местного масштаба на территорий Казталовского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Казталов ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес 2023 жылғы 14 наурыздағы №1.1-1/7 аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының» хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Казталов ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Г.А.Алибеков тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешімге қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.