Об утверждении Типовых квалификационных характеристик специалистов по работе с молодежью Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Басқа 1. Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2023 жылғы 17 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастармен жұмыс жөніндегі мамандарды дұрыс іріктеуді қамтамасыз етуге, жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың біліктілік сипаттамаларын айқындауға бағытталған.
Тармақ 2
2. Жастармен жұмыс жөніндегі маман – жастардың жеке адам ретінде және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын, біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар маман.
Тарау 2. 2-тарау. Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары
2-тарау. Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары
Тармақ 3
3. Лауазымдық міндеттері: жастар арасындағы өзекті мәселелер (жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру, репродуктивті денсаулықты қорғау, құмар ойындардың (лудоманияның) қауіптілігі) бойынша ақпараттық-түсіндіру, консультациялық жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді; мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша отандық және шетелдік жұмыс тәжірибесін зерделейді және жинақтайды; жұмыс іздеп жүрген адамдарды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және аз қамтылғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша мүдделі жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынастарды жүзеге асырады; жұмысқа орналаспаған жастардың деректер базасын қалыптастыру бойынша жұмыс мәселесін ұйымдастырады; жастардың әртүрлі топтарымен және санаттарымен жұмыс істеу түрлері сонымен қоса әдістерін жетілдіруге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді; қажетті және дұрыс есеп беруді қамтамасыз етеді; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және санитарлық гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жасайды және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады.
Тармақ 4
4. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңды; «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңды; Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын, білім беруді реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негіздері, қағидаттары мен бағыттарын.
Тармақ 5
5. Біліктілікке қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе білім, немесе жаратылыстану ғылымдары, немесе техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.